Карбон қышқылдары — құрамында функционалдық, топ COOH (карбоксил) бар көмірсутектердің туындылары.
Кейбір көп тараған карбон қышқылдарының атаулары: HCOOH — метан қышқылы — құмырсқа қышқылы
СH3COOH — этан қышқылы — сірке қышқылы
С2H5COOH — пропан қышқылы — пропион қышқылы
С3H7COOH — бутан қышқылы — май қышқылы
С4H9COOH — пентан қышқылы — валериан қышқылы
C6H5COOH — бензолкарбон қышқылы — бензой қышқылы
СOOH—COOH — диэтан қышқылы — қымыздық қышқылы
Физикалық қасиеттері Төмен карбон қышқылдары — өткір иісі бар түссіз сұйықтықтар. Молярлық массалары өскен сайын қайнау температуралары өседі. Төмендегі өнімдер құрамында болады:
HCOOH — құмырсқа нәжістері, қалақай
СH3COOH — ашыған өнімдер
Физикалық қасиеттері. Қаныққан карбон қышқылының алғашқы үш мүшесі: құмырсқа, сірке және пропион қышқылдары өткір иісті, сұйық заттар, суда ерімейді. Май қышқылының жағымсыз иісі бар, суда нашар ериді, жоғарғы карбон қышқылдары С10-нан бастап қатты заттар. Гомологтық қатарда молекулалық массаларының өсуіне қарай суда ерігіштігі кемиді, қайнау температуралары өседі. Құрамында бірдей көміртек атомдары бар спирттер мен карбон кышқылдарының қайнау температураларын салыстырайық. Спирттерге қарағанда сәйкес карбон қышқылдарының қайнау температуралары едәуір жоғары. Олардың қайнау температураларының жоғары болу себебі, екі карбон қышқылы арасында молекулааралық сутектік байланыс түзіліп, димерленеді. Карбон қышқылы молекулалары арасында біреуінің оттек атомы мен екіншісінің гидроксил тобындағы сутек атомының арасында екі сутектік байланыс түзіледі.
Карбон қышқылы
Сірке қышқылының химиялық қасиеттері бейорганикалық қышқылдардың қасиеттеріне ұқсас.
Сірке қышқылының молекуласы сулы ерітіндідедиссоцияланады:СН3СООН→→СН3СОО-+Н+
Сірке қышқылы әлсіз қышқылдарға жататындықтан, көк лакмусты ақшыл қызғылт түске боялады.Сірке қышқылының қышқылдық сипаты карбоксил тобының (-СООН) құрамындағы сутек атомына байланысты болады.
Сірке қышқылы белсенді металдармен әрекеттескенде, карбоксил тобы құрамындағы сутек атомы бөлініп шығады. Мысалы, сірке қышқылының магниймен реакциясы нәтижесінде сірке қышқылдымагний тұзы түзіледі:
2СН3 СООН+Мg→(CH3COO)2Mg + H2↑
Сірке қышқылының тұздары ацетаттар деп аталады. Срке қышқылының қалдығы - ацетат анионының СН3СОО-жалпы валенттігі бірге тең.