Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет2/18
Дата23.02.2017
өлшемі6,79 Mb.
#4723
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
§4. Этнография
1. Этнография дегеніміз не? Этнографиялық 
зерттеу қалай жүргізіледі? 
Этнография – та-
рих ғылымының бір саласы. Ол тайпалар мен 
халықтардың шығу тегін, тұрмысын, кәсібін,  
әдет-ғұрпын, ерекшелігін зерттейді.
  Этно граф-
тың жұмысы өте қызықты әрі жа 
уапты. Ха-
лықтың күнделікті өмірі мен тіршілігін, әдет-
ғұрпын зерттеу үшін этнограф салт-дәстүр 
жақсы сақталған жерлерге барады. Онда сол 
халықтың қашан пайда болғанын, тұрмысын 
жақсы білетін қария адамдармен әңгімелесіп, 
олардың айтқандарын жазып алады. Этно 

граф сол жердегі тұрғындардың өмірі мен тір-
шілі гін терең білу үшін жиын-тойға да қа ты-
сады. Кейбір маңызды көріністерді суретке 
түсіріп, үнтаспаға жазып алады, сирек кез-
де 
сетін бұйымдарды жинайды. Этнограф өз 
зерттеуіне музей дерек 
терін, ертеректе жа-
зылған қолжазбаларды да пайдаланады. Сая-
хатшы лар дың  мә лімет теріне,  бұрыннан  сақ-
талып қалған әдеби мұраларға да көңіл бө-
леді. Жер гілікті халықтың даму жолын, басқа 
халықтардан ерекшелігін анықтайды. Мыса-
лы, қазақ халқының этнографиялық тұрмы-
сын қазақтармен қатар орыс және шетелдік 
ғалымдар да терең зерттеген. 
Этнология – этнография ғылымының бір 
саласы, ол халықтардың қашан, қай уақытта 
пайда болып, қалыптасқанын, арғы тегін 
зерттейді.
2.  халықтық  салт-дәстүр. 
Салт-дәстүр – ха-
лықтың ертеден, ұрпақтан-ұрпаққа ұмы 
тыл-
май жалғасып келе жатқан, әбден қалыптасқан 
ережелері мен үлгілі істері.
 

17
Салт-дәстүрде әрбір халықтың өзіне тән игі 
қасиеттері көрініс таба 
ды. Қазақ халқының 
салт-дәстүрлері:  қарт тарды құрметтеу, үл-
кенді сыйлау, жастарға қам қоршы болу, ата-
ананы ардақтау, үйге сәлем беріп кіру, әдепті-
лік, қонақжайлылық, т.б.
Ақсақалдар мен ел құрметіне бөленген сый-
лы адамдар және ата-ананың өз ұрпағына, еліне 
арнап айтқан үлгі-өнегесі 
өсиет сөз деп атала-
ды. Жасы үлкендер жастарға керектісін жарат-
сын, жамандықта ескерсін деп өмірден алған 
тәжірибесін, ақыл-кеңесін өсиет етіп айтады.
3.  Ұлт,  тайпа,  халық.  Жер шарын мекен-
деген адамдар түрлі ұлттар мен тайпалар, 
халықтардан құралған. 
Ұлт – шаруашылығы, 
тілі, мекендеген жері, мәдениеті мен тұрмысы 
ортақ адамдардың бірлігі. Ұлт адамдарының 
бәрі бір тілде сөйлейді. Олардың мекендеген 
қонысы да ортақ саналады.
Халықтар мен ұлттарды сыртқы түрінің 
 
ерекше белгілеріне қарап үш топқа: еуро-
пеоидтық (ақ нәсіл), моңғолоидтық (сары нәсіл) 
және  не гроидтық (қара нәсіл) деп үш нәсілге 
бөледі. Әр нәсіл бір-бірінен сыртқы тұрпаты 
(дене бітімі, шашы, терісінің түсі, көз қиығы) 
бойынша ажыратылады.
Халықтар діни тұрғыдан да топталады. Жер 
шарын мекендеген адамдар әлемдік үш негізгі 
дінге – мұсылман, христиан, будда діндеріне 
сыйынады. Бұдан басқа ұсақ діндер де бар.
Этнографиялық деректер жинау ерте заман-
нан қолға алынған. Ежелгі Египет, Вавилон 
және Парсы елдері басқа мемлекеттермен сауда-
саттық жүргізу немесе жаулап алу үшін олар 
жайлы түрлі мәліметтер жинады. Көпшілік 
жағдайда мұндай мағлұматтарды бір елден 
екінші елге барып жүретін саудагерлер мен сая-
хатшылар, елшілер жеткізіп отырған.
Моңғолоидтық  
нәсіл
Еуропеоидтық 
нәсіл
Негроидтық 
нәсіл
 
Этнография ұғымын 
қалай түсінесің?
 
Этнографиялық  
деректер қалай  
жиналады?
 
Этнографиялық  
мәліметтер  
не үшін қажет?
 
Салт-дәстүр,  
әдет-ғұрып туралы  
не білесің?

18
Тапсырма.   сөздер мен олардың анықтамалары.
Тапсырма жұптасып жұмыс істеуді талап етеді. Дәптеріңе әрбір сөздің өзіне 
сай келетін анықтамасын тауып жаз. Мысалы, «Сына жазу – сазбалшыққа сына 
тәрізді жазылған жазу».
Түсініктер
Анықтамалар
1. Сына жазу 
2. Пергамент 
3. Иероглиф 
4. Папирус 
5. Шежіре 
6. Археолог 
7. Әдет-ғұрып
Таңба суреттер 
Сазбалшыққа сына тәрізді жазылған жазу 
Қамыс сабағынан жасалған парақтар 
Атадан балаға ауызша жеткізіліп отыратын, халық-
тың шығу тегі мен таралуын баяндайтын тарихи 
шығарма 
Қазба жұмыстарын жүргізетін ғалым 
Жазу үшін мал терісінен жасалған материал 
Ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын тәртіп, мінез-
құлық нормалары, салт-жоралғылар
Кемел Ақышев
Кемел Ақышев (1924 – 2003) – археолог, көрнекті 
ғалым, профессор, тарих ғылымдарының докторы.
Ғалым 1955 жылдан 1989 жылға дейін ҚазКСР 
ҒА археология бөлімін басқарды. К. Ақышев Есік 
қорғанынан табылған «Алтын адамды» зертте-
ген. Отырардағы қазба жұмыстарына басшылық 
жасаған.
Ғалымның еңбектері Қазақстанда ғана емес, 
Ресей, Германия, Жапония, АҚШ, Италия, Вен-
грияда жарияланды. Оның 200-ден аса ғылыми 
мақалалары жарық көрді. К. Ақышев 
тың ең-
бегі жоғары баға 
ланып, ҚазКСР-нің Мемле 
кет-
тік сыйлығына ие болды. Ғалымның көптеген 
шәкірттері – ғылым кандидаттары мен доктор лары 
бар.
 
Кемел Ақышевтің  
бас шылығымен  қай 
жерлерде қазба жұ мыс-
тары жүргізілді?

19
§5. Өлкетану
1.  Өлке.  Өлке дегеніміз не? Өзің туып-өскен 
өлке туралы не білесің?
Өлке – аймақ, өңір, атырап, дала деген 
сөздердің мағынасын білдіретін мемлекет 
иелігіндегі жер.
 Әрбір адам үшін оның туып-
өскен өлкесі,  қаласы немесе ауылы, үйі, күнде 
жүретін көшелері қымбат. Ол өлкеде өзің оқитын 
сүйікті мектебің, аса қымбат достарың бар. Онда 
ел мақтан тұтатын адамдар өмір сүріп, еңбек 
етеді. Әрбір қала, ауыл, жер, тау, өзен-көлдің 
өзіндік тарихы, атауы және ертеден  келе жатқан 
ескерткіштері бар. Заңғар жазушы Мұхтар 
Әуезов: «Біздің қазақ жер атын, тау атын сол за-
манда ортаның сыр-сипатына қарай қоя білген 
жұрт. Қайда, қандай бір өлкеге барсаң да, жер, 
су, жапан түзде кездескен кішкене бұлақ аты-
ның өзінде қаншама мән-мағына, шешілмеген 
құпия сыр жатады» деп орынды айтқан.
Өлке тарихы ел тарихымен, сол өлкеде өмір 
сүретін халықтың ана тілімен тығыз байланыс-
ты. Туып-өскен жерін, ана тілі мен салт-дәстүрін 
қастерлеп, аялау – оқушылардың парызы.
2.  Өлкетану. Өлкетану ғылымы – туып-өскен 
жеріміздің таби ғаты, халқы, шаруашылығы, та-
рихы мен мәдениеті туралы білімдер жиынтығы. 
Осы өлкені зерттеумен айналысатын адамды 
өлкетанушы дейміз.
Өлкетанудың не екенін білу үшін 
Өлкетану  
музейіне ойша саяхат жасайық. Музей бірнеше 
бөлмеден тұрады. 
Бірінші бөлмеде осы өлкеде табылып, зерт-
телген ертедегі қор ғандар, ежелгі адамдардың 
қоныстары, су құбырлары, қазбалардан табыл-
ған заттар орын алыпты.
Екінші  бөлмеге осы өлкені мекендеген ха-
лық 
тардың тұрмыстық бұйымдары мен киім-
ке шектері, көне қолжазбалар мен сәулет ес керт-
кіштерінің кішірейтілген көшірмелері қойы-
лыпты.
1. Картадан өзің туып-
өскен өлке, қала, ау-
дан, облысты тап.
2. Өлкеңдегі табиғат бай-
лықтары жайлы әң 
гі-
мелеп бер.
3.  Өлкеңдегі  өзен-су лар-
дың, таулардың ат 
та-
рын атап, картадан 
көр сет. 
Өлкетану музейі

20
Үшінші бөлме – Ұлы Отан соғысына қатысқан 
өлке ардагерлеріне арналыпты. Бөлменің бір 
қабырғасына ел қорғаған азаматтардың есім-
дері жазылыпты. Соғыста ерлік көрсеткен 
адамдардың суреттері мен олардың майдан-
нан жазған хаттары, орден-медаль, т.б. заттары 
қойылған. Ардагерлердің соғыстағы ерліктері, 
соғыстан кейінгі ерен еңбегі туралы баяндалған 
деректермен де осы бөлмеде танысуға болады.
Біздің еліміздің мақтанышы – Кеңес Ода-
ғының Батыры, жазушы, қоғам қайраткері, 
академик 
Мәлік Ғабдуллиннің (1915–1973) 
 
өмір жолы туралы мәліметтер ерекше қызық-
ты 
ра 
ды. Ол бұрынғы Көкшетау облысының 
Зе 
ренді ауданында дү 
ниеге келген. Абай 
атын дағы Қазақ Ұлттық педагогикалық уни-
вер 
ситетін бітірген. 1936 жы 
лы армия қата-
рында әскери борышын өтеген соң, өзі бі тір-
ген институттың аспирантурасын 
да оқи 
ды. 
Ғылыми қызметкер болып жұмыс іс теп жүр-
генде Ұлы Отан соғысы басталады. 1941– 
1945 жылдары генерал И.В. Панфилов бастаған 
даңқты 8-гвардиялық дивизия құрамында май-
данға қатысады. М. Ғабдуллиннің ерлігі одақ-
қа әйгілі. «Мен мақтануды жек көретін, жақ-
тырмайтын адаммын. Бірақ мына бір жайды 
са ған сыр етіп айтайын. Майданда немістер-
Тапсырма. «Біздің өлке» деп аталатын кестені толтыр.

Өлкедегі белгілі 
адамдар
Өлкенің  
шаруашылығы 
Өлкедегі тарихи 
ескерткіштер
Мәлік Ғабдуллин

21
мен қолма-қол соғыстым. Көптеген фашисті 
атып өлтірдім. Жаудың он шақты танкісін гра-
натамен қираттым. Бұл мақтануым емес, шын-
дығым. Ал енді осыларды істеген кім деп сұ-
ралық. Оны істеген Ғабдуллин деген қазақ ба-
ласы, қазақ деген ұлттың ұлы дейді жұрт. Олай 
болса ондай ұл өзінің ұлтын мақтан етіп, «қа-
зақпын» деп атауға құқығы бар ма? Әри не, бар. 
Батыр атағына ие болған мен емеспін, ол – 
қазақ халқына берілген марапат», – деуінде 
қан шалықты ғибратты қарапайымдылық жа-
тыр десеңізші. Оның ерлігі жайлы 1944 жы-
лы жазушы Борис Полевой «Правда» газетінде 
жариялаған «Эпостың тууы» атты очеркінде 
баяндады. М. Ғабдуллиннің ерлік даңқына 
 
көп 
теген ақындар өлең-жырларын арнады. 
Жам был Жабаев: «Батырым – Мәлік беренім, 
жүйрігім, озған өренім. Халқы сүйген қала-
уым, жырымды саған төгемін» – деп, батырды 
өлең-жырына қосты. Соғыстан кейін М. Ғаб-
дуллин ғылыми жұмыстарын жалғастырып, 
ҚР ҰҒА Тіл және әдебиет институтының дирек-
торы, ҚазПИ (қазіргі Абай атындағы ҚазҰПУ) 
ректоры, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқа-
рады. 8-сыныпқа арналған «Қазақ әдебиеті» 
оқу лығын, жоғары оқу орындарының студент-
теріне арналған «Қазақ халқының ауыз әде-
Өзің тұратын өлке 
адам дары тегіс мақтаныш 
ететін, құрмет тұтатын 
қан дай батыр, әйгілі адам-
ды білесің?

22
бие 
ті» атты оқулығын жазды. 1942 жылы 
 
М. Ғаб 
дуллиннің әдебиетші Т. Сыздықовпен 
бір лесіп жазған «Қазақ халқының батырлық 
жы ры» және басқа еңбектері жарық көрді. М. Ғаб-
дуллин көптеген медаль-ордендермен ма 
ра-
патталған. М. Ғабдуллиннің өмірі батыр лық-
тың, парасаттылықтың үлгісі.
Төртінші бөлме – Тәуелсіз Қазақстанға арна-
лыпты. Бұл жерге бүгінгі өлке, оның адамдары, 
олардың өмірі туралы материалдар қойылыпты. 
Өлкедегі кәсіпорындармен танысып, олардың 
шығаратын өнімдерін көруге болады. Сондай-ақ 
архитектуралық кешендер мен тарихи орындар, 
сирек кездесетін зергерлік бұйымдар жайлы 
бейнефильмдерді тамашалауға мүмкіндік бар.
Өлкетану музейіне келген адам өлке 
сі-
нің өткені мен бүгінгі хал-ахуалынан толы-
ғымен хабардар болып, тарихына деген үлкен 
ризашылық сезіммен қайтады.
Туған жер жайлы жинақтаған мәліметтер 
біздің өлке туралы білімімізді кеңейтуге мүм-
кіндік береді. Өлкетанудың аса маңызды мін де-
ті – өзіміз тұратын өңірдің табиғаты мен мәдени 
ескерткіштерін қорғау, оларға қамқорлық жасау 
болып табылады.
1.  Өлкетану дегеніміз не?
а) Өлке, оның халқы, ша-
руашылығы мен мә-
дениеті, тарихы ту-
ралы білім
ә) Адамзаттың  өткен 
та 
рихы мен тіршілі-
гін заттай деректер 
ар қылы 
зерттейтін  
ғы лым
б) Халықтың шығу те-
гін, таралуын баян-
дайтын тарихи шы-
ғарма
в) Ежелгі 
адамдардан 
қал 
ған заттар мен 
су реттер  тура лы  мә-
ліметтер  жиын тығы.
 
Сенің туған өлкеңде қандай тарихи және мәдени 
ескерткіш тер бар? Оларды сақтау не үшін 
қажет деп ойлайсың?
 
«Біздің өлкенің белгілі адамдары – халқы мыз дың 
мақтанышы», «Өлкедегі тарихи  
ес керт кіштер  құпия сы»  деген  тақы рып тың 
біріне әңгіме жазып кел.
 
«Біздің өлке» деп аталатын суретті альбом 
жасауға материал да йында.
 
Өлкетану музейіне қандай заттар қойылады?
 
М. Ғабдуллин туралы не білесің?
 
М. Ғабдуллиннің өзі, өзінің ұлты туралы 
айтқан сөзін қайталап, түсініп оқы.

23
Мұхаммед Тарағай 
Ұлық бек (1394–1449) – 
ас т ро номия 
саласында 
өш  пес  із  қал дырған.  Са-
мар  қанда 
үлкен 
астро-
но  мия лық 
обсервато рия 
сал  ды рып, 
жұл дыз дар - 
дың жаңа тізбе 
сін жаса-
ған.
§6. тарихи уақыт
1.  Уақыт – тарихи өлшем. 
Хронология  – 
гректің «хронос» – «уақыт» және  «логос» – 
«ғылым»  деген екі сөзінен құралған. Хроноло-
гия – тарихи оқиға «қашан болды?» деген сауал-
ға жауап беретін уақыт  туралы ғылым. Тарихи 
уақыт өлшемі – тарихи оқиғалардың датасын 
дұрыс анықтау үшін қажет.
Қазір әлемдегі барлық адамдар ортақ уақыт 
өлшем бірлігімен өмір сүреді. Ал ертеде әр 
мемлекеттің уақыт есебі әртүрлі болған. Бір 
халықтар уақыт есебін Күн арқылы жүргізсе, 
басқалары Айға қарап анықтаған. Егіншілік 
пен мал шаруашылығы, сауда мен теңізде жүзу 
ісінің дамуына байланысты адамзат аспан құ-
былыстарына негізделген уақыт бірліктерін 
ойлап тапты. Қазіргі уақытта дүние жүзінің 
мемлекеттерінде уақыт барлығына ортақ бір 
өлшеммен өлшенеді. Ол өлшемдер: секунд, ми-
нут, сағат, тәулік, апта, ай, жыл, ғасыр, дәуір. 
Ойланайықшы! Бізге дейін адам баласының 
өмірінде қандай маңызды тарихи оқиғалар бол-
ды? Әл-Фараби қай жылдары өмір сүрді? Отырар 
қаласы қашан салынды? Талғат Мұсабаев қай 
жылы ғарышқа ұшты?
Соңғы ширек
Бірінші ширек
Жаңа  
туған ай
Жарты ай
(кеміп бара 
жатқан)
Жарты ай
(толыса 
бастаған)
Бүкірейген ай
(толыса бастаған)
Бүкірейген ай
(кеміп бара 
жатқан)
Толысқан 
ай
Жер
Айдың фазалары
Мұхаммед Тарағай 
Ұлықбек

24
Осындай сұрақтарға дұрыс жауап беру үшін 
тарихи уақыт өлшемі – хронологияны білуіміз 
керек. Демек, уақыт өлшемі адамзат баласының 
қашан пайда болып, қандай кезеңдерде дамып 
жетілгенін, қалай тіршілік жасағанын білдіре-
ді. Белгілі бір кезеңдегі маңызды оқиғаның та-
рихын, реттілігін анықтауға мүмкіндік береді. 
Сондай-ақ ертеде қандай ойшыл-ғалымдар өмір 
сүргенін, адамзаттың басынан қандай соғыстар 
өткенін білу үшін де маңызды.
2.  ежелгі  күнтізбелер.  Бұ дан 5–6 мың жыл 
бұрын Ежелгі Шығыс елде рінде алғашқы жыл 
санау күнтізбесі қалып тасқан.  
Ежелгі Вавилонда пайда болған 
Ай күн-
тізбесін  ежелгі еврейлер, қытайлар, гректер 
мен римдіктер қолданған. 
Ай күнтізбесі бойынша 12 ай 1 жылды құ-
райды. Ол 354 (кейде 355) тәулікке тең. Ай 29 
және 30 тәуліктен тұрған. Бірақ Ай күнтізбесі 
бойынша 11 тәулік айырмасы болғандықтан, 
әр отыз жылда 11 тәулік қосылып отырған. Ай 
күнтізбесі мұсылман халықтарында осы күнге 
дейін сақталған.
Ежелгі Египетте 
Күн күнтізбесі  болды. Онда 
1 жыл 365 тәуліктен тұрған. Жыл 30 күннен  
12 айға тең бөлінген. Кейіннен египеттіктер 
соң ғы айға тағы да бес мерекелік күннен қосып 
отырған. 
Римдік билеуші Юлий Це 
зарьдың ұсыны-
сымен ежелгі египеттіктердің күнтізбесі не-
гізінде жасалған жаңа күнтізбе енгізілді. 
Төрт римдік құдай – Янус, Марс, Майя, Юнон 
құрметіне айлар январь, март, май, июнь де лін-
ді. Юлий Цезарьдың құрметіне алтыншы ай – 
июль, одан кейін билік еткен император Окта- 
 виан Августың есімімен сегізінші айға август де-
ген ат берілді. Жаңа күнтізбе Юлий Цезарьдың 
«математика» пәнінен 
алған біліміңді еске 
түсір:
 
Секунд дегеніміз не? 
Бір минутта қанша 
секунд бар?
 
Тәулік деген не? 
 
Бір айда қанша күн 
болады? Бір жылда 
қанша ай бар? Жердің 
Күнді бір айналып 
шығуына шамамен 
қанша уақыт кетеді? 

25
Ацтектердің 
күнтізбесі
Римдіктердің 
күнтізбесі
құр меті не 
Юлиан 
күнтізбесі деп атал-
ды. Уақыт өте бұл 
күнтізбе  Еу ропаның 
көптеген 
ел деріне 
тарады. Жаңа күн-
тізбе бойынша Ежел-
гі Римде жыл ұзақ-
тығы 365 тәулік 
бол 
ды. Әр төртінші 
жылға бір қосымша 
тәулік қосып отыр-
ды. Қосымша күн ең 
қысқа ақпан айына 
қосылды. Бұл жыл-
ды толық жыл, кібісе 
жыл деп атаған. 

26
3.  григориан  күнтізбесі.  Бір неше жүз жыл-
дар өткен соң Юлиан күнтізбесінің дәл еместігі 
байқалды. Бұл күнтізбе басқа күнтізбелерге 
қарағанда дәлірек болғанымен, үйлесімсіздік 
көп болды. Көктемгі күн теңесуі 21 наурызға 
тура келмей, діни мерекені жазға жақын, 
кешірек өткізуге тура келген.
1582 жылы Рим папасы (діни басшы) 
 
XIII Григорийдің тапсыруы бойынша, бір топ 
ғалымдар мен дін басшылары келісіп, жаңа 
күнтізбе дайындады. Жаңа күнтізбе Юли-
ан күнтізбесіне қарағанда дәлірек болды. Осы 
күнтізбе бойынша жыл дәл мезгілінен 26 секунд 
қана қалып қойды. 3300 жылдан кейін ғана бір 
тәулік қосылатын болды. Григориан күнтізбесі 
бойынша, 1581 жылғы 5 қазан 15 қазан болып 
саналды. Сөйтіп, күннің теңелуі көктемнің 
 
басы 22 наурызға тура келетін болды. Әрбір 
 
400 жылдан соң озып кеткен үш тәулік 
күнтізбеден алынып тасталады.
Қазір 
Григориан күнтізбесін көптеген мем-
лекеттер, соның ішінде Қазақстан да пайдала-
нады.
Ұмай Жер-Ана

27
 
Ежелгі қазақ күнтіз-
бесі туралы не білесің?
 
Ай күнтізбесі туралы 
айтып бер. 
 
Күн күнтізбесін қай 
елдер пайдаланды?
 
Юлиан күнтізбесі  
туралы айтып бер.
 
Григориан күнтізбесі 
жайлы әңгімеле.
 
Кеңістік ұғымын 
қалай түсінесің?
 
Ежелгі түркі 
тайпаларының 
кеңістік туралы 
ұғымдары қандай еді? 
 
Ол елімізде 
табылған қандай 
ескерткіштерде 
көрініс тапқан?
4.  Кеңістік туралы алғашқы тү-
сінік.  Кеңіс 
тік – үздіксіз құбылыс, 
«шексіздік»  деген түсінікті білдіреді. 
Сонау ерте заманда-ақ адам баласы бір 
нәрсенің биіктігін, тереңдігін, енін, оңы 
мен солын, алды мен артын, шектілігі 
мен шексіздігін білуге ұмтылған. Ке-
ңістік ұғымы белгілі бір нәрсенің 
өлшемімен және уақытпен де тығыз бай-
ланысты. Қандай да болмасын тарихи 
оқиға белгілі бір жерде, уақытта және 
кеңістікте өтеді. Кеңістікті әр халық 
өздігінше түсінген. 
Ежелгі түркі тайпалары аспанды – 
Көк тәңірі деп, ал жерді – Ұмай ана деп 
атап сыйынған. Күнді ерекше бағалап, 
қастерлеген. Күн адам затқа нұрын шашатын, 
жандандыратын және көркейтетін айрықша 
күш иесі ретінде дә 
ріптелген. Таңбалытаста 
бейнеленген өгіз үс тінде тұрған Күнбасты құдай 
бейнесі осыны білдіреді. Ежелгі түркі тайпала-
ры үйінің есігін күн шығатын жаққа қаратып 
орнатқан. 
Қазақ халқы кеңістікті «шартарап» деп ата-
уынан жердің дөңгелек екенін ертеден-ақ білге-
нін аңғарамыз.
5.  Қазақ күнтізбесі. Ертеде қа зақ халқының 
өз күнтізбесі бол ған. Онда уақыт ғасырға, жыл-
ға, тоқсанға, айға, аптаға және күнге бө лінген. 
Әрқайсысына жеке-жеке ат берілген. Күнтізбе 
бойынша бір жыл он екі айға бөлінеді. Әр үш 
айды бір тоқсан  деп санаған. Жеті күнді бір 
апта  деп есептейді. Ал бір күн, бір түнді бір 
тәулік деп санаған. Ежелгі қазақ күнтізбесінде 
әр айдың өз аты бар. Жыл басы көктемге келеді. 
Себебі осы жыл мезгілінде күн мен түн теңе леді. 
22 наурыз – Жаңа жылдың басы деп саналады. 
Бұл күні Наурыз мерекесі өткізіледі.
Өгіз үстінде тұрған 
Күнбасты құдай

28
§7. Жыл санау
1. 
 
ертеде адамдар уақытты қалай есеп-
теген?  Жыл санау  – уақыт аралығын есептеу 
жүйесі. Қазақша жыл санаудың  өзіндік үлгісі 
болды. Қазақтар жылды 
мүшел бойынша 
санаған. Бір мүшел он екі жылдан тұрады. Әр 
жыл хайуан атымен: тышқан, сиыр, барыс, қоян,  
ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз 
деп аталған. Жыл басы – 22 наурыз, күн мен 
түннің теңелген кезі. Он екі жыл бір айналғанда 
бір мүшел толады. Адам өмірі жаспен (1 жас) 
және мүшелмен (12 жыл) есептеледі. Бала 13 
жасқа толғанда бір мүшел болып саналады, ал 
кейінгілеріне 12 жылдан қосылады. Бір мүшел –  
13 жас, екі мүшел – 25 жас, үш мүшел – 37 жас, 
т.с.с. болып қосыла береді. Қариялар алпыста-
мын, сексендемін демей, «алты мүшелге  тол-
дым» немесе «жеті мүшелдемін» деп сөйлеген. 
Жыл басы тышқан жылынан басталып, соңы 
доңыз жылымен аяқталады.
бұлақ суын ғана ішесің. Ал мен жантақ жеп, неше күн су ішпей жүре беремін. Менің 
сүтім пайдалы, етім жеуге жарамды, терім де мықты. 
Осы кезде бәрін мүйізімен жайқап, ортаға қой шықты:
– Мен болмасам, қазақ неден киіз басып, үйін немен жабар еді? Менің терімнен 
керемет жылы тон тігеді. «Қой еті қорғасын» дегенді естіп пе едіңдер? Сүтім мен 
ірімшігім және бар. Жыл басы болуға мен лайықпын!
Қойдың сөзін мойындағандай, барлығы үнсіз қалды. Осы кезде ортаға ит шықты.
– Қой босқа мақтана береді. Мен болмасам, қасқыр оны жеп қояр еді.
Олар түн ортасына дейін дауласты. Тек тышқан үнсіз тұрды. Барлығы шаршап
дауыстары қарлыққан кезде ғана тышқан сөз алды:
– Күннің алғашқы сәулесін кім көрсе, сол жыл басы болсын.
Бұл сөзді барлығы қостады. Әсіресе бойына сенген түйенің қуанышында шек 
жоқ.
– Сен байғұс та күнді бірінші көремін деп дәмеленіп тұрсың ба? – деп түйе тыш-
қанға мысқылдай қарады.
Таң алдында барлығы шығысқа қарап, көкжиектен көз алмай тұрды.
Кенет тышқан айқай салды: 
– Күн! Күн!
Сөйтсе, тышқан түйенің ұзын шудасына жабысып, білдірмей ғана өркешіне 
шығып алыпты. Түйе оны сілкіп түсіріп, жалпақ табанымен таптамақ болады. Бірақ 
қу тышқан жалтарып кетіп, күлге тығылып қалды.
Жыл басы тышқанға бұйырады. Ал түйе ашықауыз болғаны үшін жыл қатарына 
кіргізілмейді. Сондықтан да түйе жыл атауында жоқ, ал күл көрсе, жата қалып ау-
найтын әдеті содан қалған екен.
      
 Хайуандардың
                      дауласуы
Тышқанның жыл басы 
болуы туралы мынадай 
аңыз бар.
Хайуандар жыл басы 
кім болады деп ұзақ даула-
сыпты.
Сиыр айтады: 
– Мен адамға сүт, ет, тері 
беремін. Жыл басы болуға 
мен лайықпын.
– Олардың бәрін мен де 
беремін. Оған қоса адам 
мені көлік ретінде мінеді, – 
дейді жылқы.
– Сен маған қарағанда 
әлсізсің! – деп түйе киліге 
кетті. – Сенің күшің маған 
тең емес. Менің жүгімнің 
жартысын артса, сен қи-
сайып қаласың. Әрі сен 
тамақ талғайсың. Саған ба-
лауса шөп, сұлы керек, таза 

29
Хижра – ислам дінінің жыл санауы. 
«Хижра» – 
араб сөзі, қазақ тіліне аударғанда «қоныс аудару» 
деген түсінік береді. Мұсылмандар ислам дінінің 
негізін қалаушы Мұхаммед пайғамбардың Мек-
кеден Мединеге барған жылын жыл санаудың 
басы деп есептейді. Бұл – 622 жылғы 16 шілде. 
Әр мемлекетте жыл санау әртүрлі бол ған. 
Мәселен, египеттіктер жыл санауды перға-
уынның таққа отыруынан бастаған. Ал Ежелгі 
Грекияда жыл санау алғашқы олимпиадалық 
ойындар өткізуден басталған. Алғашқы олим-
пиадалық ойын б.з.б. 776 жылы өткізілген. Со-
дан бері әр 4 жылда олимпиадалық ойындар 
өткізіліп тұрады. 
Бірақ мұндай жыл санаулар тиімсіз еді. 
Адамзат баласына жыл санаудың дәл, нақты әрі 
жүйелі болғаны қажет.
2.  Қазіргі  жыл  санау.  Көптеген жыл са-
нау белгілі бір тарихи оқиғаларға байланысты 
жүргізілген. Алтыншы ғасырда римдік дінбасы 
Кіші Дионисий жыл санауды Иисус Христостың 
(Иса пайғамбардың) туған күнінен бастауды 
ұсынды. Иса туған жыл – бірінші, келесі жыл – 
екінші болып кете береді. Осы бірінші жылдан 
Медине
            2000         1000          200             100            0             100           200         1000         2000
Біздің заманымыздан бұрынғы
Біздің заманымыз
Б.з.б. 518 ж. І Дарийдің  
сақтарға жорығы
Б.з.-дың 552 ж. Түрік 
қағанатының құрылуы
Уақыт сызығы

30
 
бастап қазіргі күнге дейінгі уақыт 
біздің зама-
нымыз (қысқаша – б.з.) деп аталады. Бір ғасыр – 
100 жылға тең немесе жүзжылдық деп аталады. 
10 ғасыр – мыңжылдық саналады. Содан бері екі 
мыңнан аса жыл өтті. Ал адамдар бұл екі мың 
жылға дейін де өмір сүріп, тіршілік жасаған, 
көптеген тарихи оқиғалар өткен, ол тарихи 
оқиғаларды еске алғанда 
біздің заманымыздан 
бұрынғы (қысқаша – б.з.б.) деп айтамыз. Бұны 
түсіну үшін 29-беттегі «уақыт сызығына» назар 
аударайық.
Біз күнделікті өмірде қолданатын сандар 
араб цифрларынан жасалады. Олар бар болғаны 
он цифр – 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9. 
Тарих ғылымында ғасырлар мен мыңжыл-
дықтар рим цифрларымен жазылады: I, II, III, IV, 
V, VI..., IX, X, XI..., XX..., XXI... тағы басқалар. 
Біздің заманымыздан бұрынғы ғасырлар 
мен жылдарды санау қазіргі уақыттан кері 
тәртіппен жүргізіледі. Мысалы: б.з.б. І ғасыр, 
б.з.б. ІІ ғасыр, сөйтіп шегіне береді.
Ғасырларды санау жүзжылдықтың бірінші 
жылынан басталады.
Мысалы: 1800 ж. – XVIIІ ғ.; 1801 ж. – 
 
XІX ғ.-дың басы; 1900 ж. – XІX ғ.; 1901 ж. –  
XX ғ.; 2001 ж. – ХХІ ғ.
Уақыт сызығын түсіну үшін төменде кел-
тірілген жылдарды есептеп көрелік:
а) егер оқиғаның біздің заманымыздан қанша 
мың жыл бұрын болғанын білсек, онда оның бұдан 
қанша жыл бұрын болғанын анықтау үшін:
Біздің заманымыздан бұрынғы жетінші 
мыңжылдықта егіншілік пайда болды. Сол 
уақыттан бері қанша жыл өтті?
Б.з.б. 7 мың жыл + б.з. 2010 жыл = барлығы 
9010 жыл өткен.
ә) оқиға біздің заманымыздың қай жылы 
болғанын білеміз, осы оқиғаның бұдан қанша 
жыл бұрын болғанын білу үшін:
Моңғолдар Отырар қаласын б.з. 1219 жылы 
басып алды. Содан бері қанша жыл өткен?
Б.з. 2010 – б.з. 1219 = барлығы 791 жыл 
өткен. 
 
Қандай жыл санау 
түрлері болды?
 
Қазақша жыл санау 
есебі қазіргі күні пайда-
ланыла ма?
 
Қазіргі жыл санауы-
мыз қалай басталған?
 
Уақыт сызығы жайлы 
әңгімеле.
есептеп шығар:
1. Б.з.б. 2600 жылы 
Египеттегі ең үлкен 
Хеопс пирамидасы са-
лынды. Пирамиданың 
салынғанына қанша 
жыл болды?
2. Б.з.б. 55 жылы Ғұн 
мемлекеті оңтүстік 
және солтүстік ғұндар 
болып екіге бөлінді. 
Содан бері қанша жыл 
өтті?
3. Қай жыл бұрын болды: 
б.з.б. 720 жыл, әлде  
б.з. 720 жылы ма? 
4. Қазақ хандығы  
1466 жылы құрылды? 
Бүгінде бұл датаға 
қанша жыл толады?
Хеопс пирамидасы

31


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет