Газет 2005 жылдың 13 қазанынан бастап шығады


Əулиаета  өңіріндегі  білімге  құштар  жас  ұрпақты  оқытып



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата06.03.2017
өлшемі19,56 Mb.
#7850
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Əулиаета  өңіріндегі  білімге  құштар  жас  ұрпақты  оқытып, 

тəрбиелеуге  еңбектенген  ұстаздардың  қызметі  алқалы  жиында 

сараланды.  Өңіріміздегі 2640 педагогтың  бір  жыл  ішіндегі 

жұмыстары  жөнінде  облыстық  білім  басқармасының  басшысы 

Сұлушаш 

Құрманбекованың 

есебінде 

кеңінен 

айтылды. 

Облыс  əкімінің  орынбасары  Ерқанат  Манжуов  қатысқан  білім 

басқармасының 

кеңейтілген 

алқа 

мəжілісінде 

баяндалған 

мəлімдемені  Тараз  қаласы  мен  аудандардың  əкімдерінің 

орынбасарлары, қалалық жəне аудандық білім бөлімдерінің, білім 

беру мекемелерінің басшылары, ардагер ұстаздар, үкіметтік емес 

ұйымдар да тыңдады. 

Қамар ҚАРАСАЕВА

«ҚАЗАҚШАҢЫЗ ҚАЛАЙ?»

«ҚАЗАҚШАҢЫЗ ҚАЛАЙ?»

Ата-аналардың  білімін, біліктілігі мен шапшаңдығын байқау үшін сайыс   

«Дода», «Ойлы  болсаң,  озып  көр», «Сіз  білесіз  бе?»,  «Сиқырлы  қоржын»,  

«Жеті  жұрттың  тілін  біл...»,  «Өнерлінің  өрісі  кең»  жəне  «Үй  тапсырмасы» 

сынды жеті кезеңнен тұрды. 

Аталған шараны балабақша меңгерушісі Айгүл Ахатаева  құттықтау сөзбен 

ашып,  мемлекеттік  тілдің  мəртебесін  арттыруда  өткізіліп  жатқан    шараның 

маңыздылығына тоқталып, мемлекеттік тілді меңгеру біздің болашақ елімізді 

одан əрі дамуына ынталандыру болып табылатындығын айтып  өтті. 

Одан  кейін  жарыс  көркі  қыза  түсті.  Ата-аналар  жарыстың  əр  кезеңінде  

өз  білімдерін,  қазақ  тілін  меңгеруін  барынша  көрсете  білді.  Қазақ  тілінде 

мəнерлеп өлең оқып, би билеп, əн айтты. Үй тапсырмасында қазақтың ұлттық  

тағамдарын, əзірлеп, көпшілікке ұсынды. 

 Сайыс қорытындысы бойынша  «Ақылды ана» номинациясымен Елена 

Коваленко, «Белсенді ана» номинациясымен Раиса Атабаева, «Қамқор əке» 

аталымымен    Михаил  Дьякнов, «Өнерлі  əке»  номинациясымен  Саламбек 

Цуцаев, «Өнерпаз  қатысушы»  номинациясымен  Наталья  Поберезкина, 

«Өнерлі  ана»  аталымымен  Мавлюда  Каримбаева, «Көрермен  көзайымы» 

номинациясымен Татьяна Хапаева марапатталды. 

А.КАЛЫСБАЕВА, 

«Жасдəурен» балабақшасының

қазақ тілі маманы.  

Тараз қаласы.

«Жасдəурен» 

балабақшасында  

Қазақстан 

халқы 

Ассамблеясының 

жиырма  жылдығына  орай    орыс, 

өзбек,  шешен  ұлт  өкілдері  арасында 

«Қазақшаңыз  қалай?»  атты  ата-аналар 

сайысы өтті. 

ТАҒАЙЫНДАУ

ТАҒАЙЫНДАУ

Жамбыл облысы əкімінің 

2015 жылғы 22 қаңтардағы 

№33-Ө өкімімен С.М.Қойбақов 

Жамбыл облысы əкімдігінің 

табиғи ресурстар жəне 

табиғат пайдалануды реттеу 

басқармасы басшысының 

қызметіне тағайындалды

Қойбақов  Серік  Мамыртайұлы 1956 жылы  туылған,  ұлты  қазақ, 

білімі  жоғары, 1979 жылы  Қазақ  ауыл  шаруашылығы  институтын  орман 

шаруашылығы мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1979 жылы Жамбыл облысы орман шаруашылығы жəне 

орман  қорғау  басқармасының  Луговой  орман  мелиоративтік  бекетінде 

орманшы болып бастаған.

1984-1986  жылдары  Жамбыл  облыстық  орман  шаруашылығы  жəне 

ормандарды қорғау басқармасының Жамбыл орман шаруашылығы Мақпал 

орманшылығының  орманшысы,  аға  орманшысы, 1986-1988 жылдары 

Луговой  орман  шаруашылығының  директоры, 1988-1993 жылдары 

Луговой  орман  шаруашылығының  аға  орманшысы,                   1993-

1995  жылдары  Ақыртөбе  орман  шаруашылығының  аға  орманшысы, 

1998-2000  жылдары  Жамбыл  орман  жəне  аң  шаруашылығы  мекемесі 

директорының орынбасары,                2000-2006 жылдары «Тараз Орманы» 

РМК  директорының  орынбасары, 2006-2009 жылдары  Жамбыл  облысы 

əкімдігінің  Меркі  ормандарды  жəне  жануарлар  дүниесін  қорғау  жөніндегі 

мемлекеттік мекемесінің директоры қызметтерін атқарған.

2009-2015  жылдары  аралығында  Жамбыл  облысы  əкімдігінің  табиғи 

ресурстар  жəне  табиғат  пайдалануды  реттеу  басқармасы  басшысының 

орынбасары болып жұмыс атқарған.

Үйленген, 5 бала тəрбиелеп өсіруде.



Жамбыл облысы 

əкімінің 2015 жылғы 

26 қаңтардағы №40-

Ө өкімімен Д.Қ.Алиев 

Жамбыл облысы 

əкімдігінің мемлекеттік 

сəулет-құрылыс бақылауы 

басқармасының  басшысы 

болып тағайындалды

Алиев Досмаханбет Қасымұлы 1966 жылы туылған, ұлты қазақ, білімі 

жоғары, 1989 жылы  Жамбыл  гидромелиоративтік  құрылыс  институтын 

«инженер-құрылысшы»  жəне 2007 жылы  «Əулие-ата»  университетін 

«құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген. 

Еңбек жолын 1989 жылы Семей қаласында Семей зооветеринарлық 

институтында нысанды жəне құрылысты пайдалану саласында инженер 

болып бастаған. 

1989-1992  жылдары  Семей  зооветеринарлық  институтында  прораб 

жəне күрделі құрылыс жөніндегі проректордың міндетін атқарушы, 1992-

1994  жылдары  Жамбыл  қалалық  өнеркəсіп  комбинатында  құрылыс 

мастері, 1994-2002 жылдары Жамбыл аумақтық мемлекеттік лицензиялау 

орталығында  жетекші  маманы,  бас  маманы,  директордың  міндетін 

атқарушы, 2002-2005 жылдары  облыстық  сəулет,  құрылыс  бақылауы, 

тексеру жəне лицензиялау жөніндегі басқарма бастығының орынбасары, 

2005-2013  жылдары  облыс  əкімдігінің  сəулет,  қала  құрылысы  жəне 

құрылыс департаменті директорының орынбасары.

 2013-2015 жылдары Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік сəулет-

құрылыс бақылау жəне лицензиялау департаментінің басшысы қызметін 

атқарған.

Үйленген, 3 бала тəрбиелеп өсіруде.

Жамбыл облысы əкімінің 

2015 жылғы 26 қаңтардағы 

№-41 ө өкімімен С.М.Тапеев 

Жамбыл облысы əкімдігінің 

жерлерді пайдалану 

жəне қорғалуын бақылау 

басқармасының басшысы 

болып 

тағайындалды

Тапеев Серікбай Мырзалыұлы 1958 жылы туылған, ұлты қазақ, білімі 

жоғары, 1985 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын бухгалтерлік 

есеп жəне шаруашылық жұмысын талдау мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1976 жылы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Фурманов 

совхозында жұмысшы болып бастаған.

1977-1979 жылдары əскер қатарында, 1979-1981 жылдары Мойынқұм 

ауылында  ПМК-2006  мекемесінде  құрылысшы, 1981-1985 жылдары  –

Алматы  халық  шаруашылық  институтының  білімгері, 1985-1987 жылдары 

Алматы  халық  шаруашылық  институтының  оқытушысы, 1987-1988 

жылдары  Мойынқұм    ауданы  Фурманов  совхозында  бас  бухгалтердің 

орынбасары, 1988-1990 жылдары Мойынқұм  ауданы Байтал совхозында 

бас  экономист, 1993-1996 жылдары  Мойынқұм    ауданы  Ж.Қуанышбаев 

атындағы  агробірлестігінде  бас  экономист,  1996-1999 жылдары  Жамбыл 

облысы  ауылшаруашылығы  департаментінде  жетекші  маман,  бас  маман, 

1999-2001  жылдары  Жамбыл  облысы  əкімі  аппаратында  консультант, 

бөлім  меңгерушісі, 2001 жылдың  қаңтар  айынан  желтоқсан  айына  дейін 

«Мекемелерді  қайта  құру  жəне  тарату  агенттігі»  ААҚ-ң  Жамбыл  облысы 

бойынша филиалының директоры, 2002-2004 жылдары ҚР МКМ дəрменсіз 

борышкерлермен  жұмыс  жөніндегі  комитетінің  Жамбыл  облысындағы 

басқарма  бастығы, 2005-2008 жылдары  Жамбыл  облысы  əкімінің 

ауылшаруашылығы  департаменті  директорының  орынбасары, 2010-

2012  жылдары  Жамбыл  облысы  əкімі  аппаратында  бөлім  меңгерушісі 

қызметтерін атқарған.

2012-2015 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Өңірлік даму 

министрлігінің  Жер  ресурстарын  басқару  комитетінің  Жамбыл  облысы 

бойынша аумақтық жер инспекциясының басшысы болып қызмет атқарған.

Үйленген, 3 бала тəрбиелеп өсіруде.



3

29 қаңтар,

№5 (485)

ЖАНАРТАУ

– Ердос Төлегенұлы, «спорт саласын басқару 

үшін  спортшы  болу  міндетті  емес»  дегенді  осы 

саланың  тізгінін  ұстаған    басшылардың    бірі 

айтып қалған еді. Сіздің бұған пікіріңіз қалай?

–  Негізі,  қандай  да  болмасын  спорт  мекемесін 

басқару  үшін  басшының  спорттан  хабары  болуы  

керек деп ойлаймын. Себебі, дана қазақта «шымшық 

сойса да қасапшы сойсын» деген сөз бар. Яғни, əр 

маман  өз  саласына  қарай  қызмет  етуі  керек.  Мен 

қаржыгердің  немесе  дəрігердің  спорттан  хабары 

болмай  тұрып,  бұл  саланы  ұршықша  иіріп  əкетеді 

дегенге  сенбеймін.  Дəл  сондай,  спорт  мамандары 

да  өзге  саланың  тетігін  тауып,  жұмысын  жүйелеп 

кетуі  қиын.  Сондықтан,  бұл  таразыланған  өмір 

заңдылығы.  Əр  кірпіш  өз  тетігін  тауып  барып, 

қаланғанда ғана сапалы дүние шығатын болады.

–  Ал,  өзіңіз  бұл  қызметке  қалай  келдіңіз? 

Спортта жеткен айтарлықтай жетістіктеріңіз бар 

ма?

–  Жалпы,  спортқа    жаным  бала  кезден  жақын  

болды  десем  артық  айқаным  емес.  Мектеп 

қабырғасында 

жүргенде-ақ, 

түрлі 


спорттық 

үйірмелерге 

қатысып, 

жарыстарда 

жүлделі 

орындардан көрініп жүрдім.  Мамандық таңдар кезде 

де  ойланбастан  спорт  саласына  құжатымды 

тапсырдым.  Сөйтіп, 2004 жылы  бұрынғы  Əулиеата 

университетінің    дене  шынықтыру  факультетіне 

түсудің  сəті  түсті.  Аталмыш  оқу  орнын  аяқтағаннан 

кейін,  облыстық  мамандандырылған  спорттағы 

дарынды  балалар  мектеп-интернатына  грек-рим 

күресі  бойынша  жаттықтырушы  болдым.  Осында 

жүріп,  құжаттармен  жұмыс  жасауды  үйреніп,  біраз 

жыл  əдіскерлік  қызметті  де  атқардым.  Бөлімдер 

бойынша  меңгерушілік  жұмыстар  істегенім  де  бар. 

Осылайша,  сатылап  өсіп,  алдыңғы  буын  ағаларға 

қарап  бой  түзеп,  осы  қызметке  тағайындалдым. 

Интернат  директорының  спорт  ісі  жөніндегі 

орынбасары  болып  отырғаныма  үш  жылдан  асты. 

Грек-рим  күресінен  əлемдік  деңгейде  жеткен 

жетістігім  болмаса  да,  өз  саламның,  спорт 

саласының  қыр-сырын  толықтай  білемін  деп  айта 

аламын. 


–  Интернаттың  атағы  атан  түйеге    жүк 

артардай болғанымен, оның тыныс-тіршілігінен 

көпшілік  халық    бейхабар.  Оқу  орнының 

ерекшелігі  мен  жалпы  құрылымы  туралы  айта 

кетсеңіз...

–  Бізде  қазір  спорттың  тоғыз  түрі  бойынша  жас 

спортшылар тəлім алады. Оларға 24 жаттықтырушы 

қызмет көрсетіп отыр. Мектеп-интернатқа негізі бала 

жетінші  сыныптан  бастап  қабылданады.  Ал, 

үміткерлерді қабылдау бес кезеңдік тестілеу арқылы 

жүргізіледі. Яғни, он күндік оқу-жаттығу жиындарында 

бала  өзін  жақсы  қырынан  танытып,  спорт 

интернатында  оқуға  лайықты  екенін  дəлелдеуі 

қажет.  Интернатқа түсудің тағы бір жолы бар, егер 

үміткер  құжат  тапсыруға  дейін  ел  біріншілігінде 

жүлделі  орынға  іліксе,  онда  ол  мектепке  еш 

тестілеусіз автоматты түрде қабылданады. 

Биылғы  қабылдау  бойынша    интернаттағы 

балалардың санын 200-ге жеткізіп отырмыз. Мұндай 

ауқымды 


бастамаға 

облыс 


əкімінің 

тікелей 


қолдауынан  кейін  қол  жеткіздік.  Енді,  келешекте 

бала санын 400-ге жеткізу көзделуде. Өйткені, біздің  

интернат  балалар    саны  бойынша  өзге  өңірге 

қарағанда артта қалып келеді. Міне, осы олқылықтың 

орнын  толтыру  үшін  биыл  тың  бастама  бастап 

отырмыз. 

Жалпы,  осы  таңға  дейін  мектебіміз  үш  толқын 

түлектерді  түлетіп  үлгерді.  Олардың  ішінде 

талантымен топ жарғандар аз емес. Мəселен, қазақ 

күресінің  «қаршығасы»  атанып  жүрген  Дəулетхан 

Жақыпов  жəне    еркін  күрестен  əлемдік  доданың 

жеңімпазы  Нұрсұлтан  Найзабеков  интернаттың 

түлектері.  Оған  қоса,  біздің  спортшылар  дəл  қазір 

ұлттық    құраманың 30 пайызын,  ал    облыс 

құрамасының 80 пайызын  құрап  отыр.  Осының  өзі 

мектеп-интернатының  өзгелерге  қарағанда  ерек 

екенін дəлелдеп тұрғаны анық. 

–  Сонда  интернаттың  негізгі  функциясы 

спортқа  бейім  аудан  жастарын  таныту  болғаны 

ғой...

– Иə, мектептегі балалардың 70-80 пайызы елді 

мекендерден  келген  жеткіншектер.  Оларға  барлық 

жағдай  жасалған.  Жататын  орны,  тамақтану, 

спорттан бөлек мектеп бағдарламасын оқыту сынды 

жұмыстар жіті назарға алынған. 

Біздің  негізгі  мақсатымыз – шалғай  ауылдарда 

жүрген  жастарды  таныту.  Биыл  облыс  əкімінің 

қолдауымен  аудандағы балалар жаңадан ашылған 

футбол  бөлімінде  тəлім  ала  алады.  Бұл  жаңа 

бөлімге де тек ауыл жастарын  қабылдап жатырмыз. 

–  Əрине,  мектепте  бала  саны  артып,  жаңа 

бөлімдер  ашылғаны  дұрыс.  Алайда,  осы  жас 

жеткіншектерді    тиісті  деңгейде  оқыту    үшін 

материалдық базаларыңыз көтере ала ма?

– Оқуға қажетті құрал-жабдықтар бізде толықтай 

жеткілікті.  Тек,  жатақхана  мəселесі    қинап  тұрғаны 

жасырын  емес.  Себебі,  дəл  қазір 200 бала 

бөлмелерге толықтай қоныстанып отыр. Сондықтан, 

қосымша бала алу үшін жатын орын керек. Биылғы 

жылы  жатақхана  мəселесін  қолға  алып,  шешімін 

тапсақ  деп  жоспарлап  отырмыз.  Ал,  бұдан  бөлек  

оқыту  базамыздың  сыйымдылығы  мен  жаттығу 

залдары 500 балаға дейін қамтуға қауқарлы. 

Осы  тұста  тағы  бір  айта  кетерлігі,  бала  саны 

артқаннан  кейін  жаттықтырушыларға  да  сұраныс 

артатынын 

бағамдап 

отырмыз. 

Сондықтан, 

интернатқа 

қажетті 


бапкерлер 

дайындайтын 

колледж  ашу  көзделуде.  Бұл  жайында  облыс 

əкімдігінің дене шынықтыру жəне спорт басқармасы 

да жиі айтып жүр. Мүмкін, алдағы жылдары арнайы 

спорт колледжі ашылса, бұл мəселе де өз шешімін 

тауып қалар.

– 

Мектеп-интернаттың 

тың 

бастамасы 

ретінде  ауыр  атлетика  спорты  бойынша 

ашылған  бөлімді  ерекше  атап  өтсек  болады. 

Аталмыш  бөлімнің  ең  үлкен  жемісі  Жасұлан 

Қыдырбаевтың  əлем  чемпионатындағы  жеңісі. 

Қазір  бөлімнің  жағдайы  қалай?  Жамбылдық 

жанкүйерлер  тағы  бір  əлем  чемпионын  күтсе 

бола ма?

– Бұл бөлім 2011 жылы құрылған болатын. Сол 

кезде  əр  өңірден  мамандар  шақырып,  аталмыш 

спортты жан-жақты жандандыруға  күш салған едік. 

Енді міне, бөлімнің алғашқы түлектерін де түлеттік. 

Олардың  дені  туған  ауылдарына  қайтып,  осы 

спортты  елді  мекендерде  дамытуға  күш  салып 

жатыр.  Ал,  бітірушілердің    тағы  бір  толқыны  біздің 

мектепте жаттықтырушылық қызмет атқаруда. Қазір 

олар  облыстың  ауыр  атлетика  спортын  дамытуға 

дайын маман. 

Əрине,  Жасұлан    Қыдырбаевтай  тола ғай-

ымыздан  үйренеріміз  көп.  Дəл  сондай  əлем 

чемпионы шығар-шықпасы уақыт еншісіндегі дүние. 

Бір айтарым, ауыр атлетика спорты  өңірде қарышты 

қадамын  жасады.  Енді,  тек  осы  бағыттағы 

жұмыстарды  жандандыру  керек.  Сол  кезде  ғана 

Жамбыл  жерінен  талай  толағайларды  тудыра 

алатын боламыз.

– Өңірде кенжелеп тұрған, тіпті əлі бастауын 

таппаған спорт түрлері аз емес. Осы бағыттағы 

жұмыстардың  жүйесін  табу  үшін  қандай 

шараларды  қолға  алғанымыз  жөн?  Спорт  

маманы ретінде пікіріңізді білсек...   

–  Біздің  аймақ  оңтүстік  өңір  болғаннан  кейін, 

қыстық  ойын  түрлері  кенжелеп  тұр.  Десе  де,  бір 

жылдары  ауыр  атлетика,  футбол  сынды  спорт 

түрлерін оқытатын бөлімдер жоқ еді. Енді міне, қазір 

оған  да  қол  жеткіздік.  Сондықтан,  қыстық  спорт 

түрлерін  дамыту    уақыт  еншісінде.  Бұдан  бөлек, 

велоспорт  түрін  жандандыру  кейінгі  жылдары  жиі 

айтылып  келеді.  Оған  қажетті  нысандар  мен 

мамандар 

тарту 

спорт 


басқармасының 

жіті 


назарында.  Бұл  мəселе  облыста  бірінші  жыл 

көтеріліп келе жатқан жоқ. Сол себепті, бұл шаралар 

өз кезеңімен болатын дүние деп түсіну қажет. 

–  Интернат  оқушылары  мектеп  бағдар-

ламасынан тыс қалмайтыны белгілі. Олар  спорт 

мектебін  тəмамдағаннан  кейін,  ҰБТ  сынағынан 

да  айналып  өте  алмайды.  Десе  де,  осы  жеткін-

шектердің сынақта,  спортта жеткен жетістіктері

тіпті  ауылдық  квота  жайы    ескерілмейді    екен. 

Осылайша  еліміздің,  облыстың  атын  əлемдік 

ареналарда 

танытып, 

көк 

байрағымызды 

желбіретіп жүрген жастар еш жеңілдіксіз қалуда.   

Бұл мəселені басқарма болып, қала берді мекеме 

ұжымы  болып  шешу  жолдарын  қарастырып 

көрдіңіздер ме?

–  Иə,  бұл  талай  жылдан  бері  шешімін  таппай 

келе  жатқан  мəселе  болып  тұр.  Негізі,  мектеп-

интернаттың 

түлектеріне 

ешқандай 

жеңілдік 

қаралмауы  дұрыс  емес.  Себебі,  олар  мектеп 

бағдарламасын  оқи  жүріп,  спорттан  да  ел  намысы 

үшін талай сынға түседі. Балалардың осы ерліктерін 

қалай  ғана  бағалаусыз  қалдыруға  болады.  Бұл 

мəселені  біз  спорт  агенттігіне  бірінші  жыл    айтып 

отырғанымыз  жоқ.  Хат  түрінде  де  сан  мəрте 

жолдадық.  Алайда,  əзірге  шешімін  таппауда.  Енді, 

біз  мекеме  тарапынан,  оқушымыз  ҰБТ  тапсырып, 

оқу  орнына  түскеннен  кейін  қолдау  білдіруге 

тырысып  жатырмыз.  Яғни,  сол  университеттің 

басшылығына  хат  жазып,  түлегіміздің    жеткен 

жетістіктерін  көрсетіп,  грант  қарастырып  беру 

сынды 


өтініш 

білдіріп 

келеміз. 

Мұндай 


сұраныстарымыздың    дені  əзірге    қанағат-

тандырылып  отыр.  Десе  де,  мектеп-интернаттың 

түлектеріне ҰБТ-да жеңілдіктер қарастыру мəселесін 

мемлекеттік    дəрежеде  көтеретін  кез  келді  деп 

ойлаймын.  Себебі,  бұл  жастар    –  біздің  ертеңіміз. 

Көк  туымызды  көкте  желбіретіп,  Қазақстан    атын 

төрткүл əлемге танытатын спортшылар. Осы жағын 

Үкімет үйіндегілер ойласа деген тілегім бар. 



– Əңгімеңізге рахмет.

Сұхбаттасқан Саятхан САТЫЛҒАНОВ.   

Жастар және саясат



«ИНТЕРНАТ ТҮЛЕКТЕРІНЕ ҰБТ ЖЕҢІЛДІКТЕРІН ҚАРАСТЫРАТЫН КЕЗ КЕЛДІ»

Ердос  АКИМОВ,  облыстық  маман дан-

дырылған  спорттағы  дарынды  балалар 

мектеп-интернаты  директорының  спорт 

ісі жөніндегі орынбасары

Ақ пен қара 



ҚЫЗ АЛЫП ҚАШЫП, ҚАМАЛЫП КЕТПЕ!

Қоғамда кездесетін түрлі жайттарға орай ұл мен 

қызды  үлкендердің  келісімді  батасымен  құдаласып 

қосумен  қатар  «қыз  алып  қашу»  да  кең  қолданысқа 

кірді. Қыз алып қашу мүдделі дəстүр болмаса да жиі 

қолданумен  салт  секілді  саналып  кетті.  Оның  туу 

себептері де көп.

Бірде  қыз  бен  жігіттің  əкелері  немесе  туыстары 

арасындағы  түсінбеушіліктен  қалыңдықты  алудың 

оңай жолы туындаса, енді бірде жастардың шынайы 

сезімдерін  үлкендер  мойындамаудан  «қыз  алып 

қашу» қолданысқа келген. 

Бірақ,  бүгінгідей  əр  азаматтың  құқығы  заңмен 

қорғалатын өркениетті заманда «қыз алып қашудың» 

қажеттілігі  шамалы.  Сонда  да  «қыз  алып  қашуды» 

ертеден  келе  жатқан  салтқа  санаған  кей  жерлерде 

адам  ұрлығы  қолданылып  жүр.  Расында,  қыз  алып 

қашу – ұрлық. Анығы қылмыс. Бір үйдің аялап отырған 

қызының тағдырын ешбір ескертусіз, келісімсіз басқа 

арнаға бұру – жекенің меншігіне қол сұғумен бірдей.

Əрине,  егер  қыз  бұл  некелесуге  келісімді  болса, 

қылмыстан  гөрі  жақсы  ниетке  баланады.  Дегенмен, 

соңғы  кездері  қазақ  қыздарының  арасында  «алып 

қашудың»  құрбаны  болу  жиі  кездесіп  жүр.  Жігіт 

əуелгіде  қызды  алып  қашып,  үйленіп,  бастапқы 

жоралғыларды  орындағаннан  кейін  қалыңдығын 

бұғаулап байлаған жекеменшігіндей қарайтыны рас.  

Мұндай  іс-əрекеттерден  кейін  балғын  қыздардың 

болашағы  қалай  болмақ?!  Өз  тағдырын  ойыншыққа 

айналдырған адам, кейін өз ұрпағына қандай тəрбие 

бермек?! Осыдан келіп, толық емес отбасы, тірі жетім 

немесе  тастанды  бала  деген  ұғымдар,  қорғансыз 

тағдырлар  туады.  Тағдырға  өкпелеп,  өмірден 

түңілудің  арты  кейде  өз-өзіне  қол  салу  секілді 

өте  өкінішті  жайттарға  əкеліп  соқтырады.  Мұндай 

келеңсіздіктің  талай  көріністеріне  өзіміз  күнде  куə 

болып жүрміз.  

Елімізде  отбасын  құрып,  көп  ұзамай  ажырасып 

кетіп жатқан жас жұбайларымыздың саны күн санап 

артып  келеді.  Халық  «Үйлену  оңай,  үй  болу  қиын» 

дейді.  Өмір  тəжірибесінен  түйген  сөзін  кейінгілерге 

өсиеттеп  кеткен  бабалар  сөзінің  түп-төркінін  жастар 

түсініп  жүрген  жоқ.  Соның  салдары  əлгіндей 

өкініштерге  ұрындырып  жүр  емес  пе?!  Сондықтан 

да, «қыз алып қашуды» салт деп емес, қылмыс деп 

ұғынған жөн. Ондай бассыздыққа душар болған əрбір 

азамат  өз  құқығын  заңмен  қорғауы  тиіс.  Оған  əрбір 

Қазақстан Республикасының азаматы құқылы.



Мадина БЕГЖАНОВА, 

облыстық соттың  ақпараттық қамтамасыз 

ету бөлімінің бас маманы.

АДАМ    ӨМІРІНДЕГІ  ЕҢ  МƏНДІ  ƏРІ  АСА 

ЖАУАПТЫ  СƏТІ – ӨЗ  ТЕҢІН  ТАУЫП,  БІРЛЕСЕ 

ШАҢЫРАҚ  КӨТЕРУІ.  СЕБЕБІ,  ОСЫ  СƏТТЕН  БІР 

АРНАҒА  ТОҒЫСҚАН  ҚОС  ТАҒДЫРДЫҢ  ЖАҢА 

БЕЛЕСІ 

БАСТАЛАДЫ. 

СОНДЫҚТАН, 

ДАНА 

ХАЛҚЫМЫЗ ҰЛДЫ ҮЙЛЕНДІРІП, ҚЫЗДЫ ҰЗАТУДА 

МАҒЫНАЛЫ ДƏСТҮРЛЕРДІ ҚОЛДАНАДЫ. 

ЕКІ 

ЖАСТЫҢ 

ЖҰПТАСУЫМЕН 

ҚОҒАМҒА 

ЖАҢА ОТАУ ҚОСЫЛАДЫ. ОЛ ШАҢЫРАҚТАН ЖАС 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет