Газет 1934 жылѓы 1 ќазаннан шыѓады



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата02.03.2017
өлшемі4,74 Mb.
#5109
1   2   3   4   5

Шиырбай мен қыз

Бір  кең  сазға  тоқтап,  дамылдамақ 

болған Шиырбай шешен қасындағы 

бір қосшы серігін төбенің астындағы 

қараша  үйден  қазан  сұрап  әкел 

деп  жібереді.  Қараша  үйге  келген 

қосшыны  бойжеткен  қыз  қарсы 

алады. Қызды көрген қосшы сәлем 

саулықтан соң:

 - Шиырбай шешен қазан сұрайды? 

– деп келген өтінішін білдіреді. Сон-

да қыз: 


 - Осы үйде үш қазан бар. 

- Біреуінің түбі тесік.

- Екіншісі күндіз-түні оттан түспейді.

-  Үшіншісі  қазан  бар.  Шиырбай 

шешен  тұрмақ?  Одан  үлкен  әкесі 

сұраса  да  берілмейді,  -  дейді. 

Қосшы ешқандай қазан алмай, атын 

кері  бұрып,  шаба  жөнеледі.  Келе 

Шиырбай шешенге бүге-шігесіз мән-

жайды айтып береді. Шиырбай ше-

шенге қосшы:

Екі  қазанның  қайсысын 



әкелейін?  –  дейді.  Шиырбай  ше-

шен  қосшы  серігіне  қарап  күледі. 

Сөйтсе,  бірінші  қазаны  қыздың 

қартайған  шешесі  екен.  Оттан 

түспейтін  екінші  қазаны  ағасы  мен 

жеңгесі болыпты. Үшінші қазаны әлі 

отау  құрмаған  бойжеткен  қыздың 

өзі екен. Шиырбай шешен қосшыға 

қыздың  айтқандарын  шешіп,  айтып 

беріп:


 Құда түсетін-ақ қыз екен, - 

депті.

Көшербайға

Шиырбай мен 

Қанабек

Шиырбай шешеннің Қанабегінің 

ұлы Әбдірахманда кіндігінен бала 

жоқ екен. Бірде әкесі Шиырбайға 

ұлы Қанабек:

- Мен сізден оздым, - дейді. Таң 

қалған Шиырбай шешен:

-  Қайтып?  –  дейді.  Сонда 

Қанабек:

-  Аталықтағы  Көлбай  мен  Ты-

ныбай  еліне  болыс  болып,  ел 

басқарып отырмын, - дейді. Мырс 

еткен Шиырбай шешен:

-  Әй,  балам,  Әбдірахманнан 

бала  туса.  Ол  сенен  асып  туса. 

Сонда менен асасың! – деп, бетіне 

тіке  қарап  жадырапты.  Қанабек 

«ләм» демей, үнсіз қалыпты. 



Шиырбай мен 

Ескелді

Шиырбай  шешен  қона  жатып 

әңгімелеспекке  әмбе  сәлем  бере 

елі  Жалайыр  Ескелді  уәзір  ауы-

лына  келіп,  аттан  түседі.  Шиыр-

байдан  қай  туған  екенін  сұрап 

білген Ескелді уәзір:

-  Еліңде  Сексенбай  деген  бар 

дейді.  Ол  қандай  адам?  –  дейді. 

Шиырбай шешен:

- Қайрамай өтеді. Қан шығармай 

кеседі, - деп жауап береді. Ескелді 

уәзір:

- Пах, шіркін! Шын әділетті адам 



екен! – деп таңданып:

-  Мүсәпір  деген  бар  екен?  Ол 

қандай  адам?  –  дейді.  Шиырбай 

шешен:


- Ішсе тоймайды. Құйса толмай-

ды, - дейді. Ескелді уәзір:

-  Шын  көзел  батыр  екен,  -  деп 

көздері жанады. Ескелді уәзір:

-  Тәнеке  деген  бар  дейді.  Ол 

қандай  адам?  –  дейді.  Шиырбай 

шешен:

-  Көргенін  айтпайды.  Алғанын 



бермейді, - деп тура жауап береді. 

Ескелді уәзір:

-  Нағыз  жуан,  шонжар  екен 

ғой?  –  деп  таң  қалады.  Жұлып 

алғандай Ескелді уәзір:

- Шиырбай деген бар дейді. Ол 

қандай  жан?  –  дейді.  Шиырбай 

шешен:


-  Аяқтыға  жол  бермейді. 

Ауыздыға  сөз  бермейді,  -  дейді. 

Ескелді уәзір:

-  Апырай,  сол  шешен  сен 

емессің  бе?  –  дейді.  Шиырбай 

шешен:


-  Болсақ  болармыз,  -  дейді. 

Ескелді уәзір:

-  Жарайсың!  Нағыз  тапқыр 

шешен  екенсің!  Бірақ,  сөзіңді 

ешкімге алдырып алма, – деп Ши-

ырбай шешенді қадырменді қонақ 

қылып, батасын беріпті. 

Жемісбек ТОЛЫМБЕКОВ.

- Мүсіреп шешен – жанған оттай, 

атқан оқтай, - деп дәл тауып, жауап 

береді.  Шиырбай  шешенге  ынтығы 

ауған Көгенбай төре:

-  Шербай  бай  кандай?  –  деп 

сұрайды.

- Алғаны кайтпайды, көргенін айт-

пайды,  -  деп  Шиырбай  шешен  міз 

бақпай  Көгенбай  төреге  қарайды. 

Екі алақанын уқалап, дегбірі қашқан 

Көгенбай төре:

-  Ал,  тұсымда  отырған  өзіңіз 

қандайсыз?  –  дегенінде,  Шиырбай 

шешен:

- Аяқтыға жол бермейтін, сөйлерге 



келгенде,  сөз  бермейтін  шешен,  - 

деп Мүсіреп шешен айтпап па еді? 

Мен сондаймын! – депті.

Серікбай  Сүлейменнің  атындағы  «Аягөз»  шаруа  қожалығы  жабыла-

тынын хабарлайды. 

Құсайын Серғазының атындағы «Жұмабек» шаруа қожалығы жабыла-

тынын хабарлайды.

Бекбосынова Улбаланың атындағы жеке кәсіпкерлік жабылатыны ту-

ралы хабарлайды.

«АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫ» 

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ «ДІН САЛАСЫНДАҒЫ 

МӘСЕЛЕЛЕРДІ ЗЕРТЕУ ОРТАЛЫҒЫ» КОММУНАЛДЫҚ 

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Азаматтар  мен  ұйымдардан 

діни  салаға  қатысты  барлық 

мәселелер  бойынша  ақпарат 

қабылдауға, 

сондай- 


ақ 

деструктивті діни қызметтен зар-

дап шеккендерге кеңесшілік және 

психологиялық  көмек  көрсетуге 

арналған, 

Хабарласыңыздар, егер:

Сізді 

немесе 


Сіздің 

жақындарыңызды 

түсініксіз 

діни 


ойларды 

қабылдауға 

мәжбүрлеген болса;

Сізге 


көшелерде, 

кіреберістерде, 

пәтерлерде, 

көліктерде 

күдікті 

діни 


кітаптардың, 

журналдардың, 

кітапшалардың, парақшалар-дың 

таратылуы туралы белгілі болса;

Сізбен 

немесе 


Сіздің 

жақындарыңызбен 

діни 

тақырыпта  күдікті  үгіт  жүргізгісі 



келсе;

Сізге 


немесе 

Сіздің 


жақындарыңызға  діни  жоралар 

мен  іс  –  шараларға  қатысуды 

ұсынған болса;

Сізді діни бағыттағы күдікті жи-

ындар мазалаған болса;

Сізді 


немесе 

Сіздің 


жақындарыңыз 

күдікті 


адамдардың  не  діни  бағыттағы 

ұйымдардың  ықпалына  түскен 

болса;

Сізді 


немесе 

Сіздің 


жақындарыңыз діни мәселелерге 

байланысты  қиын  жағдайларға 

ұшыраған болса;

Сіз 


немесе 

Сіздің 


жақыңдарыңыз  дін  саласындағы 

мамандардың кеңесі мен көмегін 

қажет ететін болса.

Біз 


Сіздердің 

барлық 


сұрақтарыңызға  жауап  береміз 

және көмек көрсетеміз!

Мекен  жайы:  Талдықорған 

қаласы,  І.Жансүгіров  көшесі,  111 

үй, 1 қабат, 108 бөлме

Сіздер үшін заңгер, дінтанушы, 

психолог жұмыс істейді.

Жұмыс  уақыты:  сағат  9.00 

-18.00-ге 

дейін 


қоңыраулар 

облыстың  кез-  келген  нүктесінен 

тегін  қабылданады,  ал  тәулік 

бойы  республикалық  «ҚАУЫРТ 

ЖЕЛІ  –  114»  телефонына 

хабарласуға болады, 



«СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ 

                   8-800-080-28-95».

Жаңа  жыл  жақындап  келеді, 

қандай жаңа жыл мерекесі бенгалдық 

шамдар  және  от  шашулардың 

мерекелік  дүркінісіз  өтеді?    Жаңа 

жыл  және  де  басқа  мерекелер-

де  өрт  қауіпті  пиротехникалық 

құралдардың әртүрлі үлкен арсена-

лы қолданылады.  

Осындай  түрдегі  бұйымдарды 

сатып алған кезде, қайғылы зардап-

тарды  болдырмауға  көмектесетін 

ережелерді есте сақтаған жоқ. 

- пиротехниканың барлық түрлері 

сыртта қолдану үшін арналған.

-  отшашулар  мен  салюттерді 

тұрғын үйлердің немесе тез жанғыш 

заттардың  қасында  20  метрден 

жақын  жерлерде,  төмен  бастыр-

малар  мен  өсіп  тұрған  ағаштардың 

астында қолдануға болмайды.

-  отшашуларды  жаққан  кез-

де  білтесін  бетке  жақын  ұстауға 

болмайды.  Отшашудың  білтесін 

созылған  қол  қашықтығында  жағу 

керек. Ол 6-8 секунд жанады. Отша-

шудан  ұшқан  от  ұшқындарын  өшіру 

қиын, сондықтан егер ол қолға тисе – 

міндетті түрде тері күйіп қалады.

-  ракеталар  мен  отшашуларды 

адамдарға  қарай  атуға  болмай-

ды.  Ракета  –  бұл  қауіптілігі  жоғары 

пиротехникалық 

бұйым. 


Кейде 

қардың үстіне орнатылған ракета бір 

жағына ауып кетіп, бағытын өзгертіп, 

адамдарға  қарай  ұшуы  мүмкін, 

сондықтан  олардың  іске  қосатын 

түтіктерін жерге нық орнату қажет.

-  балаларға  пиротехникалық  зат-

тармен  ойнауға  болмайды,  бұл 

балаларға арналған ойыншық емес.

жағылған 



салюттер 

мен 


отшашуларға 

олардың 


қолдану 

әдісінде 

көрсетілген 

қауіпсіз 

қашықтықтан жақындауға болмайды.

Әрбір 


пиротехникалық 

бұйымда  оның  қолдану  әдісі  ту-

ралы  нұсқаулық  жазылады.  Сол 

нұсқаулықты мұқият оқып шығу үшін 

бір-екі  минут  уақытыңызды  бөліңіз. 

Бұл  Сізді  пиротехникалық  зат-

ты  қолданғанда  қате  іс-қимылдан 

сақтайды. 

Сіздерден  сақтық  шараларын 

ескерулеріңізді  сұраймыз,  себебі 

кез-келген өрт қауіпсіздік ережелерін 

бұзушылықтар  қатерлі  зардаптарға 

және  нағыз  қайғыға  ұшыратуы 

мүмкін. 


Сондықтан 

өзіміздің 

мерекемізді қайғыландырмай қарсы 

алайық! 


 Нұрдәулет ЖАҚСЫБАЕВ,

аудандық ТЖБ

бас маманы, өққ капитаны.                                     

Шырақ едің әлі жанып бітпеген,

Кітап едің үлгермеген оқылып,

Ортамыздан әкетті ажал 

                                     күтпеген,

Пейіш болсын, ендігі өмір- 

                                      бақилық.

Тұнжырайды туған жердің тау- 

                                           тасы,

Жоқтағандай сенің әзіл сөзіңді.

Бала-шағаң өміріңнің жалғасы,

Қайғырып жүр жоғалтып ап 

                                         өзіңді.

Қайғырып жүр туыс - бауыр, 

                                   достарың,

Көкейінде саған ізгі сөз қалған.

Бірге жүрген күндер енді қас-

                                        қағым,

Өмір өтті, опасыз ау, бұл жалған.

Сеніменен бірге кетті сырымыз,

Сәттер қайда бірде тату, бірде 

                                              дау,

Бірге кетті шырқалмаған 

                                    жырымыз,

Неге мұнша өмір қысқа, құдай-

                                               ау?

Мұқияттап тындырушы ең әр 

                                              істі,

Ұйықта достым, иман болсын 

                                  жолдасың.

Алдың жұмақ, артың болсын 

                                       ырысты,

Енді өзіңді Аллаһ жар боп 

                                    қорғасын.



Ғабит ТұРСЫНБАй.

ЕРБОЛАТҚА


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет