Газбен пісіру және кесу кезіндегі қауіпсіздік техникасының негіздері



бет3/9
Дата21.01.2022
өлшемі52,5 Kb.
#24159
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Тех. без.газ сварка

Төмендегідей жағдайларға:

Монтаждау кезіндегі газбен пісіру және кесу жұмыстарын жүргізу.

Бұл жұмыстарды осы жұмыстарды жүргізу үшін жасалған арнаулы жоба бойынша атқарады. Ол жобада газ жалынымен жұмыс істейтін жабдықтарды, аппаратураларды, газ толтырылған баллондарды қауіпсіздік шараларына қарай отырып оларды тасымалдау мен жұмыс орнына жеткізу қаралады. Жұмыс орны арнайы қоршалып, қауіпсіздік белгісімен көрсетіледі.

Жұмысқа кірісер алдында пісірушілер мен кесушілер үнемі медициналық тексеруден өтіп тұруы тиіс.

Егер пісіру жұмыстары 5 м биіктіктен жоғары жүргізілетін болса, онда газбен пісіруші (кесуші) міндетті түрде күймейтін материалдан жасалған сақтандырғыш белдігімен, табаны таймайтын аяқ киіммен және сақтағыш бас киіммен қамтамасыз етілуі тиіс.

Монтаждау жұмыстарына пайдаланатын құрал-саймандарды сақтайтын және тасымалдайтын сөмке болады. Құрылғылардың кескеннен кейін құлап кететін бөліктері алдын ала бекітілуі керек. Орманда немесе көпір астында жұмыс істегенде құрылғыларға ұшқын түсіп кетпеуіне жағдай жасайды.

Жоғарыда жұмыс істеуді қатты жел соққанда, найзағай немесе тайғанақ кездерде тоқтату керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет