23. Ерітінділердің ток көзін өткізуіне байланысты зксперименттік жұмыстар. Е рітінді электролизі. Сулы ерітінділерде электролит иондарынан басқа электродтық процестерге қатысатын су молекулалары және H+ пен OH– иондары болады. Бұл жағдайда электролиз кезінде бәсекелес реакциялар туындауы мүмкін. Мысалы, натрий хлоридінің ерітіндісін электролиздегенде, катодта натрий тотықсызданбайды, сутек тотықсызданады. Мұны былай түсіндіруге болады: жүретін бірнеше параллель электродтық процестердің ішінен энергияны аз мөлшерде жұмсайтындары жүзеге асады:
Кейде судың өте әлсіз электролит екенін ескеріп, бұл процесті мына теңдеумен өрнектейді:
2H2O + 2ē = H2↑ + 2OH–
Сөйтіп, катодта металдың орнына сутек бөлінеді, ал анодта хлор түзіледі:
Химиялық реакциялардың жылдамдығы әрекеттесетін заттардың табиғаты мен олардың концентрациясына тәуелді екенін білесіңдер. Сондықтан электролит катиондары мен Н+ иондарының немесе электролит аниондарымен ОН– гидроксид иондардың қайсысы белсенді екенін білу маңызды.