Гастроэнтерология



бет2/2
Дата21.09.2023
өлшемі0,53 Mb.
#109357
1   2
~ Асқазанның гииганттық ойық-жарасының көлемі:
@ 3,0- 3,5см
@ 0,6 - 0,9 см
@ 1,0 - 1,5 см
@ 0,3 – 0,5 см
@ 1,6 – 1,9 см
~ Б. деген 35 жастағы науқас, оң қабырға астындағы ауыру сезімі, мұрнынан қан кетуге шағымданады. Анамнезінде вирусты гепатит В. Об-ті: телеангиэктазиялар, бауыр қабырға доғасынан 6 см шығып тұр, тығыз, ауыру сезімді. Аздаған спленомегалия. Қанда: ЭТЖ-22 мм/сағ, тимол сынамасы - 9 бірл., АЛТ-3,2 мкмоль/л, АСТ-3,8 мкмоль/л. Гистология: балкалық құрылым бұзылған, көптеген гепатоциттерде ірі үлкен ядролар, ядрошықтар мен вакуольдар көрінеді. Портальды жолдар кеңейген. Сіздің диагнозыңыз:
@ белсенділігі орташа созылмалы вирусты В гепатит
@ созылмады персистирлеуші гепатит
@ Жильбер ауруы
@ некроздан кейінгі белсенді бауыр циррозы
@ өт шығару жолдарынң дискинезиясы
~ Созылмалы гепатиттің минимальді белсенділік дәрежесіне тән белгілері:
@ аздаған гепатомегалия
@ тұрақты және айқын спленомегалия
@ айқын және тұрақты цитолитикалық синдром
@ тұрақты жоғары гипергаммаглобулинемия
@ гепатодепрессияның айқын синдромы
~ Бауырдың біріншілік билиарлы циррозының ерте белгісіне жатады:
@ терінің қышуы
@ спленомегалия
@ диспепсиялық өзгерістер
@ оң қабырға астындағы ауыру сезімі
@ геморрагиялық синдром
~ А. деген 68 жастағы науқас, өңештің варикозды кеңейген веналарынан қан кетумен түсті. Бір апта бұрын оң қабырға астында ауыру сезімі мазалап, сарғаю дамыған. Созылмалы алкоголизммен ауырады. Об-ті: терісі мен көзінің ақ қабығы сарғайған, телеангиэктазиялар. Іші іскен. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен, тығыз, сезімтал. Көкбауыры 4 см ұлғайған, тығыз. Қанда: анемия, тромбоцитопения, ЭТЖ-44 мм/сағ. жалпы билирубин (тікелей фракциясы есебінен) - 58 мкмоль/л. Сіздің диагнозыңыз:
@ бауырдың алкогольдік циррозы, өңештен қан кету
@ белсенділігі минимальды созылмалы гепатит
@ бауырдың біріншілік билиарлы циррозы
@ жасырын алкогольдік бауыр циррозы
@ екіншілік бауырдың билиарлы циррозы
~ С. деген 45 жастағы науқас өңештен варикозды кеңейген веналарынан қан кетумен түсті. Соңғы екі ай ішінде оң қабырға астында ауыру сезімі мазалап, екі апта бұрын сарғаю дамыған. Алкогольмен көп әуестенеді. Об-ті: Жүдеу. Терісі мен көздің ақ қабығы сарғайған, телеангиэктазиялар байқалады. Іші іскен. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен, тығыз, сезімтал. Көкбауыры 4 см ұлғайған, тығыз. Қанда: анемия, тромбоцитопения, ЭТЖ-34 мм/сағ. жалпы билирубин тікелей фракциясы есебінен -74 мкмоль/л. Зерттеудің жоғары ақпаратты әдісі болып табылады:
@ бауырдың пункционды биопсиясы
@ трансаминазалардың белсенділігі
@ иммунологиялық статустың өзгерісі
@ тұнбалы сынамалардың өзгерісі
@ белок, белоктық фракциялар
~ Холестаз синдромының индикаторы:
@ сілтілік фосфатаза
@ аланинтрансфераза
@ аспартаттрансфераза
@ лактатдегидрогеназа
@ сорбитдегидрогеназа
~ К. деген 46 жастағы науқас, ішінің оң жақ бөлігінің тұрақты, сыздап ауыруы сезіміне, тәулігіне 6-8 рет болатын сұйық нәжіске, әлсіздікке шағымданады. Ауырғанына 2 жыл бболған, соңғы жылы 8 кг арыған. Екі рет дәрігерлер жедел аппендицитке күмәнданып ауруханаға салған. Об-ті: тері жабындылары бозғылт, құрғақ, іші оң мықын аймағында ауыру сезімді. ЭТЖ-56 мм/сағ. Болжам диагнозыңыз:
@ Крон ауруы
@ белок жетіспеушілікті созылмалы энтерит
@ созылмалы спецификалық ойық жаралы колит
@ созылмалы дизентериядан кейінгі колит
@ жедел аппендицит
~Науқас К., 49 жаста көп мөлшерлі ботқа тәрізді қан араласпаған және тенезмсіз іш өту(диарея), жағымсыз иісі бар, ішінің кебуі, дене салмағының азаюына шағымданады. Объективті: іштің сол жақ бөлігінде, мезогастрий аймағында орташа ауырсыну. Копроцитограмма: нейтральды май нәтижесінен стеаторея, креаторея. Клиникалық хаттамаға сәйкес ең тиімді ем:
@ полиферментті препараттар
@ пробиотиктер, эубиотиктер
@ антибиотики, пребиотиктер
@ антацидтер, спазмолитиктер
@ холинолитиктер, антибитиктер
~Науқас О. 75-жастағы әйел, аяқ буындарының созылмалы патологиялық ауруына байланысты тұрақты түрде стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды қабылдаған. Анамнезінде аспирин-индуцирленген эрозивті гастрит. Эрозивті гастриттің алдын алу үшін науқасқа тиімді препарат:
@ омепразол
@ маалокс
@ пирензепин
@ сукральфат
@ де-нол
~Науқас С. 27 жаста, тамақ ішкеннен соң 1 сағаттан кейін эпигастрийде ауру басталатынына, асқазаны ауырытынына шағымданды. Ауырғанына 2 жыл болған. Пальпаторлы: пилородуоденальды аймақта дамылсыз ауру. Фиброгастроскопияға түсірген кезде антральды гастрит байқалды. Клиникалық хаттамаға сәйкес аурудың табиғатын анықтау үшін қажет зерттеу әдісі:
@ С13 зәр қышқылымен тыныс алу тесті
@ қандағы париеталды жасушаларға қарсыденені анықтау
@ қандағы гастрин деңгейін анықтау
@ асқазан секрециясын зерттеу
@ асқазанның қозғалыс қызметін зерттеу
~Науқас Қ. 26–жастағы әйел адам, бойы 169 см, салмағы 82 кг. Жүктеме күндер қойып жүдегісі келген, бірақ ашыққаннан кейін сарғаю пайда болған. Аздаған сарғаюды бұрын да ішімдік қабылдаған кезде байқаған. Печень не увеличена. Билирубин крови общий 50 мкмоль/л. В Бауыры тұлғаймаған. Зәрінде өт пигменттері жоқ. АЛТ және АСТ 30 бірл. Келтірілген мәліметтерге қарап қойылатын болжам диагноз:
@ қатерсіз коньюгирленбеген емес гипербилирубинемия
@ гемолититикалық анемия
@ идиопатиялық конъюгирленген гипербилирубинемия
@ бауырдың майлы дистрофиясы
@ созылмалы персистерлеуші гепатит
~55-жастағы науқаста бірнеше айлар бойы бауырының ұлғаюын тапқан. (4 см шығыңқы). Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, бірақ кезеңді түрде артралгиялар байқалады. ЖҚА, трансаминазалардың белсенділігі қалыпты.Бауыр биопсиясында: бауыр бөліктерінің лимфоидты инфильтрациясы, бөліктік құрылымының бұзылысы, некроз аймақтары. Келтірілген мәліметтерге қарап қойылатын болжам диагноз:
@ созылмалы аутоиммунды активті гепатит
@ бауыр циррозы
@ гемохроматоз
@ алкогольды емес майлы стеатогепатоз
@ созылмалы холестатикалық гепатит
~Ер адам Г, 24 жаста, көп жылдан бері кезеңді түрде пайда болатын жайылмайтын ішінің ауруына және жүрек айнуына, антацидті қабылдағанан кейін азаюына шағымданады. Макроскопиялық эндоскопияда: асқазанның шығар бөлігінің кілегей қабаты гиперемияланған, ісінген, эндоскоппен тигенде аздап қанайды; микроскопиялық – арнамалы қабыну белгісі. Науқаста болуы мүмкін:
@ гастриттің В түрі
@ жаралы емес диспепсия
@ Крон ауруы
@ ойық жарасыз диспепсия
@ пернициозды анемия
~35 жастағы науқаста 4 жыл бойы кезеңді түрде сұйық немесе қою тамақ қабылдағаннан кейін семсер тәрізді өсінді аймағында қысым сезімі пайда болады, ол бірнеше минуттан кейін өздігінен немесе терең демалғаннан кейін жойылады. Соңғы айларда көрсетілген шағымдар жиі қайталана бастаған. Дәрігерге қаралған. Өңештің контрасты ренгеноскопиясында оның дистальды бөлігінің симметриялық тарылуы анықталды («тышқан құйрығы» симптомы), нитроглицерин тесті оң мәнді. Сіздің диагнозыңыз:
@ өңештің идиопатиялық ахалазиясы
@ өңештің қатерлі ісігі
@ өңештің диафрагма үстілік дивертикуласы
@ Пламмер-Винсон синдромы
@ жүйелі склеродермия
~ Науқас О. 25 жаста, 5 жыл бойы жара ауруымен ауырады. Соңғы 2 аптада эпигастрий аймағында «аш қарынға» ауырғандық мазалады. Жақында ауырғандығы жойылды, бірақ баспалдақпен 2 қатар көтерілгенде әлсіздік, бас айналу, ентігу пайда болады. Об-ті: кілегей қабаты және тері жамылғысы бозғылт, пульсі 110 рет минутына, АҚҚ 96/60 мм. сын.бағ. Іші жұмсақ, пилородуоденальды аймақта аздаған ауырсыну анықталады. Дәрігердің шешім:
@ оталау бөліміне науқасты жедел жатқызу
@ терапия бөліміне жедел жатқызу
@ күнделікті үйіне барып қарау, стандартты жараға қарсы емді тағайындау
@ емханалық жағдайда тексерілуге жолдама беру
@ емханаға гастроэнтерологтың кеңесіне жолдама беру
~45 жастағы ер адам, соңғы жылда кезеңді түрде өңештен қою тамақтың өтуінің қиындағанына шағымданады, су ішкеннен кейін басылады . Сонымен қатар ауыз қусында бір күн бұрын жеген тамақ қалдықтары «пайда болатынын» байқаған . Дене салмағы қалыпты. Туысқандары науқастың аузынан жағымсыз иістің шығатынын айтады. Мүмкін болатын диагноз:
@ өңештің дивертикуласы
@ асқазанның кірер бөлігінің органикалық обструкциясы
@ гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы
@ өңештің идиопатиялық ахалазиясы
@ склеродермия
~ 48 жастағы гиперстеникалық науқаста ксантомалар, орташа сарғаю және гепатомегалия анықталған. Қанда: диглюкуронидтің нәтижесінде холестерин, фосфолипидтер, β-липопротеидтің, сілтілі фосфатазаның, билирубиннің деңгейі жоғарылаған, сонымен қатар антимитохондриальды антидененің жоғары титрі анықталды. Науқаста сарғаюдың негізгі механизмі:
@ бауыр ішілік холестаз
@ гепатоциттердің микросомальды бұзылуы
@ бауырда тыс холестаз
@ эритроциттердің гемолизі
@ бауыр ішілік цитолиз
~65-жастағы ер адамды 18 жыл бойы тұрақты қыжылдау мазалайды. Тұрақсыз түрде емделген, соңғы жарты жылда қыжылдау азайған, бірақ алма жегеннен кейінгі төс артындағы жағымсыз белгі (дискомфорт) бірнеше рет кайталанған. Эндоскопияда, макроскопиялық: өңештің дистальды бөлігінде анық шекарасы бар гиперемия бөліктері; микроскопиялық: (жаралы) эрозияланған көп қабатты жалпақ эпителий және цилиндрлік бөліктер анықталды. Ең дұрыс ем ретінде ұсынған жөн:
@ тұрақты күшті антисекреторлы терапия, 6 айдан кейін қайта эндоскопия жасап биопсия алу
@ тұрақты күшті антисекреторлы терапия, егер төс артындағы дискомфорт тұрақты қайталанатын болса ғана қайта эндоскопия жасап биопсия алу
@ өңештің дистальды бөлігінің резекциясы
@ өңештің баллонды дилатациясы
@ жастығын биіктетіп жату, антисекреторлы препараттарды қабылдау
~Ішімдікті тоқтатқан жағдайда да микронодулярлы бауыр циррозының ең жиі асқынуы:
@ гепатоцеллюлярлы карцинома
@ гепатоцеллюлярлы аденома
@ холелитиаз
@ ошақтық нодулярлы гиперплазия
@ холангиокарцинома
~ Ер адам Г, 45 жаста инсоляция жоқ кезде де тері жамылғысының қола түсті болуына шағымданады. Тексеру кезінде тығыздалған бауыр мен талақ пальпацияланады, гипергликемия, ЭКГ да - аритмия анықталды. Мүмкін болатын диагноз:
@ гемохроматоз
@ Жильбер синдромы
@ Бадда-Киари синдромы
@ Вилсон ауруы
@ созылмалы алкоголизм
~ 60 жастағы ер адамды екі күннен бері ұстама тәрізді үдемелі айқын локализациясы жоқ ішіндегі ауырсыну, үлкен дәретінің бес күннен бері болмауы, қайталамалы жүрек айну мазалайды. Тексеру кезінде ішінің кебуі, алыстан естілетін ішек перистальтикасының дыбысы естіледі. Пальпацияда іші ауырсынусыз, ал тік ішекті қарағанда тік ішек ампуласы бос. Ең алдымен жүргізілетін қажетті зерттеу:
@ іш қуысы мүшелерінің жатқан және тұрған қалпындағы шолу рентгенографиясы
@ асқорыту жолының жоғарғы бөлімінің контрасты рентгенографиясы
@ іш қуысы мүшелерінің компьютерлік томографиясы
@ асқорыту жолының жоғарғы бөлімінің эндоскопиясы
@ іш қуысы мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі
~ 68 жастағы әйел бір жыл бойы мазалайтын, көп мөлшерде майлы тағам қабылдағаннан кейін өршитін кезеңді түрдегі ішінің шаншу тәрізді ауыруына шағымданады. Ауырсыну өздігімен немесе спазмолитик қабылдағаннан кейін 10-30 минут өткен соң басылады. Ең алдымен жүргізілетін қажетті зерттеу:
@ іш қуысы мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі
@ асқорыту жолының жоғарғы бөлімінің контрасты рентгенографиясы
@ асқорыту жолының жоғарғы бөлімінің эндоскопиясы
@ іш қуысы мүшелерінің компьютерлік томографиясы
@ іш қуысы мүшелерінің жатқан және тұрған қалпындағы шолу рентгенографиясы
~58 жастағы ер адамда екі айдан бері конъюгирленген билирубині басым сарғаю бар, дене салмағы үдемелі төмендеген. Іш қуысына ультрадыбыстық зерттеу жүргізілген кезде ұйқыбезі басының 5 см дейін және жалпы өт өзегінің кеңеюін анықтады. Анықталған өзгерістер дәлелдейтін зерттеу:
@ іш қуысы мүшелерінің компьютерлік томографиясы
@ іш қуысы мүшелерінің жатқан және тұрған қалпындағы шолу рентгенографиясы
@ асқорыту жолының жоғарғы бөлімінің контрасты рентгенографиясы
@ асқорыту жолының жоғарғы бөлімінің эндоскопиясы
@ іш қуысы мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі
~38 жастағы Э. әйелде ішінің жоғарғы бөлімінде кенеттен ауырсыну пайда болды, ал бірнеше сағаттан соң сарғаю қосылған. Пальпацияда өт қапшығы анықталмайды. Тексеруде тура фракциясы басым гипербилирубинемия, УДЗ: өт қапшығы қуысында тастар (конкременттер) және жалпы өт өзегінің кеңеюі анықталады. Клиникалық хаттамаға сәйкес осы жағдайдың себебін дәл анықтайтын әдіс:
@ эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография
@ ауыз арқылы холецистография
@ ЯМР-томография
@ лапароскопия
@ билиарлы радиоизотопты гепатография
~ Қабылдау бөліміне 53 жастағы М. ер адам жедел ауқымды тік ішектен қан кетумен келіп түсті. Үш апта бұрын жүргізілген ирригографияда тоқ ішектің органикалық өзгерістері анықталған жоқ. Назогастральды зонд арқылы аспирациялық құрамында қаны жоқ сары- жасыл сұйықтық алынды. Ең маңызды зерттеу әдісі:
@ мезентериальды ангиография
@ асқорыту жолының жоғарғы бөлімінің эндоскопиясы
@ іш қуысы мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі
@ өңештік манометрия
@ Іш қуысы мүшелерінің компьютерлік томографиясы
~65 жастағы әйел С, ұзақ уақыт шарап өндірісінде жұмыс жасаған, 4 ай бұрын сауығу фонында іш көлемі ұлғайған. Ультрадыбыстық зерттеуде іш қуысында бос сұйықтық анықталды, ол спиронолактон мен фуросемид қабылдағаннан кейін азайған. Диагностикалық мақсатпен парацентез жасалынып, көп мөлшерде нейтрофильдер бар асциттік сұйықтық алынды. Бұл жағдайдың мүмкін себебі:
@ спонтандық бактериалдық перитонитпен асқынған бауыр циррозы
@ бауырдың біріншілік қатерлі ісігі
@ жыныс мүшелердің қатерлі ісігі
@ бактериальды емес перитонитпен асқынған созылмалы панкреатит
@ іркілісті жүрек жетіспеушілігі
~ Науқасты оң жақ қабырға астында ауырлық сезімі, шаршағыштық мазалайды. Тексерілу кезінде – гепатомегалия (+5см). Бауыр пункциясында: гепатоциттердің майлы дистрофиясы, гиперплазия ошақтары, дәнекер тінінің өсуі, кейбір бөліктерінің құрылымының жоғалуы (исчезновение балочной структуры), оның эксцентрлі орналасуы немесе орталық бөліктік венаның болмауы. Мүмкін болатын диагноз:
@ бауыр циррозы
@ созылмалы криптогенді гепатит
@ алкоголды емес стеатогепатит
@ бауырдың қатерлі ісігі
@ гемохроматоз
~ Ер адам Б. 26 жыл бойы сол жақ ішінің бөлігінде кезеңді түрде ауырғандық мазалайды, диарея күніне 5 рет, көбіне түнгі мезгілде. Нәжісі кілегейлі, қанды. Обьективті: t - 37,6С. Іші жұмсақ, сол жақ бөлігінде тоқ ішек бойында ауырсынады. Ирригоскопияда: тоқ ішектің дистальды бөлігінде: гаустрлар жоқ, «екі жақты контур» симптомы анықталады. Сіздің диагнозыңыз:
@ бейарнамалы жаралы колит
@ ішектің туберкулезі
@ амебалық дизентерия
@ гранулематозды энтероколит
@ тітіркенген ішек синдромы
~ Науқас П. 45 жаста оң жақ қабырға астының тұрақты ауырсынуына, ішінің ұлғаюына, аяғының ісінуіне, жалпы әлсіздікке шағымданады. 6 жылдан бері ауырады. Темекі көп шегеді, 15 жыл ішімдік қолданған. Об-ті: склерасы қызарған( субъиктериялық ), кеудесінің терісінде телеангиоэктазия, бауыры қабырға доғасынан 2 см-ге шығыңқы, шеті үшкірленген, тығыз, талақ қабырға доғасынан 3-4 см-ге шығыңқы. Іш көлемі ұлғайған, горизонтальды жағдайда тегістеледі. Жоғырыда келтірілген жағдай науқаста … дамығанын көрсетеді.
@ порталды гипертензияның
@ бауырлық энцефалопатияның
@ бауыр циррозынан қатерлі ісіктің
@ бауырлық-бүйректік жетіспеушілігі
@ жүрек жетіспеушілігі
~ 26-жастағы ер адамда кезеңді түрде эпигастрий аймағындағы тұйық ауырсыну, тамақ қабылдағаннан кейін ішінде ауырлық және тез тойып қалу сезімі пайда болады, аздаған жүрек айнумен жүреді. Жоғарыда келтірілген шағымдар шамамен бір сағатқа созылады, сосын жайлап жойылады. Эндоскопиялық зерттеуде оқшауланған антральды Helicobacter pylori-ассоциирленген гастрит айқын қабынумен және орташа дәрежеде Helicobacter pylori-дің өсімінің болуы, эпителийдің метаплазиясы және атрофия белгісі жоқ, антральды бөлігінің көп нүктелі жарасы анықталды. Бұл жағдайда аурудың клиникалық көрінісі аз дәрежеде анықталады:
@ аурудың этиологиясымен
@ асқазан кілегей қабатында қабыну ошағының біріншілік орналасуымен
@ асқазан кілегей қабатында қабыну өзгерістерінің таралуымен
@ асқазан кілегей қабатындағы қабыну үрдісінің белсенділігімен
@ асқазан антральды бөлімінде эрозиялардың болуымен
~ Науқас А., 45 жаста, жалпы әлсіздікке, жүрек айнуға, тәбетінің төмендеуі, бауыр аймағындағы сыздап ауырғандыққа шағымданады. 2жыл көлемінде ауырады. Ішімдік және майлы тамақ қабылдағаннан кейін жағдайы нашарлаған. Склерасы, тері жамылғысы мен кілегей қабаттары сарғыш, нәжісі ақ түсті, зәрі «сыра түсті». Пульсі – 72 рет мин., жүрек пен өкпесі қалыпты. Іші жұмсақ, пальпацияда оң жақ қабырға доғасы астында ауырсынады, бауыры қабырға асты доғасынан 5 см шығыңқы, шеті дөңестенген. Курлов бойынша бауыр өлшемі 15х20х18 см. Көкбауыры ұлғаймаған. Науқаста табылатын биохимиялық өзгерістер:
@ конъюгирленген гипербилирубинемия, АЛТ, АСТ жоғарылауы
@ коньюгирленген емес гипербилирубинемия, ГГТП жоғарылауы
@ конъюгирленген гипербилирубинемия, гиперамилаземия
@ сілтілі фосфатазаның, холестериннің жоғарылауы
@ сілтілі фосфатазаның және ГГТП жоғарылауы
~ Науқас Э, 36 жаста, тамақ ішкен соң 2-2,5 сағ. кейін пайда болатын эпигастрий аймағындағы ауру сезіміне, жүрек айнуына шағымданады. 6 айға жуық ауырады, 4 кг-ға арықтаған. Обьективті: шеткі лимфа түйіндері үлкеймеген. Ішін пальпациялағанда эпигастралды аймақта ауру сезімі бар. Қанда: эр- 3,8 млн., Нв.-110г\л, ТК-0,8, лейк-8,2 мың, ЭТЖ-18 мм\сағ. Рентгенде: антральді бөлігінің ортаңғы жағында дұрыс емес пішінді депо. Қажет зерттеу әдісі:
@ ЭФГДС биопсиямен
@ асқазан сөлін фракционды зерттеу
@ гастрография
@ асқазан сөлінде сүт қышқылын зерттеу
@ ирригоскопия
~ Науқас А. 32 жаста, оң жақ эпигастрий аймағында сол жақ кеудесіне таралатын қарқынды ауырсыну сезіміне, жүрек айну, қыжыл, көп ретті қүсуға шағымданады. Объективті: терісі бозғылт, тілі сұр жабындымен жабылған. Іштің пальпациясы кезінде оң жақ эпигастрий аймағында ауырсыну сезімі, Анамнезінде қышқылдығы жоғары гастрит. Қанда гемоглабин 107г/л, ЭТЖ-8 мм/сағ. Сіздің болжам диагнозыңыз:
@ асқазанның пилорикалық бөлігінің жарасы
@ өт тас ауруы
@ асқазанның қатерлі ісігі
@ панкреатит
@ жедел аппендицит
~ Протонды помпаның ингибиторы:
1 лансапразол
2 рабепразол
3 омепразол
4 домперидон
5 фуразолидон
@ 1,2,3
@ 1,4,5
@ 1,2,4
@ 1,2,5
@ 2,4,5
~ Созылмалы панкреатит патогенезінде роль атқарады:
1. панкреатит ферменттерінің белсенділенуі
2. аутоиммунды бұзылыс
3. паренхиманың қабынуы
4. қантамырлар спазмы
5. іштегі қан айналым қысымының жоғарылауы
@ 1,3,5
@ 2,4
@ 1,5
@ 1,2,5
@ 2,3,4
~ Гастроэзофагеалды рефлюксті ауруынының симптомдары:
1.күйдіру
2.кекіру
3.дисфагия
4.одинофагия
5.ықылық тию
@ 1,2,3,4
@ 1,4,5
@ 1,2,4
@ 1,2,5
@ 3,2,4,5

~ Науқас К. 32 жаста, оң жақ эпигастрий аймағында сол жақ кеудесіне таралатын қарқынды ауырсыну сезіміне, жүрек айну, қыжыл, көп ретті қүсуға шағымданады. Объективті: терісі бозғылт, тілі сұр жабындымен жабылған. Іштің пальпациясы кезінде оң жақ эпигастрий аймағында ауырсыну сезімі, Анамнезінде қышқылдығы жоғары гастрит. Қанда гемоглабин 107г/л, ЭТЖ-8 мм/сағ. Диагнозды анықтау үшін жүргізілетін тексеру:


@ көздемелі биопсиямен ФЭГДС
@ 24-сағаттық рН-метрия
@ асқазан қышқылдығын анықтау
@ асқазандық манометрия
@ баримен ренгеноскопия
~ Науқас А. 25жаста, оң жақ эпигастрий аймағында ауырсыну сезіміне, жүрек айну, қыжыл, құсуға шағымданады. Объективті: терісі бозғылт, тілі ақ жабындымен жабылған. Іштің пальпациясы кезінде оң жақ эпигастрий аймағында ауырсыну сезімі. Анамнезінде қышқылдығы жоғары гастрит. Қанда гемоглабин 107г/л, ЭТЖ-8 мм/сағ. Клиникалық хаттамаға сәйкес емдеу тактикаңыз:
@ антисекреторлық препараттар
@ ферменттік препараттар
@ антибиотиктер
@ гастропротекторлар
@ табиғи асқазан сөлі
~ Науқас В., 47 жаста, оң жақ қабырға астының ауыруына, әлсіздікке, тэбетінің жоғалуына, ішінің үлкеюіне шағымданады. Бір ай бұрын ауру сезімі пайда болып іші үлкейген. Анамнезінде вирусты гепатит В. Объективті: жүдеу, склерасы субиктериялы, пальмарлы эритема, телеангиоэктазия, қызыл иектің қанағыштығы, асцит. Қан талдауында билирубин 45,8 ммоль/л, тікелей билирубин 25 ммоль/л, АЛТ 3,98 ммоль/л, АСТ 2,89 ммоль/л, тимол сынамасы 12Б. Сіздің диагнозыңыз:
@ вирусты этиологиялық циррозы
@ вирусты гепатит
@ созылмалы гепатит
@ бауыр эхинококозы
@ бауырдың қатерлі ісігі
~ Ойық жараның асқынуы:
1. қан ағу
2. пенетрация
3. перфорация
4. склероз
5. реактивті панкреатит
@ 1,2,3,5
@ 1,3,4
@ 2,4,5
@ 1,2,4
@ 2,3,4,5
~ Созылмалы панкреатиттің өршуінің клиникалық белгілері:
1. жүрек айну
2. сол қабырға астының ауырсынуы
3.кофе қоюы сияқты құсу
4.мелена
5.нәжістің майланып жылтырауы
@ 1,2,5
@ 1,4,5
@ 1,2,4
@ 2,3,5
@ 2,4,5
~ Бауыр циррозына тән белгілер:
1.терінің қышынуы
2.дене қызуының көтерілуі
3.геморроидалдық веналардың кеңеюі
4.ер кісілерде гинекомастия
5.сол қабырға астының ауырсынуы
@ 1,3,4
@ 1,4,5
@ 1,2,4
@ 1,2,5
@ 2,4,5
~ Клиникалық хаттамаға сәйкес ойық жараның тікелей рентгенологиялық белгілері:
@ «ниша» анықталуы
@ баридің іркілуі
@ мүшенің деформациясы
@ дуоденогастралдық рефлюкс
@ қатпарларының болмауы
~Науқас А., 36 жаста тамақтанудан соң 2-2,5 сағ өткеннен кейінгі ұйқы безі аймағының ауырсынуына, журек айнуға шағымданып түсті. Ауырғанына 6 ай болған, осы уақыт аралығында 4 кг азған. Объективті: жергілікті лимфа түйіндері ұлғаймаған. Іш аймағын пальпациялағанда эпигастральді аймақтың ауырсынуы. Қанда: эр-3,8млн. Нв-110 г/л ЦП-0,8 лейк-8,2мың. СОЭ-18 мм/сағ. Рентгенологиялық: ортаңғы үшінші антральді бөліктің кіші илімінің дұрыс емес формасы. Сіздің диагнозыныз:
@асқазан ойық жарасы
@асқазанның антральді бөлігінің полипі
@гастрит В типі, асқыну фазасы
@асқазан рагі
@Мэллори-Вейса синдромы
~Бауыр циррозының инструментальді диагностикасы:
1. Бауырды ультрадыбыстық зерттеу
2. ретроградты холангиография
3. бауырдың пункциялық биопсиясы
4. бауыр тамырларының ангиографиясы
5. фиброэзофагогастродуоденоскопия
@1, 3, 5
@2, 4, 5
@3, 4, 5
@2, 3
@1, 2
Науқас Э., 36 жаста тамақтанудан соң 2-2,5 сағ өткеннен кейінгі ұйқы безі аймағының ауырсынуына, журек айнуға шағымданып түсті. Ауырғанына 6 ай болған, осы уақыт аралығында 4 кг азған. Объективті: жергілікті лимфа түйіндері ұлғаймаған. Іш аймағын пальпациялағанда эпигастральді аймақтың ауырсынуы. Қанда: эр-3,8млн. Нв-110 г/л ЦП-0,8 лейк-8,2мың. СОЭ-18 мм/сағ. Рентгенологиялық: ортаңғы үшінші антральді бөліктің кіші илімінің дұрыс емес формасы. Клиникалық хаттамаға сәйкес керекті зерттеу:
@ ЭФГДС биопсиямен
@ асқазан сөлін фракционды зерттеу
@ гастрография
@ асқазан сөлінде сүт қыщқылының болуы
@ ирригоскопия
~ Созылмалы гастритте асқазан сөлінің жетіспеушілік белгілері:
1.тәбетінің төмендеуі
2.тамақтан соң жүрек айну
3.аш қарынға жүрек айну
4.ішкен тамақпен кекіру
5.қыжыл
@ 1,2,4
@ 1,3,5
@ 1,2,4,5
@ 2,3,4,5
@ 2,4,5
~ Ф. деген 48 жастағы науқас оң қолға берілетін оң қабырға астындағы ауыру сезімі, өт қоспасымен құсыққа шағымданып түсті. Ауырғанына-18 жыл. Об-ті: тамақтануы жоғары, көзінің ақ қабығы сарғыш, оң қабырға астында ауыру сезімі, бауыры ұлғаймаған, Ортнер симптомы оң. Қанында: лейк-12 мың, ЭТЖ-33 мм/сағ. Өтті барлық үш порцияда зерттеуде-кілегей, лейкоциттер, IV порцияда-лямблиялар. Тағайындалатын препарат:
@ фуразолидон
@ аллохол
@ лиебил
@ атропин тері астына
@ эритромицин
~Науқас П., 20 жаста шағымдары: тамақ қабылдауға байланыссыз оң жақ мықын аймағының ауырсынуы, күніне 4-5 рет сұйық шырышсыз қансыз үлкен дәрет , әлсіздік, температураның 37,8гр дейін жоғарылауы. 8 кг азған. Обьективті: іші жұмсақ, мықын аймағындағы ауырсыну. Қанда: Нв-96 г/л, лейк.- 7,9 мың., СОЭ - 36 мм/сағ. жалпы белок- 68 г/л. Емдеу тактикасына қосу керек:
@ преднизолон
@ гидролизат казеина
@ эритромицин бұлшықетке
@ бисептол
@ невиграмон
~Колиттің симптомокомплексіне кіреді:
1.сол жақ мықын аймағындағы ұстамалы ауырсыну
2. кіндік айналасы және оң жақ мықын аймағының ұстамалы ауырсынуы
3. тенезмдер
4. үлкен дәретсіз щырышты дәрет
5. тоқтаусыз сұйық дәрет
@ 1,3,4
@ 2,3,5
@ 2,3,4
@ 1,3,5
@ 2,4
~Жіті вирусты гепатит ке тән лабораторлы анализ озгерістері:
1. лейкоцитоз
2. лейкопения
3. нейтрофиллез
4. салыстырмалы лимфомоноцитоз
5.төмен СОЭ
@ 2,4,5
@ 1,2,5
@ 2,4
@ 1,4,5
@ 2,3,5
~Науқас Л., 50 жаста оң қабырға асты аймағының ауырсынуына, оң жақ жауырынға таралуына шағымданады. Қарағанда: нәрлі тамақтанудың жоғарылауы, склерасы субиктериялық. Іші жұмсақ, Мерфи, Ортнер симптомдары оң. Қанда: лейк-9,5 мың, СОЭ-28 мм/сағ, билирубин 28 мкмоль/л. Өтте (порция В) шырыш қалдықтары, көп лейкоциттер, май қышқылдарының кристалдары. Сіздің диагнозыныз:
@ созылмалы калькулезді емес холецистит
@ созылмалы холангит
@ созылмалы калькулезді холецистит
@ жіті холангит
@ 12-ішектің жара ауруы
~ Созылмалы панкреатиттің ішкі секрециясының бұзылысы синдромына кіреді:
1.ауырсыну
2.стеаторея, креаторея
3.жіті фазаның көрсеткіштерінің жоғарылауы
4.ішек диспипсиясының симптомдары
5.дене салмағының төмендеуі
@ 2, 4, 5
@1, 3, 5
@2, 3, 4
@3, 4, 5
@4, 5
~ Науқас К., 36 жаста, нэжісінің қан аралас сүйық болуына, салмағының төмендеуіне, температурасының жоғары болуына шағымданады. 2 жыл бойы ауырған. Қанда лейк-8,8 мың, ЭТЖ-35 мм/сағ. Ректоромоноскапияда: тоқ ішектің кілегей қабаты ісінген, қатпарлары қалыңдаған, жараланған. Ренгенде: ішек қуысының тарылуы, «шнур» симптомы анықталған. Сіздің диагнозыңыз:
@ Крон ауруы
@ бактериалды дизентерия
@ созылмалы энтерит
@ созылмалы колит
@ иерсиниоз
~ Гипербилирубинемия неғұрлым тән:
@ созылмалы панкреатиттің псевдотуморозды түріне
@ созылмалы панкреатиттің ауырсыну түріне
@ созылмалы панкреатиттің латентті түріне
@ созылмалы панкреатиттің склероздаушы түріне
@ созылмалы панкреатиттің рецидивтік түріне
~ 40 жастағы Д. науқас әйел тамақтан кейін пайда болатын, жатқанда күшейетін төс артындағы ауырсынуға; қыжылдауға, қышқылмен және ішкен тамақпен құсуға шағымданады. рН-метрияда гиперсекреция анықталады. Рентгенде: өңеш өтпелі, асқазанның кардия бөлігінің артқы көкірек қуысына шығуы және контрастық заттың асқазаннан өңешке өтуі байқалады. Мүмкін диагноз:
@ диафрагманың өңештік тесігінің жарығы
@ өңештің обыры
@ кардия ахалазиясы
@ өңештің дивертикулы
@ өңештің пептикалық жарасы
~ 45 жастағы науқас ұзақ уақыт гастроэзофагеалды-рефлюкстік аурумен ауырады, соған байланысты протон помпаларының ингибиторын үнемі қабылдайды. Соңғы 2 аптада тәулігіне 2-3 ретке дейін сұйық, көбікті нәжістің, іште шұрылдау сезімінің пайда болғанын айтады. Емдік ашығу мен левомицетин қабылдау әсер бермеген. Диагнозды дәлелдеудің неғұрлым деректі тәсілі:
@ нәжісті бактерияға зерттеу
@ копрограмма
@ колоноскопия
@ ирригоскопия
@ нәжісті жасырын қанға зерттеу
~ 19 жастағы Д. науқас ұн мен жарма тағамдарынан кейін сұрғылт түсті ботқа тәрізді жиі (күніне 8 ретке дейін) нәжіске; әлсіздікке, жүдеуге шағымданады. Объективті: шашының түсуі, тырнақтың қатпарлануы мен сынғыштығы, сүйектердің ауырсынуы, полигиповитаминоз белгілері. Диагнозды дәлелдеуде деректі тәсіл:
@ d-ксилозамен сынама
@ глюкозотолеранттық тест
@ ацидотест
@ нәжісті бактериологиялық зерттеу
@ Helicobacter pylori анықтау
~ 35 жастағы науқас оң қабырға астындағы ауырлыққа, нәжістің тұрақсыздығына, жүрек айнуына, әлсіздікке шағымданады. Объективті: конъюнктивалары субиктерлі; бауыры қабырға доғасынан 2 см шығып тұр, шеті доғалданған, консистенциясы жұмсақ-эластикалық, пальпацияда сезімтал. Көк бауыры пальпацияланбайды, перкуторлық өлшемі 6 х 4 см. Анализдерінде: ЭТЖ-21 мм/сағ, жалпы билирубин 58,8 ммоль/л тікелей билирубин 42,4 ммоль/л, тимол сынамасы – 8 бірлік, АЛТ- 1,64 ммоль/л, АСТ-1,2 ммоль/л. Иммуноферменттік анализ: IgM, HBcorAg анықталған. Гепатиттің ауырлық дәрежесінің мүмкін көрсеткіші:
@ трансаминазалар деңгейі
@ бауыр мен көк бауырдың өлшемдері
@ жалпы билирубиннің деңгейі
@ тікелей билирубиннің деңгейі
@ IgM, HBcorAg болуы
~ 32 жастағы К науқас іштің оң жақ жартысының сыздап ауырсынуына, тәулігіне 5-6 ретке дейін сұйық нәжіске, соңғы жарты жылда 4 кг салмақ жоғалтуына, ірі буындардағы ауырсынуға, дене қызуының 37,2С дейін көтерілуіне шағымданады. Бірнеше рет жедел аппендицит күдіктелініп хирургиялық бөлімшеге жатқызылған, бірақ диагноз дәлелденбеген. Тексергенде: іші жұмсақ, оң мықын аймағында ауырсынады, Щеткин-Блюмберг симптомы теріс. Колоноскопияда: илеоцекалдық аймақта афтылар анықталды. Тоқ ішек шырышты қабатының биопсиясы: гранулематоздық қабыну. Мүмкін диагноз:
@ Крон ауруы
@ ащы ішектің лимфомасы
@ спецификалық емес жаралы колит
@ целиакия
@ Уиппл ауруы
~ 29 жастағы науқас әйел майлы тамақтан кейін оң қабырға астындағы толғақ тәрізді ауырсынуға, кезеңді – іштің кебуіне, үлкен дәреттің тұрақсыздығына шағымданады. Фракциялық дуоденалды зондтаудың нәтижелері: ІІ фракция ұзақтығы - 6,5 мин, ІІІ фракция - 4,5 мин, IV фракция- 40 мин. Өт қабын УД зерттеу: өт қабының өлшемі 9х7 см, қабырғасының қалыңдығы 3,5 см. Өт қабының дискинезиясының типі:
@ гиперкинетикалық
@ гипокинетикалық
@ гипертониялық
@ гипотониялық
@ норматониялық
~ 45 жастағы Н. науқас әйелді 10 жыл бойы жұтынудың, әсіресе қатты тағамды жұтудың, кезеңді қиындауы мазалайды, жұтуды жеңілдету үшін тамақтану кезінде артқа шалқаюға мәжбүр; құсу; физикалық күштемемен байланысы жоқ төс артындағы ауырсыну. Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Неғұрлым тиімді тактика:
@ нифедипин
@ метоклопрамид
@ лактулоза
@ домперидон
@ цизаприд
~ Науқас В, екі жақты аднекситке байланысты 24 күн бойы көлемді антибактериялық терапия қабылдаған 28 жастағы науқас әйелде кенеттен іштің төменгі және бүйір бөліктерінде толғақ тәрізді ауырсыну, тәулігіне 6 ретке дейін су тәрізді нәжіс, дене қызуының 38одейін көтерілуі пайда болды. Зерттегенде: іші жұмсақ, пальпацияда тоқ ішек бойында ауырсыну. Анализінде: Нв 124 г/л, лейкоциттер 12 мың, лейкоцитарлық формуланың таяқшаядролық ығысуы 12% дейін, ЭТЖ 35 мм/сағ. Клиникалық хаттамаға сәйкес тиімді тактика:
@ ванкомицин + метронидазол + бацитрацин
@ метронидазол + амикацин + бактисубтил
@ бацитрацин + пефлоксацин + бифиформ
@ левомицетин + гентамицин + платифиллин
@ цефтриаксон + цизаприд + линекс
~ 72 жастағы Т. науқас әйелді эпигастрий аймағында керіп ауырсыну, тамақтан кейін толып тұру сезімі; шіріген иіспен кекіру; метеоризм; іш өтумен кезектесетін іш қату мазалайды. Объективті: төмен нәрлі; терісі бозғылт әрі құрғақ, тырнақтары сынғыш, ангулярлық стоматит белгілері. Неғұрлым тиімді емдеу тактикасы:
@ табиғи асқазан сөлі + панзинорм + мильгамма
@ сорбифер + алмагель + гепабене
@ фамотидин + панзинорм + но-шпа
@ цизаприд + алмагель + мезим-форте
@ домперидон + креон + бифидумбактерин
~ 53 жастағы науқас В. эпигастрий аймағындағы және оң қабырға астындағы тұйық ауырсынуға, ішінің ұлғаюына, ентігуге, іш қатуға бейімділікке, жалпы әлсіздікке, ұйқысының қашуына шағымданады. Бір апта бұрын кофе қоюы тәрізді құсу болған. Қарағанда склерасы субиктерлі; теріде – арқасында тамыр жұлдызшалары; тілі ылғалды, ашық-қызыл түсті; пальмарлық эритема. Іші үлкейген. Айқын гепатоспленомегалия. Неғұрлым тиімді емдеу тактикасы:
@ верошпирон + гептрал + лактулоза
@ линекс + цизаприд + никотин қышқылы
@ мильгамма + интерферон индукторлары + креон
@ гептрал + лазикс + домперидон
@ интерферон + эссенциале + цианокобаламин
~ 38 жастағы науқас оң қабырға астындағы ауырлық сезіміне, мұрыннан қан кетулерге, әлсіздікке, ұйқысының қашуына шағымданады. Объективті: көрінетін шырышты қабаттары субиктерлі; бауыры қабырға доғасынан 2 см шығып тұр, шеті доғалданған, консистенциясы жұмсақ-эластикалық, пальпацияда сезімтал. Анализінде: ЭТЖ-21 мм/сағ, жалпы билирубин 58,8 ммоль/л , тікелей билирубин 22,4 ммоль/л, тимол сынамасы - 12 бірлік, АЛТ- 6,4 ммоль/л, АСТ-5,9 ммоль/л. ПЦР: HBV – оң. Неғұрлым тиімді тактика:
@ пегинтерферон
@ эссенциалдық фосфолипидтер
@ гептрал
@ преднизолон
@ метотрексат
~ Маскүнемдікке салынған 52 жастағы К. ер адамда 3 жыл бойы іштің жоғарғы бөлігінде және кіндік аймағында ауырсынулар, жүрек айнуы, қуырылған тамақты көтере алмау мазалайды. Соңғы жылы диареяға байланысты 6 кг салмақ тастаған. Науқастың жағдайы диета сақтағанда және майды толық доғарғанда жақсарады. Науқасқа №5 диета, креон қабылдау ұсынылған. Креонның дозасын таңдауда неғұрлым деректі зерттеу:
@ копрограмма
@ жасырын қанға нәжісті зерттеу
@ панкреозим-секретиндік сынама
@ глюкозаға төзімділікке сынама
@ сутегілік сынама
~ Асқазан диспепсиясының жара тәрізді вариантына неғұрлым тән белгі:
@ аш қарынға және түнгі ауырсынулар
@ қыжылдау
@ жүрек айнуы
@ ерте тою сезімі
@ эпигастрий аймағында тамақтан кейін керу сезімі
~ 54 жастағы науқас Э. тамақтан кейін 40-60 минуттан соң эпигастрий аймағында басып ауырсынуға, қышқылмен, ауамен кекіруге, әлсіздікке, ашушаңдыққа шағымданады. Объективті: эпигастрийде ауырсыну анықталады. Қан анализі: Нв – 90 г/л, эритроциттер – 3,8 х 1012/л, жалпы белок – 56 г/л. Рентгенде: асқазанның үлкен иіні мен синусы аймағында алып қыртыстар, олардың привратникке қарай өтуімен. Диагнозды дәлелдеуде неғұрлым деректі тәсіл:
@ ЭФГДС межелі биопсиямен
@ қарыншаішілік манометрия
@ ирригоскопия
@ ректороманоскопия
@ колоноскопия биопсиямен
~ 39 жастағы науқас әйел іштің төменгі бөлігінде дефекациядан кейін азаятын толғақ тәрізді ауырсынуға; нәжістің тәулігіне 3-4 ретке дейін жиілеуіне, әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданады. Зерттегенде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, іші жұмсақ, іштің әсіресе сол жақ төменгі бөлігінде шамалы ауырсыну анықталады. Анализдерінде өзгерістер жоқ. Колоноскопияда тоқ ішектің органикалық өзгерістері анықталмайды. Неғұрлым мүмкін диагноз:
@ тітіркенген ішек синдромы
@ тоқ ішектің дивертикулезі
@ Гиршпрунг ауруы
@ псевдомембранозды колит
@ созылмалы дизентерия
~ 24 жастағы науқас оң қабырға астында тұйық сыздап ауырсынуға, кезеңді – іштің кебуіне, нәжістің тұрақсыздығына шағымданады. Фракциялық дуоденалды зондтау: ІІІ фракции көлемі - 2,5 мл, IV фракция көлемі - 15 мл, өттің шығу жылдамдығы - 2,2 мл/мин. Өт қабын УД зерттеу: Өт қабының өлшемі 12х7 см, қабырға жуандығы 3,5 см. Өт қабының дискинезиясының типі:
@ гипокинетикалық
@ гиперкинетикалық
@ гипертониялық
@ гипотониялық
@ норматониялық
~ 35 жастағы Ө. науқас оң жақ кеуде клеткасында күйдіру сезімімен кезектесетін кезеңді ауырсынуға; ауыздан жағымсыз иістің шығуына шағымданады. Соңғы айларда кейде дисфагия мазалайды. Пневмониямен жиі ауырады. Диагнозды дәлелдеуде неғұрлым деректі зерттеу тәсілі:
@ өңешті рентгендік зерттеу
@ электрокардиография
@ бронхоскопия
@ фиброэзофагогастродуоденоскопия
@ кеуде клеткасының рентгеноскопиясы
~ 45 жастағы К. науқас әйел оң қабырға астындағы ауырлық сезіміне, диспепсиялық бұзылыстар, әлсіздік пен жұмысқа қабілеттіліктің нашарлауы, кезеңді сарғаюға шағымданады. Соңғы кезде аяқ қолдарының треморы, сөзінің бұзылуы, бұлшық еттердің гипертонусы пайда болды. Объективті: тері жабындылары сарғыш; бауыры ұлғайған және тығыздалған; офтальмоскопияда көздің сыртқы мөлдір қабығының айналасында жасылтым сақина анықталады. Неғұрлым мүмкін диагноз:
@ Коновалов-Вильсон ауруы
@ созылмалы гепатит
@ гемохроматоз
@ бауырдың жедел дистрофиясы
@ біріншілік билиарлық цирроз
~ 32 жастағы С. науқас әйел оң қабырға астындағы ауырлық сезіміне, диспепсиялық бұзылыстарға, әлсіздік пен жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуіне, полиартралгияға, миалгияға шағымданады. Объективті: бауыры қабырға доғасынан 2,5 см шығып тұр, консистенциясы жұмсақ-эластикалық, ауырсынады; көк бауырдың өлшемі 8-6 см. Қанда: АЛТ – 1,2 ммоль/л, АСТ – 0,89 ммоль/л, тимол сынамасы – 8,5 бірлік, гамма-глобулиндер – 35%. Неғұрлым мүмкін диагноз:
@ созылмалы белсенді гепатит
@ вирусты гепатит
@ біріншілік билиарлық бауыр циррозы
@ бауырдың жедел дистрофиясы
@ гепато-лентикулярлық дегенерация
~ 47 жастағы Д. науқас бір жыл бойы ішімдік, кофе және цитрустыларды қабылдағанда пайда болатын төс артындағы қыжылдау мен ауырсынуға шағымданады. Ауырсынулар еңкейіп жұмыс істегенде күшейе түседі. Қышқылмен және ащымен кезеңді құсу мазалайды. Спазмолитиктер мен аналгетиктердің әсері жоқ. Клиникалық хаттамаға сәйкес неғұрлым тиімді тағайындау:
@ домперидон + рабепразол
@ маалокс + фамотидин
@ гастроцепин + сукральфат
@ фамотидин + висмут субцитраты
@ омепразол + метронидазол
~ 32 жастағы науқас эпигастрий аймағында тамақтан кейін 1,5 сағаттан кейін пайда болатын ауырсынуға; қышқылмен кекіруге, қыжылдауға шағымданады. ЭФГДС: асқазанның антральды бөлігінде шырышты қабат күрт қызарған, бірен–саран эрозиялар. Клиникалық хаттамаға сәйкес және Маастрихт-4 ұсыныстары бойынша неғұрлым тиімді тактика:
@ амоксицилин + кларитромицин + рабепразол
@ домперидон + алмагель + де-нол
@ маалокс + фамотидин + домперидон
@ омепразол + гастроцепин + тетрациклин
@ амоксиклав + метронидазол + висмута субцитрат
~ 56 жастағы Д. науқас әйел эпигастрий аймағында ауырсынуға, өт аралас құсуға, таңертеңгілікте ауыздағы ащы дәмге. Объективті: іші жұмсақ, эпигастрий мен оң қабырға астында ауырсынады. Оң жақ төс-бұғана-емізік тәрізді бұлшық ет аяқшаларының арасын басқанда ауырсыну анықталады. ЭФГДС: эрозивті гастрит. Клиникалық хаттамаға сәйкес тиімді емдеу тактикасы:
@ домперидон + одестон + сукральфат
@ алмагель + урсофальк + дюфалак
@ мизопростол + алмагель + омепразол
@ висмут субцитраты +маалокс + фамотидин
@ амоксицилин +кларитромицин + рабепразол
~ 25 жастағы науқас іштің оң жақ жартысында сыздап ауырсынуға, тәулігіне 6-8 ретке дейін сұйық нәжіске, соңғы екі жылда 8 кг салмақ тастауға, ірі буындардағы ауырсынуға, дене қызуының 37,2оС дейін көтерілуіне шағымданады. Жедел аппендицитке күдіктенумен бірнеше рет хирургиялық бөлімшеге жатқызылған, бірақ диагноз дәлелденбеген. Зерттегенде: екі балтырда түйінді эритема, оң мықын аймағында айқын ауырсыну, көк еттің тітіркену симптомы теріс. Клиникалық хаттамаға сәйкес неғұрлым тиімді тактика:
@ преднизолон + сульфасалазин
@ цизаприд + сульфасалазин
@ преднизолон + азатиоприн
@ дебридат + эспумизан
@ азитромицин + бускопан
~ 34 жастағы науқас оң қабырға астындағы ауырсыну мен ауырлық сезіміне, диспепсиялық бұзылыстарға, шөлдеуге және ауыздың құрғауына шағымданады. Объективті: терінің түсі сұрғылт-қою; бауыры ұлғайған, пальпацияда тығыз. Қанда: қант деңгейі жоғары. ЭКГ: өткізгіштіктің бұзылуы, вольтаждың төмендеуі, кеуде тіркемелерінде Т тісшесінің жалпақтануы. Неғұрлым тиімді тактика:
@ десферал
@ лактулоза
@ д-пеницилламин
@ преднизолон
@ азатиоприн
~ Науқас әйел 39 жаста 5 жыл бойы атрофиялық гастрит бойынша есепте тұрады. Пальпациялағанда тоқ ішек және кіндік маңайының ауырсынуы байқалады. Копрограммада: стеаторея, креаторея, амилорея, лямблия цисталары анықталған. Сiздiң диагнозыңыз:
@ созылмалы энтероколит, өршуі
@ созылмалы гастрит, өршуі
@ созылмалы энтерит, өршуі
@ созылмалы панкреатит
@ iшектiң дискинезиясы
~ Н. атты 86 жастағы науқас бел аймағына берілетін ішінің ауру сезімі, ішінің кебуі, қатуы, "қой" нәжісі сияқты беткі қабатында шырыш пен қан аралас нәжіске, әлсіздік пен арықтауға шағымданады. Анамнезінде: тоқ ішектің бөлігіндегі полиптер. Іші жұмсақ, төменгі бөлігінде ауру сезімі байқалады. Қанында: лейкоциттер - 10 мың, ЭТЖ - 52 мм/сағ. Ирригоскопия: сигма маңында 20 см қуыстың циркулярлы тарылуы, тарылу орталығында барий депосы бар. Мәліметті зерттеу әдісі:
@ нысаналы биопсиямен колоноскопия
@ ЭФГДС
@ дуоденография
@ асқазан рентгеноскопиясы
@ асқазан сөлін фракционды зерттеу
~ Науқас Г, 31 жаста. Қыжылдауға, эпигастрий аймағында тұйық, сыздап ауырсынуға, iш қатуға бейiмдiлiкке шағымданады. ФГДС: кiлегей қабатының гиперемиясы, iсiнуi, асқазанның антральды бөлiмiнде ұсақ нүктелi қан құйылулары байқалады. Сiздiң болжам диагнозыңыз:
@ созылмалы гастрит В түрі
@ созылмалы гастрит А түрі
@ асқазанның ойық-жарасы
@ созылмалы панкреатит
@ созылмалы энтероколит
~ П. атты 30 жастағы науқас, тағам қабылдағаннан 30 минуттан кейін пайда болатын эпигастрий аймағындағы ауырсынуға, қышқылды кекіруге, тәбетінің төмендеуіне, әлсіздікке шағымданады. Қан анализі: аздаған гипохромды анемия. Рентгенологиялық: асқазанның үлкен иінінде – алып қатпарлар. Клиникалық хаттамаға сәйкес тиімді препарат:
@ пантапрозол
@ метилурацилді
@ антибиотиктерді
@ ацидин–пепсинді
@ висмут дәрілерін
~ К. атты 52 жастағы науқас, сұйық және қатты тағам қабылдағанда жұтынудың қиындауына, лоқсуға, физикалық жүктемемен байланыссыз кеуде тұсындағы ауырсынуға шағымданады. Бұл белгілер көбінесе түнгі уақытта эмоционалды күштемеден кейін пайда болады. Сіздің диагнозыңыз:
@ кардия ахалазиясы
@ өңеш дискенезиясы
@ өңеш дивертикулысы
@ өңештің пептикалық жарасы
@ гастроэзофагеалды рефлюкс ауруы
~ Науқас К, 40 жаста, 3 жыл бұрын холецистэктомия болған. Шағымдары ішінің кебуіне, іш өтуіне шағымданады. Клиникалық хаттамаға сәйкес ең тиімді препарат:
@ креон
@ фестал
@ пантап
@ маалокс
@ омикап
~ 30 жастағы Ш. науқасты, бас сақинасы тәрізді бастың ауруы, тез шаршағыштық, ауа жетпеу сезімі, жүрек аймағының қағуы мазалайды. Ішінің ауруы, тәулігіне жиі 2-3 рет, аздаған көлемді сұйық нәжіс. Мәліметті зерттеу әдісі:
@ шырышты қабаттың биопсиясымен колоноскопия
@ ирригоскопия
@ ректоромоноскопия
@ құрсақ қуысы ағзаларының МРТ
@ тік ішекті саусақпен зерттеу
~ Науқас Ш, 40 жаста, аздаған сарғаюға, қызбаға, ішінің ауырсынуына шағымданады. Анамнезінде соңғы бес жылда алкоголды шамадан тыс қабылдаған. Жалпы қарағанда: асцит, гепатомегалия. Қан анализінде – аздаған анемия, АлТ аздап жоғарлаған, қан сарысуында Hbs Аg анықталды. Сіздің болжам диагнозыңыз:
@ созылмалы вирусты гепатит В дельта­ агентпен, шамалы белсенділік дәрежесімен
@ созылмалы вирусты гепатит В, Hbе Аg ­позитивті, жүйелі белгілердің пайда болуымен, шамалы белсенділік дәрежесімен
@ созылмалы алкоголды гепатит, минималды белсенділік дәрежесімен
@ созылмалы вирусты гепатит С, 3А–генотип, жоғары белсенділік дәрежесімен
@ созылмалы вирусты гепатит D, Hbv Аg­позитивті, шамалы белсенділік дәрежесімен
~ 42 жастағы С атты науқастың лабораторлы зерттеулерінде келесі өзгерістер анықталған: қанның жалпы билирубині 60 ммоль/л, Алт 120 бірлік, Аст 80 бірлік, сілтілі фосфатаза 200 бірлік, холестерин 5 ммоль/л. Дамыған жағдай:
@ бауырлық клеткалық жетіспеушілік синдром+ бауыр ішілік холестаз
@ бауыр ішілік холестаз+бауырдың мезенхимальды қабынуы
@ бауырдан тыс холестаз+ бауырлық клеткалық жетіспеушілік синдром
@ бауырлық клеткалық жетіспеушілік синдром+порталдық гипертензия
@ бауырдың мезенхимальды қабыну синдромы+ бауырдан тыс холестаз
~ Науқас П., 49 жаста, тамақ немесе алкоголь қабылдағаннан соң жарты сағаттан соң пайда болып, тек сода ішкеннен кейін басылатын асқазан тұсындағы батып ауырсыну сезімі мен шыдатпайтын қыжылға шағымданады. Ауырғанына 2 жыл болған, емделмеген. Обьективті: тілі ақ жабындымен қапталған, терең пальпацияда эпигастрии аймағының жайылмалы ауырсынуы. ЭФГДС: асқазан шырышты қабаты гиперемияланған, ісінген, антральді бөлігінде бірен-сараң қан құйылулар бар. Тиімді препарат:
@ пантапрозол, себебі, тұз қышқылы синтезін тежейді
@ фамотидин, себебі, Н2 рецепторларды тежейді
@ метронидозол, себебі, антигеликобактерлік әсері бар
@ алмагель, себебі, антацидтік әсері бар
@ метацин, себебі спазмолитикалық әсері бар
~ 47 жастағы науқас соңғы 3 жыл бойы қыжылға шағымдалған, эндоскопиялық зерттеуде өңештің дистальды бөлігіннің шырышты қабатының 50% беткейін өзара жабысқан эрозиялар анықталды. Клиникалық хаттамаға сәйкес адекватты емдеу кестесі:
@ протонды помпаның ингибиторы + прокинетиктер + мукоцитопротекторлар
@ прокинетиктер+пробиотиктер+ протонды помпаның ингибиторы
@ премедикация+ хирургиялық ем (Ниссен бойынша фундопликация)
@ Н2-гистаминоблокаторлар+антацидтер+гепатопротекторлар
@ прокинетиктер + гелдік антацидтер+полиферменттер
~ Науқас Х., 63 жаста, эпигастирийде және сол жақ қабырға астындағы ұстама тәрізді емдәмді бұзуға байланысты ауру сезіміне, жүрек айнуға шағымданады, іш қатуға бейім. 6 ай бұрын холецистэктомия жасалған. Объективті: іші жұмсақ, ауру сезімді, ұйқы безі тұсындағы нүктелерде ауырсыну. Қанда: лейкоциттер – 9,8х109/л, ЭТЖ - 22 мм/сағ. Копрограммада: нейтралды майлар +++, өсімдік клетчаткасы ++. Сіздің диагнозыңыз:
@ холециститэктомиядан кейінгі синдром, созылмалы панкреатит, өршу кезеңі
@ созылмалы билиарлы тәуелді паренхиматозды панкреатит, жиі рецидивті ауырсынатын түрі, өршуі
@ созылмалы дисметаболикалық гипретпластикалық панкреатит, латентті ағым, өршуі
@ созылмалы алкоголді индуративті панкреатит, астеноневротикалық вариант, өршуі
@ созылмалы алиментарлы обструктивті панкреатит, өршуі
~ Науқас П. 49 жаста, бір ай бойы оң жақ қабырға астындағы ауру сезімі, жалпы әлсіздік байқаған. 2 рет өңештің варикозды кеңейген веналарынан қан кеткен. Қарағанда: терісі мен склерасы сарғайған, телеангиоэктозиялар. Іші кепкен. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен, тығыз, сезімтал. Көкбауыры 6 см ұлғайған. Бұл жағдайда дамитын синдром:
@ порталды гипертензия, себебі өңеш веналарынан қан кеткен
@ холестатикалық, себебі сарғаю
@ диспепсиялық синдром, себебі метеоризм
@ гепатореналды синдром, себебі телеангиэктазия
@ гиперпластикалық, себебі бауыр және көкбауыр үлкейген
~ Р. атты науқас 40 жаста. Найзды ұзақ қабылдаған науқасты соңғы 2 айда тамақтан кейін эпигастрийдегі кесіп ауру сезімі, күйдіру, қышқыл ауамен кекіру мазалайды.
Тағайындаған дұрыс:
@ мизопростолды
@ маалоксты
@ алмагельді
@ мотилиумды
@ рабепразолды
~ Э. атты 50 жастағы науқас майлы тағам қабылдағаннан 30 мин. кейін пайда болатын эпигастрийдегі ауру сезіміне, лоқсуға шағымданады. Анамнезінде холецистэктомия. Қанында: глютаматдегидрогеназа, аминотрансфераза белсенділігі және жалпы билирубин жоғарылаған. ЭФГДС: шырышты қабаттың қызаруы мен ісінуі, дуоденальді емізікшенің 1,2 см ұлғаюы анықталады. Клиникалық хаттамаға сәйкес мәліметті зерттеу әдісі:
@ эндоскопиялық панкреатохолангиография
@ бауырды УДЗ
@ колоноскопия
@ дуоденография
@ жалпы қарау рентгенографиясы
~ Науқас Б. 28 жаста 3 апта бұрын жедел дизентериямен ауырған. Құрсақтың төменгі бөлігіндегі тамақ қабылдаған соң 6 сағаттан кейін күшейетін сыздап ауру, сүт тағамдарын қабылдағаннан кейін іш өтуге шағымданады. Колоноскопияда – эрозивті өзгерістер, атрофиялық үрдіс және шырышты қабат жұқарған және бозарған. Сіздің диагнозыңыз:
@ бейспецификалық жаралы колит
@ Крон ауруы
@ ишемиялық колит
@ псевдомембранозды колит
@ тітіркенген ішек синдромы
~ С. атты 30 жастағы науқас тамақтанып болғаннан кейін горизонтальды қалыпта күшейетін кеуде артындағы ауырсыну, қыжылдау, қышқыл және ащы ішкен тағамды құсу, өңештің ортаңғы бөлігіндегі “бөгде зат” тәрізді сезімге шағымданады. Асқазан сөлі анализінде гиперсекреция. Рентгенде өңеш өткізгіштігі калыпты, кардияның артқы ортаға шығуы және контрасты массаның асқазаннан өңешке қайта өтуі байқалады. Сіздің диагнозыңыз:
@ өңештің диафрагмалық саңылауының жарығы
@ өңештің қатерлі ісігі
@ кардия ахалазиясы
@ өңеш дивертикуласы
@ өңештің пептикалық жарасы
~ Х атты 26 жастағы ер адам соңғы екі айда салмағының 5 кг төмендегенін, терісінің сарғайғанын байқаған. 1 аптадан кейін терінің қышуы, эпигастрий аймағындағы сыздап ауырсыну қосылған. КТ-да холедохтың дистальді бөлімінде 2 см түзілім анықталған. Сіздің диагнозыңыз:
@ холангиокарцинома
@ бактериальді холангит
@ біріншілік склероздаушы холангит
@ өт қабының дискенезиясының гипомоторлық түрі
@ созылмалы калькулезды емес холециститтің өршуі
~ 18 жастағы Л деген науқаста бала кезден диарея, мальабсорбция синдромы байқалады. Кезеңді түрде аглютендік диетаны алады, нәтижесі оң. Диетаны бұзғандықтан, соңғы 6 ай бойына сұйық нәжіс жиілеп кетті. Тиімді ферментті препарат:
@ лактейд
@ ораза
@ креон
@ фестал
@ панзинорм
~ Науқас Т., 36 жаста, тамақтан соң күшейетін шаншып толғақ тәрізді ауру сезімі, 3 күн бойына іш қату, іштің керілу сезімі және нәжістің «қойдың құмалағы» тәріздес болуына шағымданып түсті. Колоноскопия жүргізгенде науқас айқын ауру сезімін сезді, сонымен қатар жуан ішектің шырышты қабатында үлкен көлемде шырыш анықталды. Сіздің диагнозыңыз:
@ тітіркенген ішек синдромы
@ Крон ауруы
@ жуан ішектің қатерлі ісігі
@ іш өтуі басым тітіркенген ішек синдромы
@ шамадан тыс микробты контаминация синдромы
~ 51 жастағы ер адам сарғаю және оң жақ қабырға астының ауырсынуымен қабылдау бөліміне жеткізілді. Анамнезінде диетаны бұзғанан кейін, оң жақ қабырға астының ауырсыну оқтын – оқтын қайталанып отарған, спазмолитиктерді қабалдағанда оң нәтиже берген. Қанның биохимиялық анализінде: АЛТ – 0,46 микрокат/л, АСТ – 0,41 микрокат/л. Қанда: HДV -РНК және Д-антигендеріне антиденелер, IgM және IgG анықталды. Созылмалы вирусты гепатиттің «Д» этиологиясын дәлелдейтін маркер:
@ РНК-HДV мен Д-антигендеріне антиденелер
@ HbsAg және IgG, НВС және Ag IgM
@ НСV-ДНК және Д-антигендеріне антиденелер
@ НВV-ДНК және Д-антигендеріне антиденелер
@ IgM және IgG-ге антигендер
~ Науқас К., 34 жаста, 2 апта бойы эпигастриядағы «түңгі» және «ашқарынды» ауырсыну шағымдарымен ауруханаға түскен. Эндоскопиялық зерттеуде: алғашқы рет анықталған, 1,2 см көлемдегі, он екі елі ішегінің алдыңғы қабырғасындағы ойық – жара. Биоптатта Helicobacter pylori анықталған. Клиникалық хаттамаға сәйкес емнің адекватты кестесі:
@ омепразол +ампициллин + кларитромицин
@ пантапразол + метронидазол + ампициллин
@ квамател + висмута субсалицилат+тетрациклин
@ фамотидин+висмута субсалицилат+ метронидазол
@ циметидин+ампициллин + кларитромицин
~ 54 жастағы науқас әйел адам ішінің жоғарғы бөлігінің ауырсынуына, жүрек айнуына, жеңілдік әкелмейтін құсуға, метеоризмге, тәуілігіне түсі майлы жылтыр 3-4 рет іш өтуіне шағымдалып ауруханаға түсті. Нәжіс анализінде- эластаза-1 – 100 мкг/г. Қан анализі өзгеріссіз. Ультрадыбысты зерттеуде: өт жолдарының тығыздалып, қалыңдауы, ішінде замазкотәріздес өт бар, ұйқы безінің паренхимасының ісінуі және диффузды өзгерістері байқалады. Осы жағдайда клиникалық хаттамаға сәйкес ең адекватты емдеу кестесі:
@ креон + омепразол+урсодезоксихол қышқылы
@ панкреатин+домперидон+холедексан
@ мезим-форте+контрикал+хофитол
@ рабепразол +урсодезоксихол қышқылы+дюфалак
@ омез+лактулоза+ципролет
~ Науқас Ж. 30 жаста, диетаны бұзуына байланысты эпигастрий аймағындағы тұйық ауырсынуға, жүрек айнуына, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Жалпы қарағанда: іші терісінде «рубинді дақтар». Мейо-Робсон, Грей-Тернер симптомдары оң. Қанда: лейкоциттер-8,2 мың, ЭТЖ-27 мм/сағ. Клиникалық хаттамаға сәйкес емдеу кестесі:
@ контролок+ креон
@ креон+одестон+ но-шпа
@ сандостатин + морфин
@ мезим-форте+ грандаксин
@ панзинорм+витаминдер
~ К. атты 45 жастағы науқас, өңештің варикозды кеңейген веналарынан қан кетумен түсті. Бір апта бұрын оң жақ қабырға астында ауру сезімі мазалап, сарғаю дамыған. Анамнезінде вирусты В гепатиті. Қарағанда терісі мен склералары сарғайған, телеангиоэктазиялар, пальмарлы эритема. Іші кепкен, асцит есебінен ұлғайған. Гепатоспленомегалия. Тиімді емдеу шаралары:
@ өңештің баллонды тампонадасы + жаңадан мұздатылған плазма
@ гептрал + эритроцитарлы масса
@ гептрал + аминокапрон қышқылы
@ эритроцитарлы масса + плазмаферез
@ вазопрессин + В, Е, А, С топтарының витаминдері
~ Өт жолының гиперкинетикалық дискинезиясының формасында емінде қолданылады:
@ спазмолитиктер
@ Н2 – гистамин блокаторы
@ сукральфат тобының препараттары
@ зондсыз тюбаж
@ хирургиялық ем
~30 жастағы науқаста қан аралас диарея, іштің ұстамалы ауырсынуы, қызба пайда болды. Проктосигмоскопияда шырыштан қан кету табылды. Клиникалық хаттамаға сәйкес тағайындау керек:
@ салофальк
@ омепразол
@ рубомицин
@ фуразолидон
@ метронидазол
~ Науқас әйел С. 56 жаста, эпигастрий және пилородуоденум аймағының ауырсынуына, запыранмен құсуға және таңертең аузына ащы дәмнің келуіне шағымданады. Гастроскопияда: эрозиялық гастриттің көрінісі, НР табылмаған.
Емдік шаралар жоспарының ең тиімдісі:
@ домперидон +одестон +сукральфат
@ алмагель +урсофальк +дюфалак
@ мизопростол +алмагель +омепразол
@ амоксицилин +кларитромицин +рабепразол
@ висмут субцитраты +маалокс +фамотидин
~ 82 жастағы Б. науқасты эпигастрий аймағындағы сыздап ауырсыну, тамақтан соң эпигастрий аймағының толып кету сезімі, шіріген иіспен кекіру, метеоризм, іш қату іш өтуімен кезектесуі мазалайды. Қарап тексергенде науқастың тері жабыны бозарған, ауыз бұрыштары «кесілген (заеды)», терісі құрғақ, тырнақтары сынғыш.
Болуы мүмкін диагноз:
@ созылмалы аутоиммунды гастрит
@ асқазан қатерлі ісігі
@ он екі елі ішектің жара ауруы
@ созылмалы тассыз холецистит
@ асқазан жара ауруының өршу кезеңі
~ Науқас Л. 56 жаста әлсіздікке, басының айналуына, делсалдыққа, үлкен дәретінің қара түсті болуына шағымданады.
Сіздің диагнозыңыз:
@ 12 елі ішектің жара ауруы өршу кезеңі, қан кету
@ асқазан жарасының перфорациясы
@ асқазан жара ауруының өршу кезеңі
@ созылмалы атрофиялық гастриттің өршуі
@ созылмалы атрофиялық емес гастрит, өршу
~ Тамақтанумен басылмайтын іштің жоғары бөлігінің белбеу тәрізді қатты ауырсынуы, Шоффар, Губергриц аймақтарындағы ауырсыну тән:
@ созылмалы панкреатиттің ауырсыну түріне
@ асқазанның жара ауруының өршуіне
@ созылмалы пиелонефритке
@ бүйректік коликаға
@ созылмалы тассыз холециститтің өршуіне
~ Науқас әйел А, 66 жаста жүрек аймағына берілетін және майлы тағамнан кейін пайда болатын оң қабырға астының ауырсынуына шағымданады. Өзін 3 жылдан бері ауру санайды. Объективті: дене қызуы 38,20. Өт қабы проекциясында ауырсыну, Ортнер симптомы оң мәнді. Қанда: лейкоциттер 9,8мың, ЭТЖ 18мм/сағ. Өтті зерттегенде: барлық порцияларда шырыш пен лейкоциттер. Мүмкін болатын патологияның өршуі:
@ созылмалы тассыз холециститтің
@ созылмалы гепатиттің
@ созылмалы панкреатиттің
@ өт қабы дисфункциясының
@ 12 елі ішектің жара ауруының
~ 86 жастағы ер кісі бел аймағына берілетін ішінің ауру сезімі, ішінің кебуі, қатуы, "қой" нәжісі сияқты беткі қабатында шырыш пен қан аралас нәжіске, әлсіздік пен арықтауға шағымданады. Анамнезінде: тоқ ішектің бөлігіндегі полиптер. Іші жұмсақ, төменгі бөлігінде ауру сезімі байқалады. Қанында: лейкоциттер - 10 мың, ЭТЖ - 52 мм/сағ. Ирригоскопия: сигма маңында 20 см қуыстың циркулярлы тарылуы, тарылу орталығында барий депосы бар. Мәліметті зерттеу әдісі:
@ нысаналы биопсиямен колоноскопия
@ эзофагофиброгастродуоденоскопия
@ ректороманоскопия
@ іш қуысы мүшелерінің УДЗ
@ іш қуысы мүшелерінің шолу рентгенографиясы
~ 72 жасар әйел эпигастрий аймағының сыздап, үдемелі ауырсынуы, тәбетінің төмендеуі, соңғы 4-5 айда 12 кг азу шағымдарымен ауруханаға келіп түсті. Ауырсынудың сипаты соңғы 3-4 айда өзгерген: тағамнан кейінгі ұстама тәрізді ауырсынулар сыздаған түріне ауыстқан. Қарап тексергенде салмақ жоғалтқан, тері жамылғылары бозғылт. Рентгенологиялық зерттеуде: асқазанның төменгі үштен бір бөлігінде, үлкен иінінің бойында, қатпарлардың ригидтілігі бар толу дефекті анықталды. Қосымша ем тактикасы:
@ операциялық ем
@ ерітілмейтін антацидтер
@ антибактериялық терапия
@ спазмолитиктер, холинолитиктер
@ наркотик емес аналгетиктер
~ Әйел 82 жаста, ішінің ұстамалы ауырсынуы мазалайды, жиі сұйық дәретке тәулігіне 6-8рет шырыш және қан аралас, әлсіздік, буындарының ауырсынуы, температурасының 38 гр көтерілуіне шағымданады. Екі рет қан шырыш аралас дизентерия қойылып госпитализацияланады. Қарағанда деснасы жеңіл қанайды. Ішінің тоқ ішек аймағы жіті ауырсынады. Қанда: лейкоцит - 11,8 мың. Ирригоскопияда: тоқ ішек тарылған, гаустр контуры дурыс емес, айқын емес. Ең ақпаратты зерттеу әдісі:
@ колоноскопия прицельді биопсиямен
@ эзофагогастродуоденоскопия
@ ректороманоскопия
@ УЗИ іш қусы ағзаларының
@ іш қуысының обзорлы рентгенограммасы
~Ер адам 42 жаста, созылмалы вирусты гепатитпен ауырады, лабораторлы зерттеуде: билирубин - 35 мкмоль/л, тимол сынамасы - 8 ед, АЛТ -1,2 мкмоль/л, АСТ - 0,9 мкмоль/л; серологиялық зерттеуде оң мәнді анти-Hbs және анти-HBc IgG; HBV–ДНК, HBeAg және HbcAbIgМ.
Емдеу тактикасына міндетті түрде қосу керек:
@ вирусқа қарсы
@ прокинетиктер
@ гепатопротекторлар
@ В, К витамин топтары
@ өт айдаушы
~ 30 жастағы ер кісі салмақ жоғалтқан, тәбетінің болмауына, әлсіздікке, бас айналуына, тәуілігіне 40 рет болатын қан, ірің, шырышпен араласқан сұйық нәжіске, дефекация актісіне дейінгі ішінің ауруына шағымданады. Жалпы жағдайы ауыр, тері жабындылары айқын бозарған, тізесінің сыртқы бетінде көптеген түйіндер, терісі күлгін түсті.
Диагнозды анықтауға зерттеу әдістерінің тиімдісі:
@ колоноскопияны
@ іш қуысының жалпы шолу рентгенографиясын
@ ішектің контрасты рентгенографиясын
@ ФЭГДС
@ іш қуысы мүшелерін ультрадыбыстық зерттеуді
~ 48 жасар ер кісі, ішімдікті көп қолданған, оң қабырға астының ауырсынуы, сарғаю, жалпы әлсіздік шағымдарымен келіп түсті. Бес күн бұрын өңештің варикозды кеңейген тамырларынан қан кету болған. Жалпы қарағанда тері жамылғылары және көздері сарғайған, телеангиэктазиялар байқалады. Іші кепкен. Бауыры қабырға доғасынан 6-7см шығыңқы, тығыз, сезімтал. Көк бауыр 5см ұлғайған, тығыз. Қанда: анемия, тромбоцитопения, ЭТЖ 47мм/сағ. Жалпы билирубині 67мкмоль/л, тікелей фракциясы жоғарылаған.
Емдік шара жоспарының ең тиімдісі:
@ гепатопротекторлар, жаңа мұздатылған плазма, С,К дәрумендері
@ кортикостероидтар, өт айдағыш дәрмектер, ферменттер
@ гепатопротекторлар, эритромасса, өт айдағыш дәрмектер
@ темір препараттары, кортикостероидтар, өт айдағыш дәрмектер
@ прокинетиктер, ферменттер, өт айдағыш дәрмектер
~ Цитолитикалық синдромның индикаторы болып табылады:
@ АЛТ белсенділігінің жоғарылауы
@ сілтілі фосфатаза белсенділігінің жоғарылауы
@ холинэстераза белсенділігінің жоғарылауы
@ 5-нуклеотидаза белсенділігінің жоғарылауы
@ тікелей емес гипербилирубинемия
~ Науқас 48 жаста,төс арты аймағының қыжылы мен ауырсынуы мазхалайды, тамақ қабылдаудан кейін және еңкейіп жұмыс жасағанда, қысып белдік таққанда пайда болуына шағымданады. Негізгі ықтимал диагноз:
@ гастроэзофагеальді-рефлюксті ауру
@ ИБС. Стенокардия 1 ФК куштеме
@ өңеш дискинезиясы
@ өңештің пептидті жарасы
@ диафрагмадағы өңештіңгрыжасы
~ Науқас 56 жаста, эпигастий аймағының ауырсынуы мен тойыну сезіміне, ішкен тамағын иіспен құсуға, азуға шағымданады. Анамнезінде асқазан жарасы. Объективті: айқын плеск шуылы, және көзге көрінерлік асқазан аймағының перистальтикасы. Негізгі ықтимал асқынуы:
@ привратник стенозы
@ малигнизация
@ пенетрация
@ перфорация
@ асқазаннан қан кету
~ Әйел 38 жаста, эпигастрий аймағының жіті ауырсынумен, кешірек барлық ішке таралған, ауырсыну кезінде бір реттік құсумен түсті. Объективті: тері қабатының түсі бозғылт, суық тер. Аяғын ішіне бүгіп арқамен мәжбурлі қалыпта жатыр. Тыныс алуы беткей, терең тыныс алу іштегі ауырсынуды күшейтеді. АҚ - 90/40 мм рт.ст. ЖЖЖ - 50 мин., симптом Щеткина- Блюмберга – оң мәнді. Рентгенограммада іш қуысындағы бос газдар. Негізгі ықтимал диагноз:
@ перфорация
@ пенетрация
@ қан кету
@ перивисцерит
@ привратник стенозы
~ 74 жастағы ер адам, қуырылған, майлы тағамнан кейін пайда болатын және оң жауырын астына берілетін тұрақты емес, оң қабырға астындағы ауыру сезімі, жүрек айнуы, құсу, басының ауруына шағымданып түсті. Ауырғанына 3 жыл болған. Объективті: тілі ақ жабындымен жабылған, сипағанда өт қабы тұсында ауырсыну бар, Ортнер, Френикус, Мюссе симптомдары оң. Дене қызуы 370С. Қан анализінде – нейтрофильді лейкоцитоз.
Сіздің болжам диагнозыңыз:
@ созылмалы калькулезді емес холециститтің өршуі
@ жедел аппендицит
@ созылмалы дуодениттің өршу сатысы
@ өт қабы дискинезиясының гипотониялық түрі
@ созылмалы токсиндік гепатиттің минимальді белсенділік дәрежесі
~ Науқас 68 жаста асцитпен айқын гепатомегалия қосылған, әлсіз сарғыштық, қызба, іштегі ауырсыну, қандағы аз өзгерісті анемия, лейкоцитоз, жоғары СОЭ, қан сарысуында альфа-фетопротеин концентрациясының жоғарылауы. Негізгі ықтимал диагноз:
@ бауырдың біріншілікті рагі
@ бауыр циррозы
@ созылмалы алькоголді гепатит
@ Вильсона – Коновалова ауруы
@ бауыр эхинококкозы
~ Ер адам 25 жаста, іштің оң аймағының басып ауырсынуына, сұйық үлкен дәрет тәулігіне 6-8 рет, соңғы 2 жылда 8кг азған, ірі буындардағы ауырсыну, ұзақ субфебрилитет. Зерттеу кезінде: екі тізе буындағы түйінді эритема, оң мықын аймағының айқын ауырсынуы. Қанда: лейкоцит – 12,6х109/л, СОЭ - 56 мм/сағ, жалпы белок - 49 г/л, альбумин - 39%. Колоноскопияда соқыр ішектің шырышты қабатының қуысты терең жарасы. Преднизолон тағайындалған. Негізгі емге міндетті қосу керек:
@ сульфасалазин
@ бускопан
@ эспумизан
@ азатиоприн
@ координакс
~ Ер адам 35 жаста, оң қабырға астының батып ауырсынуына, мұрыннан қан кетуге шағымданады. Анамнезінде вирусты гепатит В. Қарағанда: телеангиэктазия, гепатоспленомегалия. Қанда: СОЭ-22 мм/сағ, тимол сынамасы -9 ед., АЛТ-3,2 мкмоль/л, АСТ-3,8 мкмоль/л.
Созылмалы вирусты гепатит В белсенділік дәрежесі:
@ әлсіз
@ жоғары
@ минимальді
@ төмен
@ нөлдік
~ Науқас 49 жаста, сол жақ қабырға астының батып ауырсынуымен госпитализацияланды; ауырсынумен құсу және азу, тұрақсыз нәжіс. Анамнезінде: 5 жыл алдын жара ауруымен ота жасалынған, перфорация асқынуымен. Келесі жылында ем-дәм сақтамаған, ем алмаған. Объективті: тамақтануының төмендігі, тері мен шырышты қабатыны бозғылт. Іші жұмсақ, сол жақ қабырға асты мен эпигастрий аймағы ауырсынады. Қан анализі мен зәр анализі патологиясыз. Нәжістің Грегерсен реакциясы (+++).
Бірінші кезекте күмәнданамыз:
@ анастомоздық пептидті жара
@ гипогликемия синдромы
@ агастральді астения
@ алып келуші ілмектік синдром
@ созылмалы диареялық синдром
~ 47 жастағы әйелді эпигастрий аймағындағы тамақтанғаннан соң 60-80 минуттан кейін ұстама тәрізді ауыру сезімі, қыжылдау, қышқылмен кекіру мазалайды. Объективті – эпигастрий аймағында аздаған ауырсыну сезімі. Рентгендік тексеруде: асқазанның кіші иінінің төменгі 1/3 бөлігінде 0,6х0,8 см өлшемді «ойық» анықталды.
Болуы мүмкін диагноз:
@ асқазанның ойық жарасы
@ асқазан полипі
@ асқазанның қатерлі ісігі
@ Менетрие ауруы
@ асқазанның пенетрацияланған ойық жарасы
~ 37 жасар әйелді түнде аш қарынға пайда болатын, тамақтанған соң басылатын эпигастрий аймағындағы ауырсыну мазалайды. Объективті: тілі ақ жабындымен жабылған, эпигастрий аймағында ауырсыну бар. Емдік шаралар жоспарының ең тиімдісі:
@ кларитромицин, метронидазол, париет
@ омепразол, де-нол, маалокс
@ метронидазол, де-нол, алмагель
@ тетрациклин, омепразол, квамател
@ нафуратель, флемоксин солютаб, гастроцепин
~ 52 жастағы әйел келесі шағымдармен келіп түсті: тамақтанумен байланыссыз эпигастрий аймағында сыздап ауырсыну, жүрек айну. Объективті: іші жұмсақ, эпигастрий аймағы аздап ауырсынады. Қанды, зәрді, нәжістерді зерттегенде патология анықталмады. ФЭГДС: асқазан денесінің төменгі үштен бір бөлігінде және антральді бөлігінің үлкен иінінде – домалақ формалы 0,5-тен 1,0см дейінгі көптеген полиптер анықталды.
Ең тиімді әдіс:
@ биопсия материалының цитологиялық зерттеуі
@ тәуліктік рН- метрия
@ асқазанның рентгеноскопиясы
@ асқазан сөлін фракциялық зерттеу
@ асқазан сөліндегі сүт қышқылын зерттеу
~ 36 жастағы ер кісі 3 ай көлемінде ашқарынға пайда болатын, эпигастрий аймағындағы «түнгі» ауырсынуға, тамақтан кейінгі эпигастрийдегі ауырлық және толып кету сезіміне, жүрек айнуға шағымданды. Зерттеулерде (тыныстық уреазалық тест, ФЭГДС) ешқандай патологиялық өзгерістер анықталмады.
Емдік шара жоспарының ең тиімдісі:
@ мотилиум, рабепразол
@ де-нол, но-шпа
@ мотилиум, маалокс
@ рабепразол, алмагель
@ амоксициллин, клацид
~ Бір жыл бұрын өттас ауруы жөнінде холецистэктомия жасалған әйелде, сол қабырға астының ауырсынуы, жүрек айну, іш өту пайда болды. Ауырсыну ұстама тәрізді, ем дәм тәртібін бұзған соң пайда болады. Зерттегенде: іші жұмсақ, эпигастрийдің сол бөлігі ауырсынады. Қанда: орташа лейкоцитоз, ЭТЖ жылдамдауы, копрограммада амилорея, креаторея, стеаторея. Клиникалық хаттамаға сәйкес емдік шара жоспарының ең тиімдісі:
@ спазмолитиктер, ферменттер
@ анальгетиктер, спазмолитиктер
@ протеаза ингибиторлары, ашықтыру
@ дезинтоксикациялық дәрмектер, аналгетиктер
@ анальгетиктер, протеаза ингибиторлары
~ Мына симптомдардың жиынтығы: гепатомегалия, гипергликемия, терінің гиперпигментациясы, қан сарысуында темір деңгейінің жоғарлауы тән патология:
@ гемохроматоз
@ бүйрек үсті безінің гиперфункциясы
@ вирусты этиологиясымен созылмалы гепатит
@ Вильсон-Коновалов ауруы
@ Жильбер ауруы
~ 51 жасар ер адам, стационарға ұзақ ауырсынуға және оң қабырға астының түйіліп тұруына шағымданып түсті. Зерттегенде: сарғыштық жоқ, Кери симптомы оң мәнді, температурасы субфибрильді, ЭТЖ – 30 мл/сағ.
Клиникалық хаттамаға сәйкес болжам диагнозыңыз:
@ созылмалы холецистит, өршу
@ созылмалы панкреатит, өршу
@ өт қабының дисфункциясы
@ созылмалы гепатит, өршу
@ Одди сфинктерінің дисфункциясы
~ 17 жасар жас адам, амбулаторлы тексерілуде. Дені сау жағдайда 380С-қа дейін қызба пайда болды, сол кезде терісінде және кілеген қабатында геморрагиялық бөртпелер, экхимоздар пайда болды. Бір рет «мелена» болды, сосын нәжісте Грегерсен реакциясы екі апта бойы оң мәнді болып тұрды. Қанда тромбоциттер 60х109/л. Барлық белгілер өз бетімен ізсіз өтіп кетті. Осыдан алдын баспамен ауырып, сульфаниламид дәрмектерін қабылдаған. Сіздің болжам диагнозыңыз:
@ Верльгоф ауруы
@ Мэллори-Вейса синдромы
@ бейспецификалық жаралы колит
@ тоқ ішектің дивертикулы
@ Миккеля дивертикулы
~ 28 жасар әйел, оң қабырға астының тұйық ауырсынуына, стресстік жағдайларда ауырсынудың пайда болуына, дене температурасы жоғарламайды, үлкен дәреті тұрақсыз, ашуланшақтық, ішінің ауруымазалаған соң, аймақтық терапевтке келген. Қолында зерттеу нәтижелері бар:қан анализі, копрология қалыпты. Холецистограммада: өзгеріссіз. Дуоденальды зондтауда патология анықталмады. Сіздің болжам диагнозыңыз:
@ өт жолдарының дискинезиясы
@ созылмалы холецистит
@ ішектің тітіркену синдромы
@ нейроциркуляторлы дистония
@ Одди сфинктерінің дисфункциясы
~ 27 жасар науқас, стационарға сол жақ мықымының толғақ тәрізді ауырсынуына, кілегей және қан аралас сұйық нәжістің тәулігіне 6-8ет, 8 кг салмақ тастауға, ұзақ уақыт бойы субфебрилитет болуына шағымданып, түсті. Ішті палпациялағанда сол жақ мықым аймағында ауырсынады, бауыры жіне көкбауыры ұлғаймаған. Қан анализінде: анемия, лейкоцитоз, ЭТЖ-нің жоғарлауы, гипопротениемия. Капралогия: нәжіс ботқа тәрізді, шырыш және қан көп мөлшерде. Коланоскопия: гиперемия болмауы түйіршіктілік, іркістердің сигма тәрізді ішекте көптеген жаралардың болуы, саңылаудай ірің және қан.
Сіздің диагнозыңыз:
@ бейспецификалық жаралы колит
@ Крон ауруы
@ ішектің тітіркену синдромы
@ ішектің дивертикулы
@ сигма тәрізді ішектің рагі
~ 53, жасар ер адам ішінің жоғарғы бөлігінің ауырсынуына, жиі көп мөлшерде нәжістің болуымен стационарға түсті. Анамнезінен: жақын арада қонақта көп тамақ жеп, ішімдік көп мөлшерде ішкен. Капрология:қорытылмаған көп мөлшерде бұлшық ет талшықтары, көптеген бейтарап майлары, крахмал.
Сіздің диагнозыңыз:
@ созылмалы панкреатит
@ созылмалы энтероколит
@ созылмалы гастрит
@ созылмалы холецистит
@ іштің тітіркену синдромы
~ 42 жасар науқас ішінің әсіресе сол қабырға асты ауырсынуымен стационарға түсті. Анамнезінен: 5 жыл бұрын өт тас ауруы бойынша операция жасалған. Объективті: жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде, тері жабындылары аздаған сарғыш. Ішін палпациялағанда сол қабырға астында, Шоффар және Губергриц зоналарында ауырсынады. Қан анамнезінде: лейкоцитоз,ЭТЖ жоғарлауы, α-амилазаның жоғарлауы. Клиникалық диагноз:
@ созылмалы пакреатит
@ созылмалы холангит
@ ойық жара ауруы
@ созылмалы гастрит
@ созылмалы гепатит
~ Соңғы кездері асқазан және 12-елі ішек ойық- жара ауруымен ауыратын науқастың клиникалық көрнісі өзгерді: тамақтанғаннан соң ауырлық пайда болды, жүрек айну, тамақ қалдықтарын екінші күн жартысында құсу, ауыз қуысынан жағымсыз иіс, салмақ тастау пайда болды. Дамыған асқынудың түрі:
@ қақпаның органикалық стенозы
@ функциональды стеноз
@ жараның малигнизациясы
@ жараның пенетрациясы
@ жараның перфорациясы
~ 38 жасар кәсіпкер іш көлемінің үлкейуіне, терінің, кілегей қабатының, сарғайуына, зәрдің түсінің өзгеруіне, іштің кебуіне, үлкен дәретінің тұрақсыздануына, айқын жалпы әлсіздікке, шаршағыштыққа, уақыт пен кеңістікте ориентациясының бұзылуына, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне жазуының нашарлауына, ұйқысының инверсиясына(күндіз ұйқы сұрау, түнде ұйқысыздық) шағымданады. Анамнезінен: балалық шаңында – гепатит А. Соңғы 7 жыл көлемінде ішімдік көп ішкен. Жағдайының нашарлауы соңғы 2 аптада, оны диетаны бұзуымен және ішімдікті көп қабылдағаны мен байланыстырады.
Сіздің болжам диагнозыңыз:
@ бауыр циррозы
@ өт тас ауруы
@ созылмалы гепатит
@ созылмалы панкреатит
@ ұйқы безінің қатерлі ісігі
~ 65 жасар науқас, пенсионер оң қабырға астының ауыр болуына, физикалық күш түскенде өршуіне, кешке балтыр және аяқ басының аздап ісінуіне, зәрінің түсінің өзгеруіне шағымданады. Гепатологқа науқасты қызы алып келген, өйткені әкесінде ұмытшақтықпен, пәтерде орентациясы бұзылған. Бұл жағдайлар 2 апта бұрын көп мөлшерде ішімдік қабылдағаннан кейін пайда болған. Ішімдікті көп жылдар бойы ішеді. Қарағанда:апатиялы, жүрісі сенімсіз, координация сақталмаған, нистагм терісі склерасы сарғыш, аздаған «тамырлық» жұлдызшалар, «бауырлық» алақан, тілі ашық қызыл, асцит, балтыры мен аяқ басында аздаған ісік.
Дұрыс диагноз қою үшін қосымша кеңестері қажет маман:
@ психиатр
@ кардиолог
@ нарколог
@ неврапатолог
@ онколог
~ 52 жасар науқас ұзақ уақыт бойы шаршағыштықпен шағымданып жүрген кезде, оң қабырға астында ауырлық, жүрек айну, аздаған сарығыштық пайда болады, Бұл кезде бауырдың функциясының биохимиялық көрсеткіштері бұзылады: аланин тарнсфераза, билирубин, сулем сынамасы, тимол сынамасы, ақуздық фракция.
@ созылмалы персистирлеуші гепатит
@ порталды бауыр циррозы
@ билиарлы бауыр циррозы
@ созылмалы активті гепатит
@ бауыр псевдоциррозы
~ 60 жасар әйел қабылдау бөліміне оң қабырға астының интенцивті ауырсынуына, оның жүрек аймағына беріліп және майлы тағам жегеннен соң болатын ауырсынуға шағымданып түсті. Анамнезінен: 3 жыл бойы ауырады. Объективті.денеқызуы 38,20, өт қабы праекциясында ауырсынады, Ортнер симптомы оң мәнді. Қанда: лейкоциттер -9,8 мың, ЭТЖ-18 мм/сағ. Өтті зерттегенде В-порциясында- шырыш және лейкоциттер. Сіздің диагнозыңыз:
@ созылмалы калькулезді емес холецистит өршу фазасында
@ созылмалы панкреатит өршу фазасында
@ созылмалы гепатит өршу фазасында
@ 12 елі ішек ойық -жара ауруы өршу фазасында
@ созылмалы дуоденит өршу фазасында
~ 32 жасар науқас жедел «қанжа» тәрізді эпигастри аймағының ауырсынуына шағымданады. Анамнезінен:сонғы 3 жылда 12 елі ішек ойық- жара ауруымен аурады, және де ол жиі ресидив береді. Н2 гистамин блокаторлары терапиясына реакция оң мәнді. Қан құю жасалған. Ранитидинмен төрт апта терапия жүргізгенде жара тыртықталған.
Клиникалық хаттамаға сәйкес кейінгі емдеу тактикасы:
@ кларитромицин+амоксициллин+омепрозол
@ тетрациклин+метронидазол+омепрозол
@ кларитромицин+метронидазол+квамател
@ амоксициллин+де-нол+омепрозол
@ амоксициллин+метронидазол+квамател
~ 48 жасар науқас оң қабырға астының ауырсынуына, сарғыштыққа жалпы әлсіздікке шағымданып, қабылдау бөліміне түсті. Анамнезінен: ішімдікті көп ішеді, бір апта бұрын өңештің барикозды кеңейген веналарына қан кету болған. Қарағанда: терісі және склерасы сарғыш, телеангиэктазиялы, іші кепкен, гепатоспленомегалия. Қанда: анемия тромбоцитопения, ЭТЖ-44 мм/сағ жалпы билирубин тура пракция есебінен 68 мк/моль –л.
Бұл жағдайда тағайындалатын ем:
@ гептрал + жаңа дайындалған плазма + дәрумендер С, К.
@ преднизолон + гепабене + креон
@ гептрал + эритромасса + креон
@ преднизолон + гепабене + креон
@ феррум-лек + преднизолон + гептрал
~ 45 жасар ер адам тамақтанғаннан соң және физикалық күштемеден кейін болатын төс артының ауырсынуына, қыжылдауға, жеген тамақты кекіруге, тамақты жұтынғанда қиындықты сезіну мазалайды. Зерттегенде:ЭКГ патологиясыз; Эндоскопиялық пиброгастродуоденоскопия: томенгі өңештің спиинктері жабылмайды, гиперемия, өңештің шырышты қабаты ісінулі, бір қатар эрозиялар.
Клиникалық хаттамаға сәйкес тиімді дәрмектердің комбинациясы:
@ домперидон + рабепразол
@ маалокс + ампициллин
@ омепразол + смекта
@ омепразол + маалокс
@ омепразол + но-шпа
~ 27 жасар науқас ішінің оң бөлігінің сыздап ауырсынуына, үлкен дәретінің сұйылып тәулігіне 6-8 ретке дейін болуына, 8 кг азуына (2 жыл ішінде), ірі буындардың ауырсынуына ұзақ субфебрилитет болуына шағымданып стационарға түсті. Зерттегенде: екі балтырында түйінділік эритема, оң мықым аймағында айқын ауырсыну; іш перделік тітіркену симптомы жоқ. Гемоглобин 84 г/л, түсті көрсеткіш 0,8; лейкоциттер 12,6 мың 1мкл-да, ЭТЖ 56 мм/сағ. Жалпы белок 49 г/л, альбуминдер 39% , холестерин 2 мк моль/л, темір сары суы 7мкмоль /л. Колоноскопияда соқыр ішектің шырышты қабатында терең жара саңлаулары анықталды.
Тиімді дәрмектердің комбинациясы:
@ сульфасалазин+преднизолон
@ сульфасалазин+вольтарен
@ омепразол+церукал
@ сульфасалазин+смекта
@ преднизолон+де-нол
~ 37 жасар әйел түнде аш қарында пайда болатын эпигастри аймағының түйіліп ауырсынуына, тамақтанғаннан кейін ауырсынудың басылуына шағымданып стационарға түсті. Анамнезінен: 5 жыл бойы ойық- жара ауруымен ауырады. Бұл өршу екі апта бойы. Оюъективті: тілі ақ жабындымен жабылған эпигастри аймағы жайылмалы ауырсынады. Бауыры және көк бауыры үлкеймеген. Қан және зәр анализі өзгеріссіз. Эндоскопиялық фиброгастродуоденоскопия: өңеш өтімді, асқазанның шырышты қабаты қызарған, бөрітпелер гипертропияланған, 12 елі ішектің алдынғы қабат буылтығында жара депекті 0,5х 0,7см.
Бұл жағдайда тиімді дәрмектердің комбинациясы:
@ кларитромицин+флемоксин+париет
@ омепразол+де-нол+маалокс
@ метронидазол+де-нол+алмагель
@ тетрациклин+омепразол+квамател
@ кларитрамицин+флемоксин+гастроципин
~ 34 жасар науқас екі апта ішінде пайда болған «түнде» және «аштық» тәрізді эпигастри аймағының ауырсынуына шағымданып стационарға түсті. Эндоскопиялық зерттегенде алғаш рет 12 елі ішектің алдынғы қабырғасында 1,2 см өлшемді жара анықталды. Биоптатта Helicobacter pylori табылды.
Клиникалық хаттамаға сәйкес тиімді дәрмектердің комбинациясы:
@ омепразол+амоксициллин+кларитромицин
@ омепразол + метронидазол + ампициллин
@ квамател + де-нол+тетрациклин
@ омепразол +гастроцепин+тетрациклин
@ де-нол+ампициллин + алмагель
~ 45 жасар науқас терапевке оң қабырға астының сыздап ауырсынуына, жүрек айнуға аузына ащы дәм келуіне шағымданып келді. Бұл симптомдар екі жыл бойы мазалайды, нашарлауын диетаны бұзғанымен байланыстырады. Қан мен зәр анализі патологиясыз.
Бұл жағдайда тағайындаған жөн:
@ хофитол
@ ампициллин
@ но-шпа
@ одестон
@ креон
~ 54 жасар науқас ішінің жоғары бөлігінің белбеу тәрізді ауырсынуына жүрек айнуына, ішінің кебуіне үлкен дәретінің сұйылып тәулігіне үш- төрт рет майлы жылтыр болуына стационарға шағымданып түсті. Оюъективті. Тілі ылғалды ақ жабындымен жабылған. Іші кепкен, Шоффара зонасында, Мейо-Ропсана нүктесінде аздап ауырсынады. Қан анализі патологиясыз. Копрология: стеатория, креатория, амилорея. Ультра дыбыстық зерттегенде: өт қабының қабырғалары қалыңдаған,ұйқы безінің денесі мен басы үлкейген, эхоструктурасы біртекті емес.
Тиімді дәрмектердің комбинациясы:
@ креон+омепразол+урсосан
@ омепразол+линекс+церукал
@ фестал+омепразол+но-шпа
@ креон+квамател+но-шпа
@ омепразол+аллохол+но-шпа
~ 27 жасар науқас сол мықын аймағының толғақ тәрізді ауырсынуына, үлкен дәретінің шырыш және қан араласып сұйылуына тәулігіне 6-8 ретке дейін, 8кг азуына ұзақ субфебрилитетке шағымданып стационарға түсті. Ішті палпация жасағанда сол мықын аймағы ауырсынады, бауыры және көк бауыры үлкеймеген. Қан анализінде: анемия, лейкоцитоз, ЭТЖ-ның жоғарлауы, гипопротеинеимия. Копрология нәжіс ботқа тәріздес көп мөлшерде шырыш пен қан. Колоноскопия: гиперемия, түйіршікті іркістер жоғалған, сигма тәрізді ішекте көптеген майда жаралар, саңылауында қан мен ірің.
Ең тиімді дәрмектердің комбинациясы:
@ преднизолон+сульфасалазин
@ сульфасалазин+омепразол
@ но-шпа+смекта
@ преднизолон+азатиоприн
@ церукал+сульфасалазин
~ 52 жасар әйел кіндік аймағының ауырсынуына, депекациядан кейін басылатын, ішінің кебуіне үлкен дәретінің тұрақсыздығына шағымданып стационарға түсті. 2 жыл көлемінде ауырады. Стрестан кейін екі ай көлемінде жағдайы нашарлаған. Оюъективті: тері жабындылары таза, кадімгі түстес, іші жұмсақ тоқ ішек бойымен ауырсынады, сигма тәрізді ішек түйілген. Қан анализі патологиясыз. Копрология: көп мөлшерде шырыш. Колоноскопия: тоқ ішектің шырышты қабаты ашық қызыл, эрозиялар және жаралар жоқ дискинезия белгілері.
Тиімді дәрмектерді тағайындау:
@ грандаксин+имодиум
@ креон+де-нол
@ интетрикс+хилак-форте
@ интетрикс+креон
@ интетрикс+но-шпа
~ 40 жасар науқас ұзақ уақыт созылмалы холециститпен ауырады, диетаны бұзғаннан кейін қатты белбеу тәріздес ауырсыну пайда болды, іші кепті жүрегі айныды склералары сарғайған. Хирургиялық бөлімге «жедел холецистит» деген диагнозбен жатқызылды. Екі күн бақылағаннан кейін диагноз алынып, терапия бөліміне науқасты созылмалы панкреотиттің өршуімен ауыстырды.
Бұл жағдайда қарсы көрсетілген препарат:
@ морфин
@ баралгин
@ но-шпа
@ промедол
@ платифиллин
~ 48 жасар науқас тез шаршағыштыққа, әлсіздікке басының ауруына, жүректің айнуына, оң қабырға астында ауырлық сезімнің, қызыл жегінің қанауына шағымданып түсті. Анамнезінен: он жыл бойы бауырдың созылмалы ауруы бойынша емделген. Соңғы жылдары өзін жақсы сезінген, диета сақтамаған. Объективті: жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде, тері жамыбындылары және склерасы сарғайған, «бауырлық» алақан, көкіректің жоғарғы бөлігінде тамырлық жұлдызшалар, тілі құрғақ ақ жабындымен жабылған, гепатоспленомегалия. Қан анализінде анемия ЭТЖ-ның жоғарлауы, гипербилирубинемия әсіресе тура пракцияның жоғарлауымен, аланин және аспарагин трансперазаның үш есеге жоғарлауы. Гепатит маркерлары: вирусты гепатит С-ның барлық маркерлары оң мәнді.
Клиникалық хаттамаға сәйкес тиімді дәрмектердің комбинациясы:
@ интрон+гептрал
@ эссенциале+креон
@ гептрал+урсосан
@ гептрал+креон
@ преднизолон+эссенциале
~ Ер адам, 50 жаста, көп темекі шегеді, тұншығу ұстамасына, төс сүйегінің төменгі үштен бірінде күйдіріп ауырсынуға, қышқыл дәммен кекіруге шағымданады. Теофиллин тобының дәрілерін қолданғанда жағдайы нашарлайды. ЭКГ: ишемиялық өзгерістер тіркелмеді. Ең мәліметті зерттеу әдісі:
@ ЭФГДС
@ ЭхоКС
@ асқазан рентгенографиясы
@ кеуде қуысы мүшелерінің рентгенографиясы
@ спирография
~ Әйел адам, 65 жаста, остеоартрозбен ауырады, ұзақ уақыт селективсіз стероидты емес қабынуға қарсы препараттар (СЕҚҚП) қолданады. СЕҚҚП кері әсерін алдын-алуға және тежеуге мүмкіндік беретін препарат:
@ протонды помпаның ингибиторлары
@ гистамин рецепторларының Н2 -блокаторлары
@ антибиотиктер
@ антацидтер
@ М-холинолитиктер
~ Ер адам, 45 жаста, ойық жара ауруымен ауырады, қабылдау бөліміне арқаға иррадиация беретін, тамақтанумен байланыссыз, антацидтер және спазмолитиктер қабылдағанда басылмайтын, эпигастрий аймағындағы ауырсыну, лоқсу, құсу, іш өту, дене температурасының субфебрильді сандарға дейін жоғарылауы шағымдарымен қаралды. Рентгенологиялық зертеуде терең «ойықша», жаралы аймақтың аз қозғалысы анықталды; ФГДС-да терең ойық жара анықталады, кратер жиектері биік, вал тәрізді. Жоғарыда айтылған жағдайдың себебі:
@ ойық жараның ұйқы безіне пенетрациясы
@ ойық жара перфорациясы
@ перидуоденит
@ ойық жараның кіші шажырқайға пенетрациясы
@ ойық жарадан қан кету
~ Әйел адам, 25 жаста, әдеттегі мөлшерде тамақ қабылдағаннан кейін эпигастрий аймағында толу сезімі, аптасына бірнеше рет пайда болатын тез тою сезімі, кекіру, іштің кебуі, лоқсу, ұйқысыздық, әлсіздік, шаршағыштыққа шағымданады. Осы шағымдар жарты жыл бойы байқалады. Рентгенологиялық зерттеу нәтижелері бойынша асқазанның моторлы – тасымалдаулы (эвакуаторлы) дискинезиясы анықталды, ФЭГДС – қалыпты. Сіздің диагнозыңыз:
@ постпрандиалды дистресс-синдром
@ ойық жаралы ауру
@ гастроэзофагеалды рефлюксті ауру
@ созылмалы гастрит
@ созылмалы панкреатит
~Диарея, дене салмағының төмендеуі, гипоальбуминемия, ісінулер мен гиповитаминоз белгілері көрінісімен болтаны кешен жіңішке ішекте қоректік заттар сіңірілуінің төмендеуі нәтижесінде дамиды. Жоғарыда көрсетілген белгілер тән синдром:
@ мальабсорбция
@ темірмен жүктеме
@ ішектің тітіркену
@ демпинг
@ мальдигестия
~Әйел адам, 32 жаста, ақшылқоңыр түсті, көпіршікті, май тәрізді, жағымсыз иісті нәжіс, метеоризм, дене салмағының төмендеуі шағымдарымен қаралды. Шырышты қабаттың биопсиясында бокал тәрізді жасушалар санының көбеюі, эпителий аралық лимфоциттер санының жоғарылауы, бүрлердің атрофиясы, беткей және ойықтық (ямочный) эпителийдің лимфоциттермен инфильтрациясы анықталды. Анамнезінде арпа, сұлыдан жасалған тағамдарды қабылдай алмау.
Осы науқасқа берілетін ұсыныстар:
@ ұн тағамдарын шектей отырып ем-емдәмді ұстану
@ антибиотиктермен курстық терапия
@ адсорбенттерді үнемі қабылдау
@ 5-аминосалицил қышқылы препараттарын үнемі қолдану
@ холеретиктерді үнемі қолдану
~ Әйел адам, 35 жаста, оң жақ қабырға астында үнемі сыздап ауырсыну, кекіру, лоқсу, кейде құсу, тәбеттің төмендеуі, іш қатуға шағымданады. Қарағанда: оң жақ қабырға астында ауырсыну, Мерфи, Керр, Ортнер симптомдары оң. Жалпы қан анализінде қабынулық өзгерістер жоқ. Дуоденалды сүңгілеуде (зондирование) В фазасының ұзаруы мен өт қабы өтінің көлемінің ұлғаюы анықталды. Өт қабын УДЗ конкременттер жоқ. Сіздің болжам диагнозыңыз:
@ өт шығару жолдарының дискинезиясы
@ ойық жаралы ауру
@ созылмалы колит
@ созылмалы гепатит
@ созылмалы холецистит
~Ер адам, 43 жаста, есірткі қолданады, жалпы әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, арықтауға, лоқсу, ауызда ащы дәмнің болуы, оң жақ қабырға астында ауырлық сезімі, кезеңді түрде дене температурасының субфебрильді сандарға дейін жоғарылауы, тері қышуы, қызыл иектен қан кету, зәрдің қараюы, нәжістің ағаруына шағымданады. Қарағанда: гепатомегалия, сарғаю, жоғарғы қабақта ксантомалар. Клиникалық хаттамаға сәйкес патологияны дәлелдеуге мүмкіндік беретін әдіс:
@ вирусты инфекцияның маркерлерін анықтау
@ қанның биохимиялық анализі
@ капрологиялық зерттеу
@ ферритин концентрациясын анықтау
@ церулоплазмин концентрациясын анықтау
~ Ер адам, 45 жаста, ұзақ уақыт ішімдікті көп қолданады. Қанмен құсуға шағымданады. Объективті: мәңгірген, сөзі түсініксіз, асцит, құрсақтың алдыңғы қабырғасының көктамырлары кеңейген, спленомегалия, АҚ-80/60 мм.с.б., ЖЖЖ - 110 рет мин. Науқасты жүргізу тактикасының келесі қадамы:
@ өңештің баллонды тампонадасы
@ жаңа тоңазытылған плазма құю
@ антибиотикотерапия
@ вазопрессин енгізу
@ көк тамырды эндоскопиялық бунақжіптеу (лигирование)
~ Әйел 25 жаста, күніне 5 рет болатын ботқа тәрізді нәжіске, іштің кебуіне, дефекациядан кейін басылатын іштің ауырсынуына, іште діріл сезімі, толық тыныс ала алмау сезіміне шағымданады. Ректороманоскопияда, колоноскопияда, нәжістің бактериологиялық зерттелуінде патологиялық өзгерістер анықталмады. Нәтижелі емдеу тактикасы:
@ психотропты терапия + лоперамид
@ спазмолитиктер + пробиотиктер
@ антибиотиктер + пребиотиктер
@ пребиотиктер + диоктаэдриялық смектит
@ 5-НТ3-рецепторының антагонистері + пробиотиктер
~Әйел, 22 жаста, тәулігіне 20 рет қан, шырыш аралас, жағымсыз иісті диареяға, тамақтанудан кейін, дефекация алдында үдейтін, нәжістен кейін басылатын іште толғақ тәрізді ауырсынуға, салмақ жоғалтуға, сирақ-табандық, тізе буындарында артралгияға, дене температурасының жоғарылауына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Зерттеу барысында тоқ ішектің тотальды зақымдануы анықталды. Эндоскопияда тоқ ішек крипталарының микроабсцесі, айқын іріңді экссудация, спонтанды қан кету. Мүмкін болатын диагноз:
@ бейспецификалық жаралы колит
@ ішектің қатерлі ісігі
@ гранулематозды колит
@ ишемиялық колит
@ дизентерия
~ Ер адам, 28 жаста, бронхоэктаз ауруы өршуінің терапиясы жүргізілген. 2 аптадан кейін тұрақсыз, интенсивтілігі орташа тұрақты сипаты жоқ іштің ауырсынуы, метеоризм, тәулігіне 4-6 рет, құрамында қорытылмаған тамақ қалдықтары бар сұйық нәжіс пайда болды. Осы симптомдардың себебін анықтауға мүмкіндік беретін әдіс:
@ нәжісті микробиологиялық зерттеу
@ жалпы қан анализі
@ капрологиялық зерттеу
@ биохимиялық қан анализі
@ гельминттерге тексеру
~ Пиелонефриттің өршуі салдарынан стационарлық ем қабылдап жатқан 78 жастағы әйел адамэпицентрі кіндік маңы аймағындағы іштің барлық бөлігінде айқын ауырсынудың, құсудың пайда болуына байланысты кезекші дәрігерді шақырды. Қарағанда: суық жабысқақ тер, дене t 380С, АҚ 80/60 мм.с.б., ЖЖЖ 100 рет мин., іштің кебуі, құрсақ қабырғасында ауырсыну, аускультацияда ішек перистальтикасы шуының болмауы. Жалпы қан анализінде лейкоцитоз, ЭКГ: Гис шоғырының оң жақ аяқшасының блокадасы, құрсақ қуысының шолу рентгенограммасында ішек ілмектері пневматизациясының жоғарылауы. Клиникалық жағдайдың мүмкін болатын себебі:
@ жоғарғы мезентериалды артериялар тромбозы
@ жедел миокард инфарктысының абдоминалды түрі
@ жедел ішек өтімсіздігі
@ созылмалы панкреатиттің өршуі
@ бос құрсақ қуысына ойық жараның перфорациясы
~ Ер адам, 50 лет, темекіні көп шегеді, тұншығу ұстамасына, төс сүйегінің төменгі үштен бірінде күйдіріп ауырсыну, қышқылмен кекіруге шағымданады. Теофиллин тобының препараттарын қолданғанда жағдайы нашарлайды. ЭКГ: ишемиялық өзгерістер тіркелмеді. Пикфлоуметрияда тыныс шығарудың шыңдық жылдамдығы шамалы төмендеген. Мүмкін болатын диагноз:
@ гастроэзофагеалды рефлюксті ауру
@ созылмалы гастрит
@ ЖИА. Күш түсу стенокардиясы
@ бронх демікпесі
@ өкпенің созылмалы обструкциялы ауруы
~ Ер адам, 30жаста, эпигастрий аймағында кезеңді түрде аш қарынға ауырсыну, қыжылдау, лоқсу, қышқылмен кекіруге шағымданады. Объективті: пилородуоденалды аймақта шектелген ауырсыну. ФГДС: антральды аймақта шырышты қабаттың гиперемиясы мен ісінуі, қатпарлардың гиперплазиясы, антралды спазм. Патологиялық үдерістің этиологиясын анықтауға мүмкіндік беретін зерттеу әдісі:
@ уреазды сынама
@ асқазан ішілік рН-метрия
@ жалпы қан анализі
@ асқазан рентгенографиясы
@ дуоденалды сүңгілеу
~ Ер адам, 55 жаста «Ұлтабар буылтығының ойық жара ауруы, НР ассоцирленген, рецидивті ағымды» диагнозымен. Құрамында протонды помпа ингибиторы (ППИ), кларитромицин және амоксициллин енген қосарланған терапия нәтижесінде толық ремиссия мен НР эрадикациясы болды. Клиникалық хаттамаға сәйкес науқасты әрі қарай жүргізу тактикасы:
@ протонды помпаның ингибиторларымен демеу терапиясы
@ Н2 –блокаторларымен кезеңді курстық терапия
@ антибиотиктермен демеу терапиясы
@ хирургиялық емдеу
@ цитопротекторлармен курстық терапия
~Әйел адам, 20 жаста, тамақтанудан кейін бірден эпигастрий аймағында кебу сезімі, жүрек қағуы, жүректің шалыс соғуы, ауа жетпеу сезімдеріне, ентігуге, жиі кекіруге шағымданады. Объективті: сол жақ қабырға астын перкуссиялауда IV қабырға аралыққа дейін тимпаниялық дыбыс. Рентгенологиялық зерттеуде диафрагманың жоғары тұруы анықталды, асқазанның үлкен газдық қабы көрінді. Сіздің диагнозыңыз
@ диафрагманың өңештік саңылауы жарығының
@ созылмалы гастриттің
@ ойық жара ауруының
@ эмфиземаның
@ диафрагма жарылуының
~ Ер адам, 50 жаста, ішімдікті көп қабылдайды. Тамақтанғаннан кейін үдейтін іштің жоғарғы бөлігінде аурысыну, лоқсу, іштің кебуі, диарея, салмақ жоғалтуға шағымданады. Зақымданған мүшенің сыртқы секреторлы қызметінің жағдайын бағалауға мүмкіндік беретін клиникалық хаттамаға сәйкес диагностикалық әдіс:
@ эластазды сынама
@ рН-метрия
@ уреазды сынама
@ дуоденалды сүңгілеу
@ глюкозотолерантты сынама
~Әйел адам, 35 жаста, тәулігіне 3 ретке дейін сулы көпіршікті көп мөлшерде болатын нәжіске, іштің жоғарғы бөлігінде ауырсынуға, дене салмағының төмендеуіне шағымданады. Бірнеше күн бұрын Тунистен келген, ол жерде теңіз өнімдеріне жасалған экзотикалық тағамдар қабылдаған. Нәжіс бактериологиялық себіндісінде энтеротоксигенді Escherichia coli анықталды. Патологиялық өзгерістердің мүмкін болатын себептері:
@ «саяхатшылар диареясы»
@ созылмалы панкреатиттің өршуі
@ бейспецификалық жаралы колит
@ іш жүргізетін препараттарды қабылдау
@ псевдомембранозды колит
~ Әйел адам, 52 жаста, майлы, ащы тағамдарды қабылдағаннан кейін сол жақ қабырға астында ауырсыну, лоқсу, құсуға шағымданады. Объективті: тері жамылғысы физиологиялық реңді, пальпацияда оң жақ қабырға астында ауырсынудың күшеюі, Мерфи симптомы оң. Зертханалық көрсеткіштерінде қабыну өзгерістері жоқ. Бауыр сынамалары өзгеріссіз. УДЗ: өт жолдары кеңеймеген, өтімді, өт қабы қуысында диаметрі 5-7 мм, көлемнің 1/3 бөлігін толтыратын конкременттер анықталды. Шолу рентгенограммасында конкременттер көлеңкесі анықталмады. Консервативті терапия барысында нәтижелі препарат:
@ урсофальк
@ метронидазол
@ вазилип
@ церукал
@ холецистокинин
~ Ер адам, 43 жаста, есірткі қолданады, жалпы әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, дене салмағының иөмендеуіне, лоқсуға, ауызда ащы дәмнің болуына, оң жақ қабырға астында ауырлық сезіміне, кезеңді түрде дене температурасының субфебрильді сандарға дейін жоғарылауына, терінің қышуына, қызыл иектің қанағыштығына, зәрдің қара түсті болуына, нәжістің ағаруына шағымданады. Объективті: гепатомегалия, сарғаю, жоғарғы қабақта ксантомалар. Мүмкін болатын диагноз:
@ созылмалы вирусты гепатит
@ созылмалы холецистит
@ созылмалы панкреатит
@ созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
@ гемолитикалық анемия
~ Гамма-глютамилтранспептидаза, 5-нуклеотидаза, сілтілі фосфатаза белсенділігінің артуы, гиперхолестеринемия, тура фракция есебінен гипербилирубинемия ... синдромының биохимиялық көрсеткіштері болып табылады.
@ холестаз
@ мезенхималды-қабынулық
@ цитолиз
@ портокавальды шунттау
@ гепатоцеллюлярлы жеткіліксіздік
~ Әйел адам, 25 жаста, тәулігіне 5 ретке дейін жиі ботқа тәрізді нәжіс, дефекациядан кейін басылатын әш кебуі мен іште ауырсынуға, ішкі дірілдеу мен толық емес тыныс алу сезіміне шағымданады. Ректороманоскопияда, колоноскопияда, нәжістің бактериологиялық зерттелуінде патологиялық өзгерістер жоқ. Мүмкін болатын диагноз:
@ ішектің тітіркену синдромы
@ тиреотоксикоз
@ іш жүргізетін препараттарды қабылдауға реакция
@ гранулематозды колит
@ бейспецификалық жаралы колит
~ Әйел, 22 жаста, тәулігіне 20 рет қан, шырыш аралас, жағымсыз иісті диареяға, тамақтанудан кейін, дефекация алдында үдейтін, нәжістен кейін басылатын іште толғақ тәрізді ауырсынуға, салмақ жоғалтуға, сирақ-табандық, тізе буындарында артралгияға, дене температурасының жоғарылауына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Зерттеу барысында тоқ ішектің тотальды зақымдануы анықталды. Эндоскопияда тоқ ішек крипталарының микроабсцесі, айқын іріңді экссудация, спонтанды қан кету. Клиникалық хаттамаға сәйкес базисті терапия ретінде қолданылатын тиімді препараттар:
@ 5-АСҚ препараттары
@ антибиотиктер
@ адсорбциялаушы
@ эубиотиктер
@ антацидтер
~ Ер адам, 28 жаста, бронхоэктаз ауруы өршуінің терапиясы жүргізілген. 2 аптадан кейін тұрақсыз, интенсивтілігі орташа тұрақты сипаты жоқ іштің ауырсынуы, метеоризм, тәулігіне 4-6 рет, құрамында қорытылмаған тамақ қалдықтары бар сұйық нәжіс пайда болды. Осы жағдайдың дамуына себеп болған топ препараттары:
@ антибиотиктер
@ бэтта2-агонисттер
@ метилксантиндер
@ муколитиктер
@ иммуномодуляторлар
~ Ер адам, 75 жаста, эпигастрийде ауырлық, толу сезіміне, сыздап ауырсыну, ауызда жағымсыз дәм, лоқсу, тәбеттің төмендеуі, ауамен кекіру, тұрақсыз нәжіске шағымданады. Ішті пальпациялаудаалдыңғы құрсақ қабырғасының жайылмалы кернеулігі және эпигастрий аймағында ауырсыну. ФГДС: асқазанның денесі мен антрумында бозару, жазықталуы, тамырлардың көрінуі, гипотония, гипокинезия, өттің рефлюксі. Жоғарыда айтылған көрініс ... тән:
@ созылмалы атрофиялық гастритке
@ антральды атрофиялық емес гастритке
@ ойық жара ауруына
@ бейспецификалық жаралы колитке
@ асқазанның қатерлі ісігіне
~ 47 ж. ер адамды майлы тағамдармен тамақтанғаннан кейін эпигастрий, сол және оң қабырға астындағы белбеу тәрізді ауыратын ауыру сезімі, нәжістің тұрақсыздығы мазалайды.
Клиникалық хаттамаға сәйкес ферменттермен орынбасушы терапияға қосымша тағайындаған дұрыс:
@ протонды помпа ингибиторларын
@ антацидтерді
@ прокинетиктерді
@ антихолинергиялық дәрілерді
@ гистаминді рецепторлардың Н2 - ­бөгемелерін
~ 50 жасар әйел әлсіздікке, оң қабырға астында ауырлық сезіміне, қызыл иектің қанағыштығы, дененің қышуына шағымданады. 2 жыл бұрын гепатиттің сарғаю түрімен ауырған. Қарап тексергенде: тері жабындылары сарғыш, құрғақ. Бауыр қабырға доғасынан 2 см төмен шығып тұр, сипағанда сезімтал. Қанда шамалы анемия, түзу фракцияднан гипербилирубинемия, В және С вирусты гепатиттеріне ПЦР теріс, альфа-фетопротеин деңгейі 20 Е/л.
Диагнозды нақтылау үшін ақпаратты зерттеу әдісі:
@ гистологиялық
@ иммунологиялық
@ морфометриялық
@ морфофункциональді
@ иммуногистохимиялық
~ 28 жасар, жас әйел эндокринологта аутоиммунды гепатитпен қаралады. Соңғы 2-3 айда оң қабырға астында кезеңді сыздап ауыратын ауыру сезімі, аз ғана әлсіздік пайда болды. Қарап тексергенде: сипағанда бауыр қабырға доғасында. Қанда: ТПОға қарсы антиденелердің, ТТГ жоғарылауы, вирусты гепатиттер маркерлары теріс.
Емдеуге тиімді дәрі:
@ преднизолонды
@ легалонды
@ кларитромицинді
@ альфа-токоферол ацетаты
@ аминокапрон қышқылы
~ 53 жасар ер адам өңештің варикозды ұлғайған көк тамырларынан қан кетумен түсті. Бір апта бұрын оң қабырға астында ауыру сезімі, сарғаю пайда болды. Ішімдікпен әуестенген. Қарағанда: тері және көздің ақ қабығы сарғыш, телеангиэктазиялар. Іші кепкен. Бауыр қабырға доғасынан 3 см шығып тұр, тығыз, ауыру сезіміді. Спленомегалия. Қанда: анемия, тромбоцитопения, ЭТЖ-36 мм/с. Жалпы билирубин 56 мкмоль/л, тура фракциясы салдарынан.
Сіздің диагнозыңыз:
@ алкогольдік этиологиялы бауыр циррозы
@ криптогенді бауыр циррозы
@ созылмалы алкогольді гепатит
@ созылмалы криптогенді гепатит
@ созылмалы дәрілік гепатит
~ Бауыр циррозы бар ер адамда ісіну – асциттік синдром пайда болды. 3 күндік төсектік режим, тұссыз диета және суды тәулігіне 1000 мл дейін төмендету, ісінуді азайтпады.
Науқасты емдеудегі тиімді дәрі:
@ верошпирон
@ лазикс
@ урегит
@ триампур
@ гипотиазид
~ Ащы ішек ауруларында ауыру сезімінің орналасуы:
@ кіндік аймағында
@ оң мықын аймағында
@ сол мықын аймағында
@ іштің төменгі ортасында
@ эпигастрий аймағында
~ 38 жастағы ер адам жатқанда, кеудені алдыға қарай еңкейткенде және тамақтан кейін күшейетін төс артындағы күйдіріп, ауыру сезіміне шағымданады.
Диагнозды нақтылау үшін тиімді зерттеу әдісі:
@ эзофагоскопия
@ эзофагоманометрия
@ кеуде қуысының рентгенографиясы
@ күштеме сынамалаымен электрокардиография
@ құрсақ қуысының УДЗ
~ 27 жастағы ер адам тағам қабылдағаннан 1,5-2сағаттан кейін пайда болатын эпигастридегі және түнгі ауыру сезіміне, ащымен кекіруге, лоқсуға шағымданады. Қарап тексергенде: тамақтануы төмен, тілі ылғалды, түбі ақ жабындымен қапталған, пальпация кезінде – эпигастриде ауыру сезімі.
Тиімді зерттеу әдісі:
@ гастроскопия
@ ирригоскопия
@ эзофагоманометрия
@ асқазаннің рентгенографиясы
@ құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ
~ Ер адам 47 жаста эпигастридегі тұрақты сыздап ауыратын ауыру сезімі, ауырлық және кернеу сезіміне шағымданады, соңғы жарты жылда салмағының 15 кг төмендеуіне шағымданады. Объективті: тамақтануы төмен, тері жабындылары боз, аяқтарында ісінулер; пальпацияда эпигастриде ауыру сезім. Қан анализінде – эритроциттер 3,2 млн., Нв 112 г/л, ЭТЖ 10мм/с; жалпы белок 49 г/л. ЭФГДС – асқазан шырышты қабатының қатпарлары «ми иілімдер» тәрізді айқын қалындаған, майда нүктелі эрозиялар анықталады. Тиімді емдеу тактикасы:
@ хирургиялық ем
@ санаторлы – курорттық ем
@ симптоматикалық ем
@ орын басушы терапия
@ диетотерапия
~ 52 жастағы әйел тағам қабылдағаннан кейін пайда болатын оң қабырға астындағы ауырлық және дискомфорт сезіміне, ауыздағы ащы дәмге, мезгіл –мезгіл құсуға шағымданады. Объективті – толық, тері жабындылары қалыпты түсте, пальпация кезінде өт қабы тұсындағы нүктесінде сезімталдық анықталады.
Ең тиімді зерттеу әдісі:
@ құрсақ қусының УДЗ
@ гастроскопия
@ ирригоскопия
@ дуоденальді зондтау
@ бауырдың пункционды биопсиясы
~ 48 жастағы әйел тамақтанудан, әсіресе көп мөлшерде және майлы тағам қабылдағаннан 40—90 мин кейін, сонымен қатар ауыр жүк көтергеннен және селкілдеп, жүргеннен кейін пайда болатын оң қабырғадағы ауыру сезіміне шағымданады. Кейде ауыру сезім ұзақ уақыт отырғанда пайда болады және күшееді. Өте жиі ауыру сезім қыжылдау, жүрек айну, тағам және ауамен кекірумен байланысты Қанда – лейкоциттер 10,2 мың., ЭТЖ 22 мм/с. Тағайындалатын тиімді антибиотик:
@ ампиокс
@ пенициллин
@ фуразолидон
@ левомицетин
@ метронидазол
~ 29 жастағы ер адам қан және шырыш аралас, күніне 5-6 рет болатын жиі нәжіске, салмағының төмендеуіне шағымданады. Объективті: тамақтануы төмендеген, тері жабындылары бозғылт, пальпаторлы – төмендеуші ішектің сол жартысының проекциясында айқын ауыру сезім анықталады. Қанда лейкоциттер 9 мың., ЭТЖ 28 мм/с. Клиникалық хаттамаға сәйкес тағайындаған тиімді:
@ салофалькті
@ бифидумбактеринді
@ кальций карбонатын
@ солкосерилді
@ дерматолды
~ Ер адамда эпигастрий мен сол қабырға астындағы жылдам өрістейтін қатты белбеулі ауру сезімі, жүрек айну, құсу, үлкен дәретінің тұрақсыздығы мазалайды, сусыздану және полиурия пайда болды.
Екіншілік жағдайдың пайда болу себебі:
@ қант диабеті
@ дуоденит
@ қантсыз диабет
@ созылмалы панкреатит
@ калькулезді емес холецистит
~ Жас әйелді қатты уайымдағанда ішінде шұрылдау және «құйылу» сезімі, жиі тұрақсыз үлкен дәрет, ішектердегі спастикалық ауру сезімі және тенезмдер мазалайды. Зерттеу кезінде органикалық патология анықталмады.
Бұл жағдайда тағайындалатын препараттар:
@ седативті
@ спазмалитиктер
@ Н2-бөгемелері
@ антацидтер
@ ферменттер
~ 38 жасар ер адам әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, айқын арықтауға, терісінің, шырышты қабаттың және көздің торлы қабатының қараюына шағымданады. Қарағанда: тері жабындылары грифельді-сұрғылт қоңыр түсті, ірі буындардың ісінуі мен ауру сезімі. Қанда – гипергликемия. Десфералды сынама оң. Сіздің диагнозыңыз:
@ біріншілік гемохроматоз
@ аутоиммунды гепатит
@ Дабина- Джонсон синдромы
@ Маркиафы-Миккели ауруы
@ Вильсона – Коновалова ауруы
~ Созылмалы В вирусты гепатиті бар 35 жастағы ер адамның лабораторлы зерттеу кезінде келесі өзгерістер анықталды: билирубин 55 ммоль/л, тимолды байқау 8 ед., АЛТ 1,5 ммоль/л, АСТ 1,2 ммоль/л; серологиялық зерттеуде HbsAg, HBeAg және HBcAbIgM оң нәтиже анықталды.
Осы патологияны емдеуде нәтижелі перпарат:
@ интерферон
@ креон
@ дюфалак
@ эссенциале
@ Е тобының витаминдері
~ 38 жасар әйел оң қабырға астындағы шамалы ауру сезімі, эпигастрийдегі ауырлық сезімі, жиі мұрыннан қан кету, әлсіздік, ұйқышылыққа шағымданады. УДЗ бауырдың эхотығыздығының диффузды ұлғаюы, сагиталды мөлшерінің ұлғаюы байқалады. Қанда - эр. 3,9 млн., лейк. 2,4 мың., тромб. 145 мың., Нв 106 г\л, ЭТЖ 22 мм\сағ. Тимол сынамасы 19,0, ПТИ 76%.. Жалпы белок 76 г\л, альбуминдер - 40, альфа-1 - 4, альфа-2 - 10, бета - 16, гамма-глобулиндер - 30%, альбуминдер\глобулиндер коэффициенті - 0,67.
Тимол сынамасының жоғарлауына алып келген көрсеткіш:
@ гамма-глобулин
@ альбумин
@ билирубин
@ фибриноген
@ альфа-глобулин
~ 65 жастағы хирург, айқын дене қышуына, әлсіздікке, күндізгі ұйқышылдыққа, түнгі ұйқысыздыққа шағымданып түсті. Тексергенде: тері жабындылары сарғыш, теріде тырнақ іздері, тамырлық жұлдызшалар, бауыр қабырға астынан 4 см шығып тұр, көк бауырдың перкуссиясы 14х10 см. Қанда: жалпы билирубин 68 ммоль/л, тура 52 ммоль/л, СФ 925 ед. (қалыпты 85 ед. дейін), АЛТ 2.48 ммоль/л, АСТ 16 ммоль/л. ЭФГДС да – өңештің көк тамырларының варикозды кеңеюі.
Бұл жағдайда тағайындалатын препарат:
@ орнитин
@ эссенциале
@ ванкомицин
@ хлорид пиридоксин
@ аскорбин қышқылы
~ Ащы ішек патологиясы кезінде іштегі ауырсыну сезімінің күшеюі байқалады:
@ күннің екінші жартысында
@ түске таман
@ таңертең ерте
@ түскі тағам уақытына таман
@ күннің бірінші жартысында
~ 45 жастағы әйел психо-эмоционалды қобалжулардан кейін, тағамды және сілекейді жұтқан кезде пайда болатын төс артындағы кысу және ауру сезіміне шағымданады. Ренгеноскопияда – сульфат барийді жұту кезінде өңештің қисайған тәрізді, «штопорды» еске алатын спастикалық қысқаруы анықталды. Бұл жағдайда тағайындалатын препарат:
@ коринфар
@ церукал
@ омепразол
@ анестензин
@ ранитидин
~ 68 жастағы ер адам аш қарында пайда болатын, тамақтан кейін азаятын эпигастридегі сыздап ауыратын ауру сезіміне шағымданады. Анамнезінде асқазанның ойық жарасы 12 жыл бойы. Объективті: тамақтануы қанағаттанарлық, пальпация кезінде эпигастриде ауырсыну байқалады. ЭФГДС – кіші иінде құрылымы дұрыс емес, өлшемі 1,5 х 2 см, шекаралары дұрыс емес, түбі кедір бұдыр, сұрғыш жабындымен қапталған ойық жаралы жырық байқалады. Дамыған асқынудың түрі:
@ жара малигнизациясы
@ жара пенетрациясы
@ жара перфорациясы
@ жарадан қан кету
@ ұлтабардың тарылуы
~ 58 жастағы ер адам сол жауырын астына берілетін, тағам қабылдағаннан 20-30 минуттан кейін пайда болатын қылыш тәрізді өсіндінің астындағы қысу және күйдіру сезіміне шағымданады. Р-графияда асқазанның субкардиальді бөлігінің артқы қабырғасында «ниша» анықталады.
Клиникалық хаттамаға сәйкес тиімді препараттардың бірі:
@ омепразол
@ церукал
@ эглонил
@ ретаболил
@ мотилиум
~ 42 жастағы ер адам жалпы әлсіздікке, салмағының төмендеуіне, ішінің көлемді ұлғаюына шағымданады. Қарап тексергенде: тамақтануы төмендеген, тері жабындылары сарғыш, асциттің әсерінен іші ұлғайған, бауыры қабырға асты дұғасынан 4 см шығып тұрады. Қанда ЭТЖ жылдамдаған, сілтілі фосфатаза және гаммаглютамилтранспептидаза жоғарлаған.
Ақпаратты зерттеу әдісі:
@ бауырдың пункционды биопсиясы
@ ретроградты холецистография
@ дуоденальді зондтау
@ панкреатохолангиография
@ дуоденоскопия
~ 41 жастағы әйел майлы тағамнан кейін пайда болатын оң қабырға астындағы ауру сезіміне шағымданады. Объективті: тамақтануы жоғары, пальпация кезінде – өт қабығының проекция нүктесінде ауырсыну байқалады. Қанда– лейкоциттер 6,9 тыс., ЭТЖ 12 мм/с, холестерин 7,3 ммоль/л. Құрсақ қуысының УДЗ - өт қабы қуысында диаметрі 0,8 см конкремент анықталды. Тағайындалатын тиімді препарат:
@ хенодезоксихол қышқылы
@ фламин
@ холагол
@ ампициллин
@ платифиллин
~ 36 жастағы әйел іштің төменгі квадрантындағы ауру сезімге, патологиялық өзгеріссіз тәулігіне 2-3 рет болатын сүйық ботқа тәрізді үлкен дәретке шағымданады. Объективті: тамақтануы төмендеген, ауыз қуысында көптеген афталар, пальпация кезінде ішек бойымен ауру сезім анықталады. Ректороманоскопияда – анальді сызаттар. Ирригоскопияда – көлемі әр түрлі ойық жаралар, ішек стриктуралары анықталады, шырышты қабаттары «тас көпір» тәрізді.
Сіздің диагнозыңыз:
@ Крон ауруы
@ созылмалы колит
@ ішек туберкулезі
@ ішек амилоидозы
@ спецификалық емес жаралы колит
~ Келесі препараттарды қолдану асқазан ішек жолдарының кілегей қабатының жаралы зақымдануын тудыруы мүмкін:
@ аспирин
@ метронидазол
@ кларитромицин
@ сукральфат
@ амоксициклин
~ Егер асқазанда жара болып, ол ұзақ уақыт жазылмаса бірінші орында тағайындалатын зерттеу әдісі:
@ жара жиектерінің биопсиясымен эзофагогастроскопияны қайталау
@ рентгенологиялық зерттеуді қайталау
@ гипербарийлік оксигенация курсын жүргізу
@ жараға қарсы терапия курсын жалғастыру
@ симптоматикалық терапия курсын жалғастыру
~ Аутоиммунды бұзылыспен негізделетін аурудың түрі:
@ гастрит «А» түрі
@ 12-елі ішектің жара ауруы
@ асқазан жара ауруы
@ гастрит «В» түрі
@ эзофагит
~ Созылмалы колитті емдегенде тағайындау қажет:
@ висмут препараттары, емдік клизмалар,ферменттік препараттар
@ емдік клизмалар,ферменттік препараттар, анаболикалық стероидтар
@ ферменттік препараттар, анаболикалық стероидтар
@ емдік клизмалар,ферменттік препараттар
@ висмут препараттары, ферменттік препараттар, анаболикалық
стероидтар
~ Бейспецификалық жаралы колит өршуінің себептері болуы мүмкін:
@ парафиннің іштің терісіне аппликациясы, тазартқыш клизма
@ парафиннің іштің терісіне аппликациясы, колларгол ерітіндісімен
микроклизмалар
@ колларгол ерітіндісімен микроклизмалар
@ тазартқыш клизма, глюкокортикоидтарды қабылдау
@ колларгол ерітіндісімен микроклизмалар, глюкокортикоидтарды
қабылдау
~ Бейспецификалық жаралы колиттің дисталды түріне тән:
@ нәжісте қанның болуы
@ тәулігіне 8-12 ретке дейін нәжістің болуы
@ фебрильді қызба
@ нәжісін ұстай алмау
@ нәжісте ірің болуы
~ Бейспецификалық жаралы колиттің ұзақ ағымында қабыну инфильтратындағы басым клеткалардың түрі:
@ плазмалық клеткалар, эозинофилдер
@ лимфоциттер, нейтрофилдер
@ плазмалық клеткалар
@ лимфоциттер
@ нейтрофилдер, эозинофилдер
~ Крон ауруында эндоскопиялық зерттеу мәліметі:
@ «тас көпір» түріндегі кілегей қабатты
@ тамыр суретінің жоқтығын
@ ұзарған пішінді жараны
@ «тары» тәрізді абсцесстерді
@ іріңді абсцесстерді
~ Ұйқы безі ферменттерінің ең жоғары деңгейде болуы ... кездеседі.
@ эрозивті дуоденитте
@ асқазан пептикалық жарасының перфорациясында
@ бейспецификалық жаралы колиттің дисталды түрінде
@ ишемиялық колитте
@ тітіркенген тоқ ішек синдромында
~ Индуративного панкреатиттің салдары болып табылады:
@ гипергликемия, стеаторея
@ гиперглобулинемия, креаторея
@ гипербилирубинемия, лиенторея
@ гиперамилаземия, стеаторея
@ стеаторея, гипербилирубинемия
~ Гептралдың бауыр аруларында қолданылу мақсаттары:
@ гепатопротекторлық, антиоксиданттық, регенерациялық
@ протеолитикалық, антисекреторлық, эубиотиктік
@ гепатопротекторлық, прокинетикалық, спазмолитикалық
@ өт айдағыш, вирусқа қарсы, цитопротекторлық
@ литолитикалық, эрадикациондық, қабынуға қарсы
~ Өештің кеңейген көк тамырларынан қан кетудің алдын алу мақсатында тағайындалады:
@ эндоскопиялық лигирлеу
@ лапароцентез
@ баллондық тампонада
@ эзофаготомия
@ пневмокардиодилатация
~ Бауыр энцефалопатиясының медикаментоздық емі ... азайтуға бағытталған:
@ гипераммониемияны
@ гиперхолестеринемияны
@ гиперазотемияны
@ гипербилирубинемияны
@ гипоальбуминемияны
~ Диуретикалық терапия қабылдау үстінде гепаторенальдық жетіспеушілік және рефрактерлік асцит дамығанда жүргізілетін тактика:
@ диуретиктерді тоқтату, лапароцентез жүргізу
@ диуретиктердің қосарланған схемасы
@ диуретиктерді максимальды мөлшерде жалғастыру
@ глюкокортикоидтарды тағайындау
@ лапароцентез жүргізбеу, массивті диуретикотерапия

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет