Гаж географиялық ақпараттық жүйе (гаж), кеңістік базасының құрастырушысы және әр келкі мәліметтер мен ақпараттарды біріктірудің негізі ретінде аумақтық басқармалардағы шешімдерді қабылдаудың басты элементі болып саналады
ГАЖ туралы жалпы түсінік
Географиялық ақпараттық жүйе немесе геоақпараттық жүйе (ГАЖ) – бұл кеңістіктік және олармен байланысты кеңістіктік емес мәліметтерді жинау, сақтау,өңдеу,талдау мен кескіндеуді және олардың негізіндегі географиялық кеңістік жайлы ақпарат пен білімді қамтитын ақпараттық жүйе. ГАЖ Географиялық ақпараттық жүйе (ГАЖ), кеңістік базасының құрастырушысы және әр келкі мәліметтер мен ақпараттарды біріктірудің негізі ретінде аумақтық басқармалардағы шешімдерді қабылдаудың басты элементі болып саналады. Әлемдік тәжірибе табиғи ресурстарды, инфрақұрылымдарды, қоршаған ортаның ахуалын, жалпы аумақты тиімді басқару ГАЖ-дың ықпалына қатысты екенін көрсетіп отыр. ГАЖ өз бағытын дамыта отырып, ақпараттық технологиялармен шешілетін көптұрғыдағы мәселелерді шешуде қолданылуда.
ГАЖ мүмкіншіліктері ГАЖ кеңістіктік сұраныстар жасап,оның анализін талдап шығарады. ГАЖ-дың мәліметтер базасында іздеулер салып, кеңістіктік сұраныстар жасауы көптеген шығындардың мөлшерн азайтады.
Геоақпараттық жүйе-бұл шешімдерді шығаратын арнайыы құрал емес, оны қабылдауды жылдамдататын , тиімділігін арттыратын жүйе.Ол әр түрлі кретирийлер бойынша жоспарлау органдарының сұраныстары, территориялық мәселелер шешу, нысандарды оптимальды түрде орналастыру бойынша сұраныстарға жауап береді. ГАЖ-да карталарға ерекше мән берген ГАЖ-да карталар жасау бқрыннан келе жатқан дәстүрлі қолдық немесе автоматтық картографиялаудан гөрі қарапайым келеді.Ол мәліметтер базасын құрудан басталады. Бастапқы мәліметтер көзі ретінде кәдімгі қағаз карталардың оцифровкасын қолдануға болады.
ГАЖ-да жасалатын карталар үздіксіз болуы және белгілі бір масштабпен байланыстырылмауы мүмкін. Мұндай мәліметтер базасы негізінде кез келген территориядағы , масштабтағы керекті символды белгілеу арқылы, тағы басқа карталарды жасап шығаруға болады.
Бұл технология негізгі үш рөлді атқарады - геоақпараттық қосымшалар үшін қолданбалы технологиялық тұғыр ретінде, геокеңістіктік мәліметтерді ақпараттық жүйеде басқару және кеңістіктік мәліметтер базасындаға әр түрлі ақпараттарды біріктіру ортасы ГАЖ-дың технологиялық ортасы басқару шешімдеріне ықпал ете отырып, жан-жақтан тоғысқан талдауларға қолдау көрсетеді.