№ 5 (1467) Сенбі, 4 ақпан 2017 жыл
Серпін
Шыңғырлау аудандық
қоғамдық - саяси газеті
Газет 1938
жылдан шығып
келеді
ҚоғАМ
ЕСЕП
2-бет
4-стр.
5-бет
8-бет
оБщЕСТво
www.facebook.com/serpyn.kz
/
www.serpyn.kz/
хАБАР-оШАР
www.zhaikpress.kz
Сауалдарына
жауап алды
Беспокоят
проблемы
сельчан
Балықшылар
байқауы - игі
бастама
Абызы бар ел-
азбайды
27 қаңтар күні аудандық қоғамдық
кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынға
облыстық мәслихат хатшысы Мәлік
Құлшар қатысып, отырысты кеңес төрағасы
С.Жұмағұлов жүргізді.
Бір жыл бойы ауданда атқарылған
жұмыстар жөнінде аудан әкімі альберт
Есалиев баяндама жасады. Әкім есебі слайд
түрінде көрсетіліп, ауданымыздың соңғы
жылдары әлеуметтік және экономикалық
жағынан да ілгерілеу кезеңінде екені анық
байқалды. Әсіресе, мал шаруашылығы
өркендеп, орта және шағын бизнес қарқын
алған.
аудан әкімі сонымен қатар білім, спорт,
мәдениет, денсаулық сақтау салаларына да
тоқталып, оң істерді, қайырымдылық пен
ауданымызды көркейту жұмыстарын атап
өтті.
Әкім есебінен соң қоғамдық кеңес мүшелері
аудандық мәслихат хатшысы Г.Вол-
когон және аудандық қоғамдық кеңестің
жұмысы туралы кеңес төрағасы С. Жұ-
мағұловтың есебін тыңдап, сұрақтарын
беріп отырды.
Кеңес мүшелері атынан сөз алған «Нұр
Отан» партиясы аудандық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары С. Бәй-
тенова және аудандық ардагерлер кеңесінің
төрағасы С.Сәмиев баяндалған есептер
бойынша пікірлерін білдіріп, атқарылған
шараларды оң бағалап, алдағы жұмыстарына
жетістік тіледі.
Осы басқосуға қатысып отырған облыстық
мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар қоғамдық
кеңес жұмысына сәттілік тілей отырып, об-
лыс бойынша тұщымды ақпараттар беріп,
жоспарларымен бөлісті. Келелі кеңесте
Елбасының Үндеуі туралы айта келе, алға
қойған мақсаттарға жету үшін бірлесе еңбек
етуге шақырды.
Айсұлу АРыСТАновА
Қоғамдық кеңес отырысында
Әкім есебі мақұлданды
Мұқалмас жігер мен сергектіктің
белгісі - Сұңқар құсын төлтаңба
етіп таңдап, «Қанатыңды кең серпі»
ұранымен «Ұлы Дала Елінде» өтіп
жатырған әлемдік шараны тұтас
Қазақ елі қолдау білдіріп, қуаттап
жатыр. Осындай ілкімді шараға
аудан әкімі альберт Есалиев,
облыстық мәслихат хатшысы Мәлік
Құлшар қатысты.
Лауазымды
мейман
аудан
жұртшылығын студенттер арасын-
дағы қысқы ойындарды қолдауға
шақырса, аудан басшысы жастарды
спортты әрқашан серік етуге, жігерлі,
білімді болуға, еліміздің болашағын
жарқын ете түсуге ұмтылуға үндеп,
еліміздің спортшыларына сәттілік
тіледі. ауданымыздың танымал
спортшылары, волейбол коман-
дасында жетістікке толы ойын
көрсетіп жүрген, ҚР-ның мектеп ли-
гасы бойынша күміс жүлдегерлері
Венера Қосманова, Ирина Пятина,
Юля Козел, Эля Кутуева, Риза Кари-
мова және Ирина Кобаны құттықтап,
бағалы спорт киімдерін тарту етті.
Бұдан әрі мұз үстіндегі «Көңілді
старт» эстафеталық ойыны бас-
тау алып, 4 команда өзара сайысқа
түсті.
Естеріңізге сала кетсек, бұған
дейін аҚШ-тың Солт-Лейк-Сити,
Канаданың Ванкувер, Ресейдің Сочи
универсиадаға үн қосты
Алматыда алауын
жағып, ел мерейін
төрткүл дүниеге паш
еткен Универсиаданы
қолдау мақсатында
ауданымызда да жер-
гілікті мәдениет,
тілдерді дамыту,
дене шынықтыру
және спорт бөлімінің
ұйымдастыруымен,
аудандық жастар
ресурстық орталығы,
«Шыңғырлау жастары»
жастар бірлестігінің
қолдауымен мұз
үстіндегі «Көңілді
старт» ойыны өтті.
қаларында болған қысқы ойындар
енді өзіміздің алматы аймағында
өтіп жатыр. Ғасырлардың куәсі
- қарт алатаудың баурайындағы
мың жылдық тарихы бар қала
биылғы қыста әлем жұртшылы-
ғын өз сұлулығы, паңдығы және
ерекше меймандостығымен таң
қалдырмақшы. Бұл алыс-жақынға
Тәуелсіздігін жуырда алса да ір-
гелі ел, біртұтас Қазақстан халқына
айналған мемлекетіміздің жарқын
келбетін жарқырата көрсетпек.
Қаршыға ЕЛЕМЕСов
Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші
жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы-
мен таныса отырып, Елбасының «Біз цифрлық технологияны
қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге
тиіспіз. Бұл - маңызды кешенді міндет. Елде 3Д - принтинг, он-
лайн - сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секіл-
ді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және
басқа да перспективалы салаларды дамыту керек»-деген сөзін
қолдаймын. Жолдаудағы төртінші басымдық - адами капитал
сапасын жақсарту деген ойы да көңілге қонымды.
Елбасымыз адамдардың жақсы өмір сүруіне жағдай туғызуды
бірінші кезекке қояды. Әрине, бұның бәрі де өз қолымызбен,
өзіміздің халқымыздың игілікті іс қылуы арқылы жасалмақ.
Аида ДүйСЕБАЕвА,
аудандық статистика бөлімінің басшысы
Жолдау жолдарынан
Бәрі де адам игілігі үшін
Елбасымыздың биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы:
жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында мені разы
қылған бір тұсы зейнетақының 1 шілдеден бастап 20%-ға ар-
туы. Елбасыны уақыт пен баға жарысқан заманда әлеуметтік
топтардың жағдайы алдымен толғандырады. Биыл да осы
бағытта «Менің тапсырмам бойынша 2017 жылғы 1 шіл-
деден бастап 2,1 миллион зейнеткер үшін зейнетақы 2016
жылғы деңгейден 20%-ға дейін арттырылады. Бұдан бөлек,
базалық зейнетақы тағайындау 2018 жылғы 1 шілдеден бас-
тап жаңа әдістеме бойынша жүзеге асырылады,-деп атап
көрсетіп отыр.
Осы өсімнің барлығы 2018 жылы базалық зейнетақының
жаңа мөлшерін 2017-ші жылмен салыстырғанда 1,8 есе
арттыруға мүмкіндік береді,-дейді Н.Назарбаев. Бұл бізді
қуантып, болашағымызға деген сенімді бекіте түседі.
Тілекқабыл ЖұБАнИяЗов,
зейнеткер
Аудан әкімдігінде
2
ҚоғАМ
№ 5 (1467). 4 ақпан 2017 жыл
Серпін
«Нұр
Отан»
партиясы
аудандық филиалы төрағасының
бірінші орынбасары Светлана
Бәйтенованың ұйымдастырумен
Шыңғырлау колледжінде кездесу
өтті. Ұстаздар алдында Светла-
на Ешматқызы жемқорлықтың
алдын алу жөнінде баяндама оқып,
сұрақтарға жауап берді.
Бүгінгі әлемдік даму үдерісіне
қосылып кеткен еліміздің өзінің
экономикалық дамуын мемлекетті
басқару, өндірістік әлеуетті арт-
тыруды жаңа заманауи формат-
та жаңғырту тұрғысында Елбасы
Н.Ә. Назарбаев халыққа Жолдауын
жариялады. Бұл құжат, “Мәңгілік
Ел” идеясын жүзеге асыруды “100
Партиялық жоба аясында
Түсінік жұмысы оздырылды
Экспорттау кезінде орны ауысты-
рылатын объектілерге (жануарлар,
ауыл шаруашылығы жануарлары
өнімдері т.б) ветеринариялық серти-
фикат беру мемлекеттік көрсетілетін
қызметі Қазақстан Республикасы
ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 мамырдағы «Вете-
ринария саласындағы мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер стандарттарын
бекіту» туралы № 7-1/418 бұйрығына
сай жүргізіледі.
Өтініш
иесі
экспорт
кезінде
берілетін ветеринариялық сертифи-
катты алу үшін жануарларды немесе
жануарлар өнімдерін тасымалдауға
үш жұмыс күнінен кем емес уақыт
қалғанда
Қазақстан
Республика-
сы ауыл шаруашылығы министр-
лігі ветеринариялық бақылау және
қадағалау Комитетінің Шыңғырлау
аудандық аумақтық инспекциясына
(бұдан әрі - Инспекция) немесе www.
e.gov.kz, www.elicense.kz «электрондық
үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – пор-
тал) арқылы өтініш береді.
Ветеринариялық сертификатты алу
үшін мынадай құжаттар қажет:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына қосымшаға сәйкес нысан
бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат
және өкілдің өкілеттілігін растайтын
құжат (сәйкестендіру үшін);
3) жануарлардан алынатын өнім мен
шикізатты тасымалдау кезінде – сарап-
тама актісінің (сынақ хаттамасының)
көшірмесі;
4) иттер мен мысықтардың орнын
ауыстыру (тасымалдау) кезінде –
ветеринариялық паспорт көшірмесі;
5) Еуразиялық экономикалық одаққа
мүше мемлекеттерге немесе үшінші
елдерге (Еуразиялық экономикалық
одақ мүшелері болып табылмай-
тын мемлекеттер) әкету мақсатында
республиканың
бір
әкімшілік-
аумақтық бірлігінен республиканың
басқа әкімшілік-аумақтық бірлігіне
орны ауыстырылған (тасымалданған)
объектілердің орнын ауыстырған
(тасымалдаған) кезде және/неме-
се республиканың бір әкімшілік-
аумақтық бірлігі шегінде орны ауысты-
рылатын (тасымалданатын) объектінің
иесі ауысқанда – ветеринариялық
анықтама
(ақпараттық
жүйеде
болмаған жағдайда);
6) ветеринариялық сертификат блан-
кісі үшін ақы төленгенін растайтын
құжатың көшірмесі.
Портал арқылы өтініш бергенде:
1) осы мемлекеттік көрсе-тілетін
қызмет стандартына қосымшаға сәйкес,
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-
сымен куәландырылған электрондық
құжат нысанындағы өтініш;
2) жануарлардан алынатын өнім
мен шикізатты тасымалдау кезін-
де – мемлекеттік ветеринариялық
зертхана берген сараптама актісінің
(сынақ хаттамасының) электрондық
көшірмесі;
3) иттер мен мысықтардың ор-
нын ауыстыру (тасымалдау) кезін-
де – ветеринариялық паспорттың
электрондық көшірмесі;
4) Еуразиялық экономикалық одаққа
мүше мемлекеттерге немесе үшінші
елдерге (Еуразиялық экономикалық
одақ мүшелері болып табылмай-
тын мемлекеттер) әкету мақсатында
республиканың
бір
әкімшілік-
аумақтық бірлігінен республиканың
басқа әкімшілік-аумақтық бірлігіне
орны ауыстырылған (тасымалданған)
объектілердің орнын ауыстырған
(тасымалдаған) кезде және/неме-
се республиканың бір әкімшілік-
аумақтық бірлігі шегінде орны ауысты-
рылатын (тасымалданатын) объектінің
иесі ауысқанда – ветеринариялық
анықтаманың электрондық көшірмесі
(ақпараттық
жүйеде
болмаған
жағдайда);
5) «Электрондық үкіметтің» төлем
шлюзі арқылы төленген жағдайды
қоспағанда, ветеринариялық серти-
фикат бланкісі үшін ақы төленгенін
растайтын құжаттың электрондық
көшірмесі.
Өтініш берушіге инспецияға не-
месе порталға құжаттар топтамасын
тапсырған күннен бастап – 3 (үш)
жұмыс күні ішінде ветеринариялық
сертификат беріледі.
Мемлекеттiк қызметті көрсетуден
бас тарту үшін мыналар негіз болып
табылады:
1) орны ауыстырылатын (тасымал-
данатын) объекті туралы ақпараттың
ұсынылған құжаттарға сәйкес келме-
уі;
2) орны ауыстырылатын (тасы-
малданатын)
объектінің,
көлік
құралының ветеринариялық (вете-
ринариялық-санитариялық)
талап-
тарға және қауіпсіздік қағидаларына
сәйкес келмеуі;
3)тиісті аумақтағы эпизоотиялық
ахуалды бағалауды ескере отырып,
орны ауыстырылатын (тасымалдана-
тын) объектіні экспорттауға рұқсаттың
болмауы (үшінші елдерге (Еуразиялық
экономикалық одақ мүшелері болып
табылмайтын мемлекеттерге) экспорт-
тау кезінде);
4) Еуразиялық экономикалық одаққа
мүше елдерге орны ауыстырыла-
тын (тасымалданатын) объектілерді
Қазақстан Республикасына үшінші
елдерден (Еуразиялық экономикалық
одақ мүшелері болып табылмайтын
мемлекет) Біріңғай ветеринариялық
(ветеринариялық-санитариялық) та-
лаптардан және олардың өндірілген
өнімдерінен ерекшеленетін талаптар
бойынша әкету.
Еуразиялық экономикалық одаққа
мүше елдерге ауылшаруашылығы жа-
нуарларын және олардың өнімдерін эк-
спорттау үшін шаруашылық жүргізуші
объектілер міндетті түрде Кедендік
Одақ реестрінде тіркеуде болуы тиіс.
Ресей Федерациясы 2016-жылы
Қазақстан Республикасының атырау
облысында нодулярды дерматит (бұдан
әрі - НД) ауруының шығуына байла-
нысты Қазақстан Республикасының
аумағынан тасымалданатын тірі жа-
нуарлар мен олардың өнімдеріне
уақытша шектеу қойып тастады. Шек-
теу талабы бойынша:
1) Жөнелтілетін күні жануарда НД-
ның клиникалық белгілері байқалмауы
тиіс;
2) Жануарлар НД-ға қарсы вакцина-
мен егілмеуі қажет;
3)
халықаралық
эпизоотиялық
бюроның нұсқаулығы бойынша жа-
нуарлар НД-ға лабораториялық
зерттеліп, нәтижесі бойынша НД
анықталмауы керек;
4) Жануарлар 28-күннен кем емес
уақытта карантинде тұруы тиіс.
Жоғарыда көрсетілген талаптар
сақталған жағдайда ғана тірі малды
Ресей Федерациясына экспорттауға
ветеринариялық сертификат беріледі.
Руслан САБИРов,
ҚР АШМ вБ ж ҚК-нің
Шыңғырлау аудандық
аумақтық инспекциясының
мемлекеттік ветеринариялық-
санитариялық инспекторы
Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге
ветеринариялық сертификат беру мемлекеттік көрсетілетін қызметі
Қабылдауға
аудандық
партия
филиалының
қызметкерлері, аудандық әділет басқармасының бас-
шысы Н.Дәуленов, аудандық кәсіпкерлік палатасының
заңгері Б.Жандаулетов, нотариалдық кеңсе меңгеру-
шісі
С.Игілманов
және
хҚКО
қызметкері
Т.Жолдығалиев қатысып, өздерінің сұрақтарына жау-
ап іздей келген тұрғындармен тілдесті.
аудан тұрғындары шағын және орта бизнес
бойынша несие алу кезінде кепілдікке қойылған
үй құжаттары, Белогор ауылдық округі бойынша
қасапхана құжаттарын заң шеңберінде сәйкестендіру,
жеке тұрғын үй қандай жағдайда апатты деп таныла-
ды, мекен-жайға тіркелу үшін шектеу бар ма, 16 жасқа
толғанда жеке куәлікті уақытша тіркелген жерінен
алуға бола ма, тағы да басқа сұрақтар төңірегінде нақ
ты, дәл жауаптар алды.
аудандық партия филиалы төрағасының бірін-
ші орынбасары С.Бәйтенова мұндай қабылдаулар
аудан тұрғындарының заң тұрғысынан сауаттылығын
тереңдетуге, заң тармақтарын тиісінше қолдана біліп,
өз жұмыстарын жүргізу кезінде құқықбұзушылыққа
жол бермеу үшін өте маңызды деп атап көрсетті.
г.ИБРАгИМҚыЗы
Сауалдарына жауап алды
«Әділет кеңес береді» республикалық акциясы тұжырымдамасының не-
гізінде тұрғындарға кәсіби заңгерлік көмек көрсету, құқықтық нормалар
мен қолданыстағы заңдарға енгізілген өзгерістер мен түзетулер тура-
лы ақпарат беру, азаматтардың заң және құқық бойынша түсініктерін
қалыптастыру мақсатымен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында
қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды.
нақты қадам” жоспары негізін-
де орындайтын жоспар болмақ.
Міне, осы жолда, еліміздің дамып,
көркеюіне бағытталған қандай да
бір істің жүзеге асырылуына бас-
ты кедергі болатын қоғамдық дерт
- сыбайлас жемқорлықты түп-та-
мырымен жоюымыз қажет, - дей
келе, ұстаздардың ортаға салған
пікірлерін тыңдады.
А.МуСА
Тек қана 2016 жылдың
өзінде «Дипломмен - ауылға»
бағдарламасымен 23 маман үймен
қамтылыпты. Жарқын өмірді
қалап, сол бағытта еңбек етіп
тиянақты іспен айналысқандар
қатарынан біздің шыңғырлаулық
жастарды көптеп көрсек,-деді
жақында өткен жастармен кезде-
суде аудан әкімінің орынбасары
Қалияр айтмұхамбетов.
Бұл жиында Қалияр Шадиярұлы
Елбасының халқына жолдаған
жаңа Жолдауын түсіндірді. Соны-
мен қатар діни теріс ағымдардан
бойларын аулақ ұстау қажеттігін
де ескертті.
ал, жастармен жұмыс жөніндегі
ресурс орталығының директо-
ры айдос хаиров аудан бойын-
ша жастардың қам-қарекетін,
атқарылған жұмыстарынан есеп
беріп, алдағы жоспарларымен де
бөлісті. Оның айтуынша, 14-28
жас аралығыдағы жастар саны -
3614, болса, 172 - студент, әскер
қатарында - 38, мектепте - 560,
мүгедектер-43, ал жас кәсіпкерлер
–саны 22 екен. аталмыш орталық
көптеген жастарды жұмысқа ор-
наластырып, қоғамдық жұмысқа
тартып, әр түрлі іс-шараларға бел-
сенділікпен қатысуға тартуда .
Осы жиынға қатысқан аудандық
ауылшаруашылық бөлімінің бас-
шысы азамат Бисембаев жастар-
ды мал шаруашылығын өркендету
жағдайымен таныстыра келе, қазіргі
таңда осы салаға беріліп отырған
несиелер, субсидиялар, Үкіметтен
берілетін қаржылай қолдау ту-
ралы толығымен әңгімелей оты-
рып, «Береке» бағдарламасына
қатысуға шақырды. Өз кезегінде
сөз алған аудандық жұмыспен
қамту орталығының директоры
Боранбай Нұржанов бизнес, орта
және шағын кәсіпкерліктің ахуа-
лын түсіндіре келе, ауданымызда
өткен жылы жұмыссыз жастардан
тұрақты және уақытша жұмысқа
қанша адам орналасқандығын,
қайтадан кәсібін жетілдіру үшін
кезең-кезеңмен ондаған жастардың
оқуға жіберілгендігін тілге тиек
етті.
Бұл жиында талай ой-пікір-
лер талқыға түсіп, тіпті мамандық
таңдау турасында да шындықтар
айтылды. Оқу бітіріп келген ма-
мандар арасында қазақ тілі әдебиеті
немесе психолог мамандықтары
жетерлік екен, керісінше физика,
математика немесе химия пәнінің
мұғалімі мамандығы неге аз деген
сұрақ туындады. Сонымен қатар,
бәрімізде галстук тағып, тек ме-
кемелерде ғана отыратын жұмыс
іздесек, сонда кім мал бағып, кім
егінімізді егіп береді, неге бізде
ветеринарға, агрономға оқымайды,
осы жағын да ойлаған жөн де-
ген ақыл-кеңестер де айтылмай
қалмады бұл кездесуде.
Иә, бұл жиынның айтары да,
мәні мен маңызы көп болғандай,
жастарымыз жиыннан үлкен бір
серпіліспен, салиқалы ойлармен
тарқасты.
Айсұлу АМАнгЕЛДІҚыЗы
Жастардың болашағы-
жарқын
- Қазіргі таңда жастар үшін барлық жағдай жасалған,
білім алу, қызметке орналасу еш кедергісіз болса, жас
мамандардың әлеуметтік - тұрмыстық жағдайына баса на-
зар аударылып, жыл сайын олар арнайы бағдарлама арқылы
баспанамен қамтылуда.
3
БюДЖЕТ
№ 5 (1467). 4 ақпан 2017 жыл
Серпін
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4
желтоқсандағы
Бюджет
кодексіне,
Қазақстан
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік
басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес,
аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБыЛДАДы:
1. 2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет
1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2017
жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 2 930 939 мың теңге:
салықтық түсімдер – 287 459 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 6 100 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 660 мың
теңге;
трансферттер түсімі – 2 636 720 мың теңге;
2) шығындар – 2 930 939
мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 57 860 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 57 860 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу –0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо
– 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін
түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 57 860 мың
теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін
пайдалану) – 57 860 мың теңге:
қарыздар түсімі – 57 860 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатын пайдаланылатын қалдықтары – 0
теңге.
2. 2017 жылға арналған аудандық бюджет түсімдері
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне,
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 29 карашадағы
«2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет
туралы» Заңына және осы шешімнің 4, 5 - тармақтарына
сәйкес қалыптастырылады.
3. Қазақстан Республикасының «2017-2019 жылдарға
арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 7,
10, 11- баптары қаперге және басшылыққа алынсын.
4. аудандық бюджетте 2017 жылға арналған рес-
публикалық
бюджеттен
берілетін
нысаналы
трансферттердің және кредиттердің жалпы сомасы 265
617 мың теңге ескерілсін:
жастар практикасына – 11 572 мың теңге;
жалақыны ішінара субсидиялауға– 4 223 мың теңге;
тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен
мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге – 1 567 мың теңге;
оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін
мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге – 2 962 мың теңге;
«Өрлеу» жобасы бойынша келісілген қаржылай
көмекті енгізуге – 7 042 мың теңге;
ымдау тілі маманының қызмет көрсетуіне – 440 мың
теңге;
мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен
Шыңғырлау аудандық мәслихатының ШЕШІМІ
№11-1 22 желтоқсан 2016 жыл