Сан есімді оқыту Сан есімдер мағыналарына қарай сөйлемде әр түрлі қызмет атқарады. 1-12 дейінгі есептік сан есімдер болып келеді. Басқа сан есімдер, яғни 13-19 дейінгі сан есімдер онға дейінгі сан есімдерге –teen жұрнағын жалғау арқылы (thirteen, fourteen etc.), ал ондықтарды атайтын сан есімдер –tу жұрнағы арқылы жасалады (twenty, thirty, etc.)
Сан есімдер зат есімнің алуан түрлі сан мөлшерлерін, шамасын білдіреді. Ағылшын тілінде сан есімдер реттік және есептік сан есімдер болып бөлінетінін түсіндірілуі керек. Аттары көрсетіп тұрғандай заттардың ретін (the first), ал есептік сан есімдер заттың санын білдіреді (one, two, three). Есептік сан есімдер зат есімдермен қатар келгенде артикль қойылады. Ал реттік сан есімдердің алдынан «the» артиклі қатар келеді.
Реттік сан есімдер алғашқы үш сан есімдерден the first, the second, the third басқалары, есептік сан есімге –th жұрнағын қосу арқылы жасалатындығы түсіндіріледі. Сан есімнің сөйлемдегі негізгі қызметі анықтауыш. Етістікті оқыту
Етістік зат есімнен кейінгі өз ішінде категорияға бай күрделі сөз табы болып саналады. Етістіктің мағынасын, морфологиялық көрсеткіштерін және синтаксистік ерекшеліктерін байқатуда, неізінен, әңгімелесу, сұрақ-жауап, салыстыру әдістерін етістіктің қимыл, амал-тәсіл, әрекет ұғымдарының атауы екендігі анықталып, олардың сұрағы айқындалады. Оқушылардың білім, жас ерекшелігіне, қабілет дәрежесіне сәйкес бірнеше сөйлемдер алып, оны көрнекілік түрде жазып, әңгімелесу, сұрақ-жауап әдісі бойынша түсіндіріледі.
Етістік-шақтық формаларының ана тілінен ерекшеленуіне байланысты игеруі қиындық келтіретін грамматикалық категория.
Етістіктің шақтарын оқыту. Етістіктің шақтарын оқытқан кезде оқушыларға ең алдымен ағылшын тілінің ең айрықша ерекшелігін, ағылшындар іс-қимылдың қалай жасалғандығына мән беретіндігі, сол себептен іс-қимылды 4 шақ және 4 түр (aspect) бейнелейтіні түсіндіріледі және ана тілінен алшақтықтың көп қиындық келтіретіні айтылуы керек. Мәселен, әрбір шақтық формаға үш грамматикалық категория тән. Олар: шақ (tense), түр (aspect) және перфект (perfect).
Tense
Perfect Aspect Non-perfect Perfect
Present Common takes Continuous is taking has taken
has been taking Past Common took Continuous was taking had taken
had been taking Future Common will take Continuous will be taking will have taken
will have been taking Future in the Past Common Continuous would take would be taking would have taken
would have been taking
Етіс категориясын оқыту. Іс-әрекет, қимыл мен істі орындаушылардың ара қатынасын білдіретін категория етіс деп аталады. Ағылшын тілі етістігіне екі етіс тән. Олар: the active voice (өздік, өзгелік етіс), the passive voice (ырықсыз етіс).
71
Ырықсыз етісті оқыту. Оқушыларға іс-әрекетті жүзеге асырушының жоқ екенін немесе оны атап көрсетуді қажет етпейтін іс-қимылды айтып жеткізу үшін ырықсыз етіс қолданылатыны түсіндіріледі. Ырықсыз етістің жасалу жолы: to be+Participle II. Мыс: Morning exercises are done every day. Our friends are helped.
Материал толық меңгерілгеннен кейін мұғалім оқушыларға жеке етістіктер беріп, олардан өздік етістіктер жасауына немесе өздеріне мысал ойлатып, түрлі шығармашылық жұмыстар жүргізуіне болады.
Достарыңызбен бөлісу: |