Гастроэнтерология 1 уровень


* +тәжді артериялардың атероматозы *ашофф-Талалаев гранулемалары #35 *!Стенокардияға тән ЭКГ өзгерістері



бет31/55
Дата17.07.2022
өлшемі2,54 Mb.
#37710
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   55
Байланысты:
2000 тест

* +тәжді артериялардың атероматозы
*ашофф-Талалаев гранулемалары

#35
*!Стенокардияға тән ЭКГ өзгерістері:


*+ ST сегментінің төмен ығысуы
* RI бірдей SIII
*терең-SI, RIII
*терең Q
*Р- Q ұзаруы

#36

*!Күштемелі стенокардиядағы ауру сезімінің ұзақтығы:
*40 минут
*30 минуты
*60 минут
* +10 минут
*50 минут

#37
*!Жүректің ишемиялық ауруының сенімді қауіп факторы болып табылады:


* +артериалық гипертензия
*өт тас ауруы
*гастроэзофагальды рефлюкс
*темір тапшылықты анемия
*жедел гломерулонефрит

#38
*!Қайсы патология өткізгіштік бұзылысына БАРЫНША ЖАТАДЫ?


*ырғақ миграциясы
* + синоатриальды бөгеме
*жүрекшелер фибрилляциясы
*қарыншалар фибрилляциясы
*қарыншалық экстрасистолиясы

#39

*!Келтірілген критерилердің қайсысы аритмилар дамуының негізгі электрофизиологиялық механизміне БАРЫНША жатады?
* САЖ белсенділеуі
*электролитті бұзылыстар
*гипоксия және миокард ишемиясы
* +импульс түзілуінің бұзылуы
*механикалық миокард талшықтарының созылуы

#40

*!Келтірілген критерилердің қайсысы аритмияны БАРЫНША ЖОҚҚА ШЫҒАРАДЫ?
*ентігу
*естен тану
*бас айналу
* +қанжар сұққандай ауру сезімі
*кенет әлсіздік
#41

*!Қайсы патология өткізгіштік бұзылысына БАРЫНША ЖАТАДЫ?


* ырғақ миграциясы
* +атриовентрикулярлы бөгеме
* жүрекшелер фибрилляциясы
* қарыншалар фибрилляциясы
*қарыншалық экстрасистолиясы
2 уровень

#42
*!43 – жастағы ер адам, сол қолға, жауырын астына берілетін төс артындағы ауыру сезімімен ауруханаға түсті. Қарағанда: жүрек үндері бәсеңдеген, аздап тахикардия. АҚҚ – 110/70 мм с.б.б. ЭКГ- шықпаларында ST сегментінің элевациясы.


Төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысын жүргізген барынша тиімді:

*ӨАЭС (ЧПЭС)


*+ коронарографияны
*вентрикулографияны
*миокардтың сцинтиграфиясын
*позитронды-эмиссионды томографияны

#43
*!27 – жастағы ер адам, кардиология бөлімшесіне жүрек соғу ұстамасы, кеуде тұсындағы қысып ауыру сезімі және естен тануға шағымданып түсті. Объективті: дене бітімі астениялық типті. Жүрек үндері әлсіз тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖЖЖ – 88 рет мин. АҚ – 90/60 мм с.б.б. Тропонин Т өзгермеген.


Қандай зерттеуді бірінші кезекте жүргізген БАРЫНША мәліметті:

*эхокардиографияны


*вентрикулографияны
*коронароангиографияны
*электроэнцефалографияны
* +ЭКГ тәуліктік мониторлауды

#44
*!30 жастағы созылмалы ревматикалық ауруымен ауыратын әйелде: ортопноэ, акроцианоз; төменгі бүйір аймақтағы дыбыссыз ылғалды сырылдар; жүрек ұшында қолтық астына берілетін - дөрекі пансистолалық шуыл, тахиаритмия, бауырдың ұлғаюы, аяқтың ісінуі анықталған.


Қандай топтың дәрілерін бірінші кезекте тағайындаған барынша тиімді?

*+ диуретиктерді


*кортикостероидтарды
*β-адреноблокаторларды
*кальций антагонистерін
*антиаритмиялық препараттарды

#45
*!58 - жастағы әйел артериальды гипертензия, қантты диабет, семіздікпен ауырады.


Емдеу жоспарына қандай емді қосу БАРЫНША тиімді?

*нифедипин


* +фозиноприл
*верапамил
*гипотиазид
*фуросемид

#46
*!Жиі ішімдік ішетін 39 - жастағы ер адам, физикалық күштемеге байланыссыз жүрек аймағының басып ауыруына, ентігуге, жүрек ырғағының бұзылуына шағымданады. Тексергенде: тері жабындысы бозарған, Дюпиитреннің контрактурасы. Жүрек шекарасы бұғананың ортаңғы сызығына дейін ұлғайған. Жүрек үндері бәсеңдеген, жыбыр аритмиясы. АҚ 100/60 мм с.б.б. Бауыр 4 см ұлғайған, балтырлары ісінген. ЭКГ- жүрекшелер жыпылығы, қарыншалардың жиырылу жиілігі мин. 125-140 рет QT интервалы ұзарған. шықпаларында Т-тісшесі теріс.


Бұл науқастың емдеу жағдайының міндетті түріне барынша кіреді:
*витаминотерапия
*+ толық абстиненция
*диурездік терапия
*метаболизмдік терапия
*антиаритмиялық терапия

#47
*!45 – жастағы ер адам қалтырау, фебрильді қызба, жөтел, қан түкіру, буындары мен бел аймағындағы ауыру сезіміне шағымданады. Анамнезінде шиқан жиі мазалайды. Қарап тексергенде: тері жабындыларының түсі «сүт қосқан кофе» тәрізді, аяғында – таңбалы бөртпелер, саусақтары «дабыл таяқшасы» және «сағат әйнегі» тәрізді. Тексерген кезде: эритроциттер - , Нв – 92 г/л, лейкоциттер – 22 мың, ЭТЖ – 46 мм/сағ, диспротеинемия, протеинурия. Рентгенограммада – оң жақ өкпесінде «сына тәрізді» көлеңке.


Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдістерін тағайындау барынша тиімді?

*бронхоскопияны


*сцинтиграфияны
* +эхокардиографияны
*буындардың рентгенографиясын
*өкпенің компьютерлік томографиясын

#48
*!45 жастағы ер адамды бір ай ішінде 250-300 м жүргенде пайда болатын төс артындағы ауыру сезімі мазалайды, ауыру изокет – спреймен, кейде спонтанды түрде тыныштық жағдайда басылады.


Төменде келтірілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

*күштемелі стенокардия ФК I


*күштемелі стенокардия ФК II
*күштемелі стенокардия ФК III
*күштемелі стенокардия ФК IV
* +алғаш пайда болған стенокардия

#49
*!Трансмуральді алдыңғы-жайылмалы миокард инфарктісі бар 45 жастағы ер адамда төстің сол жағында IV қабырғааралықта патологиялық пульсация, тұйықталған жүрек үндері, 1 нүктедегі систолалық шуыл анықталады. ЖСЖ - 90 в мин.; АҚ 110/70 мм с.б.б. 18 тәуллікте ЭКГ-да


шықпаларда QS тісшесі және SТ интервалының жоғарылауы тіркелді.
Қандай зерттеу әдісі дамыған асқынудың диагностикасын нақтылауға көмектеседі?

*ЭКГ
*ӨІЭС


* +ЭхоКГ
*коронароангиография
*кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы

#50
*!Миокард инфарктын басынан өткерген 64 жастағы ер адамды соңғы 2 айда аздаған физикалық күштемеден кейін пайда болатын жүрек ырғағының бұзылысы, төс артындағы ауыру сезімі мазалайды, ентігу күшейіп, кешке жақын аяқтарында ісік пайда болады. АҚ - 140/90 мм с.б.б., ЭКГ-да: I, aVL, , шықпаларында QS, ST – изолинияда, қарыншаүстілік экстрасистолалар.


Төмендегінің қайсысын емдеу жоспарына енгізу БАРЫНША тиімді:

*нитраттарды


*антиагреганттарды
*+ бета-блокаторларды
*ААФ ингибиторларын
*кальций антагонистерін

#51
*!Өкпелік гипертензиясы бар 39 жасар ер адам, жөтелге, күштемеден кейінгі бас айналуға, кейде талуға шағымданады. Қарап тексергенде акроцианоз, кеуде қуысы «бөшке тәрізді», төртінші нүктеде пансистолалық шуыл, өкпе артериясын үстінде II үннің акценті.


Науқаста қандай патологиялық жағдай дамыды?:

*қосарланған митралдық ақау


*миокардит, дилатациялық синдроммен
*миокардиодистрофия
* +созылмалы өкпетекті жүрек
*дилатациялық кардиомиопатия

#52
*!19 жастағы ер бала, ентігу, қатты бас ауыруы, көз алдында «шіркейлердің» көрінуі, аяқтарының ұюы мен тез шаршағыштыққа шағымданады. Объективті: кәрі жілік артериясында пульс күшейген, ал сан артериясында әлсіз кернеуі төмен,. Қолында АҚҚ 170/90 мм с.б.б., аяқтарында 100/70 мм с.б.б. Боткин-Эрба нүктесінде және жүрек ұшында паравертебральды аймаққа берілтін әлсіз систолалық шуыл.


Диагнозды анықтауға берілген зерттеу әдістерінің қайсысы БАРЫНША ақпаратты?

*+ кеуде қуысының рентгенографиясы


*бас сүйегінің рентгенографиясы
*электрокардиограмма
*магнитті резонанс
*фонокардиография

#53
*!62 жастағы әйел кенеттен эпигастрий аймағында ауыру сезімін және бір реттік құсумен қосарланған жүрек айнуды сезді. Қарау кезінде: жағдайы ауыр, тері жабындысы бозғылт, жабысқақ мұздай терлеген. Жүрек үні едәуір тұйықталған, ЖСЖ 118 рет мин. АҚ 80/40 мм с.б. Эпигастральді аймақта іші қатыңқы. ЭКГ: , – монофазалық қисық түрінде.


Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?

*Асқынбаған артқы-диафрагмальді Q-миокард инфаркті


*Алдынғы-перделі Q-миокард инфаркті. Рефлекторлы гипотензия.
*Артқы-диафрагмальді Q-миокард инфаркті. Гиповолемиялық шок.
* +Артқы-диафрагмальді Q-миокард инфаркті. Кардиогеннді шок.
*Артқы-бүйірлі Q-миокард инфаркті. Кардиогенді шок.

#54
*!75 -жастағы әйел бір сағат бұрын пайда болған төс артындағы басып ауыратын ауыру сезіміне шағымданады. ЭКГде – депрессиясы. Ауруханаға түскенде жедел коронарлық синдром қойылған.


Науқасқа БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ қандай зерттеу тағайындау көрсетілген?

*Сцинтиграфияны


*Велоэргометрияны
*Эхокардиографияны
*+ Коронароангиографияны
*ЭКГ холтерлік мониторлауды

#55
*!57 жастағы ұста, жүрек тұсындағы басып ауыратын ауыру сезіміне, физикалық күштемедегі ентігу, басының шулауына, бас ауыруына шағымданады. Анамнезінен; асқазанның ойық жара ауруымен ауырады; шашының ерте ағарғанын байқаған, шылым тартады. Қарап тексергенде: толық, Франк, Габриэл симптомы анықталады. Қанда холестерин деңгейі 6,8 ммоль/л, ТТЛП холестерин деңгейі 3,6 ммоль/л.


Бұл жағдай көрсетілген аурулардың қайсысымен БАРЫНША мүмкін байланысты?

* +Жүрек қан тамырларының, бас миының атеросклерозы


*Омыртқаның кеуде бөлігінің остеохондрозы
*Созылмалы холециститтің өршуі
*Асқазанның ойық жара ауруы
*Қабырға аралық невралгия

#56
*!40 жастағы ер адам түнгі уақытта, таң атарда ерте пайда болатын төс артындағы айқын басып ауыру сезіміне шағымданады. Күндіз үлкен физикалық күштемелерді жақсы көтереді. Коронароангиографияда айқын атеросклероздық өзгерістер анықталмады, эргометринмен сынама оң.


Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?

*ЖИА. Күштемелік стенокардия II ФК


*ЖИА. Күштемелік стенокардия III ФК
*ЖИА. Күштемелік стенокардия IV ФК
*ЖИА. Үдемелі стенокардия
*+ ЖИА. Вазоспастикалық стенокардия

#57
*!Туа пайда болған жүрек ақауы бар 26 жастағы ер адам инвазивті шарадан кейін 1 айдан соң пайда болған қызбаға, өте күшті қалтырауға құйылған терге шағымданады. Қарап тексергенде: конъюнктиваның өту қатпарында петехиялар, тырнақ астында сызықты геморрагиялар. Қанда анемия, солға ығысқан лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы.


Осы ауруды емдеуге қолданылатын негізгі дәрілер тобы болып табылады:


*Метаболиктер
* +Антибиотиктер
*Антиоксиданты
*Глюкокортикостероидтар
*Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар

#58
*!72 жасар ер адам нитраттар көмектеспейтін төс артындағы қатты басып ауыратын ауыру сезіміне шағымданады. Қарағанда: жүрек тондары тұйықталған, тахикардия, гипотония. ЭКГ да солжақ қарыншаның артқы бүйір қабырғасы зақымданған.


Осы жағдайды нақтылауға көрсетілген зертханалық көрсеткіштердің қайсысы
БАРЫНША ақпаратты?

*Жүректік натрийуретикалық пептидті


*С-реактивті белокты
*Трансаминазаны
*Гомоцистеинді
*+ Тропонин I ді

#59
*!57 жастағы ер адамда алдынғы жайылған миокард инфаркт белгілері, ЭКГда үш апта бойы сақталған ST сегментінің жоғарылауы және парадоксальді прекардиальді пульсация анықталды.


БАРЫНША мүмкін асқынуды атаңыз?

*Тромбоэндокардит


*Инфарктан кейінгі синдромы
*Миокард инфарктің рецидиві
* +Сол қарыншаның аневризмасы
*Қарынша аралық перденің жыртылуы

#60
*!16 жастағы жігіт мезгіл – мезгіл пайда болатын ұстамалы жүрек қағу мен синкопальды жағдайға шағымданады. Тыныштықта ЭКГ өзгеріс жоқ. Бас миының компьютерлік томографиясы патологиясыз. Эхокардиография қалыпты.


Синкопені нақтылауға көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысын жүргізген БАРЫНША ақпаратты?
*Вентрикулография
*Өңеш арқылы эхокардиография
* +ЭКГ Холтерлік мониторлау
*Жүректің өңеш арқылы электростимуляция
*Жүрек ішілік электрофизиологиялық зерттеу

#61
*!49 жастағы ер адам алдынғы-жайылған Q тісшесіз миокард инфарктысымен емделген. Үшінші аптада қызба, артралгия, перикард пен плевраның үйкеліс шуы пайда болды.


Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?

*Инфекциялық эндокардит


*+ Дресслер синдромы
*Перикардит
*Плеврит
*Сепсис

#62
*!25 жастағы әйел бас айналуға, қысқа уақытты ұстамалы талмаларға шағымданады. Об-ті: төстің оң жағы мен жүрек негізі аймағында, систола ортасында максимальді естілетін және мойын тамырларына берілетін, дөрекі систолалық шу анықталады. ЭКГ: сол қарыншаның гипертрофиясы. Рентгенологияда: жүрек конфигурациясы "жүзген үйрек" тәрізді.


Көрсетілген жүрек ақауларының қайсысы БАРЫНША мүмкін?

*Солжақ атриовентрикулярлы саңлаудың тарылуы


*Трикуспидальді қақпақшаның жетімсіздігі
*Митральді қақпақшаның жетімсіздігі
*Өкпе артериясы саңылауының тарылуы
* +Аорта саңылауның тарылуы

#63
*!Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар (ФКІ СЖЖ) науқасқа ангиотензин айналдырушы ферменттің ингибиторын (ААФИ) тағайындау шешілді. ААФ ингибитоларын тағайындауға қандай қарсы көрсеткіштер бар?


*+ Айқын қолқалық стеноз


*Артериялық гипертензиясы бар науқастарда айқын гиперлипидемия
*Артериялық гипертензияның бронхообстукциямен қосарлануы
*Диабеттік нефропатия кезіндегі артериялық гипертензия
*Артериялық гипертензияның шеткері артериялардың облитерлеуші ауруларымен қосарлануы

#64
*!58 жастағы ер адам бір жыл бұрын миокард инфарктысын басынан кешті. Соңғы айда ентігу бұрынғыдан аз физикалық күш түскенде пайда бола бастады, стенокардия ұстамалары жоқ. Шеткері ісіктер жоқ. Тыныштықтағы ТАЖ минутына 18 рет, өкпесінде тынысы везикулярлы. Жүрек тондары әлсіреген, ырғағы дұрыс, ЖСЖ минутына 79, бауыры ұлғаймаған. 6 минуттық жүру тесті және ЭХОКС жүргізілді. NYHA бойынша ФК ІІ СЖЖ анықталды. Диуретиктермен емдеу тактикасы жайлы қандай тұжырым дұрыс?


*+ Диуретиктер көрсетілмеген


*Ілмектік диуретиктер
*Тиазидті диуретиктер және альдостерон антагонисттері кешені
*Ілмектік диуретиктер және альдостерон антагонисттері кешені
*Ілмектік, тиазидтік диуретиктер жєне альдостерон антагонисттері кешені

#65
*!Әйел адам 60 жаста, диагнозы ЖИА, мезгілі белгісіз басынан кешкен миокард инфарктысы. СЖЖ III. ЭКГ: Р тісшесі жоќ, f толқындар, R-R арақашықтығы әр түрлі. ЭхоКГ–да шығарыс фракциясы 35%. Қандағы креатинин деңгейі қалыпты. Осы науқаста жүрек гликозидтерімен (дигоксин) емдеу тактикасы жайлы тұжырымдардың қайсысы дұрыс?


*СЖЖ және синусты ырғақпен науқастарда емдеу жетістіктің предикторына шығарыс фракциясының < 60% болуы жатады


*Дигоксинді тәулігіне 0,325 мг астам дозасында қолданған дұрыс
*Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде дигоксин дозасын реттеп қажеті жоқ
*Әйелдерде дигиталисті интоксикация сирек дамиды
* +Жыбырлы аритмия кезінде дигоксин тыныштықтағы ЖСЖ-н азайтады

#66
*!Қыз 19 жаста. Бұрын кезеңді түрде басының ауыратынын байқаған. Сирек ЖРВИ болған. Қарағанда: гипостениялық дене қалпы, ісіктер жоқ. Жүрек тондары қалыпты, ырғағы дұрыс, ЖСЖ минутына 80 рет, АҚ 170/120 мм с. б. Басқа мүшелері жағынан патологиялық өзгерістер анықталынған жоқ. Жалпы қан және зәр анализдері, биохимиялық көрсеткіштері қалыпты деңгейде. ЭКГ-да, ЭХОКГ-те сол қарыншаның гипертрофиясы белгілері. Изотопты рентгенографияда оң бүйректің васкулярлы сегменті өзгерген. Гипотензиялы препараттармен үш кешенді терапия нәтижесіз. Артериялық гипертензияның ең мүмкін болатын себебі қандай?


*Созылмалы пиелонефрит


*Созылмалы интерстициалды нефрит
* +Бүйрек артериясының тарылуы
*Бүйрек туберкулезі
*Біріншілік альдостеронизм

#67
*!Әйел 62 жаста. Дәрігерге басының ауыруына, бас айналуға шағымданып келді. Анамнезінде – стенокардия ұстамалары, кезеңді түрде нитраттар, аспирин қабылдайды. 8 жылдан бері бронхты демікпемен ауырады, тұншығу ұстамаларын симпатомиметиктер ингаляциясымен басады. Қарағанды: тері жамылғысы бозғылт, мойын тамырларының пульсациясы. Сол жақ жүрек шекарасы ұлғайған, жүрек резистентті, солға және төменге ығысқан. Аускультацияда: ІІ қабырға аралықта оң жақта жұмсақ протодиастолалық шу, ЖСЖ минутына 82, АҚ 185/60 мм с. б. Артериялық гипертензияның мүмкін болатын себебі қандай?


*Эссенциалды артериялық гипертензия


*Дәрімен индуцирленген артериялық гипертензия
*Натрийдің біріншілік бүйректік ретенциясы
*+ Атеросклерозды генезді қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігі
*«Ақ халат» гипертензиясы

#68
*!Ер адам 45 жаста. 10 жыл бойы алкоголді шамадан тыс көп қолданады. Дәрігерлерге қаралмаған. Кенеттен жағдайы нашарлаған. Тыныштықтағы ентігу пайда болған, «жедел жәрдем» машинасын шақырған. Дәрігер басталып келе жатқан өкпе ісінуін анықтады. ЭКГ түсірілді:



Жедел сол жақ қарыншалық жеткіліксіздіктің дамуына әкелген себеп қайсысы?


*Жедел миокард инфарктысы
*+ Пароксизмалды жүрекшелер дірілі
*Жүрекшелер фибрилляциясының тұрақты түрі
*Жылдамдаған шықпалы ырғақ (выскальзывающий ритм)
*Пароксизмалды қарыншалық тахикардия

#69
*!18 жастағы жас жігіт. Колледжде медициналық қарау кезінде тыныс алғанда өзгермейтін төс сүйектің сол жағында ІІІ қабырға аралықта систолалық шу, өкпе артериясының үстінде ІІ тонның қосарлануы анықталды. Шағымы жоқ. Анамнезінде тек суық тию болған. Диагнозды қоюда қандай зерттеу әдісі ақпаратты болар еді?




*ЭКГ
*+ ЭХОКГ
*ФКГ
*Кеуде қуысының мүшелерінің рентгенографиясы
*Аортография


#70
*!Жүкті әйел әйелдер кенесінде дәрігерге терапевтке жүрек тұсында шалыс соғу (перебои) сезіміне шағымданды. Бұрын ештеңемен ауырмаған. ЭКГ түсірілді:



Науқасты жүргізу тактикасы қандай?


*Науқасты динамикада бақылау
*Шұғыл түрде жүктілікті үзу
*Бұл патология әрі қарай бақылауды қажет етпейді
* +Холтерлік мониторлау және ЭХОКГ жасауды ұсыну
*Шұғыл түрде госпитализациялау және интенсивті антиаритмиялық терапия жүргізу

#71
*!ЭКГ-да тіркемелерінде R тісшесінің үлкеюі, ST сегментінің депрессиясы анықталды. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?


*Алдыңғы перде аймағының миокард инфарктысы


*Төменгі көк еттік миокард инфарктысы
* +Артқы базалды миокард инфарктысы
*Жүрек ұшылық миокард инфарктысы
*Оң қарыншаның миокард инфарктысы

#72
*!Ер адам 43 жаста, стенокардияға байланысты күн сайын изосорбид динитрат қабылдауға мәжбүр, бірақ препаратқа тұрақтылық дамыды. Анамнезінде обструкциялы бронхит. Пациентті оптимальды жүргізу тактикасы қандай?


*Нитраттарды емнен алып тастау


*+ Изосорбид динитратты изосорбид – 5 – мононитратқа алмастыру
*Нитрат дозасын жоғарлату
*Қосымша β-блокаторлар тағайындау
*Нитраттарды қабылдауда 8 сағаттық үзілісті қамтамасыз ету

#73
*!Күш түсу стенокардиясы бар науқаста ЭКГ-да Гисс шоғырының сол жақ аяқшасының блокадасы анықталды. Коронарография жүргізгенде патологиялық үрдістің орналасқан жері анықталмады. Тәждік тамырлардың зақымдалу орнын көрсететін ақпаратты зерттеу әдісі қайсысы?


*Стресс – доплерэхокардиография
*ЭКГ холтерлік мониторлау
* +МРТ
*Радионуклидті вентрикулография
*Өңеш арқылы электрлі стимуляциялау

#74
*!52 жастағы әйел физикалық күш түскенде жүрек тұсының ауырсынуына шағымданады. ЭКГ-да физикалық күш түскенде әдеттегі горизонталды ST интервалының депрессиясы, оң эргометринді тест. Коронарографияда - эпикардиалды тәж артерияларының зақымдалу белгілері жоқ. Мүмкін болатын диагноз қандай?


*Дисметаболизмдік кардиомиопатия


*Күш түсу стенокардиясы
*Принцметал стенокардиясы
*+ Микроваскулярлы стенокардия (синдром Х)
*Субэндокардиалды миокард инфарктысы

#75
*!Науқаста төменгі диафрагмальді миокард инфарктысы дамығаннан 10 күннен кейін инспираторлы ентігу, цианоз, ат шабыс ырғағы, өкпесінде ұсақ көпіршікті сырылдар, крепитация пайда болды. Эхо-КГ: митралды регургитация, айдау фракциясы 30%. Аталғандардың ішінде жедел миокард инфарктысының қандай асқынуы болуы мүмкін?


*алдыңғы емізікшелік бұлшық ет жыртылуы


* +артқы емізікшелік бұлшық ет жыртылуы
*жүрек аневризмасының жыртылуы
*қарынша аралық перде жыртылуы
*сол қарынша қабырғасының жыртылуы

#76
*!Ер адам 60 жаста, өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен ауырады. Жыбырлы аритмия ұстамалары, артериялық гипертензия пайда болды. Қандай препараттарды қолданған дұрыс?


*β-блокаторлар
*Калий каналдарын белсендірушілер
*Кальций антогонистері, дегидроперидиндер туындысы
*+ Кальций антогонистері, бензотиазипиндер туындысы
*Жүрек гликозидтері

#77
*!Ер адам 49 жаста, эмоционалды қозуда, тегіс жерде орташа жылдамдықпен 500 м астам жүргенде жүрек тұсында ауырсыну пайда болады. Стенокардия ұстамасының алдын алу үшін қандай терапия қолданған дұрыс?


*пролонгирленген нитраттарды үнемі қабылдау


*β-блокаторларды үнемі қабылдау
*ауырсыну пайда болғанда нитроглицеринді сублингвалды қабылдау
* +физикалық күштеменің алдында 30 минут бұрын пролонгирленген нитраттарды қабылдау
*пролонгирленген нитраттарды үнемі қабылдау аясында нитроглицеринді сублингвалды қолдану
#78
*!Реанимация бөліміне жедел миокард инфарктысымен науқас түсті. Объективті: бозғылт-цианозды ылғалды тері, шеткері көктамырлары басылып қалған. АҚ 80/60 мм с. б., диурез 20 мл/сағ. кем. Науқасты емдеуде аталғандардың қайсысын қолданған жөн?

*дроперидол


*дигоксин
*морфин
* +допамин
*изадрин

#79
*!Ер адам 63 жаста, жедел жылжымалы, толқын тәрізді төс артындағы және омыртқа жотасы бойымен ауырсынуға шағымданады. Аяқтары және қолдарындағы тамыр соғысының ассиметриясы, қолқа үстінде систолалық шу, гипотония анықталды. Диагнозды анықтауға қандай зерттеу әдісі көмектеседі?


*эхокардиография
*ЭКГ
*вентрикулография
* +аортография
*коронарография

#80
*!67 жастағы әйел кезеңді пайда болатын жиі жүрек қағу, ентігу ұстамаларына шағымданады. Зерттегенде ЭКГ сериясында жүрекше жыпылықтауының пароксизмальді түрі, сол қарыншаның алдыңғы қабырғасының субэндокардиальді ишемиясы тіркелді. Изокет, конкор, аспирин тағайындағаннан кейіннауқас жағдайы жақсарды, жыпылықтаушы ырғақ бұзылысының пароксизмі азайды.


Науқас жағдайының жақсаруына көрсетілген β – адренобөгемелер құрамының қайсысы БАРЫНША мүмкін әсер етті?

*СА-түйін автоматизмнің төмендеуі


*АВ-қосылуы бойынша қозу өткішгішінің бәсеңдеуі
*+ Ишемияланған миокардта жыпылықтау табалдырығының жоғарлауы
*Миокардта өткізу жылдамдығына барынша әсерінің болмауы
*Кардиомиоциттер рефрактерлігіне барынша әсерінің болмауы

#81
*!Екі миокард инфарктін өткерген 73 жастағы ер адам айқын ентігуге, бірнеше сағат аралығында жүрек қағуға, кенет әлсіздікке шағымдананады. ЭКГде Р тісшесі жоқ, минутына 150 рет жиілікпен қарынша жиырылу аритмиясы анықталады. Амиодарон тиімсіз. Науқаста гемодинамиялық бұзылыстар жылдам өршуде.


Көрсетілген емдеу әдістерінің қайсысын жүргізу БАРЫНША ТИІМДІ?
*Дәрі дәрмектік кардиоверсия
*Уақытша электрокардиостимуляция
*Катетерлік радиожиілікті деструкция
*+ Жедел электроимпульстік терапия
*Аритмогенді аймақтың лазерлік коагуляциясы

#82
*!79 жастағы ер адам кененттен есін жоғалтты. Анамнезінде жайылған миокард инфарктінен кейін соңғы бірнеше апта церебросклероз белгілері деп саналған бас ауру ұстамалары мазалаған. Күнделікті моноприл, конкор, аспирин қабылдайды. ЭКГде: жүрекше қозу ырғағы – 70 рет мин, қарыншалар – 34 рет мин. QRS – кеңейген.


Көрсетілген жағдайлардың қайсысы β – адренобөгемелерді тағайындауға қарсы көрсеткіш болып табылады?
*Жедел миокард инфаркті
*Инфарктан кейінгі кардиосклероз
*Гипертрофиялық кардиомиопатия
* +Морганьи-Адамс-Стокс синдромы
*Физикалық күштемелерде туындайтын аритмиялар

#83
*!65 жастағы әйел психоэмоциональді жүктемелерден кейін пайда болатын кеуде артындағы ауыру сезімі, жүрек қағу, ентігу, айқын әлсіздікке шағымданады. Терапевт тағайындауы бойынша дигоксиннің ½ таб күнделікті қабылдайды. Қарап тексергенде: тері жабындылары боз, салқын тер; өкпеде ылғалды сырылдар; үндері бәсең және жүрек ырғағының бұзылысы; бауырдың ұлғаюы, ісінулер. АҚ 80/40 мм сб.б. ЭКГде: минутына 160 рет қарынша жиырылу жиілігімен жүрекше жыпылықтауы. QT интервалының 0,40 мс. ұзаруы. 4 мм элевациясы. Амиодарон тағайындау тоқтату шешілді.


Көрсетілген белгілердің қайсысы БАРЫНША мүмкін амиодарон қабылдаудан бас тарту себеп болды?

*ЖСЖ болуы


*+ Кардиогенді шок
*QT интервалының ұзаруы
*Дигиталисті улану
*Синусты түйіннің әлсіздік синдромы

#84
*!Жыпылықтаушы ырғақ бұзылысы бар созылмалы жүректің ревматизмдік ауруымен 57 жастағы әйел тыныштық күйдегі ентігуге, жүрек ырғақ бұзылыстары мен жүрек қағу, оң қабырға астындағы ауырлық сезімі, тобығындағы ісінулерге шағымданады. Күнделікті дигоксин, гипотиазид қабылдайды. Соңғы 2 аптада жағдайы нашарлады. Қанда: калий – 2,3 ммоль/л. ЭКГде: минутына 120 рет қарынша жиырылу жиілігімен жүрекше жыпылықтауы. ST сегментінің астауша тәрізді сырғуы.


Науқас жағдайының нашарлауына төменде көрсетілген жағдайлардың қайсысы БАРЫНША мүмкін әсер етті?

*Гипокалиемия


*Миокард ишемиясы
*Жыпылықтаушы ырғақ бұзылысы
*Диуретиктермен улану
*+ Дигиталисті улану

#85
*!53 жастағы әйел жүрек тұсындағы қысып ауыру сезіміне, бас айналуға шағымданады. Үйді жинау кезінде кененттен есін жоғалтты. АҚ – 90/55 мм сб.б. ЭКГда , осы әкутулерде ST элевациясы, ҚЖЖ 32 рет мин толық АВ-бөгеме. Атропин тиімсіз, допамин инфузиясы құюлып жатыр.


Негізгі ауру терапиясымен бірге қандай әдісті шұғыл түрде қолдану БАРЫНША тиімді?

*Эпикардиальді картирлеу


*Холтерлік ЭКГ мониторлау
* +Уақытша электрокардиостимуляция
*Тұрақты электрокардиостимуляция
*Жүрекшенің өңеш арқылы электростимуляциясы

#86
*!Миокард инфарктін өткерген 66 жастағы әйелде тахиаритмия ұстамалары әсерінен жүрек жеткіліксіздік белгілері үдеуде. Дәрі дәрмектік терапия сенімді нәтиже бермеді.


Көрсетілген емдеу әдістерінің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?

*Абляцию
*Криодеструкцияны


*+ Электрлік кардиоверсияны
*Уақытша электрокардиостимуляцияны
*Тұрақты электрокардиостимуляцияны

#87
*!54 жастағы ер адам изокет-спреймен жойылмайтын кеуде артындағы интенсивті ауыру сезіміне; ентігуге, әлсіздікке шағымданады. Анамнезде: Миокард инфарктын өткерген. Қарап тексергенде: боз, акроцианоз, өкпесінде ылғалды сырылдар; жүректің сол жақ шекарасы ұлғайған, үндері бәсең, протодиастолалық галоп ырғағы. ЭКГда: элевациясы, сол қарыншаның артқы қабырғасында тыртықты өзгерістер.


Көрсетілген белгілердің қайсысы миокардтың жиырылу мүмкіндігінің және оның жүктеме көлемінің үдемелі түсуі туралы БАРЫНША мүмкін куәләндырады?

*Акроцианоз


*Үндерінің бәсеңдеуі
*Өкпесіндегі ылғалды сырылдар
*Жүректің сол жақ шекарасының ұлғаюы
*+ Протодиастолалық галоп ырғағы

#88
*!Q-миокард инфарктымен 46 жастағы ер адамға эхокардиографиялық зерттеу жүргізілді, нәтижесінде сол қарыншаның алдынғы қабырғасының дискинезиясы анықталды.


Көрсетілген локальді жиырылу бұзылыстардың қайсысы БАРЫНША мүмкін диагностикаланды?

*Миокардтың гибернациясы


*Есеңгіреген миокард
*Систола кезінде жиырылудың болмауы
*Сол қарыншаның интакты аймақтарының ұлғаюы
* +Систола кезінде қабырғаның парадоксальді ісінуі
#89
*!Төрт жыл бойы ЖИАмен ауыратын, кезеңді нитраттар, күнделікті дезагреганттар және β-бөгемелер қабылдайтын 62 жастағы әйел қалыпты физикалық жүктемеден кейін стенокардия ұстамасының ұзақтығының ұлғаюы және жиіленуіне, ұстамалардың тыныштықта пайда болуына шағымданады. ЭКГ да депрессиясы анықталды.
Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?

*Спонтанды стенокардия


*+ Үдемелі стенокардия
*Бірінші рет пайда болған стенокардия
*Вариантты Принцметал стенокардиясы
*Тұрақты жүктемелі стенокардия ФК III

#90
*!58 жастағы әйел кеуде артындағы қысып ауыратын қарқынды ауыру сезіміне, горизонтальді бағытта күшеетін ентігу және ауажетпеу сезіміне шағымданып түсті. ЭКГда: Qr және элевациясы. Аурудың екінші тәулігінде субфебрильді қызба пайда болды. Өкпесінде-ылғалды сырылдар. Қанда: лейкоциттер – 10 мың., СРБ .


Қандай көрсетілген синдроммен аурудың екінші күнгі жағдайы БАРЫНША мүмкін түсіндіріледі?

*Жедел оң қарыншалық жетіспеушілікпен


*Жедел сол қарыншалық жетіспеушілікпен
*+ Резорбциялы-некроздық синдроммен
*Диастолалық дисфункциямен
*Систолалық дисфункциямен

#91
*!83 жастағы ер адам қайталамалы кеуде артындағы қысып ауыратын ауыру сезіміне, ентігуге шағымданады. Үшінші күн ауырып жатыр. ЭКГда – сегментінің депрессиясы.


Көрсетілген маркерлардың қайсысын анықтау БАРЫНША тиімді?

*Аспартатаминотрансферазаны


*МВ-креатинфосфокиназаны
*Лактатдегидрогеназаны
*Миоглобинді
* +Тропониндерді
.
#92
*!Ангинозды ұстамалармен 67 жастағы әйелдің ЭКГда элевациясы анықталды. Тропонин Т – 0,68 нг/мл.
Дерттік үрдістің орналасқан жерін көрсетіңіз:

*Алдыңғы жайылған


*Алдыңғы перделік
*Алдыңғы ұшы
*Алдыңғы базальді
*+ Алдыңғы бүйірлік

#93
*!Қарқынды ангинозды ұстамамен түскен 68 жастағы ер адам ЭКГда сегментінің депрессиясы анықталды. Ауыру ұстамалары қайталанғанда ЭКГ өзгерістер үдейді.


Көрсетілген зерттеу әдістердің қайсысын тағайындау БАРЫНША мүмкін?
*Сцинтиграфияны
*Рентгенографияны
*Эхокардиографияны
*+ Коронароангиографияны
*Магнитноядерлікрезонансты томографияны

#94
*!60 жастағы ер адам горизонтальді бағытта күшеетін айқын ентігуге және тұншығуға шағымданады. Анамнезде екі миокард инфарктын өткерген. Об-ті: акроцианоз, өкпесінде әр калиберлі ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек үндері бәсең, галоп ырғағы. ЭКГда: элевациясы. Сол қарыншаның толу қысымы 20 мм сб.б.


Көрсетілген миокард инфарктың асқынуларыдың қайсысы БАРЫНША мүмкін?

*Кардиогенді шок


*Миокардтың жарылуы
*Жедел аневризма
* +Өкпе ісінуі
*Тромбоэмболия

#95
*!Сол жүрекшенің қабырғалық тромбымен және ЖИА жыпылықтаушы аритмиямен ауыратын 78 жастағы әйел наркотикалық аналгетиктермен қоймайтын ішіндегі қарқынды және жылдам үдейтін, шыдатпайтын күйдіру ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: тері жабындылары боз, мұздай жабысқақ тер, жиі беткей тыныс, жүрек үндерінің әлсіздігі, АҚ 90/60 мм сб.б, ішін сипап көргенде айқын ауыру сезімді, құрсақтың тітіркену симптомы оң. Қанда: солға ығысумен лейкоцитоз, ЭТЖ жылдамдаған.


Қандай дерттің пайда болуы БАРЫНША мүмкін?

*Перитонит


*Жара перфорациясы
*Ішек парезі
*Жедел ішек бітелуі
* +Мезентериальді артериялардың тромбоэмболиясы

#96
*!48 жастағы ер адам жүрек тұсындағы қысып ауыратын ауыру сезіміне шағымданады. Зерттегенде жүрек қуыстарының үлкендігі, миокардтың жиырылу мүмкіндігінің кенет төмендеуі, ЭКГда: жыпылықтаушы аритмия, сол қарыншаның артқы қабырғасының зақымдалуы. Екі аптадан кейін науқас кенет есін жоғалтты, осыдан гемипарез, дизартрия пайда болып, жамбас ағзаларының қызметі бұзылды.


Осы дамыған жағдай қандай дерттпен БАРЫНША мүмкін байланысты?

*+ Ми тамырларының тромбоэмболиясы


*Геморрагиялық ми инсульті
*Дисциркуляторлы энцефалопатия
*Аневризмалы өзгерген тамырларлың жыртылуы
*Бас ми тамырларының васкулиті

#97
*!Аяқтарының терең тамырларының тромбофлебитімен зардап шегетін 65 жастағы әйел кеуде артындағы қарқынды ауыру сезіміне шағымданады. ЭКГда сегментінің депрессиясы анықталды. 3 күні кенет ентігу, кеудесінде тыныс алғанда ауыру сезімі пайда болды, жөтел және бір реттік қан түкіру болды. Қарап тексергенде: цианоз, оң аяғының ұығаюы; өкпесінде ылғалды сырылдар анықталды. ЭКГда - оңграмма.


Әйелде қандай дерт БАРЫНША мүмкін дамыды?

*Өкпе ісінуі


*Спонтанды пневмоторакс
*Нозокомиальді пневмония
*Аорта аневризмасының ыдырауы
* +Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

#98
*!54 жастағы ер адам кеуде артындағы қысып ауыратын ауыру сезіміне, тыныстың жетпуеіне, өлімнен қорқу сезіміне шағымданады. ЭКГда: Qr және элевациясы. Аурудың 3 аптада нитраттармен басылмайтын жүрек тұсындағы тұрақты қарқынды емес ауыру сезімі мазалады; субфебрильді қызба, әлсіздік. Зерттегенде оң жақтан жауырын ұшынан төмен тыныстың әлсіреуі анықталды. Эхокардиографияда: перикард жапырақшаларының қалындауы.


Негізгі аурудың қандай асқынуы БАРЫНША мүмкін науқаста дамыды?

*Плеврит
*Пневмонит


*Перикардит
* +Инфарктан кейінгі синдром
*Ерте инфарктан кейінгі стенокардия

#99
*!56 жастағы ер адам қарқынды ангинозды ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: мойын тамырларының ісінуі, гепатомегалия, төстің төменгі қырында дерттік III үн, парадоксальді артериальді пульс, гипотония. ЭКГда: ЭхоКГ: оң қарынша қуысының кеңеюі, қарынша аралық перденің сол қарыншаға қарай парадоксальді қозғалуы.


Көрсетілген диагноздардың қайсыс БАРЫНША мүмкін?

* +оң қарынша инфаркты


*Артқы-бүйірлік миокард инфаркты
*Артқы-базальді миокард инфаркты
*Сол қарыншаның артқы қабырғасының миокард инфаркты
*Сол қарыншаның қалқасы және ұшының миокард инфаркты

#100
*!64 жастағы әйел тұншығуға, ал қызыл көпіршікті қақырықпен жөтелге шағымданады. Об-ті: терісі боз, сақырлаған тыныс, өкпесінде ірі көпіршікті ылғалды сырылдар, жүрек үндерінің бәсеңдеуі, пресистолалық галоп ырғағы. АҚ 100/60 мм сб.б. ЭКГда: QS және элевациясы. Тағайындалған 120мг лазикс АҚ 80/50 мм сб.б. дейін төмендеді.


Қандай нәтижеге АҚ төмендеуі БАРЫНША мүмкін алып келеді?

*Көпірік басу


*Тыныс орталығын тежеу
*Коронарлы перфузияны ұлғайту
*+ Коронарлы перфузияны азайту
*Жүрекке венозды келудің ұлғаюы

#101
*!Миокард инфарктымен жатқызылған 67 жастағы науқасты эхокардиографиялық зерттеу кезінде сол қарынша қуысында жылжымалы тромб анықталды. Фраксипаринмен ем аяқталды.


Қандай келесі тәсіл БАРЫНША тиімді?

*Клексанмен 7 күн емді жалғастыру


*+ Варфарин 3-6 айға тағайындау
*Варфарин 1-2 айға тағайындау
*Аспиринді жалғастыру
*ЭхоКГ бір жылдан кейін қайталау

#102
*!68 жастағы әйелде миокард инфарктың 4-ші аптасында тыныс алғанда күшеетін кеудесінде ауыру сезімі, құрғақ жөтел, субфебрильді қызба, әлсіздік пайда болды. Қарап тексергенде плевра үйкеліс шуы естіледі. Қанда солға ығысумен лейкоцитоз, ЭТЖ жылдамдаған. ЭхоКГда: перикард жапырақтарының қалыңдауы.


Көрсетілген дәрілердің қайсысынан тағайындау БАРЫНША тиімді?

*Цефтриаксон


* +Преднизолон
*Метрогил
*Гепарин
*Аспирин

#103
*!Абдоминальді семіру және артериальді гипертензиямен ауыратын 69 жастағы ер адамды коронароангиографиялық зерттеу кезінде сол коронарлы артерия тармағының алдыңғы қарынша аралықтың 70% тарылуы және стенттілеу жүргізілді. Қанда: креатинин – 105 мкмоль/л, ЛПТТ холестерин – 4,6 ммоль/л.


Осы науқаста ең жоғары жүрек қан тамырлық қауіпті анықтайтын клиникалық ассоциирленген жағдайды көрсетіңіз:

*Гиперхолестеринемия


*Абдоминальді семіру
*+Коронарлы реваскуляризация
* Сол қарынша гипертрофиясы
*Сарысу креатининнің жоғарлауы

#104
*!Бас ми қан тамырларының айқын атеросклерозымен ауыратын 74 жастағы әйел бас ауыруына, жүрек айнуға, жүрек тұсындағы қысып ауыратын ауыру сезіміне, әлсіздікке шағымданады. Анамнезінде АҚ жоғары сандарға доғарлау эпизодтары.


Цереброваскулярлы асқынулар қауіпін төмендетуге төменде көрсетілген дәрілер тобының қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?

*Диуретиктерді


*β-бөгемелерін
*ААФ ингибиторларын
*Ангиотензиндік рецепторлар бөгемелері
* +Ұзақ әсерлі кальций антагонисттерін

#105
*!58 жастағы әйел кеуде артындағы қысып ауыратын ауыру сезіміне, жүрек айну, құсуға шағымданады. Қарап тексергенде: АҚ – 180/100 мм сб.б. ЭКГда: элевациясы.


Осы науқаста гипертониялық кризді жоюға таңдаулы дәрі болып табылады:

*Эсмолол
*Арфонад


*Дроперидол
*Эналаприлат
* +Нитроглицерин

#106
*!Миокард инфарктісін өткерген 78 жастағы ер адам тыныштықтағы ентігуге, оң қабырға астындағы ауырлық сезімі, аяқтарының ісінуі, әлсіздікке шағымданады. АҚ– 170/90 мм сб.б. Эхокардиографиялық зерттеу кезінде сол қарыншаның систолалық қызметінің төмендеуі анықталды.


Көрсетілген дәрілердің қайсысы ЖСЖ және сол қарынша қызметінің бұзылысымен науқастың өмір сүруін сенімді жоғарлатады?

*+ Эналаприл


*Амлодипин
*Фуросемид
*Метопролол
*Спиронолактон

#107
*!Артериальді гипертензиямен ауыратын 85 жастағы әйел АҚ өлшегенде «шексіз Коротков үні».


Науқаста пульстік қысымның жоғарлауына көрсетілген себептердің қайсысы БАРЫНША мүмкін алып келді.

*Тамырлардағы қанның турбулентты ағысы


*Төмен жүрек лақтырысы
*Тамырлардың жоғары тонусы
*+ Иық артериясының ригидтілігі мен қалыңдауы
*Тамырлардың облитерациясы

#108
*!25 жастағы жас адам соқылдаған бас ауыруға, құлақтағы шуға, мұрынныа қан кетуге, АҚ көтерілуіне шағымданалды. Қарағанда: мойын тамырларының, қабырға аралық коллатералдардың интенсивті соғуы, құрсақ аортасында азаюы, төстен сол II қабырға аралықта интенсивті систолалық шу естіледі. Қолдарында АҚ – 230/11 мм. сб. б., аяқтарында – 150/90 мм сб. б.; қабырғалардың узурациясы.


Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?

*Спецификалық емес аорто-артериит


*Біріншілік гиперальдостеронизм
*Иценко-Кушинг ауруы
*+ Аорта коарктациясы
*Феохромоцитома

#109
*!72 жастағы әйел аздаған физикалық күште пайда болатын ентігуге, жүрек соғысының жиіленуі мен ырғағының бұзылуына, бас айналуға, жалпы әлсіздікке шағымданады. Ірі ошақты миокард инфарктісін өткерген. Об-ті: өкпеде дауыссыз ылғалды сырылдар, ТЖ - 24 рет минутына, жүрек тондары тұйықталған, жыпылықтаушы аритмия ЖСЖ 126 рет минутына. АҚ 90/60 мм с.б. ЭХОКГ: лақтырыс фракциясы 32%. Стандартты терапияға сәйкес бета-блокатор тағайындалған.


Қандай зерттеу әдістің нәтижесі бойынша конкордың мақсатты мөлшерін нақты анықтайды:

*Рентгенография


*Велоэргометрия
*+ Эхокардиография
*Электрокардиография
*ЭКГ тәуіліктік мониторлауы

#110
*!69 жастағы ер адам аздаған физикалық күште пайда болатын ентігуге, жүрек ырғағының бұзылуына, аяқтардағы ісінуге шағымданады. Анамнезінде: миокард инфарктісін өткерген, темекі тартады. Қарағанда: өкпеде іркілмелі ылғалды сырылдар, жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ 106 рет минутына. АҚ 140/90 мм с.б. ЭКГ: сол қарыншаның алдыңғы қабырғасында тыртықты өзгерістер, жиі қарыншалық экстрасистолалар. ЭХОКГ: лақтырыс фракциясы 40%. Коронарография: сол тәжді артерияның 85% стенозы. Спирография: тыныс жетіспеушіліктің рестриктивті түрі. СЖЖ диагностикасында ең информативті критерий қандай:


*Тыныс жетіспеушіліктің рестриктивті түрі


*Сол тәжді артериясының стеноздалуы
*Жиі қарыншалық экстрасистолалары
*ЭКГ-да тыртықты өзгерістер
* +Лақтырыс фракциясы

#111
*!68 жастағы әйел ентігуге, қиын бөлінетін қақырыққа, периодты түрде болатын тұншығу ұстамаларына шағымданады. Анамнезінде ӨСОА иен АГ. Об-ті: акроцианоз, мойын көк тамырларының ісінуі, өкпеде шашыраңқы құрғақ және ылғалды дауыссыз сырылдар, бауыры ұлғайған, аяқтарында ісіну. ЭКГ-да: Гис шоғырының оң аяқшасының толық блокадасы.


Қан айналым жетіспеушілігінің салыстырмалы диагностикасында қандай зерттеу әдісі ең ақпаратты болып табылады:

*Бронхография


*Рентгенография
*Коронарография
*Компьютерлі томография
* +Жүрек қуыстарының катетеризациясы

#112
*!59 жастағы ер адам ентігуге, оң қабырға асты аймағындағы ауырлық сезімге, аяқтарындағы ісінуге, жалпы әлсіздікке шағымданады. Об-ті: тынысы везикулярлы, әлсіреген, төменгі бөлігінде ылғалды дауыссыз сырылдар анықталынады, жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ-94 рет минутына, АҚ-110/70 мм с.б. ЭХОКГ: лақтырыс фракциясы – 45%. ЭКГ: сол қарыншаның артқы қабырғасының тыртықты өзгерісі. Бета-блокаторларды қолданумен жүргізілген комплексті терапия жағдайының жақсаруына алып келді.


Науқастың жағдайының жақсаруы бета-блокаторлардың қандай әсерімен анағұрлым байланысты болған:

*Жүрек лақтырысының төмендеуімен


*Организмнен су мен натрийді шығарылуы
*Миокардтың метаболизм процесстерінің жақсаруы
*Шеткі қан тамырлар тонусының төмендеуі
* +Симпато-адреналды активтілігінің басылуымен

#113
*!Туа пайда болған жүрек ақауы мен созылмалы бронхиті бар 16 жастағы балада бір апта мерзімде ентігу мен аяқтарының ісінуі пайда болды. Жүрек қуыстарының катетеризациясы кезінде 2 дәрежелі өкпе гипертензиясы анықталынды. Қанда: креатинин – 116 мкмоль/л, аланинаминотрансфераза – 0,88 ммоль/л, аспартатаминотрансфераза – 0,72 ммоль/л; зәрде: белок 0,13 ‰, лейкоциттер 2-4 в п/з.


Науқаста көрсетілген патологиялардың қайсысының дамуы барынша мүмкін:

*Бүйрек жетіспеушілігі


* +Жүрек жетіспеушілігі
*Бауыр жетіспеушілігі
*Тыныс жетіспеушілігі
*Милы жетіспеушілік

#114
*!30 жастағы әйел ентігумен және кейде қысқа уақытылы есінен танумен бірге жүретін жүрек соғу ұстамаларына шағымданады. Анамнезінде жиі салқын тиюмен ауырған. ЭКГ-да: WPWсиндромының белгілері. ЭхоКГ: сол қарыншаның қуысының кеңеюі, клапандары қалыпты, қарыншааралық перденің диффузды гипокинезі, сол қарыншаның миокардының жиырылу және насосты функциялары аздап төмендеген.


Синкопальді жағдайлардың диагностикасында ең ақпаратты зерттеу әдісін көрсетіңіз:

*Коронарография


*Эхокардиография
*Вентрикулография
*Электрокардиография
* +ЭКГ-ң тәуіліктік мониторлауы

#115
*!Аяқтарының варикозды ауруы бар 56 жастағы әйелде ентігу, төс артындағы ауру сезімі, қан қосындылары бар жөтел пайда болды. ЭКГ-да: ЖЭО оңға ығысуы, .. Қарағанда: аяқтарының варикозды тамырларының кеңеюі. Өкпеде: оң жақта ылғалды сырылдар, перкуторлы дыбыстың қысқаруы. Өкпе рентгенограммасында- сына тәріздес көлеңке


Бірінші кезекте қандай көрсеткішті анықтау барынша тиімді:

*Халықаралық қалыптастырылған қатынасты (МНО)


*Милы натрийуретикалық пептидті
*КФК-ң Мв фракциясын
*Тропонин
* +Д димер
#116
*!Ұзақ уақыт болған майлы тағам қабылдағаннан кейін дамитын іштегі ұстама тәріздес ауру сезімді, метеоризм, үлкен дәреттің тұрақсыздығы, тәбетінің төмендеуі, арықтауды байқайтын 70 жастағы ер адамда кенет кіндік аймағы мен ішек жолымен таралатын интенсивті ауру сезімі пайда болды, наркотикалық анальгетиктермен басылмады. Пальпацияда іші «тақтай тәріздес», Щеткин-Блюмберг симптомы оң.
Науқаста көрсетілген асқынулардың қайсысының дамуы барынша мүмкін:

*+ Висцеральді артерияның жедел тромбозы


*Калькулезді холециститтің өршуі
*Созылмалы панкреатиттің өршуі
*Жедел аппендицит
*Жедел гастрит

#117
*!45 жастағы ер адамның аяқтарын тексеріп қарағанда башпайлар мен аяқ басындағы некроз ошақтары мен трофикалық жаралары бар аяқ басының цианозы, балтыр мен сан бұлшық еттерінің гипотрофиясы мен жартылай атрофиясы анықталынды. Аяқтарының тамырларының пальпациясында сан артериясында пульсацияның бәсеңдеуі; аяқ басының мен артқы үлкенжіліншікті артерияларында пульсацияның жоқтығы байқалынды.


Зерттеу әдістерінің қайсысын бірінші кезекте тағайындау керек:

*Коронароангиографияны


*Магнитті-резонансты томографияны
*Пульстік толқынның жылдамдығын анықтау
* +Аяқ тамырларының ангиографиясын
*Аяқ буындарының рентгенографиясын

#118
*!64 жастағы әйел тамақ қабылдағаннан кейін пайда болатын іштегі ұзақ уақыт созылған тұйық сыздайтын ауру сезіміне, кекіруге, тәбетінің төмендеуіне, арықтауына шағымданады. Пальпаторлы кіндік аймағында сол жағында ісік тәріздес, пульсациялайтын түзілім анықталынады. Аускультативті сол жерде систоликалық шуыл естіледі.


Бұл жағдайда зерттеу әдістерінің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді:

*+ Құрсақ қуысының тамырларының ультрадыбыстық зерттеуін


*Құрсақ қуысының мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуін
*Фиброгастродуоденоскопияны
*Колоноскопияны
*Ирригоскопияны

#119
*!42 жастағы ер адамды жарты жыл бойы ентігу, оң қабырға астындағы ауру сезімі, кешке қарай пайда болатын балтырының ісінуі мазалайды. Балалық шағынан өкпенің бронхоэктаздық ауруымен аурады. ЭКГ: жыпылықтаушы аритмияның нормосистоликалық түрі, S тип. ЭХОКГ: сол жүрекше – 3,6 см, сол қарынша – 4,5 см, оң қарынша – 4,6 см. Лақтырыс фракциясы - 47%. 2 дәрежелі өкпелік гипертензия. Трикуспидальді клапанында 2 дәрежелі регургитациясы.


Науқаста асқынулардың қайсысы барынша дамыған:

*Жедел өкпелі жүрек


*Жеделдеу өкпелі жүрек
*+ Созылмалы өкпелі жүрек
*Жедел тамырлы жетіспеушілік
*Сол қарыншалық жетіспеушілік

#120
*!Біріншілік өкпе гипертензиясы бар 38 жастағы ер адамда айқын оң қарыншалық жетіспеушіліктің клиникалық белгілері пайда болды. Аускультативті: жүрек тондары әлсіреген, ырғағы дұрыс, өкпе артериясында 2 тонның акценті, семсер тәрізді өскіннің негізінде систоликалық шуыл.


Көрсетілген себептердің қайсысы систоликалық шуылдың пайда болуына барынша әкелуі мүмкін:

*Митральді қақпақшаның жетіспеушілігі


*+ Оң қарыншаның дилатациясы
*Сол қарыншаның дилатациясы
*Артериальді гипертензия
*Аорта сабауының (устья) стенозы

#121
*!25 жастағы әйел ентігуге, есінен тану мен кардиалгияларға, кейінірек пайдаболған ішінің ұлғаюына мен аяқтарының ісінуіне шағымданады. ЭКГ-да: систоликалық күштемесі бар оң қарыншаның гипертрофиясы. Кеуде клеткасының рентгенографиясында өкпе артериясының шеткі тармақтарының «шауып тасталуы (обрубленность)» анықталынды. Сыртқы тыныс қызметі қалыпты.


Өкпелі гипертензияның диагностикасында бағалы инвазивті емес көрсетілген әдістердің қайсысы барынша ақпаратты болып табылады:

*Өкпенің биопсиясы


*Өкпелі ангиоскопия
*+ Өңеш арқылы жүргізілетін эхокардиография
*Электронды–сәулелі және спиральді КТ
*Вентиляционды–перфузионды сцинтиграфия

#122
*!65 жастағы ер адам кенет пайда болатын жүрек соғу мен аритмия ұстамаларына, кейде қысқа уақытты синкопемен жүретін пульстің 35 рет минутына дейін сиреуіне; жүрек тұсындағы қысып ауратын сезімге, жалпы дискомфортқа шағымданады. ЭКГ-да: ҚЖЖ 200 рет минутына болатын жүрекшелер фибрилляциясы, жиі қарыншалық экстрасистолалар, сол қарыншаның гипертрофиясы. Тұрақты электрокардиостимулятор имплантирленген, варфарин тағайындалған.


Көрсетілген көрсеткіштердің қайсысы жүргізілетін терапияны бақылауда ең ақпаратты:

* +Халықаралық қалыптастырылған қатынас (МНО)


*Тромбоциттердің агрегациясы
*Тромбоциттердің адгезиясы
*Β-нафтолды тест
*Фибриноген

#123
*!Былтыр миокард инфарктісін өткерген 61 жастағы ер адам 3-ші этажға көтерілгенде пайда болатын, ентігумен, жүрек жұмысының ырғағының бұзылуымен бірге өтетін, изокет-спреймен басылатын стенокардия ұстамаларына шағымданады. Велоэргометрия нәтижесі бойынша физикалық күшке толеранттілігі ІІ функциональді классқа сәйкес келеді. Қан анализінде дислипопротеидемия, глюкозаға толеранттіліктің бұзылуы. ЕДШ методисттің бақылауымен физикалық жаттығулар бағдарламасы тағайындалған.


Жүйелі мөлшерленген физикалық күштеме барынша мынаған әсер етеді:

*Гипогликемия


*Гипергликемия
*Дислипопротеидемия
* +Коллатеральдердің дамуы
*Еңбекке жарамдылықтың төмендеуі
#124
*!52 жастағы ер адам сол қолға берілетін, 150-200 м жүргенде және баспалдақпен 1 этажға көтерілгенде пайда болатын, изокет-спреймен басылатын, төс артындағы күйдіріп ауратын сезімге шағымданады. Об-ті: жүрек тондары тұйықталған, бірен-сараң экстрасистолалар . ЭКГ-да: сол қарыншаның гипертрофиясының белгілері. Стандартты терапия тағайындалған, Бір айдан кейін стенокардияның толық басылуын байқаған.
Көрсетілген зерттеу әдістердің қайсысы физикалық күшке толеранттіліктің өсуін анықтауда барынша ақпаратты:

*Сцинтиграфия


*Рентгенография
* +Велоэргометрия
*Коронарография
*Электрокардиография

#125
*!64 жастағы ер адам тынысқа байланысты емес, ұстама тәрізді күшеетін, сол қолға берілетін, төс артындағы күйдіріп ауратын сезімге шағымданады. Гемодинамикалық көрсеткіштер қалыпты. Изокет-спрейдің қайталап қолданылуы эффективсіз. Стандартты терапия тағайындалған.


Көрсетілген зерттеу әдістердің қайсысын бірінші кезекте тағайындау ең тиімді:
*+ ЭКГ, тропонин Т
*Добутаминмен ЭхоКГ
*Миокард сцинтиграфиясы
*Физикалық күштемемен ЭКГ
*ЭКГ-ң тәуіліктік мониторлауы

#126
*!67 жастағы ер адам төс артындағы қысып ауратын сезімге шағымданады. АГ мен ЖИА-мен 2 жыл бойы аурады. Жағдайының нашарлауы бір апта бойы, ангинозды ұстамалары жиіленіп, ауру сезімінің интенсивтілігі күшейген. ЭКГ-да: ЖСЖ – 74 рет минутына, систоликалық күштемесі бар сол қарыншаның гипертрофиясы. Холестерин 6,4 ммоль/л, қандағы қант 4,2 ммоль/л.


Көрсетілген препараттардың қандай тобы липидті және гликемиялық профильдерді нашарлату мүмкін:

*Нитраттар


*+ В-блокаторлар
*Дезагреганттар
*Антикоагулянттар
*Жүрек гликозидтері

#127
*!Миокард инфарктісін өткерген 58 жастағы ер адам ентігу мен түнгі уақытта болатын тұншығу ұстамалары шағымдарымен госпитализацияланған. Қарағанда: жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ 64 рет минутына. ЭКГ-ң тәуіліктік мониторлауында миокард ишемияның ауру сезімсіз эпизодтары, жиі «R T-ға» типті ерте қарыншалық экстрасистолалар анықталды. Холестерин 4,2 ммоль/л, қандағы қант 5,1 ммоль/л, ПТИ 96%; ЭХОКГ: сол қарыншаның қуысы кеңейген, қарыншааралық пердеде гипокинез зоналары, лақтырыс фракциясы 42%.


Миокард ишемиясының ауру сезімсіз түрі жиі алып келуі мүмкін:

*Лақтырыс фракциясының жоғарлауына


*Дислипопротеидемияға
*+ Кенет болатын өлімге
*Гиперкоагуляцияға
*Гипергликемияға
#128
*!Аталық безінің қатерсіз гиперплазиясы бар 78 жастағы ер адамда аденомэктомиядан 2 аптадан соң ірі ошақты миокард инфарктісі дамыған. Стандартты ем тағайындалған. 2 тәуілігінде кеуде клеткасындағы қатты ауру сезімі, ентігу, тахикардия, қан түкірумен жөтел пайда болды. ЭКГ-да: алдыңғы трансмуральді миокард инфарктісінің жедел сатысы.
Көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы диагнозды нақтылауға анағұрлым тиімді:

*Спирография


* +Рентгенография
*Коронарография
*Эхокардиография
*Вентрикулография
#129
*!52 жастағы ер адам трансмуральді алдыңғы миокард инфарктісі бойынша стандартты ем қабылдауда. Аурудың 3 тәуілігінде жағдайы нашарлаған, төстің сол қырымен ІІ-ІІІ қабырға аралықта қатты систоликалық шуыл және үдемелі оң қарыншалық жетіспеушіліктің белгілері пайда болды.
Дамыған асқынудың диагностикасында көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысын тағайындау тиімді:

* +Эхокардиография


*Электрокардиография
*Коронароангиография
*Кеуде клеткасының мүшелерінің рентгенографиясы
*Жүректің өңеш арқылы электрлік стимуляциясы

#130
*!45 жастағы ер адам, соңғы ай бойы 15-20 минуттан кейін өзі басылатын, төстің артындағы ауру сезімнің пайда болуынан оянатын болды. Ауру ұстамасы кезіндегі ЭКГ - да кеуде шықпаларында ST сегментінің жоғарлауы анықталды.


Бұл науқаста қандай зерттеу әдісі диагностика жағынан барынша маңызды:

*Велоэргометрия


*Стресс-ЭХОКГ
* +Эргометринді сынама
*Коронарография
*ЭКГ-ң тәуіліктік мониторлауы

#131
*!62 жастағы әйел бас айналуына, есінен тануына, әлсіздікке шағымданады. Қарағанда: жүрек шекарасы солға ығысқан, Боткин-Эрба нүктесінде диастоликалық шуыл, АҚҚ140/40 мм с.б. ЭКГ-да: сол қарыншаның гипертрофиясы.


Көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы бұл науқаста барынша ақпаратты болады?

* +ЭХОКГ


*Кеуде клеткасының рентгенографиясы
*Жүректің катетеризациясы
*Коронароангиография
*Велоэргометрия
#132
*!52 жастағы ер адам баспалдақпен екінші этажға көтерілгенде пайда болатын, изокет-спреймен басылатын жүрек аймағындағы және төс артындағы басып ауру сезіміне шағымданады.Жүрек тондары тұйықталған.ЭКГ да сол қарыншаның әлсіз гипертрофиясы.
Келтірілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША болуы мүмкін?
*ЖИА. Алғаш пайда болған стенокардиясы
* +ЖИА. Күштеме стенокардиясы ФК II
*ЖИА. Күштеме стенокардиясы ФК III
*ЖИА. Күштеме стенокардиясы ФК IV
*ЖИА. Үдемелі стенокардиясы

#133
*!20 жастағы әйел сирек жүректің «тоқтап қалу сезімін» сезеді, әсіресе физикалық жүктеме және эмоционалды күштеме кезінде пайда болады. Бұл сезімдер емдеусіз, өз бетімен кетеді. ЭКГда: алдын ала пайда болған Р комплексі және QRS толық емес компенсаторлы паузамен. Соңғылары деформацияланбаған.


*синусты аритмия
*синусты тахикардия
*қарыншалыұқ экстрасистолия
*жыпылықтаушы аритмия аритмия
* +жүрекшелік экстрасистолия


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет