Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет1/18
Дата23.02.2017
өлшемі6,79 Mb.
#4723
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Б.К. Абдугулова, А.Т. Капаева, Г.К. Кенжебаев
ҚазаҚстан 
тарихынан 
әңгімелер
Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 
5-сыныбына арналған оқулық 
Қазақстан Республикасының 
Білім және ғылым министрлігі ұсынған
2-басылымы, өңделген
Алматыкiтап баспасы
2012

УДК 373.167.1 (075.3)
ББК 63.3 Қаз я72
ә 14
Пікір жазған:
т. ә. төлебаев – тарих ғылымдарының докторы, профессор
©  Абдугулова Б.К., Капаева А.Т., 
 
Кенжебаев Г.К. (мәтiнi), 2010
©  «Алматыкiтап баспасы» ЖШС, 2010
©  «Алматыкiтап баспасы» ЖШС, 2012, 
 
өңделген, қосымша таралым
ISBN 978-601-01-1049-6
УДК 373.167.1 (075.3)
ББК 63.3 Қаз я72
ә 14      
абдугулова Б.К. және т.б.
Қазақстан тарихынан әңгімелер: Жалпы білім беретін 11 жыл-
дық мектеп тің 5-сыныбына арналған оқулық./Абдугулова Б.К., 
Капаева А.Т., Кенже 
баев Г.К. – 2-басылымы, өңд. – Алма 
ты, 
«Алматыкітап баспасы», 2012, – 224 бет, суретті.
ISBN 978-601-01-1049-6
Шартты белгілер:
– Сұрақтар мен 
    тап сыр малар
– Сен білесің бе?
– Өзіңді тексер
– Құжатпен жұмыс 
– Есіңде сақта
 – Картамен жұмыс
– Ойланып жауап бер
– Тест
– Білімпаздар үшін

3
ҚымБатты Дос!
Біз өткен замандағы туған жеріміз бен 
ата-баба 
ларымыздың қандай болғанын, 
олар 
дың ерлік іс 
терін, аса маңызды да 
айту 
лы оқиғаларды тарих пәні арқылы 
оқып білеміз.
«Қазақстан тарихынан әңгімелер» атты 
жаңа оқулықта еліміздің көне заманнан 
бүгінгі күнге дейінгі тарихы баяндалады.
Бірінші бөлім «Тарих әлемі» деп атала-
ды. Бұл бөлімде – тарих пәні ұғымы, тари-
хи уақыт өл шемдері, карталар, Қазақстан 
аумағы мен жер-су аттары жайлы мәлі мет 
берілген.  Сонымен  қатар  Қа зақ стан ның 
табиғаты, қазба байлықтары, халқы, мә-
дени жетістіктері туралы бұған дейінгі басқа 
пәндерден алған білімің тереңдей түседі.
Екінші бөлім «Тарихқа саяхат» деп 
ата 
ла 
ды. Бұл бөлімде ертеде еліміздің 
аума 
ғын мекендеген сақ тайпаларымен 
танысасың. Тұмар патша 
йым, Шырақ, 
«Алтын адам», ғұндар және оның көсем-
дері туралы оқисың.
Сонымен қатар «Ұлы Жібек жолы», орта-
ғасырлық қалалар, қолөнер мен сауданың 
дамуы және Қазақ мемлекетінің құрылуы 
жайлы айтылады, батырлар, билер мен 
 
хандар, қазақ халқының азаттық жолын-
дағы күресі туралы білетін боласың.
«Ғажайыптар әлемінде» деп аталатын 
үшін 
ші бөлімнен халқы 
мыздың сәулет 

4
өнері, ескерткіштері, әдет-ғұрыптары мен 
тұрмыс-тір шілігінен мағлұмат аласың.
«XX ғасырдағы Қазақстан» атты төртін-
ші  бө лімде  Кеңес  өкіметі  жыл да рын дағы  
Қа зақстан,  Ұлы  Отан  соғы сын дағы  қа зақ -
стан дықтардың  ерлігі  баян дала ды.  Мә-
дениет пен ғылымның дамуына үлес қос-
қан қай раткерлер, алғашқы ғарыш керлер, 
т.б. туралы мәліметтер кел тірілген.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасы тура-
лы  «Тәуелсіз Қазақстан» бөлімінен оқып 
білесің.
Оқулық құрылымы: мәтін, сұрақтар мен 
тапсырмалар, карталар, иллюстрациялар, 
қосымша мәтіндерден тұрады.
Оқулық бөлімдерге, бөлімдер пара-
графтарға, ал параграфтар тақырыптарға 
бөлінген. Әр пара 
граф 
тың соңында сұ-
рақтар мен тапсырмалар, қажет жерінде 
«Білімпаздар үшін» деп аталатын қосым-
ша мәтін берілген. Әр бөлімнің соңында 
пысықтауға арнал 
ған сұрақ 
тар мен тап-
сырмалар беріледі. 
Сабақты қалай әзірлеу қажеттігі жайлы 
оқу шыларға төмендегі дей кеңес береміз.  
Жаднама:
1. Үйге берілген сабақты асықпай түгел 
оқып шығып, мазмұнын түсінуге ты-
рыс.
2. Тапсырмалар мен сұрақтарға жауап 
дайын да.
3. Оқулықпен жұмыс істеуде қара әріп - 
пен жазылған терминдер мен ұғым-

5
дарға, сандық мәліметтерге, даталарға, 
адам аттарына назар аудар.
4. 
Иллюстрацияларға, суреттерге мұ-
қият қара.
5. 
Оқулықтың карталарын зер сала 
оқы. Географиялық атауларды, ше-
караларды, оқиға болған жерлерді, 
тарихи ескерткіштерді және басқа 
объектілерді табуды үйрен.
6. Хронологияны (даталарды) білу тарих-
ты түсіну үшін айрықша маңызды. 
Адамның аты-жөнінен кейін жақша 
ішінде сол адамның туған және 
қайтыс болған жылы беріледі. Мыса-
лы, Мұхаммед Хайдар Дулати (1499–
1551) дегенді оқығанда, сол кісінің 
1499 жылы дүниеге келіп, 1551 жылы 
қайтыс болғанын білеміз.
7. Оқулықтың мәтінін жақсы ұғып алу 
керек, оны жаттаудың керегі жоқ. 
Оқы 
ған тақырыптың мазмұнын өз 
сөзің 
мен айтып беруге үйрен 
генің 
дұрыс.
Кітап – халықтың мәдени игілігі.
Оқулық – білім көзі, адал дос, көмекші, 
ақыл 
шы. Кітапқа деген сүйіспеншілік, 
 
оған ұқыпты қарау ғасырлар бойы қа-
лыптасты. Ол сенің қолыңда, жас дос. 
Оның өмірін ұзарту, өз орның 
ды баса-
тын жеткіншектерге жыртыл 
маған, ши-
майланбаған, таза күйінде табыс ету саған 
байланысты. Сондықтан оны құрметтей 
білейік, күтіп ұстайық!

6
і бөлім
тарих әлемі
§1. «Қазақстан тарихы» пәні
1. тарих не туралы баяндайды? Тарих – 
 
грекше  «зерттеу», «оқиғалар жайындағы әң-
гіме», «білім» деген мағынаны білдіреді.
Тарих – адамзат қауымының, халықтар мен 
мемлекеттердің өткен өмірін, бүгінін және бо-
лашағын зерттейтін ғылым.
«Тарих» сөзін алғаш рет ежелгі грек тарих-
шысы 
Геродот (б.з.б. 484–425 жж.) қолданған. 
Геродот көптеген елдерге саяхат жасап, қала лар-
ды аралап, тай па лардың тарихымен танысқан. 
Олардың өмірін 
дегі елеулі оқиғалар туралы 
естіген-білгендерін жинақтап, «Тарих» атты ең-
бек жазған. Сондық тан оны «тарихтың ата-
сы»  деп атаған. Геродот өз еңбегінде бұрынғы 
Қазақстан жерінде өмір сүрген сақтар туралы 
баяндайды.
Шығыс тарихшысы 
Сыма Цянь (Қытай 
елін де шамамен б.з.б. 140–86 жж. өмір сүрген) 
Қы тайды аралап жүріп, өзі көрген, адамдардан 
естіген әңгіме-аңыздарды жазып алған, сон-
дықтан оны «Қытай тарихының ата сы» деп атай-
ды. Бұл еңбе гі «Тарихи жазбалар» деген атпен 
жарық көр ген. Сыма Цянь өз еңбегінде бұрынғы 
Қазақстан жерінде өмір сүр 
ген ғұндардың, 
үйсіндердің, қаң 
лылардың тұрмысына, салт-
дәстүріне,  әс кери  құрылы мы на  тоқталады.
Рашид ад-Дин (1247–1318) – Иран тарих-
шысы және мемлекет қайраткері, діни ғұ лама, 
энциклопедияшы ғалым, дәрігер, ботаник 
әрі табиғаттанушы болған. Оның «Жамиғ ат-
тауарих»  («Жылнамалар жинағы») еңбегін-
Геродот

7
де түркі тайпаларының тарихы, көшпелі тұр-
мысы мен әдет-ғұрпы туралы мәліметтер беріл-
ген. Оның ішінде қазақ елінің тарихы мен гео-
графиялық жағдайына тоқталады. Алаша хан 
мен Оғыз хан жайлы, моңғол шапқыншылығы 
туралы құнды деректер келтірілген.
Мұхаммед Хайдар Дулати  (1499–1551)  – 
Жетісудағы дулат тайпасынан шыққан тарих-
шы, әдебиетші ғалым. 1546 жылы жарық көрген 
«Тарих-и Рашиди» еңбегінде орта ғасырларда 
Қазақстан мен Орта Азияны мекендеген тай-
палар мен мемлекеттердің тарихы жазылған. 
 
Онда Қазақ хандығы туралы да маңызды де-
ректер бар.
2. тарихты білу не үшін керек? Тарихты  
білу – сонау өткен замандағы маңызды оқиға-
ларды, сол кезеңдегі адамдардың өмір-тіршілі-
гін оқып-үйрену. Адамзаттың дамуы барысын-
да жинақтаған мәдени жетістіктерімен, айтулы 
тұлғалардың жарқын істерімен танысу. Өткен 
өмірден сабақ алып, қателікті қайталамауға ты-
рысу, келешекті болжай білуге талпыну.
Тарихты оқып-үйрену арқылы біз ата-баба-
ларымыздың қалай халық болып қалып 
тас-
қанымен танысамыз, мемлекеттігін қалай құр-
ғанын, олардың өмірінде қандай шапқын шы-
лық соғыстар орын алғанын, қандай жеңіске 
жеткенін білеміз.
Тарихты білу өз өлкеңді, туған еліңді тану-
дан басталады. Қазақстанда өмір сүретін әрбір 
адам осы елдің тарихын жете білуге міндетті.  
3. Қазақстан тарихы – дүниежүзі тари хы-
ның құрамдас бөлігі. «Қазақстан тарихынан 
әңгімелер»  пәні – еліміздің көне заман нан бү-
гінге дейінгі тарихында өткен аса маңызды 
оқиғаларды хронологиялық ретпен баяндай-
ды. Ұлт тұлғалары – көрнекті ғалымдар мен 
ақын-жазу шылардың, белгілі қоғам және өнер 
қайраткерлерінің өмір жолымен, шығарма шы-
лығымен таныстырады.
Міржақып Дулатов – 
жазушы, ақын, драматург. 
Қазақ мәдениеті мен әде-
биетінің ірі өкілі. 1913 жы- 
лы жазылған «Қазақ» ат-
ты мақаласында: «Өзінің 
тарихын жоғалтқан жұрт, 
өзінің тарихын ұмытқан 
ел қайда жүріп, қайда 
тұратындығын, не істеп, 
не қойғандығын білмейді, 
келешекте басына қандай 
күн туатынына көзі жет-
пейді... Тарих – түзу және 
үйретуші, тарих тірші лік-
те жолбасшы дейтініміз 
 
осы», – деп жазған.
Мұхаммед Хайдар 
Дулати 

8
«Қазақстан тарихымен» қатар «Дүниежүзі 
тарихын» да оқисың. Өйткені Қазақстан тари-
хы – дүниежүзі тарихының құрамдас бөлігі. 
«Дүниежүзі тарихы» пәнінде әлем мем 
ле-
кет тері мен халықтары ның тарихы оқытылады. 
Бұл пәннен жер шарын мекендеген елдердің 
көне заманнан бүгінге дейінгі өмір жолын оқып 
білесің.
Дүниежүзіндегі адамзат сонау ежелгі заман-
нан бері бір-бірімен араласып, өзара байланыс-
та өмір сүріп келеді. Біз тарих пәнінен ата-
бабаларымыздың көршілес және шалғайдағы 
елдермен қандай қарым-қатынаста болғанын 
біле аламыз.
Өткенімізді білмесек, қазіргі өмірді ұғынып, 
болашаққа бағдар жасай алмаймыз. «Қазақстан 
тарихы» пәнін оқып-үйренудің құндылығы да, 
міне, осында.
§2. тарихи деректер
1. 
 
Көне заман адамдарының тұрмыс-тір-
шілігі жайлы қалай білеміз? Осыдан мыңда ған 
жылдар бұрын адамдар үйді қалай салғанын, 
немен шұғылданғанын, жауларымен қалай кү-
рескенін біз қалай біле аламыз?
Адамдар өмір сүрген жерінде қандай да 
болмасын «із» қалдырған. Ғалымдар қазба жұ-
мыстарын жүргізу нәтижесінде, Сырдария өңі-
рінде бір кездері гүлденген қалалар бол 
ған-
дығын анықтады. Қазба орындарынан ерекше 
өрнектеліп безендірілген қыш құмыралар мен 
балшықтан жасалған түрлі ыдыстар табылған. 
Қола мен темірден жасалған қару-жарақтар, 
алтын мен күмістен жасалған сырға, жүзік, 
білезіктер де жиі кездеседі. Ертедегі егіншілер 
канал құрылысын да білген, олар қазған арық-
атыз, суландыру жүйелері орнынан түрлі 
 
Жаңа пән қалай ата-
лады? Тарих ғылымы 
нені зерттейді?
 
Қазақстан тарихын 
білу не үшін қажет?
 
«Қазақстан тарихы» 
пәні дүниежүзі 
тарихының құрамдас 
бөлігі» дегенді қалай 
түсінесің?

9
құбыр сынықтары табылған. Міне, ғалымдар 
жер астынан табылған осындай түрлі заттар-
ды зерттей отырып, ертедегі адамдардың немен 
айналысқанын біле алады.
Қазіргі таңда еліміздің көптеген жерлерінде, 
әсіресе Отырар, Тараз, Сарайшық, Түркістан, 
Талхиз және басқа көне қалалар мен ежелгі 
адамдар мекен еткен тұрақ-қоныстарда қазба 
жұмыстары жүргізілуде.
2.  тарихи  дерек  түрлері.  Дерек – ғылыми 
зерттеуге негіз болатын жазба дүниелер мен 
заттай ескерткіштер. Тарихи деректер  – адам-
дардың өткен өмірі туралы әртүрлі мәлі меттер 
жиынтығы. Тарихи деректердің  ауызша де-
рек, жазбаша дерек, археологиялық дерек, 
этно 
графиялық және антропологиялық дерек 
сияқты түрлері болады. 
Археологиялық деректерге ежелгі адам-
дардың тұрғын үй қалдықтары, тұтынған 
бұйымдары мен жерлеу құрылыстары, т.б. жа-
тады.
Жазбаша деректерге – тарихтың сыры мен 
құпиясын ашып көрсететін жазулар
,  патша-
лар мен әкімдер шығарған заңдар, мемлекеттік 
және сауда құжаттары, яғни тарихи құжаттар  
жатады. 
Ауызша деректер – атадан балаға, баладан 
немереге ауызша айтылып, бізге ежелгі заман-
нан келіп жеткен тарихи аңыз-шежірелер, жыр-
«А
вестА
»  – ең көне кі-
тап 
тар жинағы. Бастап-
қы да бұл еңбек 21 кітап-
тан тұр ған. Бүгінгі күнге  
оның төрттен бірі ғана 
жетіп отыр. «Авеста» кіта-
бы Заратуштра пайғам-
бар 
дың рухани ілімі. 
Мұн да  Құ дайға  арналған 
ма дақ пен құлшылық уа-
ғыз дары  жа зылған.  За-
ра 
туштра жер мен адам-
затты жарату 
шы және 
иесі жалғыз Құдай деп тү -
сін діреді. Оның осы діни 
өсиеттері  кейі ні рек  «Авес-
та» деген атпен жинақ бо-
лып шығады. «Авес тада» 
ай тылған  оқи ғалар  ерте-
дегі  түркі  ха лық тары ның 
эпосында орын алып, бү-
кіл мұсылман ел 
деріне 
(Қазақстан мен Орталық 
Азия, Иран, Әзір байжан,  
Ауғанстан және басқа 
жер  лерге)  таралған.

10
эпостар, ертегілер, мақал-мәтелдер, шешендік 
сөздер және салт-дәстүр жырлары. 
3.  ертедегі  жазулар.  Сан ғасырлар бойы 
жер астында қалған, топырақ пен құм басқан 
үйлер мен сарайлардан ғалымдар көне кітаптар 
тапқан. Бұл ертедегі кітап қазіргі біздің көріп 
жүрген кітаптардан мүлде өзгеше. 
Археологтар ертеде өмір сүрген Ассирия 
мемлекетінің астанасы Ниневия қаласын 
қазған кезде шамамен 20 мың «кітаптан» 
тұратын кітапхана кездестірген. Сарай өртеніп 
кеткенімен кітапхана сақталып қалған, өйткені 
бұл «кітаптар» сазбалшықтан жасалған.
Сазбалшыққа жазу жазар алдында оны 
жақсылап илеген. Содан кейін балшық тақ-
тай шаға үшкір таяқшаны батырып, сына тә-
різді сызықшалар салған. Олар мыңға жуық 
таңба ойлап тапқан. Сазбалшыққа жазылған 
бұл таңбалар сына тәріздес болғандықтан 
сына 
жазу деп аталды.  
Ресейдің Новгород қаласына қазба жұмы-
сын жүргізген ғалымдар қайың қабығының 
Сына жазу

11
ішкі ылғал бетіне үш кір сү-
йек  таяқшамен  жа зыл  ған 
жазуды  тап қан.  Ға лымдар 
бұл  жазу ды 
қабық сауаты 
деп ата 
ған. Ежелгі Русь-
те қайың қабығына жазу 
дәстүрі кең тараған.
Пергамент деп  мал дың 
терісінен мұ қият өңделген, 
жазуға ыңғайлы материал-
ды атайды. Бір теріден 2– 
3 парақ жазуға арналған 
әдемі әрі мықты пергамент 
дайындалған.
Ежелгі Египетте 
иеро-
глиф  деп аталған таңба-
сурет
  жазуы болды. Ие-
роглиф Қытай мен Жапон 
елдерінде қазірге дейін пай-
даланылады.
Папирус
Жабайы 
қамыс – 
папирус
Өңделген папирустың 
сабағынан өткір 
пышақпен жұқа 
жолақшалар кесіп 
алынған
Жолақшалар 
қабаты бір-
бірінің үстіне 
кесе-көлденең 
орналастырылған
Папирус кепкен  
кезде тастың 
көмегімен 
тегістелген
Салынған 
қабаттардың беті 
матамен жабылып, 
ағаш балғамен 
жаншылған
1. Тарихи деректер деген 
не?
а) Ежелгі жазу түрі
ә)  Адамдардың өт кен өмі-
рі туралы мәлі меттер 
жиын тығы
б)  Адамдардың шығу тегі 
жайлы мәліметтер 
жиын тығы
в)  Сазбалшықтан жасал-
ған кітап
2. Жазбаша деректерге не 
жатады?
а)  Ежелгі адамдардың тұ-
рақтары туралы жа зу 
ә) Адамдардың  тұтын-
ған бұйымдары тура-
лы мәліметтер
б) Тарихи 
құжаттар, 
пат 
ша мен әкімдер 
шы ғар ған  заңдар,  мем-
лекет тік және сауда 
құ жат тары
в)  Адамдардың өмір бая ны 
туралы  мәлі мет тер
Египеттіктер Ніл өзенінің таяз жерінде өсе-
тін биіктігі 4–5 метр папирус  қамысын жазу  
үшін қолданған. Осы қамыс сабағынан дайын-
далған  парақ тарды 
папирус деп атаған.

12
Табылған көне жазуларды оқу оңай емес. 
 
Ол жазулар бүгінде ұмыт болған. Соған қа-
рамастан ғалымдар ежелгі жазбалардың құ-
пиясын зерт 
тейді. Ол жазулар ертеде қандай 
мемлекет 
тер болғаны, қалалар қалай салын-
ғаны, ғылым мен білім қалай дамығаны және 
басқа да мәселелер туралы баяндайды.
4.  Қазақ  шежіресі.  Шежіре (арабша – бұтақ, 
тармақ) халықтың шығу тегін, таралуын баян-
дайды.  
Әрбір қазақ ертеде жеті атасын, өз шежіресін 
жатқа білетін болған. Шежірені білу өзіңнің 
шыққан тегіңді, ата-бабаңның, еліңнің тари-
хын білу деген сөз. «Жеті атасын білген ұл жеті 
жұрттың қамын жер» деген ұлағатты ұғым со-
дан қалған. 
Қазақта ру-тайпа, жүз және отбасының та-
рихын ауызша таратып, ұрпақтан-ұрпаққа 
жет кізетін  адамды  «шежіреші» деп атаған. Ше-
жі решіні тарихшы деуге болады. Шежіреде әр-
бір руға байланысты тарихи оқиғалар, елдер 
арасындағы қарым-қатынас, атақты батырлар 
мен билер, ақын-жыраулар туралы айтылады. 
Қазақ мемлекетінде хандар мен рубасылар 
қарамағындағы ру-тайпаларды басқару, олар-
дың арасындағы дау-жанжалдарды шешу, салық 
жинау, жасақ ұйымдастыру үшін шежірені 
жақсы білуі тиіс болған. 
Мұхаммед Хайдар Дулати, Қыдырғали Жа-
лайыри, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Шәкәрім 
Құдайбердіұлы жазған шежірелер халқымыз-
дың тарихынан сыр шертеді.
 
Ертеде адамдар жазу-
ды қалай жазған?
 
Қазба кезінде 
табылған заттарға 
қарап, ертедегі 
адамдардың өмірі мен 
тұрмысы туралы не 
білуге болады?
 
Тарихи деректердің 
қандай түрлері бар?
 
Алғашқы кітаптар 
қалай және неден  
жасалды? Папирус  
деген не? «Кітап – 
білім бұлағы, білім – 
өмір шырағы»  
деген мақалды қалай 
түсінесің?
 
Египеттегі папирус 
сияқты білім көзі 
болатын тағы қандай 
жазба ескерткіштерді 
білесің?
 
Қазақ шежіресі  
туралы айтып бер. 
 
«Авеста» – ежелгі 
халықтардың діни 
нанымдары туралы 
қандай мағлұмат 
береді?

13
§3. археология
1. археология  нені 
зерттейді? «Археология»   
грек тілінен аударғанда 
«ертедегі ғылым» деген 
мағынаны білдіреді. Ар-
хеология адамзаттың өт-
кен тарихын, тіршілігін 
заттай деректер арқылы 
зерттейді. Қазба жұмыс-
тарын жүргізетін, зат-
тай деректерді зерттей-
тін  ға лым 
археолог  деп 
аталады.
Тарихта ешнәрсе із-
түзсіз жоғалып кетпей-
ді. Ертеде өмір сүрген 
адамдардан қалған қи-
раған қала орындары, түрлі әшекейлер, қыш 
ыдыстар сияқты тұрмыс та пайдаланылған бұ-
йымдар, тас мүсіндер, жартастағы бейне лер, оба-
лар, молалардан та былған заттар 
археология-
лық ескерткіштер деп аталады.
Мыңдаған жылдар бұрын адамзат қалай 
өмір сүрді? Нені мекен етті? Қандай еңбек құ-
ралдарын пайдаланды? Олардың тамақтары 
қандай болатын? Киімдерін, тіршілікке қажет-
ті заттарды неден жасады деген сұрақтар біздің 
әрқайсымызды ойландырады. Бұл сұрақтың 
біразына археология ғылымы жауап береді.
Археологиялық қабаттар
1. Тарихи  ескерткіштер 
де геніміз:
а) Шежірелер
ә)  Батырлар жырлары
б)  Жер атаулары
в) Ежелгі адамдардың қо-
ныс-тұрақтары,  та ри-
хи орындар мен тас та ғы 
суреттер, ор тағасырлық 
қала лар,  т.б.
2.  Археологиялық  ес керт-
кіштерге не жатады?
а) Өлке жөніндегі мате-
риалдар
ә) Шаруашылық туралы 
мәліметтер
б)  Мұрағат деректері
в) Ертедегі қала орында-
ры, ортағасырлық құ ры-
лыстар, ежелгі тұ 
рақ-
қоныстар,  тас  мү сін дер 
мен  жар тас та ғы  бей-
нелер.

14
Әлкей Марғұлан (1904 –  
1985) – әйгілі ға 
лым, 
фольклоршы,  тарих шы, 
эт но граф  және  археолог. 
Фи лология  ғы лым да ры - 
ның докторы, ҚазКСР 
ҒА академигі, профессор, 
Отан дық  археологиялық 
мек тептің  негізін  салу шы.
Ғалым қазақ халқы ның
ежелгі өнері мен ма 
те-
риалдық мәдениетін зерт-
теген. Ұзақ жылдар бой-
ғы  еңбегінің  нәти же сінде 
Орталық  Қазақ стан  дағы 
қола  дәуі рі нің  қоныстары 
мен оба ларын ашты. Сол 
кезде өмір сүрген тайпа-
лар  дың  мәдени  ескерт-
кіш терін зерттеді. Ә. Мар- 
 ғұлан  «Орталық  Қа зақ-
станның  Бе ға зы-Дән ді бай 
мәдениеті» атты еңбегі 
үшін 1982 жылы  Мем-
лекет тік  сый лық  алды. 
«Орта лық  Қазақ стан ның 
ежелгі  мә дениеті»  ат ты 
еңбегі Ш. Уәли ханов атын-
дағы сый 
лыққа ие бол-
ды. 300-ден аса ғылыми 
мақалалар жазған.
2.  археологиялық ескерткішке саяхат. 
Біз бір сәт ұстазымызбен бірге археологиялық 
ескерткішке саяхат жасадық деп көз алдымыз-
ға елестетейік. Біз тұратын қаланың шетінен  
50 ша қырымдай жерде үлкен-үлкен жоталар мен 
төбелер бар.  Жаз айында бұл жерде археолог-
ғалымдар жұмыс жасайды. Бізді археологтардың 
қазба жұмыстары қатты қызықтыратынын тү-
сінген апайымыз археолог ғалымдармен ке-
лiсiп, біз өзен бойында орналасқан ерте дәуір 
ескерткішіне келдік. Археолог ағай бізге архео-
логиялық қазба жұмыстары, зерттеудің мақса-
ты мен нәтижесі туралы әңгімелеп берді:
– Адамдардың әр дәуірдегі тіршілігі, шаруа-
шылығы, пайдалан 
ған еңбек құралдары, бас-
паналары туралы мәлімет әлі де болса аз. Сон-
дықтан ғалымдар арнайы экспедиция ұйым-
дастырып, археологиялық қазба жұмыс 
та 
рын 
жүргізеді. Археологтардың басты мақса 
ты – 
көне ескерткіштерді сақтап қалу, жаңа архео-
логиялық объектілерді табу және қорғау болып 
табылады.
Ғалымдар бізге қазылып жатқан тұрақтан 
табылған керамика мен сүйек, әшекей зат-
тар, қару-жарақ қалдықтары мен ыдыстарды 
көрсетті.
Археологтар табылған материалдарды зерт-
теп, ішінен ең көр 
нектілерін музейге қоюға 
жібереді. Қазба жұмысында табылған бұйымдар 
қай кезеңде, неден жасалды, қандай қоспалар-
дан тұратынын анықтау үшін археологтарға 
 
геолог, тілші, сәулетші, зергер сияқты мамандар 
көмектеседі.
3.  Қазақстанда жүргізілген археологиялық 
зерттеулер.  Архео логиялық  зерттеулер  нә ти-
жесінде Қазақстанның оңтүстігі мен солтүс-
тігінде, батысы мен шығысында көптеген көне 
дәуір ескерткіштері табылды. Есік қорымынан 
табылған «Алтын киімді адам» Қазақстан ғана 
Әлкей Марғұлан

15
емес, дүниежүзілік мәдениеттегі құнды жә-
дігер болып саналады. Қаратау жартас тарында  
49 ар баның суреті бейнеленген. Таңбалытастағы 
«Күн-Құдай» бейнесі ертедегі тайпалар өмірінен 
мәлімет береді. Шығыс Қазақстан облысындағы 
Бестерек таңбалы тас тарынан жан-жануар су-
рет тері көп кездеседі.  Жетісу өңіріндегі Бесша-
тыр ескерткішінен табылған тас тақта бетінде 
таутеке, қабан, қасқыр сияқты түрлі аңдар 
суреттері салынған. Қазақстан жеріндегі түрлі 
археологиялық ескерткіштерді тауып, зерттеу-
мен  Ә.  Марғұлан,  К.  Ақышев,  М.  Қадырбаев,  
К.  Байпақов,  Ж.  Таймағамбетов,  З.  Самашев 
және тағы басқа ғалымдар айналысады.
 
Археология қандай 
ғылым?
 
Археолог нені зерттеу-
мен айналысады?
 
Қазақстан жерінен 
та былған  қандай 
археоло гиялық  ескерт-
кіштерді білесің?
 
Ол ескерткіш тура-
лы не айта аласың? 
Өзің тұратын өлкеде 
қандай археологиялық 
ескерткіш бар?
  Ә. Марғұлан еңбектері 
қандай ғылым салала-
рына арналған? 
«Таңбалытас» жартасындағы  
суреттер

16


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет