Газет 1930 жылдың 7 қыркүйегінен шығады Апталық басылым


Аудан әкімі мен ауылдық округ әкімдерінің 2016



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата07.02.2017
өлшемі8,21 Mb.
#3622
1   2   3   4   5   6   7   8

Аудан әкімі мен ауылдық округ әкімдерінің 2016  

жылдың қорытындысы бойынша есептік кездесулері-

не ұсыныстар, ескертулер мен пікірлерге арналған 

жәшіктердің орналастырылуы  туралы мәлімет



Ауылдық 

округ атауы

Ұсыныстар, ескертулер мен пікірлерге арналған 

жәшіктің орналасқан жері

1.

Сайқын 



1) Сайқын ауылы, Ы.Берғалиев көшесі,18 (ауылдық округ 

әкімі аппараты)

2) Сайқын ауылы, Ы.Берғалиев көшесі,1 (аудандық 

халыққа қызмет көрсету орталығының ғимараты)

2.

Орда


1) Хан Ордасы ауылы, А.Оразбаева көшесі,63 (ауылдық 

округ әкімі аппараты)

2) Хан Ордасы ауылы, Жәңгір хан көшесі, 4 («Қазпошта » 

АҚ ауылдық бөлімшесінің ғимараты)

3.

Мұратсай


Мұратсай ауылы, Абай көшесі, 14 

(ауылдық округ әкімі аппараты) 

4.

Бисен


1) Бисен ауылы, Б.Жәнекешев көшесі,15  (ауылдық округ 

әкімі аппараты)

2) Бисен ауылы, Ш.Жексенбаев көшесі,22  (Б.Жәнекешев 

атындағы ЖОББМ ғимараты)

5.

Т.Масин


1) Бөрлі ауылы, Т.Масин көшесі,1 

 (ауылдық округ әкімі аппараты)

6.

Ұялы 


1) Ұялы ауылы, Х.Маданов көшесі,6   (ауылдық округ әкімі 

аппараты)

2) Ұялы ауылы, Т.Әубәкіров көшесі,7  (ауылдық  мәдениет 

үйі ғимараты)

7.

Саралжын 



1) Саралжын ауылы, Құрманғазы  көшесі,22  (ауылдық 

округ әкімі аппараты)

2) Саралжын ауылы, М.Мәметова көшесі,12   (Қ.Сағырбаев 

атындағы ЖОББМ ғимараты)



атқарылған жұмыстар жөніндегі есептік баяндамасының нұсқасы

Сумен қамту

Аудандағы  22  елді  мекеннің  10-ы 

орталықтандырылған 

су 


жүйесі 

арқылы  қамтылады.  10  елді-ме-

кен  құдық  суын  пайдаланады.  2 

елді-мекенге  су  тасымалданады. 

Тұрғындардың  орталықтандырылған 

су  жүйесімен  қамтылу  деңгейі 

–  62,4  пайыз.  Сайқын  ауылының 

су  құбыры  құрылысына  37  млн. 

теңге  қаржы  бөлінді.  Қазіргі  таңда 

құрылыс материалдары алынып, бұл 

жұмыстарды 2017 жылы жалғастыру 

үшін  республикалық  бюджеттен  110 

млн. теңге қаржы қаралды. Көктерек 

және  Бөрлі  су  құбыры  құрылысына 

республикалық 

бюджеттен 

320 

млн.  теңге  қаржы  бөлінді,  құрылыс 



жұмыстары  2017  жылдың  наурыз 

айында басталады деп күтілуде.   

      Кеңой елді мекені тұрғындарының 

қажеттілігін өтеу үшін су алу торабы-

на  2  млн.  316  мың  теңгенің  жөндеу 

жұмыстары  жүргізілмек. 



Газбен қамту

Аудандағы  22  елді  мекеннің  

9-ына  табиғи  газ  құбыры  жеткізіл-

ген.  Тұрғындардың  газбен  қамтылу 

деңгейі  61  пайыз.    Газдандырылған 

елді мекендердегі табиғи газ кіргізген 

аула саны – 1975, яғни, 88,2 пайызды 

құрайды. 



Автомобиль  

жолдары

Аудан    бойынша  автомобиль 

жолдарының  жалпы  ұзындығы  378 

шақырым,  оның  103  шақырымы 

республикалық, 

275 


шақырымы 

облыстық және аудандық маңызы бар 

жолдар. Жолдарды жәй жөндеу және 

күтіп  ұстау  жұмыстары  атқарылуда. 

Есепті  мерзімде  Сайқын  ауылының 

5,6  шақырымды  құрайтын  ішкі  ас-

фальт  жолдарын  орташа  жөндеуден 

өткізу  үшін  жобалық  сметалық 

құжаттарына түзетулер енгізілді. 2017 

жылға  бұл  жұмысқа  207  млн.  теңге 

қаржы қажет.

Құрылыс және 

коммуналдық 

шаруашылық

Сайқын  ауылында  6  тұрғын  үй 

пайдалануға  берілді.  Қосымша  10 

үй  құрылысы    жүргізілуде.  Аудан 

орталығының бас жоспары дайында-

лып, бекітілді.  

Жергілікті 

бюджет 


есебінен 

Сайқын  ауылында  жалға  берілетін 

коммуналдық  үйлер  үшін  31,  жеке 

тұрғын  үйлер  үшін  10,  Хан  Ордасы 

ауылындағы 28 жер учаскесіне инже-

нерлік желілер тартылды. 

Мемлекеттік 

бағдарламалар 

арқылы салынатын тұрғын үйлерден 

басқа  аудандағы  аз  қамтылған  от-

басыларды 

баспанамен 

қамту 

мақсатында  жеке  кәсіпкерлермен 



келісім негізінде  құрылысы аяқталған 

2  көппәтерлі тұрғын үй мен 40 жеке 

баспана  (3997,2  ш.м.)  пайдалануға 

берілді.


Абаттандыру

Хан 


ордасы, 

Жиекқұм 


ауылдарындағы орталық парктердің 

қоршаулары,  Хан  ордасы  ауы-

лында  жаяу  жүргінші  жолы  салын-

ды.  Сайқын  ауылындағы  орталық 

паркке  жарықтандыру  жұмыстары 

жүргізілді.  Шоңай,  Жәрмеңке  және 

Сайқын  ауылдарында  балаларға 

арналған  4  ойын  және  спорт 

алаңдары  жасалды.  Тұрғындар 

көмегімен  Сайқын,  Бисен  ауылда-

рында 4 зират қоршалды. 

Елді 


мекендердің 

жасыл 


аймақтарын  құру  мақсатында  Хан 

ордасында 6 гектар аумаққа қарағай 

ағаштары,  Сайқын  ауылында  1  гек-

тар  жерге  жасыл  желектер  (8327 

көшет)  отырғызылды.  425  тонна 

қоқыс  шығарылды.  Сонымен  қатар 

Орда орманына 15 га жерге қарағай 

отырғызылса,  құм  көшкінін  тоқтату 

мақсатында  80  га  жерге  қара  терек 

егілді.  

Бөкей  ордасы  –  небір  жақсылар 

мен  жайсаңдар  шыққан  қасиетті 

мекен.  Біздің  мақсатымыз  –  На-

рын  өңіріндегі  оң  өзгерістерді  да-

мыту  және  халықтың  әлеуметтік-

тұрмыстық 

жағдайын 

көтеру. 


Ауданымыздың 

экономикалық 

қуаттылығы нығайған сайын, міндет 

жүгінің ауырлай түсуі де заңдылық.  

Біздің 

экономикалық 



жағынан 

қуатты,  саяси  жағынан  сауатты, 

әлеуметтік жағынан ауқатты ауданға 

айналуымызға  толық  негіз  бар.  

Сондықтан  алда  атқарылар  жоба-

лар  мен    жоспарлар  жүйелі  түрде 

орындалады деп сендіремін.  


10 қаңтар 2017 жыл

6

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


Ескермесе – ер ұмыт

Мөлтек сыр

Талғат  менің  әріптесім  ғана  емес, 

бауырымдай  болып  кеткен  туған 

қайным-ды. Қанат екеуміздің көңіліміз 

жарасып,  Шәріпқалиевтер  отбасы-

на келін болып түскен 1987 жылдың 

күзінде  ол  әскери  борышын  ауған 

жерінде  өтеп  оралған  жиырмадағы 

жас  жігіт,  Орал  пединституты  тарих 

факультетінің І курс студенті еді. ІІІ кур-

стан соң Алматыдағы Абай атындағы 

Мемлекеттік  Университетінің  «Та-

рих  және  құқықтану»  факультетіне 

ауысып,  оны  бітірерде  дипломдық 

жұмысын  «Бөкейдегі  тұңғыш  қазақ 

үкіметі» тақырыбында қорғады. Мек-

теп партасынан туған өлке тарихына 

құмартып, беймәлім сырларын білуге 

ұмтылған  ол  1993  жылы  Бөкей  Ор-

дасы  тарихи  музейіне  аға  ғылыми 

қызметкер болып орналасқан сәттен 

бастап  жұмысқа  бірден  төселіп  кет-

ті.  Экскурсияны  екі  тілде  бірдей 

шебер  жүргізіп,  мақтауға  да  ілігеді. 

Кітаптар  мен  тақырыптық  папка-

ларды  жіті  қарап  шыққан  соң,  қорда 

жинақталған  деректі    құжаттарды 

зерттеуге  кіріседі.  Әр  құжатқа  зер 

салып,  Бөкей  Ордасына  қатысты 

түрлі  тақырыпта  қалам  тербеді. 

Сөйтіп, алғашқы тырнақалды зерттеу 

жұмыстары  облыстық,  аудандық  га-

зет беттерінен көріне бастады.  Олар 

«Хан Жәңгір және оның ұрпағы тура-

лы не білеміз?» «Құлпытас бетіндегі 

көне  жазулар  сыр  шертеді»,  «Бөкей 

Ордасындағы  мал  шаруашылығы»,  

«Хан  тоғайы»    деп  неге  аталған?», 

«Бөкей  Ордасына  көшіп  келген-

дер»  деп  бастап,  өлкенің  тарихын 

тереңірек танып, соны зерттеп, көпке 

насихаттауды алдына мақсат етті. 

Жыл өткен сайын әр нәрсені терең 

білуге,  білгенін  жетілдіруге  талпын-

ды. Ордаға қатысты бір нәрсені біл-

мей жауаптан тосылу, көптің алдында 

күмілжу  оған  оғаш  көрінетін.    Әрі  өз 

бетімен араб әліпбиін оқып, үйренді. 

Қордағы  Ғ.Қараштың  жазбаларын 

кириллицаға 

көшіріп, 

аудандық 

газеттің  әдебиет  бетіне  ұсынды 

(«Қарлығашпен 

сөйлескенде», 

«Шандоз  қыз»  өлеңдері,  т.б.).  Хан 

қорымындағы  арабша  жазылған 

құлпытастарды оқыды. Әр іс сәтімен 

дегендей,  сол  жылдары  Алматыдан 

Ш.Уәлиханов  атындағы  тарих  және 

этнология  институтының  ғылыми 

қызметкері,  араб  тілінің  маманы 

Арай  Омарова  іссапармен  келіп,  

«Бөкей Ордасындағы эпиграфикалық 

көне  ескерткіштер»  тақырыбында 

ғылыми  еңбегіне  қажетті  мате-

риалдар  жинақтады.  Ғалымның 

жанына  музейдің  екі  қызметкері 

(Г.Мырзағалиева мен Т.Шәріпқалиев) 

және 

М.Мәметова 



атындағы 

мектептің  тарихшысы  А.Кұрымбаев 

бір оқушысымен қосылып, осы шағын 

топ  он  күндей  Хан  қорымындағы 

құлпытастарды  оқып,  зерттеумен 

айналысты.  Талғат  сол  зерттеулер 

қорытындысымен 

«Құлпытастар 

шерткен сыр»  мақаласын жазды. 

Сондай-ақ,  Жәңгір  хан  кесенесін 

қалпына  келтіру,  Дәулеткерейдің 

мүрдесін  Ордадағы  хан  қорымына 

қайтадан  жерлеу  жұмыстарының 

басы-қасында 

жүрген 

музейдің 



басшысы    Т.Махимовтың  жанынан 

әрдайым  Талғат  табылатын.  1997 

жылы  Орда  тарихи-революциялық 

музейінің  атауы  Орда  тарихи  му-

зейі  болып  өзгертіліп,  оған  қарасты 

ғимараттар  саны  көбейді.  «Қыздар 

гимназиясы» 

ғимараты 

«Бөкей 

Ордасындағы  халыққа  білім  беру 



музейі»  болып  жасақталды.  Талғат 

Келте 


үзілген 

ғұмыр


 

  Өмір  қамшының  сабындай  тым 

қысқа екен ғой. Шыны керек, дүние-

жалғанның адам баласына көрсетері 

аз  емес  екен.  Үлкендер  айтатын 

«Көрешекті көрмей, көрге кірмейсің» 

сөзі ойыма еріксіз оралып, «Неге олай 

айтады  екен?»-деуші  едім.  Басына 

түскен  іс  жанын  ауыртқасын  тағдыр 

деген  тар  қапас  боп  көрінер  сәттің 

қиындығына амалсыз мойынұсынған 

пенденің  аузынан  еріксіз  шыққан 

сөз  болса  керек  бұл.  Әрине,  біздің 

болашағымыз алдымызда. Бар-жоғы 

он  бірінші  сынып  оқушысы  емеспіз 

бе!? Жарқын күндерге сенеміз.

Десек те, ортамызда жүрген аяулы 

досымызды мәңгіге жоғалтқанымызға 

жарты жылдан асыпты. Өткен жылдың 

23  маусымы...  Қалай  ұмытайық. 

Осы  күні  одан  қапияда  айрылып 

қалдық.  Үнемі  бізбен  бірге  ойнап-

күліп жүретін еді-ау... Жайраң қаққан 

мінезімен  ортамызда  еш  нәрседен 

қауіптенбейтін пәк досымыз-ай... Енді 

сенің  балаң  күлкіңді,  жылы  ұшырап 

тұратын  жүзіңді  көрмейміз.  Іздейміз, 

сағынамыз. Әттең, ғұмырың тым кел-

те  үзілді.  Жатқан  жерің  мамық  бол-

сын, аяулы дос!

Мәдениет  үйінде  өткен  Досжан-

ды  еске  алу  кешіне  Қ.Сағырбаев 

атындағы  орта  мектеп  оқушылары 

мен  ұстаздары,  Орал  қаласынан  

келген  әжесі,  ата-анасы,  бауыр-

лары  мен  ауыл  халқы  қатысып, 

оның  рухымен  сырласу  бағытында 

өрбіген  шара  көпті  толқытты.  Айту-

лы жұлдызымыздың өмірдегі жарқын 

сәттерінен  түсірілген  бейне  ролик 

ауылдастар  жанарына  жас  үйірді. 

Осы  кеште  сөз  кезегі  бұйырған  әр 

жанның қимастық сезімі, өкініші анық 

аңғарылып  тұрды.  Еске  алу  кешінің 

мақсаты  бір-бірімізге  деген  қимас 

жандардың қадірін ерте түсініп, өзара 

сыйластық  орнатуды  ұқтыру  еді. 

Ортасының көшбасшысы бола білген 

ол  бар-жоғы  15  жыл  ғана  ғұмыр  ке-

шті. Оның қайтып келмейтінін білсек 

те,  құрбымызбен  бірге  өткен  әрбір 

сағаттың,  сонау  алаңсыз  күндердің 

баға  жеткісіз  белгі  болып  қалғанына 

өкіндік. 

Қимаймыз. 

Сағынамыз. 

Өкінеміз. Бірақ, тағдыр ісіне не шара?! 

Сөзімнің соңын М.Мақатаевтың мына 

бір өлең шумақтарымен аяқтағым ке-

леді:


Тіршілікте көрінеміз өлместей,

Тұра  алмаймыз  ерегіспей,  бел-

деспей.

Өтейікші бірімізді-біріміз,



Өшіктірмей, өкпелетпей, «Сен» де-

спей.


Балнұр РЫСҚАЛИЕВА.

Саралжын ауылы.

Өлке тарихында қолтаңбасы қалды



Әр музейдің қалыптасып, жетілуінің өзіндік шежіресі 

бар. Онда қызмет жасайтындардың қай-қайсысы да ел 

мен жердің тарихын, мәдениетін зерттеп, сақтап, оны 

ұрпақтарға тарату ісіне өзіндік үлестерін қосады. Біздің 

музейде он жылдай қызмет атқарған Талғат Меңдіғалиұлы 

Шәріпқалиев терең зерттеулерімен, өлке сырларының 

ашылмаған беттеріне бой ұруымен ұжымның есінде қалды. 

Егер арамызда жүрсе, ол ер жасы – елуге толар еді...

осы  өзгерістер  мен  қалпына  кел-

тіріліп 

жатқан 


ғимараттардағы 

экспозициялық  жаңғыртуларға  жа-

уапты  қызметкерлердің  бірі  болды. 

Алматыдан  келіп  жұмыстанған  экс-

позиционерлермен тіл табысса, кей-

де олардың шешімдерімен келіспей, 

тарихи  болмыстың  шынайылығын 

нақты 


құжаттармен 

дәлелдеп, 

қызылкеңірдек болып жүргені көз ал-

дымда.  Кешен  экспозициясындағы 

өзгерістер,  жылжымалы,  тұрақты 

көрмелер,  тақырыптық    дәрістер, 

т.б.  шығармашылық  жұмыстарды 

әріптестерімен 

келісіп 

істеді. 


Жас 

мамандарға 

ақыл-кеңес 

беріп,    бар  білгенін  үйретуден 

жалықпады. 

Ұжымның 


бірлесіп 

атқаратын  қоғамдық,  шаруашылық 

жұмыстарынан  шет  қалмады.  Бөкей 

Ордасы 


тарихи 

мұражайының 

болашақта 

жасақталатын 

экспозициясының  концепциясы  мен 

тақырыптық  құрылымдарын  жасас-

ты.

Айта  кетелік,  «Арыс»  баспасы-



нан  шыққан  2002  жылғы  «Батыс 

Қазақстан облысы энциклопедиясын» 

дайындауға  музейлік  кешен  ұжымы 

да 


атсалысты. 

Энциклопедияға 

ғылыми-ақпараттық 

айналымға 

түспеген  «Бекмұхамбетов  Мақаш 

Шолтырұлы»,  «Бекмұхаметов  Ша-

фхат  Мұхамеджанұлы»,    «Бөкей 

жоғары-бастауыш 

училищесі», 

«Бөкей  кеңестерінің  съезі»,  «Бөкей 

мектептері»,  «Ханның  ел  басқару 

жүйесі»,  «Хан  тоғайы»,  «Шығаев  

Шарафеддин 

Көшекқалиұлы», 

«Шығай»  тақырыбындағы    дерек-

терді  зерттеп  ұсынған  авторлардың 

бірі  Талғат.  Бертінде  өлке  тарихын 

баспасөзде  насихаттаған  еңбегі 

жоғары  бағаланып,  ол  Қазақстан 

Журналистер  одағының  мүшелігіне 

қабылданды.

Жұмыстан  қол  үзбей  жүріп 

жоғары  білімді  заңгер  мамандығын 

алған  Талғат  Меңдіғалиұлы  2003 

жылы  Батыс  Қазақстан  облыстық 

өлкетану  музейіне  қызметке  ауыс-

ты.  Музейге  күрделі  жөндеу  жаса-

лып,  жаңғырту,  экспозицияны  қайта 

жаңарту 

жұмыстарының 

қызған 

тұсына  тап  келген  ол  бұл  іске  де 



белсене кіріседі. Облыстық өлкетану 

музейінде  атқарған  еңбектерін  сол 

кездегі  әріптесі  (Е.Пугачев  музейінің 

меңгерушісі  болған)    Гүлбағира 

Ерсайынқызы: 

– Қай елдің болмасын шынайы сы-

рын,  нақты  келбетін  танытып,  өткен 

тарихы  мен  бүгінгі  тыныс-тіршілігін 

барынша  бұлжытпай  бейнелейтін 

орын  –  музей  екені  даусыз.  Батыс 

Қазақстан  өңірінің  ежелгі  тарихын 

зерттеп,  жоғалғанын  түгендеп,  ба-

рын  жарқыратып  көрсетуге  еңбегі 

сіңген  аяулы  жандардың  қатарында 

Талғат  Шәріпқалиевті  атауға  бо-

лады.  Бөкей  ордасы  тарихи-музей 

кешенінде  көп  жылдар  аға  ғылыми 

қызметкер,  бөлім  меңгерушісі  де 

болған.  Әр  жәдігерді  сөйлететіндей 

қасиеті,  әр  оқиғаны  жан-жақты  зер-

делейтіндей  талантының  арқасында 

Талғат  облыстық  тарихи-өлкетану 

музейінің Тәуелсіздік алғаннан кейін-

гі жылдарда материалдық мұралары 

мен қатпары қалың құжаттарды ретке 

келтіріп,  тақырыптық-структуралық 

жоспарын  жасасты.  Музей  қызметін 

жандандыруға мемлекет ақша бөліп, 

қаражатпен  қамтамасыз  етуі  мүмкін, 

бірақ,  тырнақтап  жинаған  мұраны 

артық ауыз сөзсіз, мінсіз жарқыратып, 

ғылыми 


дерекпен 

дәлелдеп, 

халыққа  көрсету  –  зерттеушінің 

еңбегі.  Бөкей    хандығының    тари-

хын    ашатын    бірқатар  құжаттарды 

саралап,  зерттеп,  жүйеге  келтірді. 

Оның басты зерттеу жұмысы – Орда 

хандығының    басшыларының  бірі, 

Жәңгір  мектебінің,  Неплюев  кадет 

корпусының  түлегі,  есентемір  руы-

нан шыққан Өтешқали Атаниязовтың 

өмірдерегі. 

Өлкенің 

дамуында 

өшпес  ізі  бар,  жеке  су  қоймасы  иесі 

Ө.Атаниязов облыс энциклопедиясы-

нан  да  орын  тапты,  -  деп  еске  ала-

ды.


Отбасылық  жағдайына  байланыс-

ты 2004 жылы ауылға келіп, аудандық 

«Орда  жұлдызы»  газетіне  қызметке 

кіріскен 

Т.Шәріпқалиевті 

аудан 


әкімшілігі өз аппаратына алып, әуелі 

құқықтық  мәселелер  жөніндегі  бас 

маман,  кейін  аппарат  басшылығына 

тағайындады.  Қызметіне  адал,  оны 

асқан  жауапкершілікпен  атқаратын 

ол 2008 жылы аудандағы «Үздік мем-

лекеттік  қызметкер»  атанды.  Осы-

лай  лауазымы  өсіп,  еңбегімен  елге 

танылғанда  денсаулығы  сыр  бер-

ді.  Қызметте  жалындаған  шағында 

мүгедектер  тобына  жатқызылып, 

жәрдемақы  тағайындалып  үйде 

отырғанда  да  төңірегіндегілерге 

қарайласты, құқықтық мәселелерден 

ауылдастары  кеңес  алды.  Оның 

заңға  жетіктігін  байқаған  аудан 

әкімдігінің 

шаруашылық 

жүргізу 

құқығындағы 

«Бөкей 

ордасы 


аудандық  ветеринариялық  стан-

циясы»  мемлекеттік  коммуналдық 

кәсіпорны  2013  жылдың  сәуіріңде 

құқықтық  мәселелер  жөніндегі  ма-

ман  қызметіне  шақырды.  Ол  мұнда 

да  абыройға  бөленді.  Өкініштісі,  бір 

жылдан  кейін  ғазиз  жанның  жүрегі 

мәңгілікке тоқтады.

Ауғанстанда  қанды  қырғынды 

бастан  кешіп,  жүйкесі  ширыққанмен 

Талғаттың 

жүрегі 


нәзік-ті. 

Жанындағылардың  жәй-күйін  айт-

пай  түсініп,  үнемі  қол  ұшын  беруге 

әзір тұратын. Мен музейге қызметке 

тұрғаннан  кейін  басшымыз,  марқұм 

Темірболат  аға  Махимов  сырттай 

оқып,  жоғары  білім  алуым  керек-

тігін  ескертті.  Қайным  Талғат  бірден 

қолдады,  жұбайым  Қанат  та  қарсы 

болған  жоқ.  Бірақ,  үйдегі  үлкен 

кісілер  (ата-енем)  «Әзірге  істей  бер, 

есепшілік  табылар»  десті.  Ол  жылы 

оқуға  бармадым.  Алайда,  Талғат 

қоймады.  Ата-енеме  үгіт-насихат 

жүргізіп, ақыры келісімін алып берді. 

Оқуға түсуіме де жәрдемдесті. Отба-

сы  ынтымағы  оқуымды  ойдағыдай 

аяқтауыма,  жұмысымның  да  ілгері 

басуына  ықпал  етті.  Жалпы,  Талғат 

Отан – отбасынан басталатынын, ел 

бірлігінің негізі де сол екенін жастарға 

айтып  отыратын.  Жары,  мұғалім 

Нұржамал  Ғұбайдоллақызы  Есее-

ваны  жәңгірхандық,  мәметовалық 

әріптестері  жақсы  біледі.  Білімді 

де  білікті  ұстаз  бүгінде  Алматы 

қаласындағы бір колледжде сабақ бе-

реді. Ұлдары Тілеужан екінші сынып 

оқушысы.  «Орнында  бар  оңалар» 

дейді  қазақ.  Бізде  Тілеужанның 

әкесіндей  елін  сүйген  абзал  азамат 

болып өсеріне сенеміз.

Талғатты  білетіндер  оның  рухына 

тағзым етіп, еске түсірсін деген ниет-

те қолға қалам алған жәйім бар. Оның 

жазбаларын  құрастырып,  жинақ  етіп 

шығару жолында жұмыстанып жүрген 

абысыным Нұржамалдың ісіне де та-

быс, деніне саулық, Талғаттан қалған 

тұяқтың қызығын көруін тілеймін.



Бақыт ДӘУЛЕТОВА,

Бөкей Ордасы тарихи 

музей кешенінің бас қор 

сақтаушысы.

Суреттерде: 1. Талғат әскер 

қатарында; 2. Сүйікті жары 

Нұржамалмен бірге;  

3. Қызметте ізі қалған мұражай.

10 қаңтар 2017 жыл

7

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


Аудандық мәслихаттың шешімі

Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 

2015 жылғы 24 желтоқсандағы №27-2 

«Бөкей ордасы ауданының 2016-2018 

жылдарға арналған бюджеті туралы» 

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Сайқын ауылы              №6-1                 5 желтоқсан, 2016 жыл

Қазақстан  Республикасының  2008  жылғы  4  желтоқсандағы  Бюджет  ко-

дексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан 

Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  басқару  және  өзін-өзі  басқару 

туралы»  Заңына  сәйкес  Бөкей  ордасы  аудандық  мәслихаты  ШЕШІМ 

ҚАБЫЛДАДЫ:

1.  Бөкей  ордасы  аудандық  мәслихатының  2015  жылғы  24  желтоқсандағы 

№27-2 «Бөкей ордасы ауданының 2016 - 2018 жылдарға арналған бюджеті ту-

ралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін-

де №4231 тіркелген, 2016 жылғы 2 ақпандағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық 

жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1.  2016-2018  жылдарға  арналған  аудандық  бюджет  1,  2  және  3  - 

қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2016 жылға келесі көлемде бекітілсін: 

1) кірістер – 2 842 176  мың теңге:  

салықтық түсімдер  –  255 574 мың теңге;

салықтық емес түсімдер –  1 144 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 150 мың теңге;

трансферттер түсімі – 2 585 308 мың теңге;

2) шығындар – 2 888 820 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу –  24 780 мың теңге:

бюджеттік кредиттер –  38 178 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 13 398 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге: қаржы 

активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0  мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 71 424 мың теңге;

6)  бюджет  тапшылығын  қаржыландыру  (профицитін  пайдалану)  –  71  424 

мың теңге:

қарыздар түсімі –  38 178 мың теңге; 

қарыздарды өтеу – 13 398 мың теңге; 

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 46 644 мың теңге.»;

аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа 

редакцияда жазылсын.

2. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының аппарат басшысы (А.Хайруллин) 

осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-

құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жари-

ялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім 2016  жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.



Сессия төрағасы  Ж.Әшенов.

Мәслихат хатшысы  Е.Таңатов.

Тіркеу №4626

15 желтоқсан, 2016 жыл.

(Жалғасы бар)

Решение районного маслихата


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет