Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов



Pdf көрінісі
бет27/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   101
Мәдени факторлар. Мәдени орта –жаппай туристік ағындарды реттеуге алып 
келетін қор болып табылады. Туристер әлемдік мәдени құндылыққа ие жерлерге 
барады. Сонымен қатар туристерді басқа елдердің салт-дәстүрлері қызықтырады, 
сондықтан оларға жергілікті хор, ансамбль, ұлттық дәстүрлер элементтері, фольклор, 
ұлттық ойындар, мерекелер аса қызықты. Осыған орай орналастыру орындары 
экскурсиялық және анимациялық-бос уақытты өткізу бағдарламаларын қарастырады.
Әлеуметтік-демографиялық факторлар қонақжайлық индустриясының дамуына 
көп ықпал етеді. Әлем халқының өсуі нәтижесінде әлемнің туристік потенциалы өсуде, 
қонқ үй қызметіне жаңа еңбек ресурстары қосылуда. Демографиялық факторларға 
сонымен қатар бір немесе ортақ тілдері бар, не болмаса тарихи және мәдени жағынан 
ортақ байланыстары бар әртүрлі елдер халықтарының өзара қызығушылығы тұрақты 
өсуі; кәсібі немесе қоғамдық қызметі бәр тұлғалардың арнайы сапарларға қатысуына 
сұраныстың өсуі жатады.
Инфрақұрылымдық-коммуникациялық фактор. Туризм үшін көлік, орналастыру 
және тамақтану инфрақұрылымының жағдайы аса маңызды. Туристер мен тұрғындар 
үшін отель персоналы мен қатынас орнатуда және қажетті ақпаратты алу кезінде 
ешқандай коммуникациялық кедергілер туындамау керек.
Сауданың дамуы. Туристердің аймақтан немесе елден сувенир, ұлттық бұйымдар, 
қолдан жасалған заттар, баспа өнімдерін, карта, спорттық инвентарь, киім алып кеткісі 
келетін туристердің тратологияға бейімділігі барлығына дерлік тән құбылыс. Көптеген 
орналастыру орындары туристік заттарды сатудан түсетін табысты саналы түрде сезінді 
және тәжірибе жүзінде барлық отельдер туристік тауарларды ұсынады.
Технологиялық факторлар. Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері 
қонақжайлық индустриясында кең қолданылады, соның ішінде көліктік тасымалдау, 
дистрибуция жүйесі және тұтынушылық ақпарат сияқты салаларда аса дамыған. 
Телекоммуникациялық технологиялардың дамуы орындарға алдын-ала тапсырыс беру 
жүйесін компьютерлендіруге алып келді, олар орналастыру орындарында бөлмелерге 
он-лайн тәтібінде алдын-ала тапсырыс беруге мүмкіндік береді. Дистрибуцияның 
ауқымды жүйелері миллиондаған тұтынушыларға еркін кіруіне рұқсат береді: қазір 
тұтынушы өзі өзіне турпакет құра алады, қажетті алдын-ала тапсырыс беруді жүргізеді 
және өзі құрастырған маршрут бойынша сапар шегеді.
Туризмнің өсуі мен дамуына материалды-техникалық факторлар үлкен әсер етеді. 
Туристік әрекетте орналастыру және тамақтану индустриясы өзіндік орын алып жатыр. 
Мейрамхана және қонақ үй сервисі деңгейі шетел туристеріне қызмет көрсетуде орасан 
зор рөл ойнайды. Бірақ олар жыл бойы туристік қызметтерге сұраныстың ауытқуына 
түседі, бұл орналастыру және тамақтану кәсіпорындарын күтуге кететін шығындардың 
өсуіне және олардың қызметтерінің қымбаттауына алып келеді.
Халықаралық туризмнің дамуын анықтайтын сыртқы факторлардан басқа 
салаішілік факторлар тобын атауға болады, оған: қонақ үй өнімін жетілдіру; қонақ үй 


45 
қызметтері саласының дамуы; қонақ үй тізбектері мен ассоциацияларын құру
дистрибуция жүйелерінің дамуы; еңбек ресурстары факторы; маркетингтік факторлар 
жатады.
Қонақ үй өнімін жетілдіру. Қонақ үй өнімі турөнімнің маңызды элементі болып 
табылады. Осыған байланысты қонақ үй өнімінің сапасына және оны ары қарай 
модернизациялуға көп көңіл бөлінеді. Қонақ үй өнімінің сапасы қоршаған орта және 
инфрақұрылыға тәуелді, бұл қатынаста туристік ұйымдардың рөлі зор: аймақтық 
туристік әкімшілік, үкімет құрылымы, кәсіби ассоциациялар қонақжайлық 
атмосферасын құру үшін күштерді жинап, қажетті инвестицияларды шақыра алады.
Қонақ үй қызметтері саласының дамуы. Қазіргі кезде қонақ үй бизнесі туристік 
нарықтың табысты сегментіне айналды. Қонақ үй қызметтері көбіне кешенді қонақ үй 
өнімі түрінде болады, олар туристке максималды мөлшерде ыңғайлылық ұсынады. 
Қонақ үй кәсіпорындарының автономды тіршілігі отельдердің көлік, байланыс 
кәсіпорындарымен, туроператорлармен және турагенттермен, экскурсиялық және 
анимациялық-бос уақытты өткізу ұйымдарымен интеграциялау үрдісімен алмасты.
Қонақ үй тізбектері мен ассоциациялар құру. Соңғы он жылда ақпараттық 
технологиялардың және коммуникациялардың дамуына орай ірі қонақ үй 
кәсіпорындары бизнес дамуын реттеу үшін, сонымен қатар табыстың өсуі мен оны 
біртект тарату үшін қонақ үй тізбектеріне біріге бастады. Мариотт, Шератон, 
Холидей ИНН, Аккор және т.б. танымал қонақ үй тізбектері ұсынылатын 
туристік қызметтер сапасының кепілі болып табылады. Қонақ үй 
ассоциациялары да кең тараған. Ең танымал ұйым Халықаралық қонақ үй 
ассоциациясы болып табылады.
Дистрибуция жүйесінің дамуы. Бұндай жүйелер қонақ үй өнімін 
жабдықтаушылар, сатушылар және тұтынушылардың бірлік тізбегін құрады. 
Жаңа ақпараттық технологиялар қонақ үй қызметтерінің дистрибуция жүйесін 
біршама 
жеңілдетті 
Заманауи 
дистрибуция 
жүйелері 
тұтынушылар 
қажеттіліктеріне тез бейімделіп, орналастыру және қосымша қызметтердің 
әртүрлі нұсқаларын ұсынады.
Еңбек ресурстары факторы. Қонақжайлық индустриясының дамуы 
дамыған және дамушы елдерде жұмыспен қамтудың жоғарылауына ықпал 
етеді. Дамыған елдерде және танымал туристік дестинацияларда (Түркия, БАЭ, 
Египет) еңбек күші жетіспеушілігінен басқа әлем елдерінен жұмыс күшін 
импорттайтынын байқауға болады. Мысалы, Туркия және Египет отелдерінде 
Ресей мен Украинадан келген аниматорларды, Польша мен Белоруссиядан 
келген экскурсия жетекшісін, Германия, Словакия және Қазақстаннан келген 
аудармашыларды кездестіруге болады.
Не салу керек, қандай бағалық және категориялық деңгейде, болашақ 
объектінің инфрақұрылымы қандай болады және т.б. Осы және басқа 
сұрақтарға «Объектінің даму концепциясы» деп аталатын құжат жауап береді, 
ол өз алдына жобаның бизнес-жобасын құру үшін негіз болып табылады.
Концепция –әрбір подрядчик (жобалаушыдан сантехникке дейін), және 
соңғы кезеңде басқарушы үшін де бағыттаушы құжат болып табылады. 


46 
Құжатта объект статусы, фирмалық стиль, кәсіпорын құрылымы, 
инвестициялық анализ, маркетингтік саясат және т.б. көрсетіледі.
Сіздің қонақ үйде тұтынушыларыңыз үшін ыңғайлы болу үшін, көп 
мөлшерде табыс алып келіп, тиімді жұмыс істеуі үшін оның маркетингтік 
бөлігіне ерекше көңіл болу керек.
Концепцияда қонақ үй өнімін (қонақ үй кешенінің құрамына кіретін 
барлық нысандар –қонақ үй нөмірлері, мейрамханалар, казино, барлар және 
т.б., сонымен қатар онымен ұсынылатын қызметтер) сипаттау керек және оның 
негізгі тұтынушылық топтарын айқындау керек. Сонымен қатар сізді 
бәсекелестерден ерекшелендіретін қосымша белгілерді көрсету керек, яғни өз 
өніміңізді эксклюзивтілігін сипаттау керек. Мысалы, тегін интернет, мини-бар, 
саунамен қолдану және т.б. 
Негізгі тұтынушылық топтарды анықтау кезінде оларды белгілі бір 
критерий бойынша сегменттеу керек: демографиялық (жыныс, жас, табыс, 
қызметі); психографиялық (әлеуметтік класс, өмір стилі) және т.б.Нарықты 
сегментке бөлудің бірыңғай түрі жоқ. Нарық құрылымын объективті бағалау 
үшін әрбір нақты жағдайда әртүрлі сегментке бөлу критерийлері таңдалады.
Егер отеліңізді қонақ үй тізбегі (танымал бренд) құрамына енгізгіңіз келсе, 
онда бұл жағдайда фирмалық стиль мәселесі шешілген –ол сіз таңдаған 
маркамен анықталады. Егер бөгде брендке төлегіңіз келмесе, өзіңіздің 
фирмалық стиль мен отельдің барлық объектілерінің интерерінің дизайнын 
құрастыру жөнінде күрделі мәселені шешуіңіз керек. Ең маңыздысы фирмалық 
стиль бірыңғай болу керек, ал оның элементтері барлығында дерлік қолданылу 
керек: аталуда, логотипте, униформада, жарнама өнімдерінде, бөлме 
дизайнында (кіре берістен нөмрлерге дейін). Ол үшін бастапқыда концепцияда 
отельдің фирмалық стилін құрастыру керек, сонда ғана қонақ үй ішіндегі 
барлық нысандар негізді және стильді болады. 
Концепцияның бірінші бөлімінде жоба түйіндемесі болу керек, онда 
жалпы жоба мақсаттары мен міндеттерін шамамен түсінуге болады. Онда жоба 
салынатынын немесе қайта құрастырылатынын, қонақ үйде қанша жұлдыз 
болатыны көрсетіледі. Сонымен қатар болашақ жобамен басқару 
ерекшеліктерін көрсетуге болады.
Келесі бөлімде болашақ отелдің орналасу жерін талдау қажет. Ол үшін 
жылжымайтын мүліктің қонақ үй негізінде перспективасын көрсету керек, 
орналасу жері, қоршаған ортасы, күйі (қайта құрылатын болса), 
архитектуралық-құрылымдық 
нормалары 
және 
аймақтың 
әлеуметтік 
контингенті сияқты сипаттамаларды қарастыру және талдау керек.
Содан кейін қонақ үй клиенттерінің мақсатты сегменттерін анықтау мен 
қызметтер сапасының қажетті деңгейін анықтауға көшуге болады. Мақсатты 
сегменттер мен қажетті деңгейді анықтау көп мөлшерде болашақ қонақ үйдің 
орналасу жеріне байланысты, сонымен қатар статистикалық мәліметтерді, 
нарықтық аналитикалық шолуды, туризм мен қонақ ұй бизнесіне қатысты 
компания өкілдері мен кеңесшілер ойын кең зерттеу керек.


47 
Соңында алынған болашақ клиенттердің профилі қонақ үйлерді сауатты 
жобалау кезінде ескерілу қажетті клиенттер талғамының спектрі мен мәнін 
түсінуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет