129
көп басшылық, жетілмеген сызықтык және көлденең басқару
құрылымында басшылар өкілеттілігі қиылысады. Бұл кезде басқару
шешімдері бір- бірін қайталайды немесе қарама-қайшы келеді. Әр басшы
өз бұйрықтарының оындалуын, есеп беруін талап етеді. Қызметкерлердің
күнделікті жұмысы бұндай жағдайда күрделене түседі.
бағыныштылар саны максималдар рұқсат етілген мөлшерден артық.
Бағыныштылар саны көп болғанда (7 адамнан көп), олармен
индивидуалды сөйлесу қиындайды және олардың жұмысын тікелей
бақылау
жоғалады.
нәтижесінде
тәртіп
және
қызметкерлер
жауапкершілігі төмендейді;
коллективте «ашу шақыратын тыныштық» категориясының болуы.
бұндай жұмысшылар категориясы әрқашан және барлық жерде риза
болмау себептерін іздей бастайды, оны басқа қызметкерлермен талқылап,
коллективте наразылық
және дискомфорт атмосферасын, яғни жаңа дау
тудыру жағдайын құрайды.
Сондықтан мейрамхана және қонақ үй басшысы үшін дауды басқару
әдістері мен тактикасын игеру керек. Дауларды басқару – дау жағдайын
бақылауға алу, оны шешу үрдісін ұйымдастыру. Өз тәжірибесін мен біліміне
байланысты басшы дауларды басқарудың белгілі-бір әдісін таңдайды:
өзінің
билеу өкілеттігін қолданып, дауды басу; дауды елемеу және ол туралы сөз
қозғамау; дауды тудырған мәселені объективті шешу; саналы ымыраға келу.
Достарыңызбен бөлісу: