Газет 1930 жылғы қарашаның 7 жұлдызынан шыға бастады Аудандық қоғамдық-саяси газет



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата15.03.2017
өлшемі4,97 Mb.
#9294
1   2   3   4

3

30 тамыз  2014 жыл

(соңы. Басы 1-бетте)

Батыстан  да,  Оңтүстіктен  де,  Солтүстіктен  де,

Шығыстан  да  ағылады.  Мына  таудан  бұлақ  ағады,

төңірегі 

жайылымға 

қолайлы. 

Мыңдаған,

миллиондаған мал жатса да көрінбейтін шүйгін дала

болған. Бар қазақ жан-жақтан келген соң киіз үй тігеді,

ат шаптырып, той жасайды. Осы жерде қыз ұзатады,

баласын  үйлендіреді.  Бір-бірімен  құда  болып  тара-

сады. Мына елдің қызы былай кетеді, ана елдің жігіті

мына жақтан қыз алады. Еліміз осылай араласады.

Қазақтың  кең  даласында  диалект  сөздің  жоқтығы

содан  деп  ойлаймын.  Батыс  Қазақстанды,  Атырау

облысы  мен  Шығыс  Қазақстанды,  Оңтүстікті  алып

қарасақ, барлық әдет-ғұрпымыз, баланың тууы, қыз

ұзату, үйлену тойы, сүндет тойы, өлгендерді жерлеу

салты бір-бірімен үндес. Мысалы, Қытайдың солтүстігі

мен оңтүстігінің, батысы мен шығысының арасы біздегі

сияқты  3  мың  шақырым  болса  да,  Пекиннің  адамы

оңтүстіктің тілін түсінбейді. Бізде олай емес.

Ұлытаудың  қасиеті  осындай.  Кең  байтақ  жерде

қазіргідей  ұшақ,  теміржол,  автокөлік  жоқ.  Бір-біріне

барып көмектескенше не заман? Әрқайсысы өзін өзі

сақтап қалу керек болды. Сондай замандар өткен. Мы-

салы, Отан деген үлкен ұғым. Отанды қорғау дегенде,

әрине, адам баласы алдымен өзінің шаңырағын ой-

лайды. 

Әкеңді, 


шешеңді, 

бауырларыңды,

балаларыңды,  немерелеріңді  ойлайсың.  Сол

жүрекпен,  сол  тілекпен  Отаныңды  қорғайсың.

Сондықтан тарихыңды білген жөн болады. Тарихын

білмеген ұлттың болашағы да бұлыңғыр болуы мүмкін.

Мысалы, керемет үлкен еменнің тамыры терең бол-

маса, ол дауылға шыдап тұра алмайды. Сондықтан та-

рихымызды  таныту  үшін  қазір  көп  нәрсе  жасап

жатырмыз. Сондай тарихтың куәгері – Ұлытау. Оны бі-

луіміз керек.

Кезінде мен астана болатын жер іздегенде Ұлытауды

көрейін  деп  әдейі  келдім.  Қазақ  жерінің  нағыз  орта

тұсы екені рас. Бірақ қазіргі заман талабымен қарасақ,

бұл жерде не жол, не су, не әуежай жоқ – ешнәрсе де

жоқ.  Бұл  жерге  қыруар  қаражат  керек  болар  еді.

Бәрібір елдің ордасына лайықты жер емес-ті. Бірақ

қасиетті мекен ретінде бағалана береді. Міне, темір-

жол, басқа да жолдар салынып жатыр. Келешекте ту-

ризм  орталығы  болып,  халқымыз  келіп  тәу  ететін

қастерлі жер болып қала береді. Мұнда Жошы ханның

ордасы  болған  деп  те  айтады.  Жошының  қазасын

естірткен кезде «Ақсақ құлан» деген күй шыққан. Бұл

мекеннің осындай кереметтерін тани білуіміз керек.



– Сіз айтып өткендей, қасиетті Ұлытау жеріндегі

ерекше  аура,  ерекше  жағдай,  шынын  айтқанда,

маған да сезіліп тұр. Тәуелсіздік жылдарында біз

рухани  құндылықтарымызбен  қайта  қауыштық.

Өзіңіздің  руханият,  мәдениетке  деген  ерекше

қамқорлығыңыздың арқасында халқымыз туған

тілімен, дінімен дәстүрімен қайта табысты. Алайда

жастар  арасында  ата  дінді  дұрыс  түсінбей,

бұрмалап, оны әртүрлі мағынада ұғатындар жеткі-

лікті.  Осы  ретте  еліміздің  болашақ  дамуында

діннің алар маңызы қандай болуы керек деп ой-

лайсыз?

– Біз, жалпы, діннен де, тілден де айырыла жаздаған

елміз. Кеңес Одағы кезінде тікелей орыстандыру сая-

саты жүргізілді. Қазақтың тілі бір шоғыр қазақтардың

тілі болып қалды. Ол қайда шығады? Кімге керек бо-

лады?  Қазақтың  шекарасынан  асып  шықсаң,  бұл

тілдің  керегі  бар  ма,  жоқ  па?  Бір  жағынан  алып

қарағанда оның жөні бар. Біз еліміз үшін, жұртымыз

үшін  тарихымызды,  мәдениетімізді,  санамызды,

ғұрпымызды өзіміздің тіліміз арқылы ғана жеткізе ала-

мыз. Қазақтың кейбір сөз оралымдарын, Абайдың сөз

өрнегін басқа тілге, мәселен, орысшаға, ағылшыншаға

аударып  көрші.  Ол  мүмкін  емес.  Себебі  тілдің  өз

қасиеті  бар.  Сондықтан  тіл  жоғалатын  болса,  сол

қасиет те жоғалады. Сол сияқты біз тәуелсіздік жыл-

дарында  дінімізге  қайта  оралып  жатырмыз.  Қарап

отырсаң, қазақ ешқашан дінінен айрылып көрген емес.

Ешқандай  уақыт  үзілісі  болмағандай,  дінімен  қайта

қауышты  да,  әрі  қарай  жалғастырып  жүре  берді.

Бұрынғыдай  қорықпай,  жасқанбай,  дінге  бас  иіп,

Құдайға құлшылық етіп, мешіттер салып жатырмыз.

Қаншама азаматтарды – білімді, дінді насихаттайтын

молдаларды  дайындап  келеміз.  Осының  барлығы

дұрыс  қой,  дініміз  де,  дәстүріміз  де  қазаққа  керек,

әрине. Дегенмен, тек біздің дініміз ғана дұрыс екен деп

жүрген басқа елдердің жағдайы мүшкіл болды. Мы-

салы, бір мұсылманның ішінен сүннит пен шиит болып

бөлініп, қан төгіп жатқан халықтар қаншама? Бір діннің

ішінде өзара ұғыспай, ағымдармен келіспей, соғысып

жатқан католиктер қаншама? Сондықтан біз абайла-

уымыз керек. Біздің дініміз керемет, басқа діндердің ке-

регі жоқ демеген жөн. Біздің дініміз – өзіміздің дініміз.

Бірақ басқаны да үйренуіміз, білуіміз, сыйлауымыз,

құрметтеуіміз  қажет.  Сонда  мұсылманның  діні  де

құрметтелетін болады. Дінге бас ұрып жүріп, біз оның

теріс жағына түсіп кетпеуіміз керек. Бізге зиян келтіре-

тін дін ағымдары бар. Қан төгіп, соғыспен, дінмен мем-

лекет  орнатып,  мемлекеттік  дін  жасаймыз  деп

жүргендер бар. Баяғы Мұхаммед пайғамбардың саха-

балары тұсындағы, Әбубәкір, Омар, Осман, Әлидің ке-

зіндегі халифатты қайтадан орнатамыз деген ұмтылыс

жаулап алу ниетінен туған болатын. Біз бұдан ажырап,

дінді шынайы имандылыққа жақындатып, оның жақсы

жағын алуымыз керек. Құранның қасиетті үкімдерін

орындау үшін кемтарларға көмектесу, бір-бірімізге жа-

нымыз ашу, бауырмал болу, үлкенді сыйлау, баланы

тәрбиелеп өсіру, Отанды, елді қорғау, бірлікке шақыру

арқылы дінді өркендеткен жөн. Сонда діннің мемле-

кетке  зор  пайдасы,  үлкен  қамқорлығы  болады.  Ол

елдің  басын  біріктіреді.  Міне,  осындай  исламды

құрметтеуіміз керек.

Екінші жағынан, елдің барлығы мешітке барады екен

деп,  оларға  топырлап  көп  адам  ілеседі.  Менің

мәліметім бойынша, Қазақстан халқының 60 пайызға

жуығы ислам дінін қолдайды. Соның ішінде нағыз дін

ұстанып жүрген халықтың мөлшері 20-25 пайыздан ас-

пайды. Тобырмен жүргендер де бар ішінде. Бұл да

жақсы,  барып  үйрене  берсін.  Дегенмен,  мешітке

барған, қажылық жасаған дұрыс екен деп құр әншейін

сән  көріп  жүрмесе  болды.  Осы  күні  қалтасында

ақшасы  болса,  ұшаққа  отырып,  қажылық  жасап

қайтатындар көбейді. Заманның ағымына байланысты

ол  да  дұрыс  шығар.  Бірақ  қажылықтың  қасиеті

басқада. Оған жолдың азабын көріп, бірнеше ай жүріп

баратын  болған.  «Абай  жолы»  романынан

Құнанбайдың жасаған қажылығы жөнінде оқыдыңдар

ғой. Ойлап қараңдар, ол кезде ат арбамен қаншама ай

жүріп,  жол  қиындығын  тартып,  әзер  жететін.

Сондықтан  дінге  бас  иетіндер  шын  жүрекпен,

әділеттілік үшін, имандылық үшін барса деп ойлай-

мын. Құдайға шүкір, дініміз өзіміздікі, қолымызға тиді.

Қазір  бізге  ешкім  одан  алшақта  деп  айтпайды.

Әркімнің  өз  еркі  бар.  Бірақ  осыны  дұрыс  жолмен

жүргізуіміз керек.



– Біздің халқымыздың руханиятында діннің орны

қандай маңызды болса, тіл де сондай маңызға ие.

Сіздің қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бай-

ланысты ойларыңызды біле отырсақ.

– Мемлекеттік тілдің қолданылуы, оның өркендеуі

үшін барлық жағдай жасалды. Конституцияға «Мем-

лекеттік тіл – қазақ тілі» деп тайға таңба басқандай

етіп  жазылды.  Солай  ғой?  Ешкімге  қазақ  тілінде

сөйлеме  деп,  кедергі  жасап  отырған  бір  адам  жоқ.

Өзіміз  қазақша  сөйлеуіміз  керек.  Қандай  мінбеден

қазақша сөйлесең де, ешкім «тәйт, былай тұр» деп

айтпайды. Қанша адам отырса да, соларға арналған

аудармасын беріп, қазақ тілінде сөйлеуге болады. Біз

тілімізді  құрметтей  білуіміз  керек.  Ешкімге  анау

сөйтпеді деп уәж айтудың жөні жоқ.

Мен бәрін білемін, біздің жазушыларымыз, мәдениет

өкілдері  «Біздің  тіліміз  жетімдік  көріп  келеді,

тәуелсіздіктің жиырма жылы ішінде байғұс тіліміз же-

тімдіктен  шықпай  жүр»  деп  айта  береді.

«Бақытсызбын»  деген  адам  бақытсыз  болады.

«Бақыттымын» деп жүрсе, бақытты болады. «Тіліміз

бар» деп жүрсе, тіліміз бар болады, «тіліміз жоқ» деп

жүрсе,  тіліміз  жоқ  болады.  Қай-қайдағыны,

ақырзаманды  басқа  орнатпай,  Тіл  туралы  заңды

қолданып, өзімізбен өзіміз қазақша сөйлесуіміз керек.

Тілді қолданып, батыл сөйлеуіміз керек. Тілдің майын

тамызып сөйлеп, басқа жұртқа үлгі көрсетуіміз керек.

Әйтпесе, жыл сайын 100 мыңнан астам бала мектеп

бітіреді, соның 80 пайызға жуығы қазақ тілінде оқыған.

Қазір орыстыкі болсын, басқаныкі болсын, барлық мек-

тептерде қазақ тілін оқыту міндетті болып саналады.

Қай мектепке барсаңыз да, 6-7 сыныптағы қай баланы

кездестірсеңіз де, ол қазақша, орысша, ағылшынша

сөйлеп  тұрады.  Міне,  біздің  тілге  деген

қамқорлығымыз осы. Мүмкін, жұрт «біздің Президенті-

міз неге қазақша сайрамайды, ылғи да біраз сөйлеп

келіп, орысшаға ауысып кетеді» деп ойлайтын шығар.

Мен мұның бәрін білемін.

Біз тәуелсіздік жариялағанда Қазақстандағы қазақтың

саны 40 пайыз болатын. 40 пайыз! Басқалар «Сендер

азсыңдар мына мемлекетте, қайдағы тәуелсіздік сен-

дерге?» деп айтпайтын ба еді? Дегенмен елге соның

бәрін  түсіндіріп,  күресе  жүріп,  біз  тәуелсіздік

жарияладық. Қазір, міне, қазақтың саны 65 пайызға

жетті. Қазақстан халқының саны сол кездегіден аза-

йып, біразы көшіп кетті ғой. Ресейге көшті, еврейлер

көшті, немістер көшті, анау көшті, мынау көшті… Осы

тұста халық 13-14 миллионға жуық болған еді. Қазір 4

миллиондай халық қосылып, 17 миллионнан астық.

Тіпті Кеңес Одағы кезіндегіден де көбейіп барамыз.

Құдайға шүкір, жыл сайын халқымыздың саны артуда.

Оның ішінде қазақтың саны көбеюде.

Ал жарайды, бәрін тыйып, қазақ тілінен басқа тілді

заңмен  жауып  тастап,  ауыздарыңды  ашпаңдар,

сөйлемеңдер десек, онда Украина сияқты боламыз.

Қазір қазақтың бәрі мұны түсінген шығар. Солай етіп,

жұрттың басынан соғып отырып, қазақ тіліне әкеліп,

қантөгіс қылып, тәуелсіздіктен айырылу керек пе, әлде

ептеп-ептеп амал қолданып, мәселемізді шешу керек

пе? Әңгіме сонда. Ал таңдайық, қайсысын аламыз?

Сондықтан мен бұл жерде де сабырлылық керек деп

ойлаймын. Болашақ біздің қолымызда. Болашақ бізге

бетін бұрып тұр. Қазақтың саны көбейіп, тілдің ауқымы

кеңейіп келеді. Көп облыстарда барлық іс қағаздары

қазақ  тілінде  жүргізіледі.  Оған  ешкім  кедергі  жаса-

майды. Қазағы көп аудандар қазақша жүргізеді. Оның

ішінде қазір қазақша сөйлейтін басқа ұлттың азамат-

тары қаншама? Көріп отырсыздар, барлық жерде бар.

Оларды теледидардан көріп жүрсіздер. Журналистер

арасында да, қарапайым адамдар арасында да бар.

Қазір  өз  тағдырын  Қазақстанмен  байланыстыратын

адамның бәрі баласына қазақ тілін үйретіп жатыр. Ал

енді тарихын, болашағын қазақпен бірге деп санамай-

тындар бәрібір кетеді. Оған біз тыйым сала алмаймыз,

салып та отырған жоқпыз. Сондықтан өз халқымыздың

сана-сезімін үйретіп, өз тілімізді өзіміз бағалауымыз

керек.  Мен  қазақтың  тілін  ғана  білемін,  басқасы

құрысын  деп  жүргендердің  кім  екенін  алып

қарайықшы. Ол – не орыс тілін жөнді білмейтін адам,

не  ағылшын  тілін  мүлде  білмейтін  адам.  Оқуға

мойынсұнбайды, сөйлегісі келмейді. Солар: «Қазақтың

тілі ғана жақсы, қазақтың тілінен басқа сөз жоқ» дейді.

Сонда  біз  мына  өркениетпен  қалай  жалғасамыз,

айтыңдаршы? Орыс тілін алайық. Ол да белгілі. Бізге

орыс елінің тізесін батырып жіберген кезі болды. Сол

орыстың тілін үйренеміз деп қазақ тілінің қолданысы

азайды деген мәселеге тіреледі ғой. Кейбір ұғымдарды

орыс тілінен енген деген желеумен біржақты аударуда.

Дүние  жүзіне  ортақ  сөздердің  қазақша  баламасын

тауып жатыр. Мен талай жазушылармен, композитор-

лармен сөйлесіп жүрмін. «Пианино», «пиано» деген

халықаралық  термин.  Оны  біз  «күйсандық»  дедік.

Ешқандай жанаспайды. Сандық пен күйдің арасына

пианиноны қосуға бола ма? Мысалы, композиторды

дүние  жүзінде  композитор  дейді.  Біз  «сазгер»  деп

жүрміз. «Саз» деген басқа мағынаны береді. Мұның

бәрі  неден  шығып  жатыр?  Өйткені  орыстың  тілінен

арылу керек деп ойлаймыз. Біресе түріктен, біресе

арабтан,  біресе  парсыдан  аламыз.  Сөйтіп,  бұзып

жүрміз.

Тілді байыту керек! Оған халықаралық ұғымдарды ен-



гізсек, тіліміз дамиды. Онда тұрған ештеңе жоқ. Бұдан

қорқып, шошудың қажеті жоқ. Тіліміз өркендеп, өсіп

келе жатыр дей аламын. Қазір ешқандай қауіп жоқ.

Қазақстанда  мемлекеттік  тілдің  болашағы  зор.

Дүниеде 6 мың тіл бар. Жыл сайын оның 10 пайызы

жойылып отырады. Қажет еместері… Оны қолданатын

адамдар  аз,  ауқымы  тар.  Солай  болып  жатыр.  Ал

мына ағылшын тілін дүние жүзі халқының 70 пайызы

қолданады. Неге оны қолданады? Ол – ғылым мен

білімнің, ақпарат құралдарының, интернеттің, меди-

цина мен мәдениеттің тілі. Ағылшын тілін білмей-ақ

өмір сүреміз деуге болады. Әрине, болады! Бірақ онда

ағылшын тілі арқылы тарап жатқан ілімді білмейсің.

Оны  білмесең,  өркендеп  өсуіңе  жол  ашпайсың,

болашағыңа балта шабасың. Сондықтан біз мемлеке-

тімізді алға сүйреп, экономикасын көтеріп, өркендеп-

өсіп,  озық  отыз  елдің  қатарына  қосыламыз  деп

отырғанда, халқымыз, жастарымыз ағылшын тілін біл-

месе,  қалай  болады?  Мысалы,  1  жарым  миллиард

халқы бар қытай елі қытай тілін құрметтеп отыр ғой.

Бірақ  барлық  элитасы,  бизнесі  ағылшын  тілінде  де

сөйлейді. Жапондардың бизнес элитасы, ғылым-білімі

ағылшын тілінде. Бір миллиард халқы бар Үндістан

тәуелсіздігін алған кезде ағылшын тілін доғарып та-

стады да, 5-6 жылдан кейін қайта оралды. Сингапурда

да, Малайзияда да солай болды. Мына бізді отарлаған

елдің  тілі  құрысын  деп  қолданыстан  алып  тастап,

керек болған соң қайтып келді. Сондықтан үш тілді –

мемлекеттік тіл, орыс тілі және ағылшын тілін игерге-

німіз өте дұрыс. Соның ішінде біздің мемлекеттік тіл

қатар келе жатыр. Біз соны неге ойламаймыз? Біз осы-

лай үштұғырлы тілді қолдансақ, түбінде біздің жолы-

мыз  ашық  болады.  Осыны  түсіну  керек.  Бұл  жерде

асығыстық  жасамау  керек.  Сабырлы  болған  жөн.

Біздің  көпұлтты  болып  отырғанымызға  ешкім  кінәлі

емес.  Тағдыр  солай  болды.  Өзге  халықтардың  да

ешқандай жазығы жоқ. Орыстардың, украиндардың,

белорустардың, ұйғыр, шешен секілді халықтардың не

кінәсі бар? Осылай болды, тарих бізді көпұлтты етті.

Бәрінің  басын  қосып,  Қазақстанның  бірлігін  сақтап,

төзімділік танытып, экономикамызды өркендетіп, өсе

беретін болсақ, келешек қазақтың қолында болады.



– 

Құрметті 

Президент 

мырза, 

Сіздің

бастамаңызбен 

құрылған 

Еуразиялық

экономикалық  одақ  келесі  жылдың  басынан

толыққанды  жұмысына  кіріседі.  Бірақ  әлі  де

болса,  оған  үрке  қарайтындардың  бар  екенін

байқап жүрміз. Осы ретте не айтасыз?

– Мен мұны үнемі айтып келе жатырмын. Түсінгісі

келмейтін  адам  бәрібір  ұқпайды.  Картаға  қарайық,

Қазақстан  құрлықтың  дәл  ортасында  орналасқан.

Теңізге  шығатын  жолымыз  жоқ.  Қазақстанда  екі

қабатты бір үй салу бағасы Малайзияда сондай 10 үй

салу  құнымен  бірдей.  Неге?  Біздің  елдегі  суық  40

градусқа дейін жетеді. Ыстығымыз да солай. Ал Ма-

лайзияда да, Сингапурда да ауа райы біркелкі. Бізде

зауыт, фабрика салу Малайзиядан 5-6 есе қымбат. Ал

енді олар теңіздің, мұхиттың жағасында отырған соң

тауарын кемеге тиейді де, арзан жолмен жібере са-

лады. Біз мына Қарағандыдан, Жезқазғаннан мысты

пойызға  тиеп,  анау  Қара  теңіздің  жағасына  жеткіз-

генше әр шақырымына ақша төлейміз. Қытайға, Ре-

сейге жеткенше ақы береміз. Анау Еуропаға барғанша

қыруар ақша жұмсаймыз. Сонда біздің «теңізіміз» не

болды? Біздің «теңізіміз» – Ресей территориясы. Біздің

«теңізіміз» – Қытай территориясы. Осы екі мемлекетті

теңіз деп санасақ, біз солардың жағасында тұрмыз.

Енді біз осылармен сауда-саттық жасамасақ, онда эко-

номикамыз қалай өседі? 17 миллион ғана халқымыз

бар. 250 миллиардқа жақын өндіріс өніміміз бар. 17

миллион халықты қамтамасыз етіп болғаннан кейін

ары қарай қалай өсеміз? Егер біздің шығарған тауар-

ларымызды біреу сатып алмаса, ол қоймада тұрып

қалады. Ол сатылмағаннан кейін зауыт тоқтайды. За-

уытта істейтін жұмысшының бәрі жұмыстан босайды.

Жалақысынан  айырылады.  Бала-шағасын  асырай

алмай, босып кетеді. Сондықтан жақын көршілермен

экономикалық қарым-қатынас жасау маңдайымызға

жазылған нәрсе. Мұны ешкім шекесі қызғаннан жаса-

майды. Мүмкіндігіміз осындай, басқа амалымыз жоқ.

Сондықтан, экономикалық одақ құрдық. Саяси емес,

экономикалық одақ. Бұл – дұрыс. Мен бұған зерттеп-

біліп, шын көңілмен барып отырмын. Бізде басқа жол

жоқ.  Ресеймен,  Қытаймен  сауда-саттық  жасамасақ

болмайды.  Беларусьпен,  Украинамен  қатынас

жасағанымыз жөн. Мына оңтүстіктегі ағайындармен де

сауда-саттығымыз  болғаны  дұрыс.  Бірақ  олардың

кейбірінің бізбен сауда-саттық жасауға еш жағдайы

жоқ екенін де біліп отырсыздар. Тауарды сатып алуға

шамасы  келмейді.  Кейбірі  жабық  экономиканы

қолданып отыр. Олармен де сауда-саттық жасай ал-

маймыз. Сондықтан біз осыған баруымыз керек. Бі-

реулер «Ресей бізді қайтадан басып алатын болды»

деп қорқақтайды. Олай емес. Қазақстан, Ресей және

Беларусь  елдері  жиналып,  үш  Президент  мәселе

қараған кезде, біреуі қарсы болса, ешқандай шешім

қабылданбайды. Консенсус деген сол. Егер екеуінің

шешімі жақпайтын болса, мен қарсы болам, мәселе

шешілмейді. Сондықтан бәрінің құқығы бірдей. Әдейі

сөйттік. Оның бер жағында экономикалық комиссия

бар. Комиссияның ішінде әр елден үш-үштен – тоғыз

адамнан тұратын алқа құрылған. Ол жерде де консен-

сус  бар.  Оның  үстіне  Премьер-Министрлердің  үш

орынбасары жұмыс істейді. Оларда да солай шешеді.

Үкімет  басшылары  кездескенде  де  сөйтеді.  Ал

айтыңдаршы, қай жерде бізді кемсіте алады? Егер де

бұл  жағдаймен  келіспейтін  болса,  Қазақстанның  ол

экономикалық одақтан шығып кетуге құқы бар. 

(Жалғасы келесі бетте)

Ұлытау төріндегі толғаныс

Каркаралы 3_Макет 1  29.08.2014  17:11  Страница 1



4

30 тамыз 2014 жыл

(Соңы. Басы 1-3-беттерде)

Мен бір рет айттым, тағы қайталап айтам, тәуелсіздікке нұқсан

келтіретін болса, ондай ұйымдарда Қазақстан ешуақытта бол-

майды. Біздің ең жоғары бағалайтын байлығымыз – Тәуелсіздік.

Ата-бабамыздың қанымен, терімен келген тәуелсіздікті біз еш-

кімге бере алмаймыз. Оны қасық қанымыз қалғанша қорғауымыз

керек. Сондықтан бұл жөнінен ешқандай күдік болмасын. Үйде

отырып  алып,  дастарқан  үстінде  «ойбай,  сөйтіп  кетті,  бүйтіп

кетті, анау сөйтті» дейтін түк білмейтін дилетант адамдардың

сөздеріне құлақ қоюдың жөні жоқ. Қандай аргумент бар, мысалға

келтіріңдерші маған? Қай жерде не болып жатыр екен? Қазақ

болсын,  орыс  болсын,  барлық  іскер  адамдармен  сөйлессең,

бәрі мұның пайдалы екенін айтады.

Кеден одағына кірдік. Ресей шекарасында біздің пойыз келе

жатыр делік. Бұрын бір тоннаға жүз теңге төлейтін болсақ, Ресей

шекарасына  кіргеннен  кейін  үш  жүз  теңге  төлейтінбіз.  Қазір

ондай  жоқ.  Мен  жай  ғана  мысалмен  айтып  отырмын.

Шындығында  мыңдаған,  миллиондаған  теңге  төлейтін  едік.

Сонда біздің тауардың бағасы жаңағы ақшадан бірден өсіп ке-

тетін. Ондай бағамен шетелге барған кезде бәсекеге түсе ала-

мыз  ба?  Түсе  алмаймыз.  Біз  мұнайды,  темірді,  көмірді

тасымалдап жатқан елміз. Біздің мемлекетіміз бұдан қаншама

пайда тауып жатыр. Бұл бір. Екіншіден, қоян-қолтық сауда жа-

сайтын екі ел бір-бірінің тыныштығын қолдайды. Бір-бірінің бей-

бітшілігіне мүдделі болады. Бір-біріне қол сұқпайды, саясатына

араласпайды. Бір-бірімен жанжалдаспайды. Ол жағы да белгілі.

Сондықтан бұл жерде ешқандай қорқатын, жасқанатын нәрсе

жоқ. Оның бәрін мен қадағалап отырмын. Егер Қазақстанның

тәуелсіздігін өз қолымен жасап, қызғыштай қорғап келе жатқан

қазақ болса, соның бірі менмін. Мен істеп отырған ісіме, алды-

артыма, елдің болашағына қарап отырған адаммын. Экономика

өсіп-өнбесе, басқа шаруаның бәрі шешілмейді. Тіл де, дін де жа-

йына қалады. Қазақтың да жағдайы жақсармайды. Сондықтан,

бұған түсіністікпен қарау керек. Құр сөзді қою керек. Егер күмән

болса, мемлекеттен «неге бұлай?» деп жауап алған жөн. Соны

түсінгеннен  кейін,  біліп  сөйлеген  адам  жақсы  ғой.  Беталды

сөйлеп, қойдың құмалағымен бал ашып отырған адамның сөзін

айтпау керек.



– Соңғы уақытта Украина төңірегінде қалыптасып отырған

ахуал, көршіміз Ресейге салынып жатқан санкциялар біздің

экономикамызға қаншалықты кері әсерін тигізуі мүмкін?

Жалпы, біздің елдің экономикасы ықтимал қауіп-қатерлерге

дайын ба?

–  Шынын  айтқанда,  бұл  енді  ойламаған  жерден  шыққан

қиыншылық болды. Ресей мен Украинаның арасында осындай

ахуал орнығады деп кім ойлаған? Ойлап қарасаң, екеуі бір дінді,

бір тілді, бір жерде бірге өсіп-өнген ел. Мұның экономикалық

одаққа  қолайсыз  салдары  тиеді,  әрине.  Оны  айтпауға  бол-

майды. Неге? Себебі Батыстың бәрі Ресейге санкция салып

жатыр.  Санкциясын  жеке  адамдарға  жасаса  бір  жөн,  қаржы

жүйесіне де, экономиканың кейбір секторларына да салынуда.

Бұл  Ресейдің  экономикасын  төмендетеді.  Зауыттары  нашар

жұмыс  істей  бастайды.  Сосын  біздің  тауарларды  алатын

жағдайы  болмайды.  Біздің  шикізатты  қабылдау  мүмкіндігі

азаяды. Міне, осы тұрғыдан қиыншылық көруіміз мүмкін. Екін-

шіден, Ресейдің де қарсы санкциялары бар. Тұтынатын тағам

өнімдерін алмаймыз деп жатыр. Біз осыны пайдаланып, Ресейге

азық-түлік өнімдерін көбірек шығаруымыз керек. Фермерлеріміз

көкөністі,  ет-сүтті,  басқа  да  тамақ  түрлерін  көбірек  әзірлеп,

көптеп сатып, пайда таба алады. Мұның да қауіпті жағдайлары

бар. Бірақ пайдалы жағын қолдануға болады.

Ал олардың жасап жатқан кедергілерінің Қазақстанға тікелей

қатысы жоқ. Біз Дүниежүзілік сауда ұйымына биыл кіреміз деп

отырмыз.  Бұл  мәселені  шешеміз.  Еуроодақпен  бұрынғы

келіссөздерімізді жалғастырып, жаңа келісімге қол қоймақпыз.

Оны да шешеміз. Демек, о жақтан да, бұ жақтан да тосқауыл

жоқ. Қазір Ресейдің өзін түріктер қолдаймыз деп жатыр. Иран да

қолдаймыз дейді. Тауарларын жібергісі келеді. Біз де сөйтеміз.

Бұл бір жағынан пайдалы. Бірақ мұндай санкциялар өмір-бақи

болады екен деп алданып та қалмау керек. Қазір егіннің бәрін

егіп, Ресейге апарамыз делік. Ертең Ресей санкцияны алып та-

стап, бұрынғы үрдіске қайта келетін болса ше… Сондықтан қиын

жағдайға  қалмау  үшін  алды-артымызды  ойлап  қадам  жасау

керек.  Мұның  ақырын  күтуіміз  керек.  Дүниеде  қандай  соғыс

болса да, ылғи келіссөзбен бітеді. Ылғи бейбітшілікпен бітеді.

Мынау да бітеді. Уақыт деген керемет күш. Уақыт өзі бәрін ор-

нына келтіреді.

Сондықтан, Қазақстанның болашағы жарқын деп санаймын.

Себебі, біз ешбір елге тиісіп көрген халық емеспіз. Ешбір елге

жау емеспіз. Төңірегіміздің ешқайсысы да бізге жау емес. Бізге

сырттан келіп тиісейін деп тұрған ешкім жоқ. Дегенмен қандай

жағдайда да өз қауіпсіздігімізді ойлап, Қарулы Күштерімізді сай-

лап,  іші-сыртымызды,  етек-жеңімізді  жиып,  сақ  отыруымыз

керек. Осылай төңірегіміз бейбіт, өзіміз бейбіт, ішіміз бүтін, бір-

лігіміз  берік  болса,  ұтылмаймыз.  Қазақтың  бірлігі  –  мына

көпұлтты халықтың бірлігі. Біз бірте-бірте жарқын болашаққа же-

теміз деп санаймын.

Менің  арманым,  ойым  –  Қазақстанның  мәңгілік  болуы.

Сондықтан Мәңгілік Ел деген идеяны ұсындым. Мәңгілік ел болу

үшін бәрін жасап жатырмыз. Әнеукүні Үкіметте біраз өзгерістер

жасаған себебіміз мынау: Үкімет билігінде отырған шенеуніктер

саны шағын болуы керек. Ал олардың істеген жұмысы ауқымды

болуы  қажет.  Жаңа  министрліктердің  басына  келген

басшылардың  жасы  40  пен  50-дің  аралығында.  Көпшілігі

ағылшын тілін меңгерген, өз саласының маманы. Олар Ресей-

мен де, басқа шетелдермен де еркін сөйлесіп, келіссөз жүргізе

алады. «Болашақ» арқылы оқыған, өз елімізде тәрбиеленген

сондай жастарымыз қаулап өсіп келе жатыр. Бәрі де мемлекет

жұмысымен айналысуда. Қазақстанның ең үлкен патриоты да,

елді алға сүйрейтін де солар болады деп сенемін. Менің арма-

ным, ойым осы. Лайым солай болсын! Қазақстанның болашағы

өте жарқын! Біздің балаларымыз бен немерелеріміз бұдан да

керемет елде өмір сүреді деп ойлаймын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет