Г. Н. Амандыкова, Ш. Е. Мухтарова, Н. Б. Ешмуханова


Грамматикалық жаттығулардың түрлерi



бет77/83
Дата07.01.2022
өлшемі180,9 Kb.
#20133
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   83
Байланысты:
Бастауыш сыныптарда шет тiлiн оқыту.Амандыковаpdf

Грамматикалық жаттығулардың түрлерi

Грамматикалық жаттығулардың мынандай түрлерi бар: 1. Тану жаттығулары. Олар грамматикалық құрылымдар арқылы ауызша берiледi. Мысалы: Сөйлемдi таңдап, егер Past Indefinite-те тұрған етiстiктер болса, қолдарыңызды көтерiңiз деп тапсырма берiледi.

Mike lives in Pushkin Street. I lived there last year. Ann comes home at half past two. She came home at 4 o’clock yesterday.

Оқушылар мұғалiмдi тыңдап, етiстiктi таныса қолдарын көтередi. Мұғалiм әрбiр оқушының түсiнгенiн тексере алады. Мысалы: Сөйлемдi оқыңыз. 1) iс-қимыл аяқталмаған. E.g. She was reading the book. 2) iс-қимыл аяқталған. E.g. She had read the book.

1. Mother was cooking dinner

Mother had cooked dinner when I came. 2. Mary was sending letters

Mary had sent letters when I saw her in the Post Office. 3. It was raining

It had rained when they left home. Сөйлемдi оқып, етiстiктiң дұрыс формасын таңдаңыз.

1. I (go, went) to the library last Monday. 2. Tom (takes, took) a bus when he goes to school. 3. The children (say, said) good – bye to the teacher and run away. Оқушылар сөйлемдi оқып шығып етiстiктiң осы сөйлемге байланысты берiлген дұрыс түрiн таңдауы керек.

1) Үйрету жаттығулары қиынырақ, ол оқушылардың сабаққа қатысып, сөйлеуiн талап етедi. Шетел тiлiн үйретуде үйрету жаттығулары мiндеттi. Тек қана тыңдау және көру арқылы жаңа тақырыпты меңгеру мүмкiн емес. Олар үйренгендерiн дауыстап және iштей сөйлеп үйренулерi керек. Көбiрек айтып, сөйлеген сайын тақырыпты жақсы меңгередi. Үйрету жаттығулары мынандай болып бөлiнедi:

74

а) Қайталау жаттығулары. Оқушылар сөйлеу үлгiсiн елiктей отырып мұғалiмнiң соңынан жекелеген және хормен қайталайды: T-Cl-P 1,2,3. they are dancing in the park немесе оқушылар диалогты тыңдап қайталайды.



- Is Ann dancing now? - No, she isn’t. - What is she doing? - She is watching television. Мысалы:

Kate is helping her mother. Your sister is doing her homework This girl is working on the farm. Сөйлеу үлгiсiнiң, дыбыстардың, екпiннiң, әуеннiң дұрыс айтылуына назар аудару керек.

б) Сәйкестендiру. Оқушылар сөздердi сәйкестендiрiп қоя бiлу керек. Мысалы: The children are dancing in the park (in the garden, in the street, in the yard, in the hall, after classes, at the party). Бiр оқушы сөздердi сәйкестендiрiп қояды, қалғандары қайталап оқиды. Сонан соң сөйлемдегi dancing сөзiн басқа сөздермен алмастырып қойып, үйренедi.

Мысалы: They are dancing (singing, working, walking, playing, running, talking, watering the flowers, planting trees, helping the workers) in the park.

Белгiлi бiр етiстiктi қолдану суреттермен, сөздермен берiледi де аз жұмыс жасалып көп нәтижеге қол жеткiзiледi және бұл жұмыс көп уақыт алмайды. Бұл жаттығудың тағы бiр артықшылығы оқушы бұл жаттығуды грамматикалық құбылыс деп қарамайды, формаға назар аудармайды. Ол тек сөздермен жұмыс iстейдi.

в) Қорытындылау (Аяқтау) Оқушылар мұғалiм көрсеткен суреттердi қарай отырып, сөйлемдердi аяқтауы керек. Мысалы:

T: Look at the picture. Mike is ... P1: Mike is getting up Cl: Mike is getting up. T: Mike is ... P2: Mike is dressing Cl: Mike is dressing. Бұл жаттығуларда” is” етiстiгiнiң қолданылуына назар аудару керек. Мұғалiм «Mike is ...» деп айтуы керек, бұл оқушының “is” етiстiгiн тастап кету қателiктерiн болдырмайды.

г) Мұғалiмнiң сұрақтарына жауап беру жаттығулары. Мысалы: T: Is Mike getting up?

P1: Yes, he is. T: Who is getting up? P2: Mike is. T: What is Mike doing? P3: He is getting up. Үйрету жаттығулары: ауызша не жазбаша. Ауызшасы – сыныпта, жазбашасы – үйде iстеледi. Мысалы: оқушыларға берiлген үлгi бойынша 5-7 сөйлемдi жазып келу берiледi.

Келесi сабақта үй тапсырмасы ауызша тексерiледi. Оқушылар өздерiнiң тапсырмаларын оқи отырып, тыңдай отырып үйренедi.

3) Шығармашылық жаттығулар – бұл жаттығудың көп еңбектi талап ететін қиын түрi. Мынадай түрлерi бар:

а) мұғалiм көрсеткен сурет, зат бойынша әңгiме құрастыру. Мұғалiм суреттi көрсетiп Present Continious түрінде 3-5 болымды сөйлем құрастыруға тапсырма бередi.

75

б) грамматикалық тақырып бойынша берiлген сұрақтарға оқушылар Past Indefinite шағында жауап бередi.



с) мұғалiм берген оқиға бойынша оқушылар әңгiме құрастырады. Мысалы: бiр оқушы басқа оқушыға қимыл iстеуге бұйрық бередi, ол оқушы қимылды iстейдi, ал екiншiсi қимылды суреттейдi.

P1 Go to the door, Sasha. P2 Sasha is going to the door. P3 Open the door. P4Sasha is opening the door. Бұл ретте Present Perfect және Past Indefinite шақтарында қолдануға болады. He has opened the door. We opened the door a minute ago. d) Тақырып бойынша әңгiме (topic). Оқушы сыныпқа келіп не iстегенiн айтып бередi. e) Грамматикалық тақырыптарды пайдаланып диалог құрастыру. Мысалы: P1: I have read an interesting book. P2: What is it about? P1: Indians. P2: Will you give it to me to read? P1: Why not. f) оқылған мәтiндi ойнау. g) қайталап айтып беру h) ағылшын тiлiне аудару J) еркiн сөйлеуге қатысу Мысалы: “It” есiмдiгi бар сөздiк құрылымдар берiлген. (It is cold). Мұғалiм бұл құрылымды мынaдай сұрақтар арқылы бекiте алады.

T: What is the weather like today? Is it cold today? Осы сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар сөйлеудi үйренедi. 4) Грамматикалық мәтiндер: жаңа грамматикалық тақырыпты түсiндiру грамматикалық мәтiндер арқылы да берiледi.

1. тыңдап, түсiнуге арналған мәтiндер 2. сөйлеуге арналған мәтiндер 3. оқуға арналған мәтiндер 4. бақылау – тест мәтiндерi Бақылау тест мәтiндерi оқушылардың грамматикалық бiлiмiн тексеруге мүмкiндiк бередi. Оған көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қою, жақшаны ашу, өзгерту, кеңейту т.б. тапсырмалар жатады. Сұрақтар:

1. Нелiктен шет тiлiне үйрету грамматикасыз мүмкiн емес? 2. Грамматиканы үйретудiң қандай әдiстерiн бiлесiң? 3. Грамматикалық жаттығулардың түрiн бiлесiң бе? Тапсырмалар:

1. Оқушыларға арналған оқулық пен мұғалiмге арналған оқулықпен танысып шығып,

грамматиканы үйрету қандай принцип арқылы берiлгенiн анықта. 2. Оқулықтың бiр грамматикалық тақырыбына сабақ жоспарын құрастыр. 3. 10 сұрақтан тұратын грамматикалық мини–тест құрастыр.

76




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет