Сөздік
аштық голод
жалаңаштық
нагота
төзу
терпеть
тауқымет
тяготы, невзгоды
сабақтан тыс
вне урока (занятий)
сырғанақ
каток
ойық
прорубь, отверстие (во льду).
жалтыр
блестящий (гладкий)
шаңғы
сани
29
қайқы
согнутый, загнутый
сымтемір
проволока
зымырағанда
лететь стрелой, мчаться
бортаңдап
ходить неуклюжими шагами
сəйгүлік
скакун
өгіз
вол, бык
артықшылық
преимущество, превосходство
əбден
весьма, очень, вполне
омақасып құлау
упасть кувырком
өш
злоба, месть
жарқабақ
крутой берег
жапа
коровий помет, кизяк
тоң болып қатып қалды
застыл ледяной коркой
жүйрік
быстрый
құйындатып ала жөнелді
помчался во всю скорость
қияла(-п)
идти (ехать) по склону, косо-
гору, идти по
серпантину (при
подьеме на крутую гору или
при спуске);
тай
стригун, стригунок
(жеребенок по второму году)
кешқұрым
вечером, к вечеру, в сумерках
сығырайған
еле горящий
жүгермек
беспутный, неладный, непуте-
вый (при недовольстве поведе-
нием ребенка мужского пола,
мальчика)
жар
яр, обрыв, крутой берег
қылдырықтай
как тоненький волосок прово-
локи
жыртылады
рвётся
бырқ-бырқ ұрсып
возмущаясь, ругаясь (бурчать)
30
жамау
латать
төзе алмайсың
не выдержишь, не стерпишь
қор
унижение, оскорбление
ұлтан
подошва
желке
затылок
қамсыз əкем
беззаботный отец
жалаңаяқ
босиком, босой
кепсер
шумовка
ауызды қарыған
обожженный
табақ
большое круглое блюдо (для
вареного мяса)
əбдірадан
сундук
жексұрын
противный, мерзкий
ұлтарақ
стелька
шұлғау
портянки, обмотки
дарақышысын
перен. юродивого шута, клоуна
шомбал
толстый
біз
шило
тарамыс
дратва из сухожилия, жильная
нитка
атауыз
плоскогубцы т.ж. кемпірауыз,
тістеуік
сақаша
как бита, биток (альчик)
тақа каблук
бағжаң етіп
как испуганный, удивленный
тапжылмас
неподвижно
тамағымды апыл-ғұпыл ішіп
быстро поел наспех, наскоро,
торопливо
тəлкектеп
посмеиваясь, делать предметом
подразнивания насмехаясь
лəңгі
лянга (детская игра)
31
ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІКПЕН ЖҰМЫС
АПЫЛ-ҒҰПЫЛ
үст. Асығыс-үсігіс, тез. Қазақ тілінің түсіндірме
сөздігі. 1-т. 300-бет.
ТАУҚЫМЕТ
зат. Ауыртпалық, жоқшылық, азап, қиыншылық. Қазақ
тілінің түсіндірме сөздігі. 9-т. 54-бет.
ТЫРАЙ
ет. Аяқ-қолын жазып жіберіп серейіп жату, сұлау. Қазақ тілінің
түсіндірме сөздігі. 9-т. 375-бет.
ҚҰНТТА
ет. Ынта, ықылас қойып мақұлдау, құптау, қолдау. Қазақ
тілінің түсіндірме сөздігі. 6-т. 485-бет.
БҰЛТЫЛДА
ет. Тербеліп, қалт-құлт ету. Қазақ тілінің түсіндірме
сөздігі. 2-т . 533-бет.
БЫРҚЫЛДА
ет. Ауыс. Реніш білдіріп, бүлініп, күңкілдеп сөйлей
беру. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 2-т. 593-бет.
ДОМБЫТПА
зат. Қоқан-лоқы, сес, домбай. Қазақ тілінің түсіндірме
сөздігі. 3-т. 154-бет.
БЕЙСАУАТ
сын. Бейтаныс, бөгде, бөтен. Қазақ тілінің түсіндірме
сөздігі. 2-т. 228-бет.
ТАБАНДА
ет. Аяқ киімге жаңадан табан салу, ұлтан қағу. Қазақ
тілінің түсіндірме сөздігі. 523-бет. 8-т.
ҚЫЛТА
зат. Тізенің астыңғы жағындағы əлсіз сіңір, тірсек. Қазақ
тілінің түсіндірме сөздігі. 6-т. 591-бет.
ТƏЛКЕКТЕ
ет. Мазақтау, келекелеу, келемеждеу. Қазақ тілінің
түсіндірме сөздігі. 9-т. 62-бет.
ҚИЯ
зат. 1. Таудың, төбенің, т.б. тік беті. Қазақ тілінің түсіндірме
сөздігі. 6-т. 222-бет.
ҚИЯЛА
ет. Қиямен жүру, қапталдау. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.
6-т. 226-бет.
ҚАҚЫРА
ет. 1. Етік, бəтеңке, т.б. аяқкиімдердің ұлтаны сөгілу, айрыла
жыртылу. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 5-т. 577-бет.
БАҒЖАҢ:
бағжаң етті. Көзін бағжаңдатты. Қазақ тілінің түсіндірме
сөздігі. 2-т. 11-бет.
БАҒЖИ
ет. Көз алмай тесірею, көзі адырайып кету. Қазақ тілінің
түсіндірме сөздігі. 2-т. 12-бет.
БАҒЖИТ
Бағжи етістігінен жасалған өзгелік етіс. Қазақ тілінің
түсіндірме сөздігі. 2-т. 12-бет.
ТƏЛКЕКТЕ
ет. Мазақтау, келекелеу, келемеждеу. Қазақ тілінің
түсіндірме сөздігі. 9-т. 62-бет.
ТАРАМЫС
2. Малдың жіліншік сіңірлерін кептіріп, соның
талшықтарынан ширатқан, етік жəне тағы басқа нəрсе тігетін мықты жіп.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 9-т. 19-бет.
32
ШОМБАЛ
сын. Ірі, үлкен, кесек. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.
10-т. 252-бет.
ИЛІК
ет. 1. Иілу, икемге келу. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 4-т.
440-бет.
ШОЙЫН
зат. Көміртегін қосу арқылы алынған өте берік темір
қоспасы. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 10-т. 238-бет.
ЖЫМИ
ет. Жылы шырай білдіру, езу тарту. Қазақ тілінің түсіндірме
сөздігі. 4-т. 307-бет.
КЕСІР
зат. 2. Кесапатты, қырсық, қыңыр. Қазақ тілінің түсіндірме
сөздігі. 5-т . 4-бет.
ЖАЗҒАН
сын. Бейбақ, байғұс, бейшара. Қазақ тілінің түсіндірме
сөздігі. 3-т. 507-бет.
ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК
ЖҰЛДЫЗДАЙ АҚТЫ
Қатты жүгірді, оқша атылды.
ҚҰДАЙ БІЛСІН
Неғайбіл, белгісіз.
ҚҰДАЙДЫҢ (ҚҰДАНЫҢ) ҚҰДІРЕТІ
діни. Алланың əмірі, тəңірдің
күші сияқты діни ұғымды білдіреді.
ҚҰЙЫНДАЙ ҰШТЫ (ЗАУЛАДЫ)
Жылдамдығына көз ілеспеді.
ЖОҚҚА ЖҮЙРІК ЖЕТПЕЙДІ
Қолы қысқа кісінің жұртқа берері
болмағанда айтылады: жоқтың аты жоқ, оған еш нəрсе істей алмайсың де-
ген мағынада.
АТА ЖАУ (ДҰШПАН)
Ежелден кектескен дұшпан.
Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Кеңесбаев І.К.
Алматы, «Ғылым» баспасы, 1977 ж.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Бала неге төзеді, неге төзе алмайды?
2. Қыстыгүні Қостөбенің бар баласы қайда жиналады?
3. Жұрт суды қайдан алады?
4. Қайқы бас базар коньки кімде ғана бар?
5. Конькисіз балалар өздерін қалай сезінеді?
6. Шанасы жоқ балалар немен сырғанайды?
7. Жапа-шананың қандай кемшілігі бар?
8. Сырғанаққа барған балалардың киімдері қандай болады?
9. Кім аяқ киімсіз қалды?
33
10. Оған кім аяқ киімді табандап береді?
11. Ол енді қандай аяқ киім киді?
12. Оның аяқ киіміне балалар қалай қарады?
13. Ол өз пимасын неге теңеді?
ТАПСЫРМАЛАР
1. Мəтінді оқып, мазмұндаңыз.
2. Əңгімені үнтаспадан (аудиокассета) тыңдаңыз.
3. Əңгіме бойынша кейіпкердің пимасын суреттеп беріңіз. (жазба-
ша)
4. Əңгімедегі асты сызылған сөздерге қарама-қарсы сөз тауып жа-
зыңыз.
5. Əңгімеден төмендегі сұрақтарға қатысты деректерді табыңыз.
1. Балалар оны не үшін мазақтады?
2. Жанбосын кім?
3. Оның (кейіпкердің) мінезі неге өзгерді?
4. Əсбет кімнің шалбарын жамайды?
6. Əңгімеден омонимдерді тауып жазыңыз.
ҮЛГІ: Біз, бар, жар, бір, бас, табандау, жапа ...
БІЗ І – ІІ
БІЗ І
зат. жұмсақтау нəрсені тесу үшін жіңішке қатты істіктен жасаған
сабы бар сайман.
БІЗ ІІ
ес.
7. Əңгімеден синонимдерді тауып жазыңыз.
Үлгі:
• Ескі, көне. Көп киілген, тозығы жеткен.
• Зымырау, зулау, заулау, зауылдау, зуылдау, зырлау, зырылдау, гулеу,
лекілдеу, зырғу, зырқырау, замғау, жүйтку, құйылту, құйғыту, құйындау,
ызғыту, құлдырау, зыту.
8. Асты сызылған сөйлемдерден үстеулерді табыңыз.
Оларды мағыналық түріне қарай ажыратыңыз.
9. Оқылымға қатысты тапсырманы орындаңыз.
1. Сөйлемге қажет сөзді қойыңыз.
Жанбосын ....... ат мініп, біз...... мініп жүргендейміз.
3–1151
34
1. қара, есек
2. сəйгүлік, өгіз
3. жуас, тұлпар
2. Сөйлемге қажет сөзді табыңыз.
....... қыста қатып қалады.
1. көл
2. Текес
3. құдық
3. Сөйлемге қажет сөзді табыңыз.
Пышақ түгіл, ...... зорға тесіп өтеді.
1. ине
2. біз
3. жіп
4. Пималар ауыр болғанмен іші қандай?
1. ып-ыстық
2. тар
3. ұзын
5. Сөйлемді аяқтаңыз. Табанына ұлтарақ ........
1. тіктім
2. салдым
3. кіргіздім
6. Сөйлемді аяқтаңыз. Қамқор ананың күйінуден айтып жатқан
.......
1. сөзі
2. тілі
3. домбытпасы
7. Бұл пималардың қандай жақтары тең еді?
1. үлкен мен ауыр
2. жылы мен суық
3. жақсы мен жаман
8. Сөйлемге қажет сөзді табыңыз. Бұл пимамен ....... та тебем, ..... де
ойнаймын.
1. шана, сырғанақ
2. сырғанақ, лəңгі
3. асық, шана
35
БЕРДІБЕК СОҚПАҚБАЕВ
(1924-1992)
Бердібек Соқпақбаев Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қостөбе
ауылында туылған. Ол көрнекті жазушы, қазақ балалар əдебиетінің
классигі. Оның «Бұлақ» (1950) өлеңдер жинағы, «Он алты жасар
чемпион» (1951), «Бақыт жолы» (1952), «Алыстағы ауылда» (1953),
«Балалық шаққа саяхат», «Дала жұлдызы» (1960), «Аяжан» (1963),
«Қайдасың, Гауһар» (1966), «Бастан кешкен» (1970), «Менің атым
Қожа» (1957), «Өлгендер қайтып келмейді» (1970) повестері мен
«Бозтөбеде бір қыз бар» (1958), «Əпендінің айласы» (1960), «Менің
атым Қожа» (1967), т.б. драмалық шығармалары бар.
«Менің атым Қожа» повесі орыс, молдаван, француз, украин,
литван, латыш, өзбек тілдеріне аударылып, осы повесть бойынша
Қазақфильм түсірген кино 1967 жылы Канн қаласындағы жастар мен
балаларға арналған халықаралық фестивальда арнаулы сыйлыққа ие
болды.
36
Оралхан БӨКЕЙ
Таңдамалы шығармалар. 2-том.
Алматы, 2003. -390 бет.
ИҒАҢ...
Еріншек-ақ кісі еді...
Еріншек болғанда дəл сондай, алдындағы асты алып жеуге
ерінетін адамды көрген де бар, көрмеген де бар. Ұзын бойлы, қап-
сағай денелі алып адамды біздің ауылда Иғаң дейді. Иғаң Ұлы Отан
соғысының басынан аяғына дейін қатысқан, қатысқанда да, анау-
мынау жаяу солдатың емес, полуторка машинасымен ту-у-у Бер-
линге аман-есен жетіп қайтқан, бірақ жаудың бірде-бір атқан оғы,
не жарылған снаряды дарымаған, бүгінгі заманның нағыз Алпамыс
адамы. Сонысына қарамай, орден-медальдары өте аз еді, тым қораш
болған соң қорына ма, мереке-тойларда салдырлатып тақпайтын-
да. Иғаңның жауған оқ, жанған оттың ортасынан есен-сау оралуы,
əлгі кісі басына бермес масқара еріншектігі ме-ау деп қаламын. Кім
білсін? Ол да бір адам баласына жат емес мінез шығар.
Иғаң соғысқа бармас бұрын, бозбала шағында қара нардай
күш ті, жауырыны жерге тимес балуан болған екен деп еститінбіз.
Өтірік-шынын қайдам, ол кісінің қазіргі қауқары мəз емес, даң-дүң,
ию-қиюдан аулақ жүретін жалтақ, маған тіпті жасықтау да болып
көрінетін-ді. «Күші соғыста қайтқан ғой» деседі жұрт, Иғаңнан
көңілі суымай. Баяғыдай арыстанша атылар мықтылықты заманда-
стары бəрібір аңсайтын.
Ол кісінің менімен даң құрдас ұлы болды. Тегінде, Иғаңда бала
басы, шүкір, баршылық: үш қыз, төрт ұл. Өзі алпамсадай болға-
нымен, əйелі Биғайни өте əлсіз, ілмиген арық, аурушаң адам еді.
Тесік өкпесін сүйреп, күрк-күрк жөтеліп, таңертеңнен кешке дейін
жез самаурынның оттығын шұқылап, дода-дода бықсып отырушы
еді жарықтық. «Мынау жарық жалғанның шуағына қыздырынбай-ақ
аттанды ғой байғұс», – деп аяйтын менің шешем (өзі де жетісіп жүр
ме).
Менімен даң құрдас ұлы Серікпен ойнап, Иғаңның үйіне жиі
бара мын. Ең таңғалатыным, берген сəлеміңді ғұмырында алмаушы
37
еді. «Естідім» деп, аюдікіндей алақанын сермей салатын. Үйлеріне
қашан, қай мезгілде барсам да, төр алдындағы, жыртық-жыртық
қырық жамау көне сырмақтың үстінде əскерден киіп келген гим-
настеркасын жастанып, теріс қарап тоңқайып ұйықтап жатар еді.
Қорылдап барып «пу» деп үрлеп, ақырын ысқырықпен аяқталатын
соншалық кəперсіз, ұятсыздау ұйқыны сиырдың мөңірегені, баланың
жылағаны мен иттің ұлығаны – қысқасы, бұл ауылдың ешбір айғай-
ұйғайы бұзуы мүмкін емес-ті. Тіпті оқыстан оянып кеткен күннің
өзінде қиянаттанып, өз-өзінен боқтанып, шаптығып, əйелі мен бала-
ларына бүйідей тиісер еді. Ондай сəтсіз сəтте тек үндемей құтылу ке-
рек. Əкесінің ұйқысынан ояту əдісін тек менің құрдасым Серік қана
білуші еді. Ол ақырын баспалап баратын да, машина болып дүрілдеп
ала жөнелетін. Бес жыл бойы қаратемір – мотормен, бүгінде ауылда
жарық берер дизельмен алысып, өмірі, жастығы – бəрі-бəрі дүрілдеп
өтіп бара жатқан Иғаң селк етіп шошып оянып, атып тұратын. Он-
дайда Серік тұра қашады, əкесі жұлығы ағарып, ағаш шегесі ақсиып
кеткен етігін жібереді соңынан. Етік баласынан гөрі үнемі есік
көзінде жылтиып сүйек-саяқ аңдып жатар (оның өзі жылына бір-екі-
ақ рет) төрт көз, сары аяқ итті қан қақсататын...
Міне, біздің баяғыда бас балуан, солдат-шофер Иғаңның елуінші
жылдардағы тірлігі осындай еді.
Иғаңның қос бөлмелі тоқал ағаш үйінің сырт пошымы қандай
сұрқай болса, іші одан бетер: төргі бөлмеде іліп алар еш нəрсе жоқ.
Шоқпыт-шоқпыт көрпе жабылған сықырлауық ағаш төсек (оның да
сирағы əлдеқашан сынып, астына кеспелтек ағаш қойған); ол төсектің
белі жоқ, тақтай төселген, таңертеңнен кешке дейін тамам балалары
ойнайды да, түнде Иғаңның өзі ұйықтайтын. Ал басқалары ішіне шөп
тығылған бөстекті көлденеңінен төсеп, жата-жата қалатын. Байғұс
Биғайни тəтеміздің қай жерге ұйықтап жүргенін күні бүгінге дейін
білмеймін. Үйге кіріп барғанда, сол жақ бұрышта – əбден тозығы
жетіп, тесіліп қалған, мойны қылдырықтай темір пеш бар. Қысы-
жазы көмейіне отын тығып жаға берген соң ыза болып, ашу шақыра
ма, қызара бөртіп, селкілдеп тұрар еді. Əсіресе, жаздың шыжыған
шілдесінде лаулата өртеп от жаққанда, аядай бөлменің іші моншаға
айналады екен... Не себептен далаға...
– Жазда тамақты далаға пісірейік десем, əкем ұрсады, – деді
Серік маған. – Өрт жіберіп аласыңдар дейді.
Бүкіл ауыл өртеніп кетпей қалай отыр деп ойлаймын мен.
38
Бүкіл ауыл тіршілік қамымен қора-қопсысын түзеп, бақшасына
картоп салып арпалысып, қысқа дайындық жасап жанталасса... Иғаң
ысқырып қойып, теріс қарап дүңкиіп ұйықтап жатар еді.
– Əкесінің аузын ұрайын, мал-жанның... – дейтін есінеп-құсы-
нап, – күні ертең баяғыдай соғыс болып кетсе, бəрі де сасып артыңда
қалады.
– Бала-шағаң бар ғой, батыр-еке...
– Олар өз несібесін өзі тауып жесін. Мен əке-шешеден бес жа-
сымда қалғанмын, сонда да аштан өліп, көштен қалғаным жоқ.
Құдайға шүкір, «Палуан Иғаң» атандым.
Құрдастары: «Сенің палуандығыңды ұрайын, əйелің аштан
жығылғалы жүргенде», – деп күңкілдер еді. Ондай нəумездіктерін
өзіне ескертіп қаттырақ айтуға сескенер еді.
Күн батып, мал өрістен қайтып, ымырт үйіріле Иғаң көшенің май
топырағын шаңдата балп-балп басып, станция жаққа беттеп бара
жатар. Бір қызығы, күнде көріп жүрсе де, бұл ауылдың мұқым иті
Иғаңды көрсе жер тарпып, түгел үретін. Ал Иғаң палуанның көңіл-
күйі келмеген, бір самауыр шайды сораптап жалғыз өзі сарқып тау-
ыспаған күні бұл ауылдың шамы көпке дейін жанбайтын. Ондай
сəтте: «Ішіңді ұрайын, қабағы бүгін келіспеген екен, шақырып шай
бермесек, қараңғыда қалармыз», – деп, құрдастары құрақ ұшар еді.
Алтайға қоңыр күз келіп, шаруашылық етек-жеңін жинай бас-
та
ған шақ. Абыр-сабыр саябыр тауып, ел ептеп еріге бастаған.
Қар балас тек бақшада ғана қалған секілді. Картоп жинау науқаны
басталғанда, Иғаң бəрінен тысқары, тегі, ұйықтап жатқанға ұқсайды.
Əйелі Биғайни үш қызын ертіп, сүйегін сүйретіп жүріп көршілердің
жемісін жинасып, əр үйден шелек-шелек картоп тасиды. Бағана
Серік тоғайға отынға бармақ болғанда, ерігіп тұрған мен бірге еріп
кеткен едім. Екеуміз екі арқа отын əкелдік. Биғайни елден сауғалап
əкелген картобын суға қуырып қойған екен, түбі күйіңкіреп кеткен
бе, темір пештің үстінде мүңкіп тұр. Үйдің іші көк ала түтін, ыстық,
Иғаң үйреншікті орнында қорылдап жатыр. Мен əуестік жеңіп
Серіктен сұрадым:
– Картопты өздерің неге екпейсіңдер?
– Əкем огород қоршап бермейді, – деді мұңайып. – Ал біз бекіте
алмаймыз. Тəтем қыстай елден етектеп картоп тасиды.
Бəріміз шайға отырдық. Түтіні бықсыған самаурын келді.
Ағаштан жасалған дөңгелек жозыны шыр айналдырып, қолымызға
39
бір-бір кетік қасық ұстап отыра қалдық. Өзіміздің үйде осы картопты,
майға қуырып берсе, кергіп аузыма салмаушы едім, бұл үйде жалаң
қағып, таласа-тармаса ұмтылғаным қызық. Иғаңды оятты. Көзі-басы
іскен палуан ұйқысын аша алмай, мең-зең отырды. Табаданға ешкім
қол жүгірткен жоқ. Өйткені бірінші болып үй иесі Иғаң қасық салу
керек тамаққа, əйтпесе далаға табаны картобымен, содан соң бала-
ларын бір-бірлеп лақтырады.
Иғаң рақаттана есінеп алды да, үлкен ұлы Серікке:
– Ей, жүгірмек, қолымнан тартшы, – деді. Серік алпамсадай
əкесінің тоқпақтай қолынан ұстап, мықшыңдап тартқылаған болды,
бірақ түйенің жарты етіндей ауыр əкесін орнынан қозғалта алмады.
– Өзің-ақ тұрып кетпейсің бе, кішкене баланы əурелемей, – деді
Биғайни.
– Оттама! – деді Иғаң атып тұрып. – Балаңның бəрі саған тартқан,
шикі өкпе, ши борбай, жел соқса құлап қалатындай аш-арықтар...
Иғаң далаға шығып, көршісінен темекі сұрап тартып, қақырынып-
түкірініп келгенше, буы бұрқырап, түбі қарылған картоп қуырылған
шойын табаданға бір де біріміз қол салған жоқпыз. Мен ыза бола
бастадым. Өз үйімде ешкім жемей, аткөпір болып жатқан жаман
картопқа соншама зəру болып, телміріп, сілекейімді шұбыртып
отырғанша, кетіп-ақ қалғым келді. Шынтуайтқа жүгінсек, картопты
бағана біздің үй, менің апам бермеді ме?
Иғаң келді-ау, əйтеуір. Төрге кескен теректей гүрс етіп отыра
кетті. Содан соң:
– Бастайық! – деді күркіреп. Шойын табаданның шетіне сарт-
сұрт соғылған қалайы қасықтар сойқанды майдан ашты. Бірақ бірде-
бір «қару» Иғаң жаққа ауысқан жоқ. Бəрі де өз тұсын үңірейте ойып
жеп, көршілеріне қол сала бастаған. Биғайни байғұс, əншейінде
ақырын қимылдайтын адам, екі рет қатынап қайтамын дегенше,
Серік бастаған балалары оның алдын жалғыз-ақ сүріп, қырып-жойып
жеп кетті. Енді ол көзі мөлиіп, ерінің яғни күйеуінің алдындағы əлі
тақа таусыла қоймаған картопқа тесіле қарады-ай... Иғаң сасар емес,
асықпай асайды, қомпаң-қомпаң шайнайды. Анда-санда қарнын си-
пап қояды. Тегі, Биғайни шыдай алмады білем, күйеуінің көзі тая
бере, табаданға ұмтылып еді, Иғаң:
– Тарт қолыңды табақтан! – деп айғай салып, қолындағы дəу
қасықпен əйелінің білегіндегі тобықты шақ еткізе ұрып жіберді.
Менің төбе құйқам шымыр ете түсті. Одан əріге төзімім жетпеді.
40
Жүгіріп үйге келдім. Қара табақ радио сөйлеп тұр екен. Диктор:
«Тарт қолыңды!» деп əлдекімдерге ескертіп жатыр.
Құлағыма палуан Иғаң қорылы келгендей болды. Иə... соғыстан
есен-сау оралғанына шүкіршілік жасайық та...
31-36-Б.
Сөздік
қапсағай
крупный, рослый и сухощавый
қораш
невзрачный, непримечательный
(на вид);
даң-дұң
шум, гам
еріншек
ленивый
аяғына дейін
до конца
снаряды дарымаған
не одолел снаряд
жасықтау
робкий, нерешительный
ілмиген арық
слишком худой
жез
латунь, медь
самаурын
самовар
жарықтық
незабвенный (о покойном);
высокопочтимый, дорогой (по-
чтительно о старшем уважае-
мом человеке)
дода-дода
в лохмотьях, в клочьях
алақанын сермей
махая ладонью
жыртық
рваный
жамау
заплатка
теріс қарап
отворачиваясь
сырмақ
сырмак (вышитая кошма)
ысқырықпен аяқталатын
заканчиваясь со свистом
қаперсіз
без внимания, без заботы
сиырдың мөңірегені
мычание коровы
41
иттің ұлығаны
вой собаки
оқыстан
1) неожиданно, внезапно
2) неосторожно, неосмотри-
тельно
айғай-ұйғайы
с криком, шумом
қиянаттап сөйлеу
незаслуженно обвинять, клеве-
тать
шаптығып
сильно гневаться, разъяриться
селк
вздрогнуть
жұлық
союзки, рант (обуви)
ақсиып
торча наружу (о чем-л. белом,
обнаженном, оголенном)
сүйек-саяқ
собир. разные кости, костные
отбросы
пошымы
внешний вид
шоқпыт-шоқпыт
лохмотья
сықырлауық
скрипучий
тамам
весь, все
бұрышта
в углу
пеш
печь
ыза
гнев, досада, негодование
лаулата
воспламеняя, пылая
қора-қопсы
собир. загон и другие надвор-
ные пристройки хозяйственного
назначения
есінеп-құсынап
зевота-рвота
палуан
борец
аштан жығылғалы
готова упасть от голода
нəумездіктерін
огорчение, печаль
айтуға сескенер еді
бояться сказать
мұқым
все
42
сораптап ішу
пить с шумом
етек-жеңін жинау
собирая
қарбалас
суматошное время
əуестік
увлечение, влечение
жалаң қағу
быть энергичным, все хватать,
проявлять жадность
табадан
с крышки сквороды
есінеу
зевать
мықшыңдап
напрягаясь, натуживаясь
зəру
крайне нужный, необходимый
шойын
чугун
үңірейте
сделать большую дыру, проды-
рявить
мөлиіп
смотреть с мольбой
төзімім
терпение
ию-қиюдан
шум, разговоры, крики
дөңгелек жозы
круглый низкий стол
отын
дрова
шелек
ведро
мүңкіп тұр
пахнет (о запахе)
күйіңкіреп
подгорел
қол салған жоқпыз (тамаққа)
не притронулись к еде
білек
предплечье
ұрып жіберді
ударил
шүкіршілік
благодарение, удовлетворение
(чем-л.)
байғұс
бедняга, несчастный
бықсыған самаурын
дымящий самовар
түтін
дым
абыр-сабыр
суматоха, суета
құрдастары
ровесники
|