Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов


Мейрамхана және қонақ үй сервисіндегі жарнама



Pdf көрінісі
бет91/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   101
Байланысты:
КУЛЬТУРА СЕРВИСА

Мейрамхана және қонақ үй сервисіндегі жарнама - сұранысты 
қалыптастыру мақсатында тағамдардың (қызметтердің) тұтынушылық қасиеті 
туралы сенімді ақпаратты тарату шараларының жиынтығы.
Жарнама келесі мақсаттарды шешуге арналған: 
-халыққа қызмет көрсету жері, уақыты, түрі және әдісі, тағамдар 
(қызметтер) құны туралы ақпарат беру; 
-өткізу көлемін, ұлғайту және маусымдылық әсерін төмендету үшін 
тағамдарға (қызметтерге) сұранысты қалыптастыруға әсер ету; 
-тұтынушылардың эстетикалық талғамын тәрбиелеу. 
Сонымен қатар жарнама мейрамхана және қонақ үйдің тағам сапасы мен 
тапсырысты уақытылы орындауына тұтынушылар алдындағы жауапкершілігін 
күшейтеді. Халыққа тағамдардың жаңа түрі мен мейрамхана және қонақ үй 
қызметі түрлері туралы хабарлауда үлкен рөл ойнайды. Мейрамхана және 
қонақ үй бизнесінде жарнама тағамның адам рациондағы орнын көрсетуге, бұл 
тағам қанағаттандыру алып келетінін сендіруге арналған. Жарнаманы қажет 
етпейтін тағамдар бар деген ой бар. Бірақ бұл дұрыс емес. Ұсынылатын жаңа 
тағамдар туралы кең ақпаратсыз бірде бір мейрамхана және қонақ үй табысты 
дамымайды. Жарнамалық хабарландырулар тұтынушыларда ұсынылатын жаңа 
тағамға қызығушылық тудыру керек. 
Мейрамхана және қонақ үй бизнесінде жарнама жедел және Мейрамхана 
және қонақ үй қызметі нарығындағы өзгерістерге сезімтал болу керек. Жарнама 
жақсы жарнамалық идеяны қажет етеді. Жаңа тағамның (өнімнің) ерекше 


137 
жарнамалық идеясы тұтынушыларға тағамның (өнімнің) ерекше қасиеттерін 
түсіндіру қажет. Бұндай түсіндіру фотографиялармен қатар жүру керек. 
Нәтижесінде ұсынылатын тағам рецептісі мұқият ойластырылған зерттеме 
нәтижесі екенін білдіреді. Тек ерекше жарнама адам еркіндігінен тыс санасына 
еніп, есінде ұзақ сақталады. Тек сондай жарнама жаңа тағамдарға (қызметтерге) 
қолданылуы керек.
Тиімді жарнаманың ерекше сценарийлік және композициялық шешімі 
болу керек, маркетинг құралы болу керек және жоғары эстетикалық көрнекті 
болу керек. 
Мейрамхана және қонақ үй жұмысы туралы жарнамалық хабарламаларды 
қабылдау тиімділігі көбінесе осы хабарламалардың сыртқы рәсімделуінің 
Мейрамхана және қонақ үй тұтынушыларының қажеттілігіне қаншалықты 
сәйкес келетініне байланысты. Зерттеулермен адамдар өздерінің қажеттілігі 
мақсатына сәйкес келетін ақпаратты ғана қабылдайтыны дәлелденген. 
Көзқарастарына сай келмейтін ақпарат әдетте қабылданбайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет