Палатализация. Палатализация дегеніміз - дауыссыз дыбыстарды солардан кейін айтылатын дауысты дыбыстардың әсерінен жұмсартып айту. Палатализация дауыссыздарды айтқанда, тілдің ортаңғы бөлігін таңдайға көтеру арқылы жасалады.
Ағылшын дауыссыз дыбыстарының көпшілігі жұмсартусыз қатты айтылады. Дауыссыздарды қатты ( палатализациясыз ) айту үшін тілдің ортаңғы бөлігін төмен түсіріп айтып, сосын барып дауысты дыбысты айту қажет. Ағылшын тілінде [ s ] [ з ] дауыссыздарынан басқалары жұмсартуға ұшырамайды.
Дауысты дыбыстардың сөздегі орнына байланысты ұзақтығы.
51
Дауысты дыбыстардың ұзақтығы олардың сөздегі орнына байланысты болады. Екпінді дауысты дыбыстар сөздің соңында өте ұзақ айтылады, ал ұяң дауыссыздар алдында ұзағырақ, қатаң дауыссыздар алдында қысқа айтылады.
Ассимиляция. (Ықпал ) Сөз ағынында әр дыбыс өзінің қасындағы дыбыстардың әсерінен көптеген өзгеріске ұшырап отырады. Сөз ағынында осылайша дыбыстардың аллофондары қолданылады. Аллофондардың артикуляциясы жеке фонемалардың артикуляциясынан өзгеше болады.
Әр дыбысты айту процесі бірнеше кезеңнен тұрады: 1. Экскурсия - дыбыстау органдарын дыбысты айтуға әзірлеу кезеңі. 2. Негізгі - дыбыстарды айту кезеңі, бұнда дыбыс органдары сол дыбысқа тән қалыпты сақтайды.
3. Рекурсия - бұл кезеңде дыбыстау органдары бұрынғы қалпына оралады. Сөйлегенде дыбыстар бір - бірімен тығыз байланысқа түседі, бірінші дыбыстың соңғы айту кезеңі екінші дыбыстың бірінші кезеңімен астасып кетеді. Сөз ағынында дыбыс артикуляциясының қасындағы дыбыстар әсерінен толық және жартылай өзгеруін ассимиляция деп атайды. Ассимиляцияны әр түрлі белгілерге қарап бөлуге болады:
1. бағытқа 2. кедергінің қалыптасуына байланысты 3. еріннің жұмысына байланысты 4. дауыс шымылдығының жұмысына байланысты
Бағытқа байланысты ассимиляция: 1. прогрессивті (ілгерінді) 2. регрессивті (кейінді) 3. өзара болып бөлінеді Ілгерінді ықпалда алдыңғы дыбыс өзінен кейінгі дыбысқа әсер етеді. Мысалы: what’ s [wots] Кейінгі ықпалда соңғы дыбыс өзінің алдындағы дыбысқа әсер етеді. Мысалы: in the [ in ðә ] Tenth [ tenӨ ] . Ал өзара ықпалда дыбыстар бір - біріне әсер етеді де екеуіде өзгереді. Мысалы: Twice [ twais ]: [ t ] дыбысы [ w ] дыбысының әсерінен ерінденеді, ал [ w ] дыбысы [ t ] дыбысының әсерінен жартылай қатанданады. Ассимиляцияның әсерінен дауыс шымылдығының жұмысы да өзгеруі мүмкін. Мысалы: eats [ I: ts ] сөзінде [ t ] әсерінен [ s ] дыбысы қатанданады, ал gives [ givz] сөзінде [ v ] дыбысының әсерінен [ s ] ұяңданады [ z ].
Ассимиляция құбылысы қазақ тілінде де кездеседі. Олар ілгерінді, кейінді болып бөлінеді. Қазақ тілінде сөздің соңғы дыбысы үнді не ұяң дауыссыз болса, оған жалғанатын қосымша да үнді не ұяң дыбыстан басталады. Мысалы: қаз - дар.
Ал кейінді ықпалда п, к, ң, дыбысына аяқталған сөздерде қосымша жалғағанда, п - б, к – г, қ – ғ дыбыстарына өзгереді. Мысалы: тарақ - тарағы.
Редукция Көмекші сөздер (предлогтар, одақтар, артикльдер, көмекші және модальдық етістіктер, кейбір есімдіктер екпінсіз жағдайда айтылғанда олардың дауысты дыбыстары өзгеріске ұшырайды: Олар анық, дәл айтылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |