8 бет
аќсу Өњірі
13 желтоқсан 2014 жыл
Ќ±рылтайшы:
Алматы облысыныњ єкімдігі.
Газет Ќазаќстан Республикасы мєдениет, жєне
аќпарат министрлігі ақпарат және мұрағат
комитетінде 2013 жылы
20 қыркүйек айында есепке ќойылды. Куєлік №
13883-Г
Газет ќазаќ тілінде аптасына бір рет шыѓады.
Біздіњ мекен-жАйымыз:
Аќсу ауданы,
жанс‰гіров ауылы,
желтоќсан кµшесі, №5,
Аудандыќ єкімшілік ‰йінде
Газет бетінде жарияланѓан маќалалар авторыныњ пікірі редакция
кµзќарасы болып табылмайды.
маќалалар µњделеді, авторѓа ќайтарылмайды.
жарнама, хабарландырулар, арнау, ќ±ттыќтаулардыњ мазм±ны
мен мєтініне жарнама беруші жауапты.
Тапсырыс 488
Таралымы 3379
Индекс: 65750
Офсеттік басылым кµлемі 2б.т.
Электрондыќ почта aksuoniri@mail.ru
Директор - бас редактор
Д‰йсен
М±хаметшар±лы
«медиахолдинг жетісу Аќпарат»
Акционерлік ќоѓамы
«АЌсу Өњірі» газеті»
Аќсу аудандыќ филиалы
меншік Иесі:
«медиахолдинг жетісу
Аќпарат» Акционерлік
ќоѓамы
Газет сарќан ауданы, сарќан ќаласы, Тєуелсіздік кµшесі №108 ‰й «Алатау баспа - полиграфиялыќ корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігініњ филиалы -
сарќан баспаханасында басылады. Тел: 8 (72839) 2 29 03
директор бас редактор - 2-99-20
жауапты хатшы - 2-99-21
Қауіпті пиротехника
Шиырбай мен
Байеке
Ұлағат
Отбасы – адам баласының өсіп – өнер алтын ұясы. Адамның
өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады.
Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата – ана өздерінің негізгі
борыштарын – тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі. Бүгінде кей ата
– аналар өздерінің міндеттерін тек балалардың қарнын ашырмау,
киімдерін бүтіндеу деп те ойлайды. Балаларының білімін мектепте
алған бағаларымен ғана бағалайды. Баласы бұзық болса, тәртіпсіз
болса, мектептегі ұстаздар қауымына тіл тигізіп, қаралап жататын
кездері де аз болмайды. Нарықтық заманның талабына ілесеміз деп
қазіргі ата – аналар халқымыздың «Балаңды бес жасқа дейін патша-
дай сыйла, бес жастан он бес жасқа дейін құлындай жұмса, одан соң
өзіңе ақылшы дос сана» деген өмірлік қағиданы ұмытқандай.
Отбасы – баланың тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі. Ата
– аналарды балаларын өнегелі сөзімен, жеке басының тәрбиесімен
тәрбиелейді. Бала әр нәрсеге сенгіш, тез қабылдағыш, еліктегіш
келеді. Әр бала сипағанды, жылы сөйлегенді, аяғанды, еркелеткенді,
ертегі әңгіме тыңдағанды, ойын ойнағанды ұнатады. Бұл – баланың
бойындағы үлкендерден ерекшеленіп тұратын негізгі қасиет. Бұл
қасиеттер тек балаға ғана тән. Өйткені, бала сезімі пәк.
Отбасы тәрбиесі бойынша әлеуметтік педагогикалық тұрғыда
ата-аналардың мақсат – міндеттері туралы баяндай отырып, отба-
сында ағартушылардың көзқарастары тәрбие туралы, әлеуметтік
мәселелерді шешудің қазіргі заманда қалыптасқан тәрбиелік
құралдарды қолдана білу ретінде қолданудың мүмкіндігін көрсету
болып табылады. Барлық зерттеу жұмыстары баланы өмірге дай-
ындауда отбасы тәрбиесіне үлкен жауапкершіліктің жүктелетінін
көрсетеді. Отанға және айналадағы қоршаған табиғатқа деген ма-
хаббат, адамдарға және еңбекке деген құрмет, сол сияқты қасиеттер
баланың кішкентай кезінен отбасында және балабақшада қаланады.
Сондықтан отбасындағы, балабақшадағы және айналадағылармен
қарым – қатынас жасаудың дұрыстығы өте маңызды.
Кенжегүл РАЗБАЕВА,
Қаракемер орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығының
мектепалды даярлық тобының мұғалімі.
Алтынарық ауылы.
Бала тәрбиесі отбасынан басталады
Шиырбай мен
Өзбек байы
Шиырбай Қызай елінің байы
Байекеге барады. Бұрын бір-бірін
көрмеген екен. Аман-саулықтан
кейін, етектегі Матай еліненмін де-
ген соң, Қызай Байеке:
- Еліңде бетке ұстар кім бай, кім
батыр, кім шешен? – деп сұрайды.
Шиырбай шешен:
- Бай - Маман мен Тұрысбек.
Таңертең жайылған дастарханы
кешке шейін жиналмайды, - дейді.
Байеке:
– Болса болар, нағыз бай екен, -
деп тамсанады. Шиырбай шешен:
- Батыр – Мүсәпір. Көрсе айтпай-
ды. Алса бермейді, - дейді. Байе-
ке:
- Пах, шіркін, шын батыр екен, -
деп таңданады. Байеке ынтығып:
- Шешен кім? – дегенінде, сәл
ойланған Шиырбай шешен:
- Бар біреу. Үш күн сөйлесе
таңдайы талмайтын, той-думан,
астан қалмайтын, - дей бергенінде,
Байеке:
- Ә, қызталақ, Шиырбай деген сен
екенсің ғой? – деп, Байеке Шиыр-
байды танып қойыпты.
Шиырбай
шешен
Өзбектің
байының отауына барады. Дая-
шы сырттан қарсы алып, аты-
нан түсіреді. Шиырбай шешен
сәлем бере үйге кіреді. Өзбек
байы төсегінде жатады. Шиырбай
шешенді ішке кіргізген даяшы:
- Келген Қазақ екен, - дейді.
Сонда Өзбек байы:
- О, Қазақ па? Ол боқтың исін
біле ме екен? – дейді дауыстап.
Сонда Шиырбай шешен:
-
О, байеке! Үш жүз алпыс
күн көшіп жүрген Қазақ боқтың
исін қайдан білсін? Сен бір орын-
да тапжылмай отырасың. Әрине,
боқтың исін сен білесің, - деп жау-
ап береді.
Өзбек байы сөзден тосылып:
- Е, бәсе! Мен «бір келер» деп,
тосып жүрген Шиырбай шешен сіз
боларсыз? – дейді.
- «Сарт садағам, өзбек өз ағам»
деп келдім, - дейді Шиырбай ше-
шен.
- Келгеніңе болайын, - деп, бай
төсегінен атып тұра Шиырбаймен
амандасуға ұмтылған екен.
Сын
Маманның ұлы Тұрысбек қажы,
Көгенбай төре, тағы басқа бай-
лар мен болыстар Сарқанда бас
қосқан жиында, Шиырбай шешенді
сөйлетпек болған Тұрысбек қажы:
- Шықа, осы Мүсіреп шешен
қандай адам? – деп сұрайды. Сон-
да Шиырбай:
Көшербай есімді байдың ұстамалы
қояншық науқасы бар болыпты. Ау-
ырып, жаны қысылғанында «Ақсары
бас» құдайы айтып, тәуір болған
соң, атағанын соймайды екен.
Көшербай байға Шиырбай шешен:
Ауырсаң Құдайға тоқты айтасың,
Жазылсаң «тоқты жоқты»
айтасың.
Құдайды бір алдамай, бірнеше
алдап,
Бір күні Көшербайды
шоңқайтарсың»,
- депті.
- Үй-бүй! Құдайдан да ұят болды, -
деп Көшербай бай Тәңірге атағанын
орындапты.
Достарыңызбен бөлісу: