Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов


Зал метрдотеліне қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет84/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   101
Зал метрдотеліне қойылатын талаптар. Ол қонақтарға қызмет көрсету 
бойынша негізгі жүктемені өз мойнына алады. Метрдотель – «мейрамхана және 
қонақ үйдегі басқарушы», үстел (аспаздықпен) меңгеруші. Метрдотельдің 
негізгі мақсаты – қонақтарды ықыластпен қабылдау, оларға дәмді тағамды 
уақытылы ұсыну, ыңғайлылық құру, демалу, билеу мүмкіндігін қамтамассыз 
ету. 
Метрдотель таңертең келушілерге қызмет көрсету залының күйін, жиһаз, 
жабдықтар, жарық және т.б. болуы мен дұрыстығын тексереді. Бөлмелерді 
қарап тексерген соң, метрдотель алдын-ала берілген тапсырыстармен 
танысады, дастархан жаюға ұсыныс береді. Үстелге дастарханның дұрыс 
жайылуын, ыдыс-аяқ тазалығын, залды безендіру эстетикасын өзі тексереді. 
Оның міндетіне ас мәзірін өндіріс пен буфеттегі тағамдармен салыстыру, 
қажет түзету енгізу жатады. Метрдотель байланыс аймағы жұмысшысылардың 
сыртқы түрін, олардың қызмет көрсетуге дайындығын тексереді, сол күнге 
жұмыс ерекшелігі туралы хабарлайды. 
Жұмыс күні бойы метрдотель тағамдарды ұсыну ережесін, ыдыстарды 
қолданылуын, қызмет көрсету жылдамдығын, қонақтармен есептесу 
дұрыстығын бақылайды. Мейрамхана және қонақ үйде қабылдау мен банкет 
жүргізуге дайындалғанда метрдотельге үлкен жауапкершілік артылады. 
Метрдотель банкетке тапсырыс алады, тапсырыс берушімен оны жүргізудің 
барлық мәселелерін талқылайды. 
Зал метродетелі іріктеп, бірақ жүйелі түрде байланыс аймағы 
жұмысшысылардың қонақтармен есебін рәсімдеуді және есеп айырысуын, 


130 
тапсырысқа сәйкес өнімдердің асхана мен буфетпен жіберілу толықтығын, 
сервиз бөлмесіндегі ыдыстар тазалығын тексереді. 
Бірақ метрдотельдің негізгі жұмыс уақытын келушілерді қабылдау алады. 
Келушілерді қарсы алып, оларды үстел басына шақыру – оның негізгі міндеті. 
Мейрамхана және қонақ үйде қонақтар көбіне метрдотельге әртүрлі 
сұрақтармен жүгінеді. Ол кез-келген сұраққа сауатты жауап беруі тиіс. 
Зал метрдотелі жүйелі түрде байланыс аймағы жұмысшысылармен 
(бармендермен) келушілерге қызмет көрсету бойынша жұмыс істеу әдістерін 
үйрену жөнінде сабақтар жүргізеді. Бұндай сабақтар жүргізу үшін метрдотельге 
білікті және тәжірибелі оқытушылар мен тәжірибелі жұмысшыларды 
шақыруына болады. 
Зал метрдотелі қонақтардың мейрамхана және қонақ үйдегі тәртіп 
ережелерін қадағалауына жауапты. Ол қауырт жағдайды жою, дауды тоқтату 
үшін уақытылы шаралар қолдану керек. Қауіпсіздік және күзет қызметінен 
бірге жеке келушілердің антиқоғамдық тәртібін алдын-алу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет