15
Егіннен масақ ұрлап əкелетіндер тек менің əкем емес.
Таңертең бригадирдің айқайымен оянатын əкем түнде жатар кезде
бей-берекет шашып тастаған киімдерін таба алмай, үй ішінің астан-
кестеңін шығарады. Əрқайсымызды бір қозғап, жастығымызды
қопарып, төсеніштің ар жақ, бер жағын ашып қарап, белбеуін,
тымағын іздейді. Сөйтіп, бəрімізді түгел оятып бітеді. Шұлғауының
бірі менің жастығымның астынан, малақайы Сатылғанның қойнынан
табылады.
Əкемнің жоғалғыш киімдерінің бірі оның белбеуі. Барлық киімін
киіп ап, енді белбеуін таппай, есік алдында сілейіп тұрғаны:
– Ой, тоба, бұл əкеңнің аузын... жер жұтты ма? Қайда кетті?
Белбеу табылмай ауырып жатқан шешеме де маза жоқ.
– Əсбет, қарашы менің белбеуімді. Жер жұтты деймісің, бір жер-
де жатқан шығар.
Шешем бейшара ыңқылдап қоса іздеседі.
– Түнде шешкенде бір жерге белгілеп қоймайтын ба? Күнде-
күнде бұл не? – дейді ренжіп.
Қырсық белбеу соңынан қорадағы ақырдың ішінен табылады.
Түнде əкем баздан онымен өгізіне салатын шөп буып əкелген. Ақыр-
дың ішінде шөпті шешкен кезде ұмыт қалдырған.
Қыстыгүні əкем аяғына қолдан басқан добалдай пима киеді. Га-
лошсыз. Екі аяқтағы пиманың түрі екі басқа: бірінің басы бақаның
басына, екіншісінің басы бұзаудың басына ұқсайды. Ол тəрізді
пимаға тура келетін галош дүниеде əлі жасалмаған болуға керек.
Пималардың ішіне əкем құрым киізден ұлтарақ салады. Осы
үйде іске алғысыз ескі-құсқы шүберек қанша болса, соның бəрін
шұлғау етіп оранады.
Кешқұрым ол бүйірі шұрық тесік қаңылтыр пешке отты толты-
рып жағады да, күні бойы сусіңді болған шомбал пималарды шешіп,
жайып жатады. Ең ішкі орамына дейін су өткен сарала шұлғаулар,
ұлтарақтар самсап түгел жайылған кезде қайнаған қоңырсық жаман
иіс үйдің ішіне толып кетеді. Жер төсекте пешке арқасын қыздырып
тыныстап жатқан ауру шешем сол кезде үстіне от түскендей басын
көтеріп алады:
– Ыдырыс, тағы да сен бе? Тұншықтырып өлтірдің ғой, сығыр
құдай. Қақтамай, қоя тұршы. Жатар кезде жайсаң да кебеді ғой. Тым
болмаса, пешке тақамай, əрірек жай.
Түнде біздің үйге ұры кіре ме, қайдам, таңертең əлгі аталған
16
мүліктердің бірсыпырасы жайылған орнында тағы да жоқ болып
шығады. Əкем үйдің ішін қопарып, тағы іздеуге кіріседі.
47-52-Б.
Сөздік
өмірбаян
автобиография
қарапайым
простой
мақтаныш
гордость
кедей
бедняк
қу тақыр кедей
крайне бедный
боқтайды
ругает, сквернословит, бранит
шынайы
истинный, искрений
ата-тегіміз
наша родословная
өкіл
представитель
жүріс-тұрысы
поведение
тəңір
бог, создатель, всевышний
талпыну
стараться
мазасыздану
тревожиться, беспокоиться
отты адам
горячий человек
ауру қор қылған
замучившая болезнь (одолев-
шая болезнь)
ынжық
несмелый, малодушный, слабо-
вольный
қайраса
если поточить
кедейшілік
бедность, нужда
шиқылдақ
скрипучий
сығырайған
полуосвещенный
кебеже
кебеже (деревянный сундук для
хранения продуктов, посуды
или короб для перевозки вью-
ков на верблюде)
17
шымылдық
занавеска
кестелеген
вышитый
сауын сиыр
дойная корова
қара жаяу
простой (о человеке)
иықты
плечистый
сөлбіретіп
отвисшие
қияқ мұрт
прямые торчащие усы
таңдамайды
не выбирает
өңеш
пищевод
шыны
чашка
шəугім
чайник
жарбиған
истасканный
малақай
малахай (мужская меховая
шапка)
шұнтиған
куцый, маленький
есектің құлағынша қалқиып
торчат как ослиные уши
былғаң-былғаң
колебание, качание
белбеу
пояс
таңқы
короткий
арқасына
на спину
қарнын сыздатып тоя ішкен
переедая, кушая досыта, кушал
пока кишки не лопнут
үзеңгі стремя
ыңыршақ
седелка, вьючное седло
шүберек
тряпка, тряпье
дуал
дувал, забор, ограда
(кирпичная или глинобитная)
асығыссыз
не спеша
іш пыстыратын қимылдарына
медлительные движения (дей-
ствия)
2–1151
18
тістеніп
стиснув зубы (перен. злиться,
приходить в ярость, скалиться
на кого-л.)
абыржу
смятение, замещательство
масақ уқалау
толочь колос
талқан
толокно
ақыр
ясли (для скота)
добалдай
1. огромный, большой
2. некрасивый, толстый
құрым киіз
закопченная кошма
шұлғау
портянки
шұрық тесік
дыра
қаңылтыр
жесть // жестяной
қоңырсық
запах гари
кешқұрым
вечером, вечерком
көмір
уголь
өгіз
бык
ер-тұрман
седло
белсенді
активист
бей-берекет
как попало
дəн зерно
соқыр
слепой
əлгі
тот самый, то самое
бу
пар
ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІКПЕН ЖҰМЫС
ЖАҒАЛ
сын. Жолақ-жолақ боп келетін қошқыл сары түс. Қазақ тілінің
түсіндірме сөздігі. 3-т. 489-бет.
САРҒАЙ
ет. 2. Ауыс. Сарыла күту, зарығу, шаршау. Қазақ тілінің
түсіндірме сөздігі. 8-т. 174-бет.
19
СЫҒЫРАЙ
ет. Жарықтың өлеусіреп көмескіленуі, сəл ғана жылтыра-
уы. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 8-т. 441-бет.
ҚАРНЫН СЫЗДАТЫП
Асты шамадан артық ішті. Қазақ тілінің
түсіндірме сөздігі. 8-т. 445-бет.
АБАЖАДАЙ
сын. Өте үлкен, кесек, зор. Қазақ тілінің түсіндірме
сөздігі. 1-т. 32-бет.
ШҰНТИ
ет. Қып-қысқа болып сымпию, құнтию. Қазақ тілінің
түсіндірме сөздігі. 10-т. 284-бет.
ЫҢЫРШАҚ
зат. Өгізге жүк тиеу үшін ерттелетін, ағаштан жасалған
биік ер. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі . 10-т . 402-бет.
ДЕЛДИ
ет. 1. Киімнің не басқа бір нəрсенің көтеріңкілеу, шығыңқылау
болып тұруы. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 3-т. 101-бет.
ЫРҒАЛЫП-ЖЫРҒАЛ
ет. Жайбасарлық қылу, асып-саспау. Қазақ
тілінің түсіндірме сөздігі. 10-т. 405-бет.
ҚҰЛШЫН
ет. Бір нəрсеге ынтамен, ықыласпен жігерлене кірісу; жа-
нын сала ұмтылу. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 6-т. 463-бет.
ҚОРЛАН
ет. Ашу, ыза кернеу, кекке булығу, күйзелу. Қазақ тілінің
түсіндірме сөздігі. 6-т. 352-бет.
КҮЙІП-ПІС
ет. Қапа болып күйгелектену, берекесі кетіп ренжу. Қазақ
тілінің түсіндірме сөздігі. 5-т. 288-бет.
ҚҰРЫМ
зат. Күн қақтап, шаң қонып əбден ескірген, тозығы жеткен
киіз. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 6-т. 524-бет.
ҚАҢТАРУ
Құр қалдыру, еш нəрсе бермеу. Қазақ тілінің түсіндірме
сөздігі. 6-т. 21-бет.
ЫНЖЫҚ
сын. Сөзін тіке айта алмайтын, жасық, жігерсіз. Қазақ
тілінің түсіндірме сөздігі 10-т. 395-бет.
ШАЙНАМА
зат. Ауыз толтыра тіске басып, шайнап жейтін қою ас,
тағам. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 10-т. 93-бет.
КӨКӨЗЕК
Қыста əрең шыққан организмнің көктем кезінде əлсіреп,
денеден күш-қайрат, əл-қуат кеткен кезі. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.
7-т. 517-бет.
ШӨЖІ
ет. 1. Дəннің толмай бүрісіп қалуы. Қазақ тілінің түсіндірме
сөздігі. 10-т. 265-бет.
ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК
ҚИЯҚ МҰРТ
Жіңішкелеу, əдемі мұрт.
АСТАН-КЕСТЕНІ ШЫҚТЫ
Талқан болды, ойран-топыр болды.
СЫҒЫР (ШҰНАҚ) ҚҰДАЙ
Кейіс сөз.
ҚАНЫ ҚАЙНАДЫ
Ызаланды, қатты күйінді.
ЖЕР ЖҰТТЫ (ОПТЫ, ТАРТТЫ)
Аяқ астынан жоқ болды, ғайып
болды.
20
ҚАС ҚАРАЙДЫ, ҚАС ҚАРАЙЫП, ЫМЫРТ ЖАБЫЛДЫ
Кешқұ-
рым қараңғы түсу мезеті туралы айтылады.
Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі.
Кеңесбаев І.К. Алматы, «Ғылым» баспасы, 1977 ж.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Ол өмірбаян, анкета толтырған кезде нені мақтан тұтады?
2. Ол əкесінің қай таптың өкілі болғанына риза?
3. Ыдыкеңнің жасы нешеде?
4. Ыдекең қандай адам болған?
5. Кейіпкердің шешесі қандай адам болған?
6. Олардың тұрмысы қандай болды?
7. Олар қандай үйде тұратын еді?
8. Ауылдағы кез келген үйде қандай заттар болады?
9. Ыдыкеңнің үйінде қандай мүліктер жоқ?
10.Ыдырыс үйінен жұмысқа қалай шығады?
11. Ыдекең үстіне қандай киім киеді жəне киген киімі сырт көзге қалай
көрінеді?
12. Таңертең Ыдырыс киімдерін қалай іздейді?
13. Ыдекеңнің киімдері қайдан табылады?
14. Ыдекең аяғына қандай пима киеді?
ТАПСЫРМА
1. Əңгімені оқып, мазмұндаңыз.
2. Əңгімені үнтаспадан (аудиокассета) тыңдаңыз.
3. Əңгіме бойынша Ыдырыстың мінезін, іс-қимылын суреттеп бе-
ріңіз.
4. Əңгіме бойынша Ыдырыстың кескін-келбетін, үстіне киген киі-
мін сипаттап беріңіз.
5. Əңгімеден омоним сөздерді тауып жазыңыз.
ҮЛГІ: Бір, қара, қор, ат, ер, арық, түс, шай, ұста, тартпа, ...
БІР І – ІІІ
БІР І
сан. Есептік санның ең алғашқысы.
БІР ІІ
сын. пара-пар, тең, бірдей.
БІР ІІІ
үст. аралас-құралас, бірге.
21
ҚАРА І –ІV
ҚАРА І
сын. күйенің, көмірдің түсіндей (түс, бояу)
ҚАРА ІІ
зат. аумақ, көлем, сан, мөлшер, шама.
ҚАРА ІІІ
этнограф. өлікті аза тұтудың белгісі ретінде киетін киім.
ҚАРА ІV
қарапайым, халық арасынан шыққан адам, қара халық, бұқара.
6. Əңгімеден синонимдерді тауып жазыңыз.
ҮЛГІ:
• Бағалы, құнды, қымбат, бұлды, татымды.
• Бай, мол, ен, көп, қыруар, ырғын.
• Малақай, құлақшын.
7. Əңгімеден төмендегі сұрақтарға қатысты деректерді табыңыз.
1. Ыдырыс үйіне масақты қайтіп əкеледі?
2. Ыдырыс масақты не үшін əкеледі?
3. Ыдырыс аяғына қандай пима киеді?
4. Əсбет қандай адам болған?
8. Асты сызылған сөздермен сөйлем құраңыз.
9. Асты сызылған сөйлемдерден сын есімді тауып, сын есімнің жа-
салу жолдарын айтыңыз.
10. Оқылымға қатысты тапсырманы орындаңыз.
1. Сөйлемге қажет сөзді қойыңыз.
Шешем – Əсбет тілді де ..... адам еді.
1. пысық
2. отты
3. ақкөңіл
2. Қандай үй кедей үй?
1. түгі жоқ
2. байлық
3. аты жоқ
3. Ең кедей қазақтың аты болмаса да, несі болады?
1. тамағы
2. ер-тұрманы
3. құлыны
4. Əкесі қандай мұрт қояды?
1. ұзын
2. қияқ
3. қысқа
5. Ыдырыс қалың киімнен не өтпейді дейді?
22
1. су
2. ыстық
3. салқын
6. Ыдыкең жолшыбай кезіккен кімдерден сөз естіп, жұмысқа кетіп
бара жатады?
1. жүргіншілерден
2. белсенділерден
3. адамдардан
7. Сөйлемге қажет сөзді табыңыз.
Біздің үйде бір..... ағаш кебеже болушы еді.
1. алтын
2. күміс
3. қара жағал
8. Екі киім жапқышы бар үй қандай үй?
1. əлді
2. кедей
3. бай
9. Ыдыкең қысы-жазы қалай киінеді?
1. жұқа
2. əдемі
3. бірдей қалың
10. Үйде ер болмағандықтан Ыдырыс қызыл өгізге не ерттейді?
1. ер-тұрман
2. ыңыршақ
3. үзеңгі
11. Қыстүгіні Ыдырыс аяғына қандай пима киеді?
1. қоңыр
2. кең
3. қолдан басқан добалдай
23
Бердібек Соқпақбаев
Бастан кешкен
повесть
Алматы, 1970. -344 бет.
МЕНІҢ ҒАЖАП ПИМАЛАРЫМ
Бала аштыққа да, жалаңаштыққа да төзеді. Ал бірақ ойнамай
төзе алмайды. Ойын оған өмір тауқыметінің бəрін ұмыттырады.
Бала ішегін сүйретіп ойнайды деген рас сөз.
Қыстыгүні сабақтан тыс уақытта сіз Қостөбенің бар баласын
Текес тің бойынан, сырғанақтың басынан табасыз. Текес қыста қатып
қалады. Жұрт суды ойықтан алады.
Қар жаумаған кезде мұз айнадай жап-жалтыр болып жатады. Беті
толған бала. Болат коньки, шаңғы ол кезде таптырмайды. Қайқы бас
базар коньки тек Жанбосында бар. Басқалардың аяқтарында таба-
нына сымтемір қағып, қолдан жасаған ағаш коньки. Жанбосын
жұлдыздай ағып зымырағанда, біз бортаңдап ілесе алмай қаламыз.
Жанбосын сəйгүлік ат мініп, біз өгіз мініп жүргендейміз.
Осы артықшылығын Жанбосын əбден пайдаланады. Ағызып
келіп, арамызды жарып өтеді, қағып-соғып жығып кетеді. «Сиыры-
мыз» омақасып тырайып құлап жатқанымыз. Тұра қуып, өш алуға
жете алмаймыз. Мықтағанда келістіріп бір боқтаймыз.
Конькиі жоқтар Текестің тік жарқабағын сырғанақ етіп ала-
ды. Содан шанасы барлар шанамен, шанасы жоқтар астыларына
сиырдың жапасын қойып сырғанайды.
Шаналы жұрт аз. Баласына құнттап шана жасап беретін өнерлі
ата-ана ауылда сирек ұшырайды.
Ауылда сиырдың кез келген тастап кете беретін жапасынан арзан
не бар. Қыстыгүні ол жапалар тоң болып, қатып жатады. Шанасы
жоқтарға шана болады. Текестің суына бір матырып алсаң, тіптен
лазым. Аязға аз ғана қойып қойсаң, сырты одан бетер тоңазып,
көкпеңбек көк жалтыр мұз болып шыға келеді. Шананың ең жүйрігі
дайын, отыр да сырғанай бер. Мұз жолақтың басынан жібергеніңде,
жолдағыларды басып озып, құйындатып алып жөнеледі. Шана
24
тəрізді жолдан не олай, не бұлай қиялап шығып кетуді білмейді.
Жалтыр мұздың нағыз ойықтау ортасымен зымырайды.
Жапа-шанада бір ғана айып бар – орнықты емес. Тай мінгендей
бұлтылдап астыңда тұрмайды. Сəл қисайсаң, бұлт етіп, жығып кетеді.
Сосын етекке құйрықпен немесе жамбаспен сырғанап жетесің.
Осыдан соң киімде тамтық қала ма?
Қай баланы көрсең де құйрығын қасқыр тартып кеткендей жамау
құйрық. Жыртықтан жылт-жылт еткен жалаңаш еттері көрініп жүре-
ді. Сырғанақты ол сонда да қоймайды.
Күнде кешқұрым шешең байғұс сығырайған бөтелке шамның
жарығымен шалбардың пəрі-сəре болған құйрығын, тізесін бырқ-
бырқ ұрсып жамап отырады:
– Сырғанақта басың қалғыр, жүгермек. Кеше ғана сандай етіп
жамап бердім. Бір күн болмай қарашы тағы да жалбыратып əкелуін.
Ендігəрі сенің жар басына жақын барғаныңды көрейін. Мойның
үзілгір, мойныңды үзіп жібермесем неғылсын!
Қамқор ананың күйінуден айтып жатқан домбытпасы. Оны өзі
де, сен де жақсы білесің. Сырғанаққа ертең мойным үзіледі екен деп
қорықпай, тағы барасың. Барғаныңды шешең де көреді. Бірақ ол əлгі
айтқан антында тұрмайды – сенің қылдырықтай нəзік мойныңды бір
бұрап, үзіп жібермейді.
Құйрық жалбырап тағы жыртылады. Көнбіс ана бырқ-бырқ ұрса
отырып тағы жамайды. Өмір осылай өте береді.
Жалаңаш болуға төзесің. Ал бірақ ойнамай төзе алмайсың.
Өзге киімнің нашарлығы түк емес, ал аяқ киімің нашар болса,
қыстыгүні адамның қорысың.
Мүгедексің.
Мен бір ескі жаман бəтіңке киіп жүруші едім. Сырғанақтың
көмегімен бір күні біреуінің ұлтаны қақырап түсті де қалды.
Қабыршағын жарып шыққан балапанға ұқсап ар жағынан кір-кір
аяғым көрініп тұрды. Бір аяғымды өкшелеп басып үйге келдім.
Жарақат бəтіңкені əкем төңкеріп олай қарады, былай қарады.
Емдеудің еш ретін таба алмады. Жамап-жасқаудың неше түрін ол
бұған дейін бастап кешіп үлгерген. Біз шаншатын сау жері қалмаған.
Ғұмырың біткен екен деді де, əкем əлгі бəтіңкелерді қораның арт
жағындағы күресінге лақтырып тастады.
Мен енді жалаңаяқпын. Ертең оқуға қалай барам?
25
– Осыған дұрысырақ бір аяқкиім қамдап беріңдер деп, күз түскелі
қақсап келем. Əне, енді оқуынан қалатын болды, – деп, шешем əкем
мен ағаларымды жазғыра бастады.
Қамсыз əкем тап осылай болар деп – күндердің күнінде мені
жалаңаяқ қалар деп – ойламаған. Қиын болды ғой деп, желкесін
қасып біраз тұрды. Төңірегіне қарағыштап, басы артық бейсауат
жатқан аяқкиім іздестіре бастады. Басы артық аяқкиім біздің үйге
қайдан келеді? Босағада шешемнің өкшесіне жамау түскен, үшкіл
бас азия калошы жатқан. Əкем соны көрді:
– Əсбет, қашан аяқ киім табылғанша оқуға сенің калошыңды
киіп барып келіп жүрсе қалай болады?
Əкемнің ойлап тапқаны осы еді.
– Ой, жазған. Онымен қалай барады? Аяғына қар құйылмай ма?
Амал жоқ, əкем маған аяқ киім іздеуге кірісті.
Өзіміздің үйден түк таба алмай, көршілерге кеткен еді. Бір кезде
қонышынан басқа түгі қалмаған ескі екі жаман сұр пима алып келе
жатыр. Құдай біледі, əлдекімнің лақтырып тастаған пималары.
Əрі маған шақ емес, үлкен пималар.
Қораның сорайып шыққан белағашына, ұрғыштап, шаңын қағып
жатыр. Шаң түтінше бұрқ-бұрқ етеді. Ұра берсе, таусылмай, шыға
беретін тəрізді. Түк таппаған əкем енді маған осы пималарды табан-
дап бермек болды.
Немен табандайды? Жай құрым киізбен табандаса, түк болмай-
ды. Екі-үш күнде тесіліп шыға келеді.
– Ей, Смаш, застап жаққа барып келші. Солдаттың ескі пималары-
ның қонышы табылмас па екен? – деп, əкем інісін жұмсады.
– Смағұл тəтем заставаға кеткен еді. Бір кезде автомобильдің
жарты балонын көтеріп əкеле жатыр.
– Бұл табан бола ма?
– Мен болғызамын. Болғанда ең мықты табан болады.
Тəтем айтқанын істейтін адам. Балонды ол кескілеуге кірісті.
Мен бұдан қандай табан шықпақ деп, қызықтап қарап тұрмын. Пы-
шақ жүрмейтін ғажап мықты зат болады екен. Қарағайдың үстіне
салып балталап, одан соң ұстаға апарып, атауызға тістетіп, күшпен
пəре-пəресін шығарды. Ұлтанға лайықтап кесіп алғандарының
қалың дығы төрт елі, ап-ауыр.
Тəтем пималарды осымен табандауға кірісті. Пышақ түгіл, біз
зорға тесіп өтеді. Біз өткен тесіктен тарамыс өтпей əлек қылады. Не
26
керек, тəтем қажырлылығының арқасында бір күн, бір түн тапжыл-
май отырып, пималарды табандап бітті-ау əйтеуір.
Ал енді киіп көрейін. Өзі менің бойыма лайықсыз үлкен пима-
лар, табан деген əлгідей шомбал бірдеңе. Табан емес, зілдей тас бай-
лап қойғандай.
Адымдап жүріп көрейін.
Бір аяғым бір аяғыма шалынысып, жүре алмай, жығылып қала
жаздадым. Оның үстіне шомбал табандар жүрген кезде илікпейді.
Менің зəрем ұшып кетті. Қалай жүрем бұнымен? Көшеге қалай
шығам? Мектепке қалай барам? Менің мына түрімді көрген балалар
цирктің дарақышысын көргендей мазақтамай ма?
– Кимеймін! Бұның киім болғанының əкесінің аузын... – деп, оты-
ра қалып, жексұрын пималарды бірінен соң бірін есік жаққа аттым.
Пималар жығылмай, табанына қорғасын құйған сақаша дік-дік
етіп тікесінен түседі.
Менің тулауым онша ұзаққа созылмады. Жоққа жүйрік жете ме?
Бұл пималарды кимегенде, не кимекпін? Оқуға қалай бармақпын?
Түн. Дала қараңғы. Жұрт аяғы басылған кез. Жексұрын пима-
ларды аяғыма шұлғау орап, киіп алып, сыртқа шықтым. Антұрғанға
шұлғау шақ келмейді. Табылғанның бəрін орадым. Табаныма ұлтарақ
салдым. Қараңғыда олай-бұлай жүріп байқамақпын. Ертең мектеп-
ке осымен баруға бола ма, болмай ма? Сынап, күн бұрын жаттығып
алмақшымын.
Пималар ауыр болғанымен іші ып-ыстық. Осыған дейін жұқалтаң
бəтіңкемен тоңып жүрген аяқтарымды қыз-қыз қайнатып қуантады.
Ал бірақ жүруге тым қолапайсыз-ақ. Əрі үлкен, əрі ауыр, тіземді бү-
гіп, отырайын десем, отыра алмаймын. Қиқиған қатқыл қоныштар
қылтамды тіреп қалады.
Жаман бəтіңкелермен терең қарды кеше алмай тек жолмен жүруге
тырысатынмын. Ал мына «автомобиль» пимаға жолды-жолсыз бəрі
бір. Тек қонышынан қар асып кетпесе болғаны. Ал қоныштан аса-
тын қар бұл өлкеде жаумайды.
Бұл пималардың жақсы жағы мен жаман жақтары тең еді.
Бұл түнгі ұйқым шала болды. Оянып алып, ертең жексұрын пи-
маларды мектепке қалай киіп барамын деп, қайғырғанды білем. Жоқ
əлде бармасам ба екен?
Оқудан қалу жəне қасірет.
Өзге балалар мен үшін ештеңе емес. Мазақтар да, қояр, басылар.
27
Өте-мөте Майраға қалай көрінем деп, қасірет шегем. Басқалардың
күлгенін елемеспін. Ал Майра күлсе ше?
Таңертең əлдеттегіден ерте ояндым. Тамағымды апыл-ғұпыл
ішіп, мектепке басқа балалардан ерте жөнелдім. Ешкімнің көзіне
түспей, ешкімнің мазағына шалынбай, жалғыз келе жатырмын.
Класқа кірдім де, құйрығым партаға жабысып қалған адамша тап-
жылмай отырып алдым.
Біреуден, екеуден басқа балалар да келіп жатыр. Мен болсам
қыбыр етпеймін. Аяқтарымды партаның астына жасыра түсемін.
Əдетте класқа қоңырау соғылмай кірмейтін ойынқұмардың бірі
едім. Сабақтан тыс уақытта байлап қоймаса бүйтіп отырмайтынмын.
Құданың құдіретімен енді, міне, ол мінезімнен өзгере қалғанмын.
Ұшқалақ болу да, отырған орнынан тапжылмас шойын құйрық
болу да оп-оңай екен.
Қоңырау соғылды, балалар класқа түгел кіріп отырды. Сабақ
бас талды. Менің күткенім де, міне, осы еді.
Қасымдағы Көпекбай ұлы Қожақанды шынтағына түртіп,
қаратып алдым. О не деген түрмен Қожақан, бетіме қарады. Мен
сəл жымиып күлдім де, партаның астындағы аяқтарымды бертаман
əкеп, нұсқап көрсеттім.
Қожақан көрді де бағжаң ете қалды. Сонымен тынды. Сабақ
беріп тұрған мұғалімнен қорынып, басқа ештеңе айта алмады.
Осылай боларын мен білген едім. Ойлағанымның дəл өзі болды.
Сұмдық пималарымды енді біртіндеп басқа балаларға да көрсете
бас тадым.
Бəрінің əсері бірдей: көздері бағжаң ете қалады. Сабақты бұзып,
айқай сап, мені мазақтай алмайды.
Үзіліске шыққанда мазақтар, күлер. Бірақ тосын көріп, таңырқап
шуласқандай болмайды енді.
Бұл ақыл менің басыма түнде ұйықтай алмай жатқанда келген
еді.
– Мəссаған! Мынаған қараңдар! Мынаның пимасына қараңдар!
Əке
сінің пимасын киіп алған ба!? Ой-ой, табанын қара! Немен
табандаған, ей! Көтерші! Мəссаған, автомобильдің дөңгелегі! Əй
сен мұны қалай көтеріп жүрсің? Қане, жүріп көрші! Ой-ой! Ізін қара,
құдды машинаның ізі!
Бұны айтып жатқан менің ата жауым Жанбосын. Əлгінде
сабақтың үстінде отырып, пимамды оған да көрсеткенмін. Көзін
28
бағжитып, аузын қусыра созып, таңырқап қарап қалғаннан өзге ол
онда ештеңе дей алмаған. Кесір неме үзіліске шығуды күткен екен.
Мен қашанғы тапжылмай отыра берейін. Мазақтайтын иттер
тезірек мазақтап тынса екен. Киімімнің нашарлығынан мазаққа
көкпар болуым менің осы ғана ма? Өлмеспін, бұдан да тірі қалармын.
Сыртқа шығар-шықпастан-ақ балалар мені қоршап алған.
– Бұған енді тақаның да қажеті жоқ, – дейді біреулер.
– Жүріп көрші, қалай жүрер екенсің? – дейді екіншілер.
– Жүре аласың ба? – дейді үшіншілер.
Жанбосын сөзбен тəлкектеп қоймайды. Пимамды аяғымен теуіп,
жүгір деп, қолымнан жетелеп, осы тұста мені басынып-ақ жатыр.
Тоқтай тұр, бəлем, Жанбосын. Өш алатын кез əлі-ақ келер.
«Автомобиль» пиманы мен сол жылы қыстай киіп шықтым.
Біраз күннен кейін өзіне үйреніп кеттім. Үлкендігі де, ауырлығы да
байқалмайды. Кəдімгі дағдылы аяқ киім тəрізді онша елемейтін бол-
дым.
Бұл пимамен сырғанақ та тебем, лəңгі де ойнаймын. Тек тосын
көрген біреулер:
– Өй, мынаның пимасы өзінен де үлкен ғой! Қалай көтеріп
жүрсің?! – деп, таңырқаса, аяқ киімімнің бойыма шақ емес екені
есіме сонда ғана түседі.
63-69-Б.
Достарыңызбен бөлісу: |