Газет 1932 жылғЫ 12 СӘуірден шығады газет аптасына 2 рет шығады



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата05.02.2017
өлшемі11,73 Mb.
#3436
1   2   3   4

Қайыржан АЙТЖАНОВ.

ЕКІ  МАЙДАН ЖАУЫНГЕРІ

Адамзат  тарихында 

Же ңіс    тер  көп.  Бірақ 

солардың  ішін де  мән-

маңызы  жөнінен  би ік 

тұратыны  -  Ұлы  Отан 

со ғысындағы 

Жеңіс. 

Биыл 


2015 

жылы 


осынау Ұлы Жеңіс ке 70 

жыл  толып  отыр.  Бұл 

дегеніміз  біздің  бейбіт 

ас пан  астында  өмір 

сүріп  жат қанымызға  70 

жыл деген сөз. Сон дық-

тан жыл сайын біз 9 ма -

мыр күні соғыстың куә-

гер  лері-майдангерлер 

мен  тыл  еңбеккерлеріне 

құр ме тіміз ді  білдіріп, 

соғыста 


қаза 

тап-


қандардың  рухына  бас 

иеміз. 


Осындай сұрапыл со ғыс ты өз көзімен көріп, Жеңіс туын 

желбіретуге  атса лыс қан 

 

дардың  бірі  менің  ат ам  Бектасов 



Ахмет деп мақ

 

та ныш  пен айта аламын. 



Менің  атам  Бектасов  Ахмет  1921  жылы  бұрынғы  Ленин 

(қазіргі  Тұрмағамбет)  ауылын да    дүниеге  келген.  Еңбекке 

жастайынан  араласып,  ерте  есейген.  Ұлы  Отан  соғысы 

басталғанда жиырма  жасқа толған Ахмет атам 1941 жылдан 

1942 жылдың мамырына дейін қысқа мерзімді курстарда оқып, 

лейтенант атағын алып,  әскери даяр лықтан өтіп шығады. 1944 

жылы  майдан  жолында  аяғы нан  жарақаттанып,  го с  питаль ға 

түседі.  Содан  кейін  военкоматқа  жұмы сқа  ор нала сып,  соғыс 

аяқтал ғанша военкоматта жұм ыс атқарады. Сұрапыл соғыс та 

«Қызыл жұл дыз», «Ұлы Отан соғысы» орденін тағып, көп теген 

медальдармен ма рапат талады.

Бейбіт еңбекке оралғаннан кейін Бектасов Ахмет атам  ауыл 

балаларын  сауаттандыру  мақ сатында  мұғалімдік    қызметке 

бел  шеше  кірісіп  кетеді.  Осы  жылдары  көп теген  қызметтер 

атқарып,  зейнет керлік  демалысқа  шыға ды.  Өмірлік  зайыбы, 

менің  әжем  Ұлбосын  екеуі  төрт  ұл  мен  бес  қыз  тәрбиелеп 

өсіреді. Артында осындай өнегелі ұрпақ қалдырған майдангер 

атам    2006  жылдың  1  ма мырын

 

да  мәңгілік  сапарға  ат танып 



кетті.

Атамды  қатты  сағынамын.  Атам  мен  үшін  қашан  да  ең 

жақын, ең сүйікті жан, әрі ер тұлға болып қала береді.

Немересі Жеңіс ЖАНГЕЛДИНҰЛЫ,  

№29 мектептің 4 сынып оқушысы, «Жас қыран» 

мүшесі, оқу озаты.

АТАМА ҰҚСАП ӨСЕМІН

Жақында  Қызылорда  қаласында  Мәншүк  Мәметова 

атындағы гуманитарлық колледжі мен облыстық оқу орта-

лықтарының  әдістемелік  кабинеттерінің  бірлесе  ұйым-

дас тыруымен  облыстық техникалық және білім беру оқу 

орындары  арасында  Елбасының  “Нұрлы  жол-болашаққа 

бастар  жол”  атты  қазақстандықтарға  арна ған  Жолдауы 

және Қазақстан Республикасы техникалық және кәсіптік 

білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 

мемлекеттік  бағдарламасы  аясында  кәсіби  деңгейде 

жұмыс  жасауға  қабілетті,  білікті,  еңбек  нарығына 

икемделе  алатын  жастар  қатарын  көбейтуге  ықпал  ету, 

ғылыми зерттеу жұмыстарына оқушылар тарту, қоғам мен 

еңбек  нарығының  өзгеріп  отыратын  қажеттілігіне  қарай 

бейімделуге  ықпалы  болатындай  жаңа  технологияларды 

енгізу  және  оларды  тиімді  пайдалану  мақсатында  

“Жараты лыстану ғылымдары-қазіргі ғылыми-техникалық 

прогресті жедел детудің негізі” тақырыбында студенттердің 

ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. 

Осы  конференцияға  Қармақшы  аграрлы-техникалық 

колледжінің  студенттері  де  әртүрлі  тақырыптарда  мақа-

ла лар ұсынып,  білім сайысында бақтарын сынады. Атап 

айтқанда,  №174  топ  студенті  Гүлсара  Әбжан  (жетекшісі 

физика пәні оқытушысы Нұргүл Бағыланбаева) “Жараты-

лыс тану  ғылымдары-бәсекеге  қабілеттілік  кепілі”,  №184 

топ студенттері Айнұр Рзаханова (жетекшілері математика 

пәні  оқытушысы  Ләззат  Өтепова,  география  пәні  оқы-

тушысы  Гүлмира  Жетібаева)  “Логикалық  білім  мен  дағ-

ды ны  қалыптастыру”,  “Ғылыми-техникалық  прогресс, 

оның тура және кері жақтары”, Аймереке Арыстанбекова 

(жетек шісі  химия  пәні  оқытушысы  Айнұр  Қалмұрзаева) 

“Ме талдардың коррозиясы” тақырыптарында ғылыми жо-

ба лар қорғады. 

Жазылған  4  мақала  да  студенттердің  облыстық 

ғылыми-тәжірибелік  конференция  материалдарының 

жинақ  кіта бы на  енгізілді.  Және  ІІ  тур  бойынша  Гүлсара 

Әбжан  мен  Айнұр  Рзаханова  іріктеуден  өтіп,  ІІІ  турға 

жолдама  алған  9  студенттің  қатарынан  орын  алды.  9 

студенттен  3  орын  белгі леніп,  оның    қорытындысында 

“Химия, биология және география” секциясында баяндама 

жасаған  Гүлсара  Әбжан  жүлделі  3  орынды  иеленіп,  ІІІ 

дәрежелі  диплом,  сертификатпен  марапатталды.  Сөйтіп, 

ізденімпаз ару туған жерінің мерейін бір тасытты. 

Ұстазы Нұргүл Бағыланбаева: -Шәкіртімнің жетістігі 

мені ғана емес, өзім ұстаздық ететін ұжым мүшелерін де 

қуантты.  Бұл  жетістіктің-менің  біліктілігіме  де  өзіндік 

әсе рі бар. Алда пәндік олимпиада сынағы күтіп тұр. Соған 

сту денттер дайындап жатырмын. Одан да жақсы нәтиже 

көр  се туге үміттіміз,-десе, “Есептеуіш техникасы және бағ-

дар ламамен  қамтамасыз  ету”  мамандығы  бойынша  оқып 

жат қан Гүлсара: -Бұрын да ғылыми жобалар жазып келемін. 

Бі лім сайысы маған көп нәрсе үйретті. Шыңдалдым, шы-

нық  тым  десем  болады.  Жарыста  нақты  тапсырмаларды 

же тік біліп, тәжірибеде соны іске қостым. Келешекте осы 

же тістіктерімді  өз  мамандығыммен  ұштастырғым  келеді. 

Жо  бада  жақсы  көрсеткішке  жетуіме  жетекшілік  еткен 

Нұр гүл апайымның үлесі көп деп білемін,-дейді жүлдегер 

қыз жүзі жадырап. 



Раушан ЕЛДЕСБАЕВА, 

колледж әдіскері.     

Өнеркәсіп:  Аудан  экономикасының  негізі 

болып  саналатын  өнеркәсіп  мекемелерінің 

жұмысы  сараланып,  ағымдағы  бағамен  жыл 

басынан  бері  2613  млн.  теңге  өнеркәсіп  өнімдері 

(жұмыс, қызмет түрлері) өндірілді, яғни өнеркәсіп 

өнімдері  нақты  көлемінің  индекстері  бойынша 

өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 50,3 

пайызға орындалып отыр.



Мал  шаруашылығы:  мал  шаруашылығы 

бойынша  3478  тонна  ет,  5769  тонна  сиыр  сүті, 

820 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылдың 

осы  кезеңімен  салыстырғанда  ет  100,9  пайызға, 

сиыр  сүті  95,4  пайызға,  жұмыртқа  88,5  пайызға 

орындалды.  2014  жылға  ауданның  барлық 

шаруашылықтарында  (жеке  секторларды  қоса 

алғанда)  23342  бас  мүйізді  ірі  қара,  25682  бас 

қой,  17854  бас  ешкі,  4664  бас  жылқы,  2304  бас 

түйе,  306  бас  шошқа,  16820  бас  құс  бар.  Өткен 

жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі 

қара 98,0 пайызға, жылқы 99,5 пайызға, түйе 1,5 

пайызға,  шошқа  97,1  пайызға,  құс  90,9  пайызға, 

қой  91,4  пайызға,  ешкі  86,1  пайызға  орындалып 

отыр.  Барлық  қолда  бар  мүйізді  ірі  қараның 

96,7  пайызы,  қойдың  91,5  пайызы,  ешкінің  85,6 

пайызы, шошқаның 97,1 пайызы, жылқының 97,9 

пайызы, түйенің 99,5  пайызы, құстың 90,9 пайызы 

жеке тұлғалардың үлесінде.

Күрделі құрылыс және тұрғын үй құры лы­

сы:  2014  жылдың  қаңтар-желтоқсан  айларында 

құрылыс  жұмыстардың  (қызметтерінің)  көлемі 

8848  млн.  теңгеге  орындалып,  өткен  жылдың 

тиісті  кезеңімен  салыстырғанда  53,8  пайызға 

орындалып  отыр.  Осы  жылдың  12  айында  аудан 

бойынша барлығы жалпы алаң 21207 шаршы метр 

тұрғын үй салынды. Өткен жылғы тиісті кезеңімен 

салыстырғанда  тұрғын  үй  көлемі  120,8  пайызға 

артық  орындалып  отыр,  оның  ішінде  халық 

қаражаты  есебінен,  жалпы  аудан  алаңы  19320 

шаршы метр. Барлығы жеке тұрғын үйлер.

Автокөліктің негізгі көрсеткіштері: қаңтар-

желтоқсан  2014  жылы  6445  мың  тонна  жүк 

тасы малданған,  өткен  жылғы  тиісті  кезеңмен 

салыстырғанда  101,1  пайызға  орындалды. 

Жүк  айналымы  859,5  млн.  тонна  шақырым. 

Өткен  жылғы  тиісті  кезеңмен  салыстырғанда 

100,0  пайызды  құрап  отыр.  7834,7  мың  адам 

жолаушылар  тасымалданған.  Өткен  жылғы  тиісті 

кезеңмен салыстырғанда 110,4 пайыз, жолаушылар 

айналымы  123,6  млн.  жолаушы  шақырым  құрап, 

өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 115,5 

пайызға орындалды.



Сауда:  Аудан  бойынша  бөлшек  сауда  көлемі 

2746,6  млн.  теңге  болды,  өткен  жылғы  тиісті 

кезеңге 112,5 пайызға орындалып отыр.

Миграция  және  табиғи  қозғалыстар: 

қаңтар-желтоқсан  айында  туылғандар  саны  1262 

бала,  өлгендер  саны  323  адам,  табиғи  өсім  939 

адам құрап отыр.

Некеге тұрғандар саны-236.

Ажырасқандар  саны-61.

Аудан  халқының  саны  1  желтоқсан  2014 

жылға  53,8  мың  адам  құрап  отыр.  Өткен  жылғы 

осы кезеңмен салыстырғанда 0,3 мың адамға кеміп 

отыр, өсу қарқыны 100,5 пайыз.



К.ТАҢБАЕВ,

аудандық статистика басқармасының 

басшысы.

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ — ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

Еліміздің  ертеңгі  болашағын  бүгіннен  тәрбиелеу, 

жан-жақты  жетілген  парасатты  азамат  дайындау, 

олардың  жан  дүниесін  халық  қазынасымен  байытып, 

ұлттық  психологияны  қалыптастырып  өсіру-баршаға 

ортақ  міндет.  Осы  міндет  үдесінен  шығуда  әрбір 

шаңырақтың  алтын  діңгегі  -  ата-ана  аянбай  еңбек  етуі 

қажет,  яғни  отбасындағы  бала  тәрбиесіне  бей-жай 

қарамай, болашағымыздың дәнегі, көрер қызығымыздың 

кейіпкері  деп  біліп,  баланың  әрбір  қадамы  мен  іс-

әрекетін назардан тыс қалдырмағанымыз жөн.

Заман  бар  жерде  жылжу  мен  даму  бар,өзгеріс  пен 

өсу бар екенін жете түсініп, сол заманның адамы Сіздің 

балаңыз екенін, балаға қоғамда орын алып жатқан түрлі 

іс-әрекеттің  ақ-қарасын  аша  отырып,  түзу  жолдан 

тайып  кетпейтіндей  тәрбие  беруіміз  керек.  “Ұяда  не 

көрсең, ұшқанда соны ілесің” деген халық даналығына 

байланысты,  Сіздің  сөйлеген  сөзіңіз  бен  іс-әрекетіңізді 

балаңыз қайталайтынын ұмытпайық!

Жас  ұрпақ  еліміздің  тарихын  жақсы  меңгеруі 

нәтижесінде  халқымыздың  өмір  сүру,  тіршілік  кешу 

бейнесі  барлық  кезеңдерде,  қазіргі  біздің  бейбітшілік 

өміріміз сияқты тегіс және бірқалыпты болмағанын асыл 

ой  елегінен  өткізіп,  пайымдау  арқылы  жете  түсінетін 

болады.  Сондықтан  да  ұлттық  құндылықтарымыздың 

бастау шегі-ынтымақ пен бірлікте екендігін әр сәт сайын 

баланың ақыл-ой таразысына ендіре білейік!

-Азаматтығымызды  айқындайтын,  тәуелсіздігімізді 

паш ететін, егеменді ел екендігімізді танытатын, дербес 

мемлекет  екендігімізді  бағамдататын  жастарымыздың 

бойына  құқықтық  сауаттылықты  сіңіруде  ұлттық 

тәрбиенің ұлағатты тәсілдерін кең көлемде сіңіре білуде 

аянбай еңбек етейік!

-Гүлдің күнге қарап өсетіндігі, жас шыбықты қалай 

баулысаң,  солай  қарай  бой  түзейтіндігі  тәрізді  бала  да 

өседі, ержетеді. Сондықтан балаңызды тыңдай отырып,  

оның кез келген қалауын орындауға асықпай, өзіңіздің 

нұсқауыңыздың дұрыстығын дәләлдемемен түсіндіруге 

мұқият болайық!

-“Өнегесіз  өмірдің  өрісі-тар,  өнегелі  өмірдің-

өрісі  бар”  дегендей,  өмір-өзен,  сол  өмірді  сүйгендер 

қиыншылыққа  қайыспай,  сезімге  сабыр,  мақсатқа 

мақұл  беріп,  жасымау  керектігін  бір  сәтте  ұмытпай, 

бала санасына өмірді сүюді құрметтеу қажеттігін сіңіре 

білуге аянбай үлес қосайық! 

Әке,  ана,  бала  ошақтың  үш  тағаны 

секілді  бірін-бірі  толықтырып  тұрады. 

Ал,  әке  мен  ананың  арасындағы  қарым-

қатынас,  отбасындағы  тәлім-тәрбие  ба-

ла ларға  өз  әсерін  тигізбей  қоймайды. 

Мектептен  алған  сапалы  білім  мен  саналы 

тәрбие өскелең ұрпақ бойына ізгі қасиеттер 

құйып, жақсы азамат болып өсуге баулиды. 

Дегенмен  ұстаз  бен  ата-ана  байланысы 

тұрақты  дамып  отырғанда  ғана  ел 

болашағы-жастарымыздың  ертеңі  жарқын 

бола түспек.

Осы  орайда,  аудандық  білім  бөлімінің 

ұйымдастыруымен  №250  мек теп-лицей-

дің  акт  залында  «Өскелең  ұрпақ тың  аза-

мат шылығы  мен  әлеуметтік  жауап ты-

лығын  қалыптастыруда  ата-ана  рөлінің 

маңыздылығы»  тақырыбында  аудандық 

ата-аналар жиналысы болып өтті.

Жиналысқа  мектеп  мұғалімдері  мен 

ата-аналар,  мекеме,  бөлім  басшылары, 

ардагерлер ұйымдары өкілдері қатысты.

Жиналысты аудан әкімінің орынбасары 

Арман Қаржаубаев ашып, күн тәртібіндегі 

мәселеге байланысты өз ойларын баяндады.

Сондай-ақ,  Халықаралық  «Қазақ  тілі» 

қоғамы  аудандық  филиалының  төрағасы 

Әбдірахман  Құлдүйсенов:  -Балаға  тәрбие 

тал  бесіктен  берілуі  керек.  Біздің  қазақ 

елінің  өзгелерге  ұқсай  бермейтін  өзіндік 

қырлары  жеткілікті.  «Қызға  қырық  үйден 

тыйым»,  «Ұл  бала  шаңырақтың  егесі» 

деп, бала тәрбиесіне мығым болып, ұдайы 

назарда ұстап отырған. Дегенмен бүгінгі мен 

бұрынғы  баланың  арасы  жер  мен  көктей. 

Ата-ана  мен  ұстаз  бірлесіп 

жұмыс  жасап,  бала  тәрбиесіне 

баса  назар  аударса  бүгінгі 

жиын өз нәтижесін береді,-деп 

өз ойын сабақтады.

Аудандық 

ішкі 

істер 


бөлімінің  әкімшілік  полиция 

бөлімшесі  бастығы,  полиция 

капитаны Бижанов Сәкен: -Әр-

бір  бала  өз  отбасында,  ата-

ана сымен  бірге  өмір  сүруге 

құ қ ылы.  Бала  мектепте  кінәлі 

болғанда да оны ешкімнің ұрып 

жазалауға,  кемсітіп  қорлауға 

құқығы  жоқ.  Жастар  арасында 

құқық  бұзушылықтың  ал

­

дын  алуға,  қоғамдық  тәр-



тіп ті  сақтауға,  заңды  жауап

­

кершілікті  сезінуге  өз  үлесін 



қосатын,  атсалысатын  субъек -

тілердің 

бірі-оқу 

орын да-


ры  болып  табылады.  Оқу 

ор нын да  жасөспірімнің  аза-

маттық,  па триот   тық,  адам-

гершілік,  салауат ты лық,  құ-

қық тық,  мәдени,  шығарма  -

шы  лық  қасиеттерін  дамы ту 

және  қалыптастыру  про це сі 

жүзеге  асырылады.  Бұл  ұж-

ым  мүшелеріне  үл кен  жа-

уап кершілік 

пен 

мін дет 


жүк тейді. 

Құқықтық 

тәр -

бие  негізі  отбасынан  бас -



талады. Оқушылардың тәр тіп 

бұзуының бір жағы отбасында 

жатыр. Бізде отбасы әр қилы: 

маскүнемдікпен күн өткізетін, 

ұрыс-керістен  көз  ашпайтын, 

басқалардың, 

мемлекеттің 

есе бі  нен  арам  жолмен  жүргісі 

ке ле тін  отбасылары  бар. 

Осын  дай отбасында өскен ба-

ла н ың  оқуға,  еңбекке  қа лай 

қарайтыны өз-өзінен түсінікті 

емес  пе?  Мұндай  отбасында 

тәрбиеленген  бала  өзімшіл 

болады,  қылмыс  жасауға  бір 

табан жақын тұрады.

Қазіргі  таңда  ауданда 

оқушы  жасөспірімдер  ара-

сында  құқық  бұзушылыққа 

байланысты беймезгіл уақыт-

та жүру, яғни ҚР-ның ӘҚБтК-

нің  442-2  бабында  жасы 

кәмелетке  толмаған  балалар 

заңды  өкілдерінің  ертіп  жүр-

уін сіз  тұрғын  жайдан  тыс 

жерде  сағат  23-тен  таңғы 

6-ға дейін болуы. Заңды өкіл-

деріне  ескерту  жасалады. 

1  жыл  көлемінде  қай талап 

жа са са  ол  уақытта  заң ды 

өкіл деріне  15  айлық  есеп-

тік  көрсеткіш  мөлшерінде 

айып пұл салынады және де 442-1 бабында 

кәмелетке тол мағандар түнгі уақытта заңды 

өкілдерінің  ертіп  жүруінсіз  сағат  22-ден 

таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде 

болуы.  Заңды  өкілдеріне  3  айлық  есеп тік 

көрсеткіш  мөлшерінде  айыппұл  са лына-

ды.  Өткен  жылмен  салыстырғанда  жас-

өспірімдер  арасында  бейберекет  көшеде 

жүру азайып отыр. Бұл мектеп, отбасы, ІІб-

нің  белсенді  жұмыстарының  жемісі.  Бала-

лары мыздың  іс-әрекетіне  аса  мән  беріп, 

жақсы  азамат  болып  өсуіне  атсалысайық,- 

деп өз сөзін қорытындылады.

Сонымен қатар, жиында «Бала тәрбиесі-

бүгінгі өміріміздегі жауапты сала» та қыры-

бында  Қармақшы  ауылы  №113  мек теп 

директоры  Ғабидулла  Шарапатов,  «От-

басындағы  қарым-қатынастың  психо-

логиясы»  тақырыбында  Ақай  ауы лы 

№99  мектеп  психологі  Эльмира  Медеуо-

ва,  «Үштағанды  тәрбие-нәтиже  кепілі» 

тақырыбында  Ақжар  ауылы  №28  мектеп 

директорының  тәрбие  ісі  жөніндегі 

орынбасары 

Забираш 

Сарыбаевалар 

баян  дамалар  жасаса,  ата-аналар  Ақтөбе 

ауылы нан  келген  №109  мектеп  ата-аналар 

комитетінің  төрағасы  Кәрібай  Байғараев 

және  Төретам  кенті  №85  мектеп  «Айбат» 

әкелер одағының төрағасы Шәкен Балжаев 

бала мен ұстаздың, ата-ананың арасындағы 

байланысы  жайында  пайымды  пікірлерін 

ортаға салды. 

Жиын  қорытындысында  ата-аналарға 

арналған Үндеу қабылданды.



Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ.

“ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫҢ АЗАМАТШЫЛЫҒЫ МЕН 

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА АТА­

АНА РӨЛІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ” ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ АТА­

АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ АУДАН АТА­

АНАЛАРЫНА АРНАЛҒАН ҮНДЕУІ

Техникалық және кәсіптік білім беру

ЖҮЛДЕГЕР 

ГҮЛСАРА

ҚР аумағындағы азаматтардың тұрақты тіркеуге тұру шарттары Қа-



зақ стан Республикасы Үкіметінің 1.12.2011 жылғы №1427 санды қау-

лы сында бекітілген.

Тұрақты  тіркеуге  тұру  үшін  тұрғылықты  мекен-жайы  немесе  үйді 

жал ға алып тұрғандығы жөнінде келісім-шарты, сол сияқты үй иесінің 

жаз баша түрде бірге тұруға келісімі керек.

Тұрақты тіркеуге тұру үшін:

-Үй иесінің тұрақты тіркеуге келісім бергені туралы жазбаша келісім 

арызы мен жеке куәлігінің көшірмесі (міндетті түрде үй иесінің өзі болу 

керек).

-Үй  құжаттарының  түпнұсқасы  (көшірмесімен  сәйкестендіріп 



болған соң иесіне қайтарып беріледі).

-Жеке  куәлік  түпнұсқасы  (көшірмесін  сәйкестендіріп  алған  соң 

иесіне қайтарып береді).

-Мемлекеттік  баж  салығы  (185  теңге  20  тиын)  төленген  түбіртегі 

болуы.

-Жеке  тұлғаны  тұрақты  тіркеуге  тұрғызу  үшін  бұрынғы  тұрған 



жерінен автоматты түрде шығарылып алады.

-Бас  бостандығынан  айырылып  босап  келгендер  тұрақты  тіркеуге 

тұру үшін босағандығы жөніндегі анықтамамен келу керек. 

-Шет  елден  тұрақты  тұруға  келген  азаматтар  консулдық  тіркеуден 

шығарылғандығы жөніндегі қағазымен қоса ҚР-ның төлқұжатын негізге 

ала отырып тұрақты тіркеуге тұра алады. 

Кәмелет  жасына  толмаған  балалар  тұрақты  тіркеуге  тұру  үшін 

олардың  туу  туралы  куәлігі  немесе  Қазақстан  Республикасының 

төлқұжатын  негізге  алынып  жүзеге  асырылады.  Тіркеуге  тұру  үшін 

олардың құжаттарын ата-анасы болмаса заңды өкілдері береді.

Уақытша тұруға, жұмыс бабымен, қонаққа, оқуға,  іссапармен, ем 

алу үшін  үш ай мерзімнен жоғары уақытқа келген ҚР-ның азаматтары 

тұрғылықты  жері  бойынша  бір  жыл  көлемінде  уақытша  тіркеуге 

тұрады, бірақ бұрынғы өзінің тұрақты тіркеуде тұрған жерінен тіркеуден 

шығарылмайды.

А.СЕРІКБАЙҚЫЗЫ,

АІІб­нің көші­қон полиция тобының  инспекторы, полиция 

капитаны.                                                     

ҚР АЗАМАТТАРЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ ТІРКЕУГЕ ТҰРУЫ ЖАЙЛЫ

АУДАНДЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ 2014 

ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-ЖЕЛТОҚСАН АЙЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ



ҚАРМАҚШЫ

таңы


3

25 ақпан, 2015  жыл

КӨЗДЕРГЕ ҚАРА, 

МЫҢ СЫР БАР

Сыр елі-жыр елі

Әдетте    кісіге  қамқорлық  

жасауда  баз  біреулер    есеп  қай­

тары


 

мының  құлы  боп    жатса, 

келесі    біреулер  қалт қысыз  көңіл­

мен  қызметім  құдай дан  қайт­

са  болды,­деп  өз  жақсылығын 

есепке  құрмайды.  Тек  қана  бас 

пайданы  мүдде­мұратына  ай нал­

дырғандардың  болашағы  баян­

сыз  болатыны  баршаға  белгілі. 

Бұл  пәниде  пенде  жарықтықтың 

бір­бірімен  шынайы  шүйіркелесіп, 

кіршіксіз    қарым­қатынас  жасауы 

мен  сыпайы  сыйластығынан  артық 

не бар, шіркін.

Кезінде дүйім елдің ақылшысы 

атанған,  Ақжардағы  атақты Бекет 

атаның немересі Айымкүл 1 жарым 

жас қа  келгенде  әкесі  Нұржан  Ұлы 

Отан  соғысына  алынды.  Абзал  әке 

Шалқар қаласындағы атқыштар ди­

визия сында    дайындықта  жүр генде 

жұбайына бір жапырақ хат жолдап,  

ұл  тусаң  атын  Шалқар  қоярсың 

дейді  де,  әрі  қарай  қанды  соғысқа 

кіріп  содан  хабар­ошарсыз  кетеді. 

Жан жарынан екіқабат қалған, жасы 

жи ыр маға енді келген анасы Жаңыл 

бо л са желегі желбіреп жүріп, бидай 

егіп, оны Ақжардан сонау ит өлген 

жер дегі  Қаракеткенге  өгіз  арбамен 

тасып, темір жол арқылы майданға 

вагон­вагон  астық  жөнелтіп  жүріп 

стахановшы  атанған.  Сол  кезде 

күндіз  күлкісін,  түнде  ұйқысын 

жоғалтып  жанқиярлықпен,  тыл 

өңіріне  танымал  бойжеткендердің 

қырық  қыз  бригадасын  басқарған 

әкесінің  туған  қарындасы  Қаратай 

Кәлменованың  бұларға  көрсеткен 

қамқорлығы, 

аштықта 

татқан 


құйқаның  дәміндей    ұмытыл­

майтындай  еді.  Әйтсе  де  анасы 

Жаңыл  дың 

етегіне 


жармасып  

өскен  қоңыр  қозылары    Айымкүл, 

Шалқар, Айнагүлдерінің тағдырдан 

көрген  тақиты  аз  болған  жоқ. 

Қаршадайларынан отақ отап, масақ 

теріп  арқа  еттері  арша,  борбай 

еттері борша болған балалары кейін 

ғана қарындары тойып,  ас  ішетін 

жағдайға қолдары жеткен.

Тағдыр тауқыметі ерте есейткен, 

пысық  та  зерек  болып  жетілген  

қаршадай  қыз  Айымкүл  Бекетова 

он бесінде Қазалыға барып, сондағы 

ауыл шаруашылығы техникумының 

мал 

дәрігерлерін 



даярлайтын 

бөлімшесін  үздік  бітіріп,  екі 

жылдан  соң  туған  ауылы  Ақжарда 

еңбек  жолын  бастаған  еді.  Тағдыр 

деген  қызық­ау,  екі  жасында  сұм 

соғыс әкесін жалмап,  әкеден жетім 

қалып,  жетімдіктің  зарын  тартып 

өскен  ол әскерден демалысқа келген 

қара торы жігіт   Әбдіреймен отасып, 

түтін  түтеткен.  Сондағы  бидай 

өңдінің  әдемісі,  киіктің  лағындай 

жәудір көз бойжеткеннің басына ақ 

орамал  салғандағы    сұлу  келіншек 

болып  шыға  келгенін  айтсаңызшы. 

Әскерше  киінген  жауынгер  жігіт 

Әбдірей  сүйген  жарына,    әжесі 

Мауытыны, 

анасы 


Рахиманы, 

оның жалғызілікті апасы Нәзираны 

аманаттап  әскери  қызметке  қайта 

кете  барды.  Ол  жақта  әскери 

борышын үздік атқарған Әбекеңнің 

өмір 


жолында 

ұмытылмастай 

күндер  қалды.  1959  жылы  Бүкіл­

одақтық  екпінді  құрылыс  атанған 

Теміртау  қаласындағы  Қазақстан 

Магниткасының  домна  пешін 

салуға  әскер  қатарынан  арнаулы 

комсомолдық  жолдамамен  ба­

рып  еңбек  етіп,    кейін  отбасы 

жағдайымен  1961 жылы абыроймен 

елге  оралды.  Сол  жылы  1  мамыр 

мерекесі қарсаңында іске қосылған 

екінші  домна  пешінде  жұмыс 

жасауда  Днепропетровскіде  оқып 

келген бір топ жас металлургтердің 

қатарында  қазіргі  Елбасы  Нұр­

сұлтан Назарбаев та болған еді.

Ал,  сол  қара  шаңырақтың 

табал

 

дырығын  оң  аяғымен  аттаған 



Айымкүл болса сол үш кейуананың 

көздері  жұмылғанша  жайылып 

жастығы, иіліп төсегі болды. Үйінің 

төрінде  әруақтай  тізіліп  отыратын 

олардан  басқаларға  да  деген 

құрметінен,  ізетінен  бір  танбапты. 

Қамқорындағы  әз  аналардың  үс­

теріне  қылау,  киімдеріне  кіршік 

түсірмей,  ас­суларын  бабымен 

әзірлеп, томашадай келіншек аяғы­

ның  ұшымен  жүріп  адал    қызмет 

етті.  Сөйтіп  жүріп  өмірге  тоғыз 

перзент  әкеліп,  тәрбиелеп  өсіріп, 

үнемі  жауапты  қызметте  жүрген 

отағасының  қасы  мен  қабағына 

қарап,  күні­түні  үзіл мейтін  қонақ­

тарды жайлауда қаршығадай келін­

шектің қимылына көз ілеспейтін.

Кеше  ғана  сияқты  еді­ау  Тұр­

мағамбет  ақынның  немере  қарын­

дастары    болып  келетін  енесінің, 

төрде  ана  қаздай  төгілдіріп  аппақ 

кимешек  киген  кейуаналардың 

құт ты  келін,  алтын  келін  деп  уыз 

баталарын  беріп  отыратыны.  Құ­

дай ға шүкір, сол әулие аналарының 

ақ батасымен  көсегесі көгеріп, ұл­ 

қыздары өздерінше өнегелі шаңырақ 

иелері атанып,  өрістері кеңейе түс­

ті.  Кейде  қара  шаңырағының  іші  

ата­әжелеп шүпірлеген немерелеріне 

толып  кеткенде    ­Я  кұдая  тәуба, 

бер геніңе  шүкір,­деп  Айымкүл  ана 

жайма  шуақ  жүзінен    аналық  мейі­

рі мін төгіп отыратын. Бауыры Шал­

қар  да  Ақжар  ауылының  «Құрмет 

белгісі», «Еңбек Қызыл Ту» орденді 

майталман  күрішшісі,  ар дақ ты 

азаматы болып,  ұлын ұя ға, қызын 

қияға қондырып бұл дүниеден озып 

кетті.

“Алтын  алқалы”  Айымкүл 



ананың  отағасы  Әбдірей  Бөрі­

баевтың  ең бек  жолындағы  биік 

абыройына  қосқан  үлесі  қаншама 

десеңізші.  Үйде  бәйгеге  жүйрік 

қосқандай  жақсылығына жадырап, 

кемшілікке  ренжіп,  елдің  тілегін 

тілеп отыратын еді. Сөйткен Әбекең  

«Еңбек  Қызыл  Ту»,  «Құрмет 

белгісі»  ордендерімен,  көптеген 

медальдармен 

марапат талып, 

облысқа  айрықша  ең бегі  сіңген 

дербес зейнеткер дә

 

реже сінде  еңбек 



демалысына  шықты,  «Қармақшы 

ауданының  құрметті  азаматы» 

атанды.  Өмірде  өзің  үлгі­өнеге 

алатын  адамдардың  болғанының 

өзі  үлкен  бақыт  екен.  Солардың 

бірі кезінде осы ауданды сегіз жыл 

басқарып,  елдің  экономикалық, 

әлеуметтік, 

мәдени 

дамуына 


зор  еңбек  сіңірген  марқұм    Елеу 

Көшербаев  ағамыздың  отбасы  еді. 

Дәнеш апа табиғи туым тұлғасымен, 

парасатымен,  үлкен­кішіге  ізетімен 

Айымкүл  ананы  да  көп  нәрсеге 

үйретті.  Терең  тәрбиенің,  береке­ 

бірліктің, 

адам дармен 

қарым­ 

қатынас 


мәдениетінің 

үлгісін 


көрсетті.

...Әне,  үй  ішінде  еліктей  елпіл

­

деп,  лыпылдай  қызмет  көр сетіп 



жүрген сүп­сүйкімді келін Айымкүл 

ананы  еске  түсіргендей.  Өмірден 

жақсы адамдардың ерте өтіп кеткені 

ғана өкінішті...                                                                                   




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет