Газет 1930 жылғы 1 қарашадан шығады



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата09.03.2017
өлшемі22,1 Mb.
#8658
1   2   3   4

Ж. МИРМАНОВ,

№63 орта мектеп директорының 

уақытша міндетін атқарушы.

Қазақстан  өз  тәуелсіздігіне  қол  жеткізіп, 

егемен ел атанғанына биыл 25 жыл. Бұл-бүкіл 

қазақ  жұрты  үшін  қуаныш,  бақыт,  теңдессіз 

мереке.  Олай  деуімізге  себеп  те  жоқ  емес. 

Еліміз  санаулы  жылда  сан  түрлі  соқпақтан 

сүрінбей өтіп, аршындап адымдай ілгері басып, 

да му  үстінде.  Мұның  барлығы  Елбасымыз 

Нұр сұл тан  Назарбаевтың  сарабдал  саясаты 

мен  бо ла шаққа  құрған  сәтті  жоспарларының 

арқасы деп анық  айтамын. 

Қазіргі  таңда  Ақирек  ауылдық  округі,  Ақ-

бай  ауылы  аудандағы  іргелі  ауылдардың  бірі 

саналып,  шаруашылығы  өркен  жайған  жер ге 

айналды.  2005  жылы  қайта  құрылған  Ақи рек 

ауылдық  округінің  бүгінгі  жай-күйі  жа ны-

мыз ға жылу береді. Ақбай ауылында жылдан-

жылға халық саны өсіп келеді. Соған сай ауыл 

да қанатын жайып келеді.

2004 жылы әлеуметтік-мәдени орталық пай-

далануға берілген. Сол уақыттан бастап ауыл-

дың мәдениет ошағы қалтқысыз жұмыс жасап 

келеді. Ме ре келік кештер мен атаулы күндерді 

өз  дең гейін де  атап  өтуге  мүмкіндік  тудырып 

қана  қоймай,  дәстүрлі  өнеріміздің  тамырына 

қан жү гіртіп  отыр. Сондай-ақ, ел игілігі үшін са-

лын ған  нысандардың  қатарында  2013  жылдан 

бастап жұмысын атқарып келе жатқан ве те ри-

нариялық пунктті атап айтсақ болады. Маусым 

сайын  малдарға  егу  жұмыстары  жүргізіліп, 

оларды  тіркеу  жұмыстарын  өз  мәнінде  атқа-

рып  келеді.  2010  жылдың  күзінде  алғашқы 

құ ры лыс  жұмыстары  басталып,    2011  жылы 

жа ңа  оқу  жылында  пайдалануға  берілген  200 

орын дық  жаңа  мектеп  ғимараты  оқушыларға 

бо ла шақ  өмірдің  баспалдағын  қалап  келеді. 

Бірнеше  үздік  аттестат  иегерлері  мен  «Алтын 

белгі»  алған  шәкірттер  шықты.  Және  де  ескі 

мектеп  ғимаратына 2011 жылы күрделі  жөн-

деу  жасалып,  25  орындық  «Қызғалдақ»  бала-

бақ шасы  болып  ашылды.  2012  жылы    құны  5 

млн. теңге тұратын  спорт алаңы салынды. Бұл 

алаң  ауыл  жастарының  спортқа,  салауатты 

өмір  салтына  деген  қызығушылығының  ар-

туы на үлкен септігін тигізіп отыр. Ал 2014 жы-

лы ашылған, құны 1,2 млн. теңге  тұратын ба-

ла лар  ойын  алаңы  да  бір  сәтке  босаған  емес. 

Ауы лымыздың  көркін  кіргізіп,  балаларға  қуа-

ныш  сыйлауда.  2008  жылы  ауылдық  округ 

әкімшілік ғимараты да жаңадан салынып, қол-

да нуға  берілді.  2005  жылы  жас  мамандарға 

және қажетті мамандарға арналып салынған 4 

тұр ғын үй болды. Олардың қатары  2007 жылы 

тағы бір үймен толықты.

Ауылдың  негізгі  кәсібі-егіншілік  пен  мал 

шаруашылығы.  Осы  екі  сала  да  қарқынды  да-

му дың  үстінде.  Беріліп  жатқан  қолдау  мен 

мүм  кіндіктер  аз  емес.  2005-2007  жылдары 

200-500  гектар  жерге    күріш    дақылы    егілді. 

Ал,  2005  жылы  7  шаруа  қожалығы  тіркеліп, 

жұ мыс жасаса, оның саны бүгінгі таңда 44-ке 

же тіп,  кәсіптерін  дөңгелетіп  отыр.  Кәсіптерін 

да мытуға  2008  жылы  облыстық  бюджеттен 

бө лінген  қаржыға  техникалық  құжаттары 

жасалған 

Басықара, 

Алтай,  Меңдібай,  К-1 

коллекторлы  каналдары, 

2015  жылы  БҰҰ–ның  

даму 


 

бағдарламасы  

аясында 

техникалық 

құ жат тары  әзірленіп,  3 

километрі  тазартылған 

«Шо лақарық» 

қаналы 


зор 

септігін 

тигізіп 

отыр.  Бақша  өнімдерін 

егуге  және  мол  өнім 

алуға 


2009 

жылы 


облыстық 

бюджеттен 

құны  5,2  млн  теңге 

тұратын  СНП500/100  су  айдау    насосының 

да  пайдасы  көл-көсір.  Үстіміздегі  жылы 

аудандық  бюджеттен  бөлінген  қаржыға 

«Қаһар»  каналының    техникалық    құжаттары 

құны 0,8 млн. теңгеге дайындалып,  «Табиғат» 

МКК  тапсырылды. Егіншілігімен танымал бол-

ған  және  өте  қолайлы  аймақ  болып  саналған 

Ақбай  ауылы  2007-2009  жылдары  жылына  3 

гектардан барлығы 9 гектар Самара-Шымкент 

күре  жолының  бойына  облыстық  бюджеттен 

жасыл белдеу орналастырылды. 

Елбасының  басшылығымен  бастау  алған 

бағ  дарламалар да өңір тіршілігіне  тың серпін 

беріп  отыр.  2013-2014  жылдары  мемлекеттің 

қол дауымен «Сыбаға» бағдарламасы негізінде 

«Мұра»,  «Тағыберген»  және  «Ақпан»  шаруа 

қо жалықтары өз жұмыстарын бастады. 

Қай салада да қарқынды дамып келе жатқан 

Ақбай ауылының инфрақұрылымы толық жа-

сақ талған.  2011  жылы  Ақбай  ауылы  түгелдей  

телефон жүйесімен жабдықталынды. Ал, 2012 

жылдың  желтоқсан  айында  100  пайызға  ауыз 

сумен  қамтамасыз  етілді.  2014  жылы  1,7  млн 

теңгеге   орталық  көшеге  жарықтандыру жұ-

мы сы  жүргізілсе, 2016 жылы 3 млн теңге қа рас-

тырылып,  жарықтандыру  жұмыстары  то лық-

тай  аяқталды.  KCell  байланыс  операторының 

қаржысымен байланыс жүйесі орнатылды. 

2015 жыл БҰҰ-ның  қолдауымен  Арал орман 

және жануарларын қорғау мекемесінің Ақбай  

көшеттер  дайындау  питомнигіне 3 киловаттық 

жел күшін, 2 киловаттық күн энергиясын  пай-

даланатын  электростанциялары  және 3 гектар 

жерге тамшылатып суару  қондырғылары жә-

не су айдау  носостары  алынып берілді. 5,4 млн 

тең геге  «Батыс  Қытай-Батыс  Еуропа»  халық-

ара лық  автокөлік  дәлізінің  бойында  бақша  

өнім дерін  сататын  павильон  салынды.  Соның 

нәти жесінде, тек Қазақстан емес, өзге елдер де 

Ақбайдың өнімінен дәм татуда.

Ақбай  ауылының  бүгінгі  таңдағы  ты ныс-

тіршілігі  осындай.  Алдағы  уақытқа  жос пар-

ланған,  атқарылуға  тиісті  істер  әлі  де  көп. 

Санаулы  жылдың  ішінде  ауыз  толтырып  ай-

тар лықтай табысқа жеткен өңірдің жетістікке 

жете тініне сеніміміз мол.

А. НИЯЗЫМБЕТОВ,

Ақирек ауылдық округі әкімі.

Ақбай  ауылы  жері  шұрайлы,  жайы-

лым ға  және  егін  шаруашылығына 

қолай лы өңір болып табылады. Осындай 

мүм кін дікті  уысынан  шығармай,  қаже-

тіне  жарату  бүгінгі  таңда  ауыл  тұр-

ғын дары  үшін  басты  мақсат  болып 

отыр.  Оның  үстіне,  талаптанғанды  жат 

санамай,  керісінше,  қолдау  беріп,  қол-

дан  келгенше  көмегін  аямай  жатқан 

мем ле кеттік бағдарламалар олардың қы-

зығу шылығы  мен  ынтасын  одан  сай ын 

еселегендей.  Өз  бетімізше  жұмыс  жа-

сау ға бағдар да берілген. Жетістікке же-

тер  жол  да  нұсқалып  келеді.  Міне,  осы 

қол даудан  қуат  алған,  мақсаты  айқын 

жан дар  қазірдің  өзінде  өз  жұмыстарын 

бастап  та  кетті.  Тіпті  айтарлықтай  та-

быс қа  қол  жеткізіп  жатырғандары  да 

жетерлік.  Осылайша,  ауылымызда  ша-

руа ларын дөңгелетіп, өз істеріне еп тілік 

танытып отырған егін және мал ша руа-

шы лықтарымен айналысатын қо жа лық-

тар саны 44-ке жетіп отыр.

Солардың бірі-«Ақпан» шаруа қо жа-

лығы. Ақбай Баекеевтің басшылығымен 

құрылған бұл қожалық 2008 жылдан бас-

тап өз ісіне кірісті. Әуелгі жылдары тек 

егіншілікпен  айналысып,  еңбегі  же  мі-

сін  берген  бұл  қожалық,  өз  ша руа шы-

лы ғының  көкжиегін  кеңейте  түсті.  Бір 

ғана  саламен  шектелуді  жөн  санамаған 

Ақбай  Бақытұлы  2013  жыл дан  бастап 

мал шаруашылығын жан дан ды ру ға да өз 

үлесін қосты. 

Жалпы жер көлемі 332 гектарды құ-

райтын  бұл  қожалықтың  жайылымдық 

алқапқа  тиесілісі  276  гектар.  Үлкен  істі 

қолға  алған  азамат  үлкен  жетістіктерге 

жетудің  жолын  қарастыруда.  Қожалық 

та жыл санап дами түсуде.  2013 жы лы мал 

басын өсіріп қана қоймай, асылдандыру 

мақсатында  ба ға сы  400  000  теңгелік 

асыл тұқымды бұқа сатып алды. Қазіргі 

уақытта ша руашылық қарауында 44 бас 

мүйізді ірі қара малы тіркеуде тұр. 

Егін  шаруашылығында  да  қол  жет-

кіз ген жетістіктері аз емес. Жыл сайын 

тынымсыз  еңбектің  арқасында  мол 

өнім ге қол жеткізіп келеді. Таудай талап 

пен тынымсыз еңбек, моншақтап тамған 

маң дай  тердің  де  өтеуі  сол  сол  емес 

пе?! Оның бірден-бір дәлелі  үстіміздегі 

жылы  егістік  алқабының  2  гектарына 

қауын-қарбыз,  көкөніс  егіп,  орташа 

есеп пен 191 центнер өнім алынды.

Бұл  айтып  отырғанымыз  тек  бір 

ғана  шаруашылық  төңірегіндегі  әң гі-

ме.  Ауылдың  дамуына  өз  үлесін  қо сып 

отырған  басқа  да  қожалықтар  өз  дең-

гейін де  жүйелі  жұмыс  атқарып,  тек 

ауыл тұрғындарының ғана емес, өз өнім-

де рімен  барша  аудан,  облыс  тұр ғын-

дарының  да  көңілінен  шығып,  ал ғы сын 

алып  келеді.  «Батаменен  ер  көгерер» 

дей ді  қазақ.  Еңбегімен  жерді  көгертіп 

отыр ған  қожалықтағылардың  да  өнімді 

ең бе гінің  де  себебі  осында  деп  ой лай-

мын.


Жері шүйгін, көгі теңіз бетіндей тол-

қыған  бұл  өңірдің  еңбекті  серік  ет кен 

азаматтарынан  біз  әлі  де  талай  же тіс-

тіктер  күтеміз.  Және  де  сол  жетіс тік-

те рі мен  қуантар  күн  көп  болатынына 

сенімдіміз. 



Қ. АМАНЖОЛОВ,

Ақирек ауылдық округінің

бас маманы.

Балаларымызға 

қуаныш, 

ба  қыт  ты  балалық  сый лаудың 

жо лын  басты  на зар да  ұстаған 

«Балапан»  бағ дар ламасы    негі-

зінде,  Ақбай  елді  мекенінде 

де  бұрынғы  көне  мектеп  ғи-

маратына  күр де лі  жөндеу  жа-

салып  2012  жыл дың  ақпан 

айынан  бастап  «Қыз ғал дақ» 

ба ла бақшасы  өз  жұмысын  жа-

сап  келеді.  Балабақша  1  топ-

тық,  25  балаға  арналған.  Оқу-

тәрбие  жұмыстары  жүйелі 

жүр гізі луде.  Осы  жұмыстарды 

өз мә  нінде жүргізу мақсатында 

арнайы  мектепке  дейінгі  білім 

беру  мамандары  және  же ке 

пән  мамандары  қызмет  ете -

ді.  Сонымен  бірге,  топ  тәр-

бие   ші лерімен  қатар,  пси хо-

лог,  музыкант,  әдіскер  және 

аяжанның  да  атқарар  жұ мыс-

тары  көп  екендігі  де  даусыз. 

Әрбір  тәрбиеленушінің  ден-

сау лығы,  тазалығы,  дарыны 

мен  қабілетін  анықтау  осы 

жан дар дың  күнделікті  атқара-

тын  басты  міндеттері.  Өз  іс-

те рі не  борышындай  қарап, 

сал ғырттық  танытпауға  әбден 

үй реніп  қалған.  Тәрбиеленіп 

жат қан  балалар  бүгінде  мек-

теп  қабырғасында  өз  білім де-

рі нің  жақсы  деңгейде  еке нін 

дәлелдеп  жүр.  Бала бақ шамыз-

дағы  алға  қойған  мақ саттары 

мен  міндеттерін  не  гіз ге  ала 

оты рып, мектеп жа  сы на дейін-

гі  балалармен  оқу  қыз мет-

те рімен  қатар  адам  гер ші лік-

патриоттық  сезі мін  қа лып-

тас тыру  жүзеге  асы ры луда. 

Жас  ұрпақты  саналы  етіп 

тәр  биелеу-отбасы  мен  бала-

бақша  педагогтарының  бір-

ден-бір  парызы,  оқу-тәр бие 

жұ  мысын  дұрыс  жолға  қою да 

ата-аналармен  байланыс  жа -

сау  жұмыстарының  орны  ора-

сан  зор.  Сондықтан,  біздің 

ба  ла  бақшада  тек  балалармен 

ғана  емес,  ата-аналармен  жұ-

мыс жүргізудің де түрлері іске 

асырылуда.  Отбасы  мен  ба ла-

бақ ша ұжымы әр мереке сайын 

бірлесе  отырып,  ертеңгіліктер, 

кештер мен жиындарды өткізіп 

отырады.


Өз  шеберлігімен  таны ла 

білген,  әр  баланы  өз  бала сын-

дай  санайтын  «Қызғалдақ»  ба-

ла бақшасының  әдіскері  Гүл-

жайна  Аққасынова  аудан дық 

«Үздік  әдіскер-2016»  бай қауы-

на  қатысып,  Алғыс  хатпен  ма-

рапатталды.    Биылғы  оқу  жы-

лында аудандық білім бөлімінің 

ұйымдастыруымен  өткен    «Ең 

үз дік  мектепке  дейінгі  ұйым» 

сайысына 

қатысып, 

біздің 


ұжым  ІІІ  орынды  иеленді.  Ба-

ла бақ ша  бүлдіршіндерін  өнер-

білімге  баулу,  құштарлығын 

ояту  мақсатында,  топта  ұйым-

дас ты рылған  түрлі  мерекелік 

сайыстарға қатыстырып, өзара 

бақ  сынасып  тұрады.  Сондай 

сайыстардың  бірі-«Балдәурен» 

өнер байқауы болды. Аталмыш 

байқауда  бақ  сынағандар  ара-

сы нан 

тәрбиеленушілеріміз 



Ай   нам көз  Жақсылық  І  орын, 

Сан   жар  Маханбетов  ІІ  орын, 

Айя  Әмірхан  ІІІ  орынды  өзара 

бө ліс ті.  Бұндай  сайыстар    жыл 

сайын өткізіліп тұрады.

Батыр  Бауыржан  Мо мыш-

ұлы «Ешкім іштен батыр болып 

тумайды;  батырлық  та  мінез 

секілді  өскен  орта,көрген  тәр-

биеге 


байланысты 

қалып-


та са ды»  деп  ұлы  ой  айтқан 

бо ла тын.  Біз  бақшадағы  бүл-

дір шін дерді  жақсылық  атау-

лы ға 


тәрбиелеуге, 

тамаша 


ор  та да  тә лімді  тәрбие  беруге 

әрдайым  жауаптымыз.  «Бала-

ны  ең  әуелі  мейірім-шапа ғат-

қа,  содан  соң  ақыл-пара сат қа, 

ақырында  нағыз  пайдалы  ғы-

лым ға,еңбекке 

баулы»,-дей ді 

ғұлама  Абай  Құнанбаев.  Мұн-

дай қағидалардың бар лы ғы біз-

дің  күнделікті  жұмы сы мыз да 

басшылыққа  алынуға  тиіс  еке-

нін  ұмытпай,  еңбегімізді  осы 

бағытта құрамыз. 

К. АЙТЕШОВА,

балабақша меңгерушісі.



ÆҮÉÅËІ ÆҰÌÛÑÒÀР

ÆҮÐÓÄÅ

БІЛІМ – БОЛАША ТЫ   БАСТАУЫ

«ҚЫЗҒАЛДАҚ» БАЛАБАҚШАСЫ 

ҚЫЗЫҚҚА ТОЛЫ

Ақбай  ауылы-жері  шұрайлы, 

мал  шаруашылығына  ыңғайлы 

жер. Жер көлемінің біраз бөлігін 

жайылымдық алқап құрайды. Ер-

теден мал шаруашылығын негізгі 

кәсіптерінің  біріне  айналдырған 

ауыл  тұрғындары  қазір  де  бұл 

кәсіптерінен қол үзген емес. Тәу-

елсіздігімізді  алған  25  жылдың 

ішінде ауылымызда мал санының 

еселей артқанын көріп отырмыз. 

Бүгінгі  таңда  ауылдық  округтің 

тізімінде 750 бас мүйізді ірі қара, 

1443 бас уақ мал, 315 бас жылқы 

және 21 бас түйе тіркеуде тұр.

Бірақ, мал бағу да оңай шаруа 

деу  қателік  болар.  Оларға  күтім 

жасап  баптаудың,  төлдетудің  де 

өзіндік  қиыншылықтары  же тер-

лік.  Әсіресе,  жаңа  туған  төлдің 

ауруы,  малдың  ауруы  өршитін 

кез дер  тіпті  қиын  болады.  Мал 

иелерінен де, мал дәрігерлерінен 

де  тынымсыз  еңбек  етуді  қажет 

етеді. Өздеріне артылған зор жа-

уап кершілікті мүлтіксіз атқарған 

мал  дәрігерлерінің  көмегі  ауыл-

да ғы  мал  басының  артуына  да 

ық пал етіп отыр.

Осы  орайда,  мал  дәрі гер ле-

рі нің  атқарған  жұмыстарына 

тоқ талған  жөн.  Биылғы  жылдың 

өзінде  жыл  басынан  бастап  тір-

кеу  жұмыстары  өз  деңгейінде 

орын далып келеді. Және де түрлі 

ау рулардың  алдын  алып,  бол-

дырмау  үшін  егу  жұмыстары 

жа салды.  Нақтырақ  айтсақ,  егу 

жұмыстары  құтыру,  аусыл,  леп-

тоспироз,  патерелез,  сібір  жа-

расы,  күл,  қарасан,  түйе  оба-

сы,  брадзот,  эптима,  туберкулез 

және  жылқы  маңқасы  аурула-

рына  жасалды.  Сондай-ақ,  әрбір 

мал  диагностикалық  тексеру-

ден өткізіліп, қан алу жұмыстары 

жыл сайын тұрақты түрде жүзеге 

асы ры лады.

Міне,  осындай  елеулі  ең-

бек пен  тікелей  байланысты  бе-

ре келі  кәсіп  біздің  ауылымыз-

да  өркен  жайып  келеді.  Мал 

ша руа шылығының  өркендеуіне 

өз  үлес терін  қосып  отырған  мал 

дә рігерлерінен  өз  еңбегіне  адал-

дық ты қалайды. 



Тағыберген ИМАНБАЕВ,

Ақирек ауылдық округі 

мал дәрігерлік пунктінің 

меңгерушісі.

ҚОЖАЛЫҚ  ЖҰМЫСЫ  ҚАНАТТАНЫП  КЕЛЕДІ

ÌÀË  ÄӘÐІÃÅÐІÍІҢ  ҚÛÇÌÅÒІ  ÅÐÅÊØÅ


ЕСКЕ  АЛУ

3

15  қàðàøà,  2016 æûë



Имандылық   иірімдері

·

·



Біздің  бабаларымыз  Аралдың  Шы-

бынды  болысында  өмір  сүрген.  Әкем-

нің  жастық  шағы  жоқ-жұқа  болып, 

ата-анасынан  ерте  айырылған.  Қи ын-

дық  адамды  ерте  есейтеді  ғой,  әкем 

зерек адам болса керек. Екі тілде таза 

сөйлеуші  еді.  Сонау  алпысыншы  жыл-

дары  зейнетке  шығып,  облыстық  мә-

де ниет  басқармасында  автоклуб  мең-

герушісі  болды.  Жол  сапарға  шы ғар да 

үйдегі  бар  баланы  автоклубқа  отыр-

ғызып  алып,  малшылар  ауылына  жол 

тар татынбыз.  Бізді  қазақтың  салт-

дәс түріне,  ел  адамдарының  сөзін  ой ға 

түйіп,  қанығып  өссін  деген  болуы  ке-

рек,  әйтеуір  қасынан  қалдырмайтын. 

Бұ дан  зиян  көрген  жоқпыз.  Ел  ағалары 

мен  небір  шежіре  ата-әжелердің  сө зін 

тыңдадық,  баталарын  алдық,  қол да-

рына су құйдық. Асатқан дәмдері ауыз-

дан кетпейді.

(Ұлы Арланның әңгімесінен).

Күнде таңертең алып денелі, ұзын бой лы, 

бөрікті  бір  кісі  редакцияға  келеді.  Кес кін-

келбеті  баяғы  батырларға  ұқсайды,  таңыр-

қай мыз.  Келген  бойда  Орман,  Досмағамбет, 

Ахметжан,  Әбсадық,  Құрманғали  ағаларды 

іздейді.  Орекеңді  ортаға  алып  әңгіме  қыз ды-

рады.


-Бұл  Тойбазар  Елемесов  соғысқа  барған 

жоқ,-дейді айтқыш Орман аға. Бірақ тылдағы 

майданда еңбек етті. Облыстық «Ленин жолы» 

газетін  алты  жылдай  басқарды.  Жігіттік  ша-

ғымыз  бірге  өтті.  Қыз-келіншектердің    «ко-

ман  дирі»  болды.  Әділ  болды.  Баспасөздің 

қиындығын  көрді.  Қолмен  әріп  теру,  ат  ар-

бамен  газет  тарату,  шындықты  бүкпесіз  жа-

зу,  жаралы  жауынгерлердің  хаттарын  га -

зет ке  үзбей  жариялап,  майдан  мен  елдің 

ара сын  жалғастырды  деп,-Орекең  әңгімені 

төгілтеді.  Бұларға  Әбсадық,  Құрманғали  аға 

қосылады. Біздер Қомшабай, Иманзада, Итен, 

Айжарық,  Дархандар  құмарта  тыңдаушы 

едік. Әңгімешіл кісі еді. Көненің көзіндей ше-

жі ре  аға  әңгіменің  бұлағы  еді,  сусынымыз 

қанатын.

Бір  сәт  журналист  Тойбазар  ағаның  өмір 

жолына зер салайық.

Қазіргі Аралдың бір қиырдағы Шыбынды 

болысында  (ол  кезде  бұл  елді  мекен  Қазалы 

уезіне қарайтын) 1906 жылы кедей отбасында 

дүниеге келді. Он жасына жетпей ата-анадан 

айырылды.  Дәулеттілердің  қойын  бағып,  ең-

бегіне  «жетім  тоқтыны»  әрең  алушы  едім,  - 

деді  аға  бір  әңгімесінде.  Оқуды  армандадым. 

Ауылдағы  молдадан  арабша  әріп  үйреніп, 

сауат  аштым.  Маған  ә  дегеннен  молданың 

ықыласы кетті.

-Балам, оқы. Бағың оқумен жанғалы тұр,- 

деді  молда.  Көзінен  от  жанып  тұрған  бала 

Тойбазар  бір  түнде  пойызға  отырып,  Таш-

кеннен  шықты.  Шығыс  жұлдызы  Ғани  Мұ-

рат баевты  іздестіріп  жүріп,  тауып  алды. 

Ғани  қолынан  жетектеп,  Ташкенттегі  жетім 

балаларды  оқытатын  интернатқа  алып  кел-

ді.  Директор  «орын  толып  қалды»  деп  сыл-

тауратты.  Найзағайдай  жарқылдап  тұр ған 

Ғанидай от ты көздері директордың өң ме нінен 

өтіп кетті ме, бала Тойбазар оқуға қабылданды. 

Ә  дегеннен  зерек  бала  директорды  риза 

етті,  үздік  оқыды.  Оқта-

текте  Ғани  арнайы  келіп,  кө-

мегін  берді.  Интернатта  оқу 

бітіріп,  Шымкенттегі  пед тех-

ни кумның  студенті  атанды. 

Есейді, ер жетті, оң мен солды 

таныды.  1928 жылы жиырмаға 

жете  қоймаған  балаң  жігіт 

мұғалім  мамандығын  алып, 

туған жері Аралға оралды.

Бұл  кезде  кадр,  әсіресе,  

мұ ғалім  мамандығы  мүлдем 

тапшы  еді.  Әуелде  мұғалім, 

одан  соң  мектеп  директоры, 

оқу  бөлімінің  басшылығына 

жо ғарылады.  Ағарту  са ла-

сына  білікті  кадрларды  тарту, 

зерек  балалардың  одан  әрі 

оқуына  жол  ашты.  Жа ңа-

шыл  бастамалардың  ұйыт-

қы сы 


болды. 

Баспасөзде 

уыт ты  материалдарды  көте-

ріп,  журналистік  бейі мін  танытып,  жұрт 

назарына  ілікті,  оқыр мандар  Елемесов  жаз-

ған  дүниелерді  іздеп  жүріп  оқитын  болды. 

Аудан  басшылары  қа ламы  ұшқыр  азаматты 

Арал  аудандық  «Ек пінді  балықшы»  газетіне 

редактор  етіп  тағайындады.  Газет  беделі 

көтерілді, оқыр ман дар көбейді, шалғай ауыл-

дарға газетті уақытылы жеткізу қолға алынды, 

ауыл-село тіл шілері жасақталды.

Аудандық  газеттің  абырой-беделі  биік-

те ді.  Қазақстан  Орталық  Комитеті  Тойбазар 

ағаның  іскерлік  қабілетін  байқап,  оны 

Қос танай  облыстық  «Большевиктік  жол» 

газетіне  редакторлыққа  тағайындады.  Сонау 

отызыншы жылдардың аласапыран уақы тын-

да  іскер  басшы  баспасөздің  беделін  көтеріп, 

өткір  сындарға  жол  ашты.  Бес-алты  жылдай 

баспасөзде  шыңдалған  азамат  кейін  СОКП 

Орталық  Комитетінің  ұйымдастырушысы, 

КазТАГ-тың директоры, «Правданың» тілшісі 

лауазымын қоса атқарды.

Қазақстан  Орталық  партия  комитеті  1939 

жылы  Сыр  бойындағы  байырғы  басылым 

«Ле нин  жолы»  газетін  кадрлармен  нығайту 

мәсе лесін  күн  тәртібіне  қойды.  Талай  белес-

терден,  тәжірибеде  сыналған  Тойбазар 

Елемесовті облыстық газетке редакторлыққа 

тағайындады. Сонымен, журналист Тойбазар 

Елемесов газетті 1946 жылға дейін басқарды. 

Жеңісті  жақындатуға  шақырған  ақын-жы-

раулар  туындыларын  жариялап,  елді  ерлік 

ең бекке  жұмылдырды.  Алғашқы  жақаев шы-

лар  еңбегін  жарқырата  көрсетуге  мұ рын дық 

болған  басылым  жайында  көне  көздер  әлі 

күнге  жыр  етіп  айтады.  Елемесов  бас қар-

ған  жылдары  қаламы  ұшқыр  Әлішер  Тоқ ма-

ғамбетов,  Әбдікәрім  Оңалбаев,  Ахметжан 

Нү рекеев,  Сейітқасым  Сейтенов,  Сыдық 

Ал   да  бергенов,  Мәлік  Қарақұлов  сынды  жас 

толқындар  легіне  жол  ашты.  Газет  тиражы 

өсті.  Жаңашыл  бастамалар,  еңбек  адамын 

биік ке  көтеру  басталды.  Жылдар  осылайша 

өтіп жатты.

Ойды ой қозғайды ғой. Бір күні Тойбазар 

аға редакцияға келді. Мен ол кезде мәдениет 

бөлімінде  әдеби  қызметкермін.  Бір  бөлімде 

Бөлебай  аға,  Рысты  үшеуіміз  отырамыз.  Бө-

лім  меңгерушісі  Қомшабай  Сүйенішев  еді. 

Қомшекең  қаламы  ұшқыр 

таланттарды  бірден  танушы 

еді. 


Айжарық, 

Иранбек, 

Асқар,  Жадыра,  Сұл танәлі 

сынды 


ақын-жазу шы ларға 

қамқор 


құшағын 

ашумен 


болды.  Сонымен  бір  күні 

Тойбазар  аға  «Жанқожа», 

«Аралдағы  айқас»  атты  екі 

романын  алып  келді.  Алматы 

баспаларына берген, жоғалған 

деген  хабар  алып,  көңілі  қо-

бал жып, 

ренжулі 


көрінді. 

Қом шабай  көз  жүгіртіп  шо-

лып шықты. Бұл кезде Ә.Нұр-

пей ісовтің  «Қан  мен  тері»  әлі 

шыға қоймаған кез еді.

-Тәке,  қалам  тартысыңыз, 

тарихи  тақырыпқа  бой  ұруы-

ңыз  нағыз  батылдық.  Бас  ре-

дак тор  Қалқабай  Әбеновке 

кірейін, сәл отыра тұрыңыз.

Бас  редактордан  Қомшекең  көңілді 

шық ты.  Қос  романнан  үзіндіні  «Ленин 

жолының»  бес  нөміріне  беруге  ұйғарым  жа-

са ғанын  айтты.  Тәкең  қалпағын  атып  ұрды, 

Қомшекеңді  құшағына  қысты.  Екі  романнан 

үзінділер  беріле  бастады.  Оқырмандардан 

хат  жауды.  Тағы  да  бірер  нөмірге  бермесе 

бол мады.  Сонымен,  қос  романды  алғашқы 

таныстыру «Ленин жолы» арқылы оқырманға 

жол тартып еді. Кейін, бұл роман Алматы бас-

паларынан  көп  тиражбен  басылып  шық қа-

нына куә болдық.

Отыз  жылға  жуық  екі  облыстық  газетте 

редактор,  КазТАГ  директоры,  «Правда»  га-

зе тінің  тілшісі  қызметін  атқарған,  мемлекет 

жә не қоғам қайраткері Тойбазар Елемесовтің 

туғанына  биыл  110  жыл,  дүниеден  өткеніне 

қы рық  жылға  жуықтады.  Артында  өшпес 

мұра  қалдырды.  Ғұмырында  жиырмаға 

жуық  ор ден,  медаль,  марапат  түрлеріне  ие 

болды.  Бір неше  рет  облыстық,  қалалық, 

аудандық  кеңестерге  депутат  болды.  Ұл-қыз 

өсірді.  Зайыбы  Муршида  әже  бұдан  біраз 

жыл  бұрын  дү ние  салды,  бес  ұл-қыз  өсіріп, 

немерелер  қуа нышына  бөленді.  Отбасының 

тұңғышы, об лысқа танымал дәрігер Аида Еле-

месова  дүниеден  өткенмен,  әлі  ел  аузында. 

Арлан-облыстық  кәсіподақтар  кеңесінде  бір 

бө лім ді  басқарады.  Ерлан,  Ида,  Альбиналар 

бір-бір  шаңырақ.  Елемесовтердің  оншақты 

не мере,  шөбересі  жапырақ  жайып  келеді. 

Қа ла ның  «Арай»  атты  ықшам  ауданында, 

Арал қаласында Тойбазар Елемесов атындағы 

көше  алыстан  көрінеді.  Міне,  өмір  жалғасы, 

өшпеу деген осы.

Жуырда  менің  «Ағалар  салған  жол»  атты 

естелік  кітабым  баспадан  шықты.  Кітаптың 

бір  тарауында  «Редактор  Елемесов»  атты  ес-

те лік ағаға деген құрметтен туған еді. 

Біздер дүниеден өткен аға буын өкілдерін, 

журналист  ағаларды  осылайша  еске  алып, 

олардың өмір жолдарын оқырманға таныс ты-

рып отыру-көз көрген тірілердің парызы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет