1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
айында басталады деп күтілуде.
қаржы қажет.
Құрылыс және
коммуналдық
шаруашылық
лып, бекітілді.
берілді.
егілді.
10 қаңтар 2017 жыл
6
E-mail: too-orda@bk.ru
ЖҰЛДЫЗЫ
ОрДа
Ескермесе – ер ұмыт
Мөлтек сыр
Талғат менің әріптесім ғана емес,
бауырымдай болып кеткен туған
қайным-ды. Қанат екеуміздің көңіліміз
жарасып, Шәріпқалиевтер отбасы-
на келін болып түскен 1987 жылдың
күзінде ол әскери борышын ауған
жерінде өтеп оралған жиырмадағы
жас жігіт, Орал пединституты тарих
факультетінің І курс студенті еді. ІІІ кур-
стан соң Алматыдағы Абай атындағы
Мемлекеттік Университетінің «Та-
рих және құқықтану» факультетіне
ауысып, оны бітірерде дипломдық
жұмысын «Бөкейдегі тұңғыш қазақ
үкіметі» тақырыбында қорғады. Мек-
теп партасынан туған өлке тарихына
құмартып, беймәлім сырларын білуге
ұмтылған ол 1993 жылы Бөкей Ор-
дасы тарихи музейіне аға ғылыми
қызметкер болып орналасқан сәттен
бастап жұмысқа бірден төселіп кет-
ті. Экскурсияны екі тілде бірдей
шебер жүргізіп, мақтауға да ілігеді.
Кітаптар мен тақырыптық папка-
ларды жіті қарап шыққан соң, қорда
жинақталған деректі құжаттарды
зерттеуге кіріседі. Әр құжатқа зер
салып, Бөкей Ордасына қатысты
түрлі тақырыпта қалам тербеді.
Сөйтіп, алғашқы тырнақалды зерттеу
жұмыстары облыстық, аудандық га-
зет беттерінен көріне бастады. Олар
«Хан Жәңгір және оның ұрпағы тура-
лы не білеміз?» «Құлпытас бетіндегі
көне жазулар сыр шертеді», «Бөкей
Ордасындағы мал шаруашылығы»,
«Хан тоғайы» деп неге аталған?»,
«Бөкей Ордасына көшіп келген-
дер» деп бастап, өлкенің тарихын
тереңірек танып, соны зерттеп, көпке
насихаттауды алдына мақсат етті.
Жыл өткен сайын әр нәрсені терең
білуге, білгенін жетілдіруге талпын-
ды. Ордаға қатысты бір нәрсені біл-
мей жауаптан тосылу, көптің алдында
күмілжу оған оғаш көрінетін. Әрі өз
бетімен араб әліпбиін оқып, үйренді.
Қордағы Ғ.Қараштың жазбаларын
кириллицаға
көшіріп,
аудандық
газеттің әдебиет бетіне ұсынды
(«Қарлығашпен
сөйлескенде»,
«Шандоз қыз» өлеңдері, т.б.). Хан
қорымындағы арабша жазылған
құлпытастарды оқыды. Әр іс сәтімен
дегендей, сол жылдары Алматыдан
Ш.Уәлиханов атындағы тарих және
этнология институтының ғылыми
қызметкері, араб тілінің маманы
Арай Омарова іссапармен келіп,
«Бөкей Ордасындағы эпиграфикалық
көне ескерткіштер» тақырыбында
ғылыми еңбегіне қажетті мате-
риалдар жинақтады. Ғалымның
жанына музейдің екі қызметкері
(Г.Мырзағалиева мен Т.Шәріпқалиев)
және
М.Мәметова
атындағы
мектептің тарихшысы А.Кұрымбаев
бір оқушысымен қосылып, осы шағын
топ он күндей Хан қорымындағы
құлпытастарды оқып, зерттеумен
айналысты. Талғат сол зерттеулер
қорытындысымен
«Құлпытастар
шерткен сыр» мақаласын жазды.
Сондай-ақ, Жәңгір хан кесенесін
қалпына келтіру, Дәулеткерейдің
мүрдесін Ордадағы хан қорымына
қайтадан жерлеу жұмыстарының
басы-қасында
жүрген
музейдің
басшысы Т.Махимовтың жанынан
әрдайым Талғат табылатын. 1997
жылы Орда тарихи-революциялық
музейінің атауы Орда тарихи му-
зейі болып өзгертіліп, оған қарасты
ғимараттар саны көбейді. «Қыздар
гимназиясы»
ғимараты
«Бөкей
Ордасындағы халыққа білім беру
музейі» болып жасақталды. Талғат
Келте
үзілген
ғұмыр
Өмір қамшының сабындай тым
қысқа екен ғой. Шыны керек, дүние-
жалғанның адам баласына көрсетері
аз емес екен. Үлкендер айтатын
«Көрешекті көрмей, көрге кірмейсің»
сөзі ойыма еріксіз оралып, «Неге олай
айтады екен?»-деуші едім. Басына
түскен іс жанын ауыртқасын тағдыр
деген тар қапас боп көрінер сәттің
қиындығына амалсыз мойынұсынған
пенденің аузынан еріксіз шыққан
сөз болса керек бұл. Әрине, біздің
болашағымыз алдымызда. Бар-жоғы
он бірінші сынып оқушысы емеспіз
бе!? Жарқын күндерге сенеміз.
Десек те, ортамызда жүрген аяулы
досымызды мәңгіге жоғалтқанымызға
жарты жылдан асыпты. Өткен жылдың
23 маусымы... Қалай ұмытайық.
Осы күні одан қапияда айрылып
қалдық. Үнемі бізбен бірге ойнап-
күліп жүретін еді-ау... Жайраң қаққан
мінезімен ортамызда еш нәрседен
қауіптенбейтін пәк досымыз-ай... Енді
сенің балаң күлкіңді, жылы ұшырап
тұратын жүзіңді көрмейміз. Іздейміз,
сағынамыз. Әттең, ғұмырың тым кел-
те үзілді. Жатқан жерің мамық бол-
сын, аяулы дос!
Мәдениет үйінде өткен Досжан-
ды еске алу кешіне Қ.Сағырбаев
атындағы орта мектеп оқушылары
мен ұстаздары, Орал қаласынан
келген әжесі, ата-анасы, бауыр-
лары мен ауыл халқы қатысып,
оның рухымен сырласу бағытында
өрбіген шара көпті толқытты. Айту-
лы жұлдызымыздың өмірдегі жарқын
сәттерінен түсірілген бейне ролик
ауылдастар жанарына жас үйірді.
Осы кеште сөз кезегі бұйырған әр
жанның қимастық сезімі, өкініші анық
аңғарылып тұрды. Еске алу кешінің
мақсаты бір-бірімізге деген қимас
жандардың қадірін ерте түсініп, өзара
сыйластық орнатуды ұқтыру еді.
Ортасының көшбасшысы бола білген
ол бар-жоғы 15 жыл ғана ғұмыр ке-
шті. Оның қайтып келмейтінін білсек
те, құрбымызбен бірге өткен әрбір
сағаттың, сонау алаңсыз күндердің
баға жеткісіз белгі болып қалғанына
өкіндік.
Қимаймыз.
Сағынамыз.
Өкінеміз. Бірақ, тағдыр ісіне не шара?!
Сөзімнің соңын М.Мақатаевтың мына
бір өлең шумақтарымен аяқтағым ке-
леді:
Тіршілікте көрінеміз өлместей,
Тұра алмаймыз ерегіспей, бел-
деспей.
Өтейікші бірімізді-біріміз,
Өшіктірмей, өкпелетпей, «Сен» де-
спей.
Балнұр РЫСҚАЛИЕВА.
Саралжын ауылы.
Өлке тарихында қолтаңбасы қалды
Әр музейдің қалыптасып, жетілуінің өзіндік шежіресі
бар. Онда қызмет жасайтындардың қай-қайсысы да ел
мен жердің тарихын, мәдениетін зерттеп, сақтап, оны
ұрпақтарға тарату ісіне өзіндік үлестерін қосады. Біздің
музейде он жылдай қызмет атқарған Талғат Меңдіғалиұлы
Шәріпқалиев терең зерттеулерімен, өлке сырларының
ашылмаған беттеріне бой ұруымен ұжымның есінде қалды.
Егер арамызда жүрсе, ол ер жасы – елуге толар еді...
осы өзгерістер мен қалпына кел-
тіріліп
жатқан
ғимараттардағы
экспозициялық жаңғыртуларға жа-
уапты қызметкерлердің бірі болды.
Алматыдан келіп жұмыстанған экс-
позиционерлермен тіл табысса, кей-
де олардың шешімдерімен келіспей,
тарихи болмыстың шынайылығын
нақты
құжаттармен
дәлелдеп,
қызылкеңірдек болып жүргені көз ал-
дымда. Кешен экспозициясындағы
өзгерістер, жылжымалы, тұрақты
көрмелер, тақырыптық дәрістер,
т.б. шығармашылық жұмыстарды
әріптестерімен
келісіп
істеді.
Жас
мамандарға
ақыл-кеңес
беріп, бар білгенін үйретуден
жалықпады.
Ұжымның
бірлесіп
атқаратын қоғамдық, шаруашылық
жұмыстарынан шет қалмады. Бөкей
Ордасы
тарихи
мұражайының
болашақта
жасақталатын
экспозициясының концепциясы мен
тақырыптық құрылымдарын жасас-
ты.
Айта кетелік, «Арыс» баспасы-
нан шыққан 2002 жылғы «Батыс
Қазақстан облысы энциклопедиясын»
дайындауға музейлік кешен ұжымы
да
атсалысты.
Энциклопедияға
ғылыми-ақпараттық
айналымға
түспеген «Бекмұхамбетов Мақаш
Шолтырұлы», «Бекмұхаметов Ша-
фхат Мұхамеджанұлы», «Бөкей
жоғары-бастауыш
училищесі»,
«Бөкей кеңестерінің съезі», «Бөкей
мектептері», «Ханның ел басқару
жүйесі», «Хан тоғайы», «Шығаев
Шарафеддин
Көшекқалиұлы»,
«Шығай» тақырыбындағы дерек-
терді зерттеп ұсынған авторлардың
бірі Талғат. Бертінде өлке тарихын
баспасөзде насихаттаған еңбегі
жоғары бағаланып, ол Қазақстан
Журналистер одағының мүшелігіне
қабылданды.
Жұмыстан қол үзбей жүріп
жоғары білімді заңгер мамандығын
алған Талғат Меңдіғалиұлы 2003
жылы Батыс Қазақстан облыстық
өлкетану музейіне қызметке ауыс-
ты. Музейге күрделі жөндеу жаса-
лып, жаңғырту, экспозицияны қайта
жаңарту
жұмыстарының
қызған
тұсына тап келген ол бұл іске де
белсене кіріседі. Облыстық өлкетану
музейінде атқарған еңбектерін сол
кездегі әріптесі (Е.Пугачев музейінің
меңгерушісі болған) Гүлбағира
Ерсайынқызы:
– Қай елдің болмасын шынайы сы-
рын, нақты келбетін танытып, өткен
тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігін
барынша бұлжытпай бейнелейтін
орын – музей екені даусыз. Батыс
Қазақстан өңірінің ежелгі тарихын
зерттеп, жоғалғанын түгендеп, ба-
рын жарқыратып көрсетуге еңбегі
сіңген аяулы жандардың қатарында
Талғат Шәріпқалиевті атауға бо-
лады. Бөкей ордасы тарихи-музей
кешенінде көп жылдар аға ғылыми
қызметкер, бөлім меңгерушісі де
болған. Әр жәдігерді сөйлететіндей
қасиеті, әр оқиғаны жан-жақты зер-
делейтіндей талантының арқасында
Талғат облыстық тарихи-өлкетану
музейінің Тәуелсіздік алғаннан кейін-
гі жылдарда материалдық мұралары
мен қатпары қалың құжаттарды ретке
келтіріп, тақырыптық-структуралық
жоспарын жасасты. Музей қызметін
жандандыруға мемлекет ақша бөліп,
қаражатпен қамтамасыз етуі мүмкін,
бірақ, тырнақтап жинаған мұраны
артық ауыз сөзсіз, мінсіз жарқыратып,
ғылыми
дерекпен
дәлелдеп,
халыққа көрсету – зерттеушінің
еңбегі. Бөкей хандығының тари-
хын ашатын бірқатар құжаттарды
саралап, зерттеп, жүйеге келтірді.
Оның басты зерттеу жұмысы – Орда
хандығының басшыларының бірі,
Жәңгір мектебінің, Неплюев кадет
корпусының түлегі, есентемір руы-
нан шыққан Өтешқали Атаниязовтың
өмірдерегі.
Өлкенің
дамуында
өшпес ізі бар, жеке су қоймасы иесі
Ө.Атаниязов облыс энциклопедиясы-
нан да орын тапты, - деп еске ала-
ды.
Отбасылық жағдайына байланыс-
ты 2004 жылы ауылға келіп, аудандық
«Орда жұлдызы» газетіне қызметке
кіріскен
Т.Шәріпқалиевті
аудан
әкімшілігі өз аппаратына алып, әуелі
құқықтық мәселелер жөніндегі бас
маман, кейін аппарат басшылығына
тағайындады. Қызметіне адал, оны
асқан жауапкершілікпен атқаратын
ол 2008 жылы аудандағы «Үздік мем-
лекеттік қызметкер» атанды. Осы-
лай лауазымы өсіп, еңбегімен елге
танылғанда денсаулығы сыр бер-
ді. Қызметте жалындаған шағында
мүгедектер тобына жатқызылып,
жәрдемақы тағайындалып үйде
отырғанда да төңірегіндегілерге
қарайласты, құқықтық мәселелерден
ауылдастары кеңес алды. Оның
заңға жетіктігін байқаған аудан
әкімдігінің
шаруашылық
жүргізу
құқығындағы
«Бөкей
ордасы
аудандық ветеринариялық стан-
циясы» мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорны 2013 жылдың сәуіріңде
құқықтық мәселелер жөніндегі ма-
ман қызметіне шақырды. Ол мұнда
да абыройға бөленді. Өкініштісі, бір
жылдан кейін ғазиз жанның жүрегі
мәңгілікке тоқтады.
Ауғанстанда қанды қырғынды
бастан кешіп, жүйкесі ширыққанмен
Талғаттың
жүрегі
нәзік-ті.
Жанындағылардың жәй-күйін айт-
пай түсініп, үнемі қол ұшын беруге
әзір тұратын. Мен музейге қызметке
тұрғаннан кейін басшымыз, марқұм
Темірболат аға Махимов сырттай
оқып, жоғары білім алуым керек-
тігін ескертті. Қайным Талғат бірден
қолдады, жұбайым Қанат та қарсы
болған жоқ. Бірақ, үйдегі үлкен
кісілер (ата-енем) «Әзірге істей бер,
есепшілік табылар» десті. Ол жылы
оқуға бармадым. Алайда, Талғат
қоймады. Ата-енеме үгіт-насихат
жүргізіп, ақыры келісімін алып берді.
Оқуға түсуіме де жәрдемдесті. Отба-
сы ынтымағы оқуымды ойдағыдай
аяқтауыма, жұмысымның да ілгері
басуына ықпал етті. Жалпы, Талғат
Отан – отбасынан басталатынын, ел
бірлігінің негізі де сол екенін жастарға
айтып отыратын. Жары, мұғалім
Нұржамал Ғұбайдоллақызы Есее-
ваны жәңгірхандық, мәметовалық
әріптестері жақсы біледі. Білімді
де білікті ұстаз бүгінде Алматы
қаласындағы бір колледжде сабақ бе-
реді. Ұлдары Тілеужан екінші сынып
оқушысы. «Орнында бар оңалар»
дейді қазақ. Бізде Тілеужанның
әкесіндей елін сүйген абзал азамат
болып өсеріне сенеміз.
Талғатты білетіндер оның рухына
тағзым етіп, еске түсірсін деген ниет-
те қолға қалам алған жәйім бар. Оның
жазбаларын құрастырып, жинақ етіп
шығару жолында жұмыстанып жүрген
абысыным Нұржамалдың ісіне де та-
быс, деніне саулық, Талғаттан қалған
тұяқтың қызығын көруін тілеймін.
Бақыт ДӘУЛЕТОВА,
Бөкей Ордасы тарихи
музей кешенінің бас қор
сақтаушысы.
Суреттерде: 1. Талғат әскер
қатарында; 2. Сүйікті жары
Нұржамалмен бірге;
3. Қызметте ізі қалған мұражай.