Газбен пісіру және кесу кезіндегі қауіпсіздік техникасының негіздері



бет9/9
Дата21.01.2022
өлшемі52,5 Kb.
#24159
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Тех. без.газ сварка

Мынадай жағдайларға:

  • жанған газдарды жүйеден алғанда газ таратқыш орынсыз жұмыс істеуге;

  • ацетилинді айырбастайтын газдарға арналған затворларды ацетилинге қолдануға;

  • құрғақ затворларды бөлшектеп бұзуға және жөндеуге (егер шығаратын зауыт нұсқаулары бойынша қаралмаса) рұқсат етілмейді.

Жібергіш рампаларды бөлек бөлмелерге орналастырады, немесе арнаулы алаңдарда немесе металл шкафтарда да орналастырады. Жібергіш рампаларды қоюды арнаулы жоба бойынша жүргізеді. Ол жоба жергіліктігаз шаруашылық мекемелерімен келісілуі керек.

Металл шкафтар жерден кем дегенде 0,1 м биіктікте орналасады. Олар құлыппен жабылып, іші желдетіліп тұратын желбезектермен, тесіктермен жабдықталуы қажет. Тиісті газ үшін есігінде ескерткіш белгі жазылуы керек. Мысалы, қара түспен «оттегі майға қауіпті», ақ бояумен «ацетилин отқа қауіпті», қызыл түспен «пропан-бутан отқа қауіпті» деп жазып қояды. Оттегі мен жанғыш газдар шкафтарының аралығы кем дегенде 0,15 м болуы керек. Бір шкафқа, егер ортасы қалың металл қабырғамен бөлінсе, онда әрі оттегінің бір баллонын және жанғыш газдың бір баллонын орналастыруға болады. Егер баллон саны 10-нан аспаса, онда таратқыш рампаларды цехтың ішіне орналастыруға рұқсат етіледі, бірақ ол өндірістік емес үйлер немесе жер астындағы бөлмелер болмауы керек.

Газ таратқыш орындар жабылатын металл шкафтарда немесе ашық тақталарда қойылуы мүмкін. Жанғыш газ бен оттегінің таратқыш орындарын арасы металл қабырғамен бөлінген шкафтарда немесе ашық тақталарда орналастырады. Ондай таратқыш орындарды тұтынушылардың өздері жасап алуына болады. Ондай орындар жер бетінен кем дегенде 600 мм биіктікте бекітіледі. Бір газ тарататын орынға бір ғана оттық жалғануы керек. Егер ондай орын машинаны газбен қамтамасыз ететін болса, онда оған қосылатын кескіштердің саны газ қысымы мен қорғағыш қондырғының газ жібере алатын мүмкіндігіне қарай анықталады. Сұйық затворлармен немесе кері клапанмен жабдықталған газ таратқыш орындар тек қана тік орналасуы керек. Өйткені олар салмақ күшіне негізделген. Газ жүйесінен газ таратқыш орындарсыз аппараттарды қосуға рұқсат етілмейді.

Газ жалынды аппаратураларды пайдаланудың талаптары. Отықтармен кескіштерді пайдалану кезінде төмендегідей жағдайлардың рұқсат етілмейтіндігін есте ұстау керек:

  • оттықтар мен кескіштердің вентильдерін ашық тастап, жанған күйінде қалдырып кету;

  • жанып тұрған оттықпен немесе кескішпен жұмыс орнынан басқа жерге бару;

  • Ластанып қалған ұштықтармен жұмыс істеу;

  • Генераторда көрсетілген қысымнан ацетилин қысымы аз кезінде жұмыс істеу;

  • Ақаулы аппаратуралармен жұмыс істеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет