Г. Н. Амандыкова, Ш. Е. Мухтарова, Н. Б. Ешмуханова


Дауыссыз дыбыстардың классификациясы



бет47/83
Дата07.01.2022
өлшемі180,9 Kb.
#20133
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   83
Байланысты:
Бастауыш сыныптарда шет тiлiн оқыту.Амандыковаpdf

Дауыссыз дыбыстардың классификациясы. Ағылшын тілінің дауыссыз дыбыстары мынадай қағидалар бойынша топталады: 1. кедергінің қалыптасу әдісіне. 2. сөйлеу органдарының жұмысы мен кедергінің қалыптасу орнына 3. дауыс шымылдығы жұмысына байланысты. Дауыссыз дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа кедергіге ұшықайды, оларды айтқанда үн бәсең болады.

Ағылшын тілінде дауыссыз дыбыстар үн мен салдардың қатысына байланысты ұяң және қатаң дауыссыздар болып бөлінеді. Ұяң дауыссыздарды айтқан кезде үннен көрі салдыр басым болады. Ал қатаң дауыссыздар шудан салдырдан тұрады. Бұл дыбыстардан басқа айтқан кезде үн басым болатын дыбыстар да бар. Олар сонанттар (үнді) деп аталады.

I. Кедергінің қалыптасу әдісіне байланысты дауыссыздар 4 топқа бөлінеді. 1. айқасатын(occlusive) 2. қуыстық(constrictive) 3. аффрикаттар(affricates) 4. діріл дауыссыздар(rolled)

50


Айқасатын дыбыстарды айтқанда дауыс органдары бір – біріне толықтай тиеді және ауа жолында толық кедергі жасайды. Кедергі жойылған кезде ауа ағыны жарылыс жасайтын болса, ондай дауыссыздар жарылысты дауыссыздар деп аталады. Олар [k], [g], [p], [b].

Егер ауа ағыны мұрын қуысы арқылы өтсе, онда айтылатын дыбыстар мұрындық дауыссыздар деп аталады. Олар [m], [n], [η] дыбыстары. Қуыстық дауыссыздарды айтқанда дыбыстау мүшелері бір – біріне тимейді. Жай ғана жақындайды. Егер қуыс өте кең болмаса онда дыбыс ызыңмен шығады, бұндай дыбыстарды ызың дауыссыздар деп атайды. Олар мыналар: [f], [v], [h], [tg], [dз] қазақ тілінде [ж], [һ], [х], [ш] т.б.

Діріл дауыссыз [r] тілдің дірілдеген ұшымен айтылады. II. Дыбыстау мүшелерінің жұмысымен кедергінің орнына байланысты дауыссыз дыбыстар былай бөлінеді: 1. еріндік 2. тілдік. Еріндік дауыссыздар мынадай топтарға бөлінеді: 1) еріндік – еріндік 2) еріндік – тістік.

1. Еріндік – еріндік дыбыстарды айтқанда жоғары және төменгі ерінді бір – біріне тигізу арқылы кедергі жасалады. Бұл топқа ағылшын тілінде [p] ,[b], [m] ,[w] дыбыстары, ал қазақ тілінде [п] ,[м], [б] дыбыстары жатады.

2. Еріндік – тістік дауыссыздар. Бұларды айтқанда жоғары тістер мен төменгі еріннің жақындасу арқылы кедергі жасалады. Олар [f] [v] дыбыстары.

3. Тілдік дауыссыздар мынадай үш топқа бөлінеді: 1. Тіл алды 2. Тіл ортасы 3. Тіл арты арқылы айтылатын дауыссыздар.

Тіл алды дыбыстарын айтқанда, кедергі тілдің ұшы арқылы жасалады. Бұл дыбыстардың өздері а) дорсальды б) апикальды в) какуминальды болып бөлінеді.

Дорсальды дауыссызды айтқанда тілдің ұшы белсенді емес және түсіп тұрады, ал апикальды дауыссыздарды айтқанда тілдің ұшы өте белсенді. Олар [l] [n] [z] [Ө] дыбыстары және какуминалды дауыссыздарды айтқанда, тілдің ұшы артқа сәл қайырылады. Олар [p] [r] дыбыстары.

Альвеолаға тию арқылы айтылатын дауыссыздар альвеолдық дауыссыздар деп аталады. Олар [t] [d] [n] дыбыстары.

4. Тілдің ортасы арқылы айтылатын дыбыстар тілдің ортаңғы бөлігін қатты таңдайға көтергенде айтылады. Олар [j] [u] дыбыстары.

5. Тілдің артқы бөлігі арқылы айтылатын дыбыстар тілдің артқы бөлігін жұмсақ таңдайға көтеру арқылы жасалады. Сондықтан олар да тілдің артқы бөлігін жұмсақ таңдайға көтеру арқылы жасалады. Сондықтан олар таңдай арты (велярлық) дыбыстар деп аталады. Олар [k] [g] [η ] ал қазақ тілінде [k] [г] [х]

III Дауыс шымылдығының жұмысына байланысты дауыссыз дыбыстар ұяң және қатаң болып бөлінеді.

Ұяң дыбыссыздарды айтқан кезде, дауыс шымылдығы дірілдейді. Олар [r] [b] [η ]. Қатаң дауыссыздарды айтқан кезде, дауыс шымылдығы қозғалмайды, сондықтан үн де шықпайды. Олар: [p] [f] [ Ө] [n].

Ағылышын тілінде сөздің соңындағы қатаң дауыссыздар толық айтылады, ал ұяң дауыссыздар сөздің соңында әлсіз айтылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет