Газет 2005 жылдың 13 қазанынан бастап шығады


ҰРПАҚ  ДҮНИЕГЕ  КЕЛІП,  ТƏРБИЕЛЕНЕДІ.  БҰЛ



Pdf көрінісі
бет3/11
Дата06.03.2017
өлшемі19,56 Mb.
#7850
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ҰРПАҚ  ДҮНИЕГЕ  КЕЛІП,  ТƏРБИЕЛЕНЕДІ.  БҰЛ 

ҮЙЛЕНГЕН  ЕКЕУДІҢ  ЖЕКЕ  ӨЗ  ІСТЕРІ  СИЯҚТЫ 

КӨРІНГЕНІМЕН, БҮКІЛ ХАЛЫҚ МҮДДЕСІМЕН, ОНЫҢ 

БОЛАШАҒЫМЕН  ҰШТАСЫП  ЖАТҚАН  ҚОҒАМ 

ӨМІРІНІҢ ӨЗЕКТЕС ҚҰБЫЛЫСЫ. СОНДЫҚТАН ДА, 

ЕЖЕЛДЕН  АТА-АНАЛАР  ҰЛДАРЫНА  ЖАҚСЫ  ЖАР 

ІЗДЕП, ҚҰДАЛАСЫП, КЕЛІН ТҮСІРІП, ҚЫЗДАРЫНА 

СЕНІМДІ СЕРІК ТАУЫП, ЖАҢА ЖҰРТЫНА ҰЗАТУДЫ 

БАСТЫ МҰРАТЫ САНАҒАН. 

АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ!

Елбасының  «Нұрлы  жол – болашаққа 

бастар жол» атты Жолдауында Ұлы Жеңістің 

70 


жылдығына 

байланысты 

бірқатар 

тапсырмалар  берген  болатын.  Осы  орайда 

Отан  үшін  жанын  қиған  азаматтардың  жəне 

бүгінде  арамызда  жүрген  ардагерлеріміздің 

ерлігін  жастарға  үлгі  ете  отырып,  өскелең 

ұрпақты  қарттарды  құрметтеуге  тəрбиелеу 

мақсатында  «Тараз  Жастар  орталығына» 

қарасты аула клубтарындағы жасөспірімдер 

қаламыздағы 

бірқатар 

ардагерлермен 

кездесіп, мəдени іс-шаралар өткізген болатын.

«Ардагерлерге  тағзым»  тақырыбында 

өткен 


кездесулер 

барысында 

аула 

клубтарының  мүшелі гіндегі  жасөспірімдерге 



ардагерлер  отты  жылдардан  естеліктер 

айтып,  бейбітшіліктің  қадіріне  жете  білуге 

шақырды. Ал, жастар майдангерлерге арнаған 

өлең  шумақтарын  оқып,  үй  шаруаларына 

көмектесті.

Бұл кездесулер реті облыстық №2 қарттар 

мен  мүгедектер  интернатында  «Қарты  бар 

елдің қазынасы бар» атты қайырымдылық ке-

шімен жалғасты.  

Елдос ТӨЛЕНДИЕВ,

 «Тараз Жастар орталығының» 

директоры.

«Жас  Отан»  корпаративтік  қоры  жастар  арасындағы  көкейкесті  мəселелерді 

анықтап,  олардың  шешімін  табуға  атсалысып  жүргеніне  едəуір  уақыт  болды. 

Əсіресе, ірі кəсіпорындар мен өндіріс ошақтарында қызмет ететін еңбекші жастардың 

арасындағы мəселелер, олардың ел ертеңін қалыптастырудағы рөлдері мен жастар 

саясатындағы  орындарын  түсіндіру – қор  қызметкерлерінің  назарындағы  басты 

ұстанымдардың бірі. 

Жалын


Е б

Н

ЕЛ ЕРТЕҢІ – ЖАСТАР



Осы 

орайда 


жасотандықтардың 

ұйымдастыруымен  əлеуметтік  маңызы  бар 

жобалар  шеңберінде  еңбек  жастарымен 

түрлі  кездесулер  өтіп  отырады.  Жиындар 

негізінен  мемлекет  саясатына  сəйкес,  ірі 

өндіріс  кəсіпорындарында  жастар  ісі  жөніндегі 

комитеттер  құрудың  маңызын    түсіндіруді, 

жұмысшы,еңбек  жастарының  беделін  көтеру 

жəне  жастарды  кəсіптік-техникалық  білім  алуға 

үндеу,  мемлекеттік  жастар  саясатының  жүзеге 

асырылуына қолдау көрсетуді көздейді. 

Сондай-ақ, коммуналдық қордың мұрындық 

болуымен  жұмысшы  жастар  арасында  түрлі 

байқаулар мен көлемді конференциялар да өтіп 

отырады.

«Арай»-ақпарат.

«АССАМБЛЕЯ МЕРЕЙТОЙЫ ОБЛЫСТА ЖОҒАРЫ 

«АССАМБЛЕЯ МЕРЕЙТОЙЫ ОБЛЫСТА ЖОҒАРЫ 

ДЕҢГЕЙДЕ АТАЛЫП ӨТЕДІ»

ДЕҢГЕЙДЕ АТАЛЫП ӨТЕДІ»

ТАТУЛЫҚТЫ ТУ ЕТКЕН БАЙҚАУ

ТАТУЛЫҚТЫ ТУ ЕТКЕН БАЙҚАУ

Лариса ЛЫСОВА, Жамбыл 

облысы Қазақстан халқы 

Ассамблеясы хатшылығының 

меңгерушісі

–  Биыл  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы 

үшін  ерекше  жыл.  Жиырма  жылдық  атаулы 

мерекені облысымызда тойлауға дайындық 

қалай жүргізілуде?

–  Елбасының  қолдап  қуаттап  отырған 

Ассамблея жылы – бұл ең алдымен татулық пен 

ынтымақтастық саясатының мерейтойы. 

Сондықтан,  Ассамблея  жылын  өткізу 

бойынша 


іс-шаралар 

жоспары 


əбден 

пысықталып,  бекітілді.  Жəне  əрбір  этномəдени 

бірлестіктердің  өз  жоспары  бар.  Жоспар 

бойынша  іс-шаралар  басталып  та  кетті. 

Дегенмен, біз жастармен ақпараттық-түсіндірме 

жəне  мəдени-көпшілік  жұмыстарды  жасауды 

көздеп отырмыз.

Ал,  Республика бойынша негізгі салтанатты 

жиынның  ашылуы 2015 жылдың 6 ақпанында 

өтеді. Облыста аталмыш іс-шараның өткізілетін 

орны    Тараз  қаласының  орталық  «Достық» 

алаңына жоспарланып отыр.



–  Жалпы,  бүгінде  облысымыз  бойынша 

қанша ұлт өкілдері бар?

–  Біздің  облыс  саяси-этникалық  аймақтың 

бірі болып табылады. Ресми деректер бойынша 

облыста 87 этнос өкілдері мекендейді. Олардың 

көпшілігі – орыстар,  түріктер,  өзбектер, 

дүнгендер,  күрдтер  жəне  тағы  басқалары. 

Шағын  этникалық  топтарға – поляктар, 

талыштар, грузиндер, еврейлер жатады. Барлық 

этнос  өкілдері  біздің  аймақтың  əлеуметтік-

экономикалық  дамуына  өз  үлестерін  қосып 

отыр.  Ең  бастысы,  қазіргі  кезде    барлық  ұлт 

өкілдері  еңбек  етіп,  бір-бірін  сыйлап,  татулық 

пен келісімде өмір сүруде. 

–Дəл  қазір  аудандарда  ұлттар  бірлігін 

жандандыру үшін қандай шаралар өтуде?

–  Соңғы 3 жыл  көлемінде  облыстық 

хатшылық аудандарда «Бейбітшілік пен келісім 

жол  картасы»  мега-жобасын  белсенді  түрде 

жүзеге  асырып  келеді.  Сондай-ақ,  Қазақстан 

халқы  Ассамблеясының  аудандағы  мүшелері 

қоғамдық пікір жетекшілерімен кездесуде. Облыс 

Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық 

топтың  мүшелері  жастарға  арналған  семинар-

тренингтер  өткізіп,  суретшілер,  қолданбалы 

шығармашылық 

шеберлері 

мастер-класс 

өткізуде.  Этномəдени  бірлестіктер  жанындағы 

жастар орталығының жетекшілері «Үйден үйге» 

деген акцияны үзбей жалғастыруда. Бұл жерде 

орталық  жетекшілері  Ассамблея  тарихымен 

таныстырып, оның жұмыстарын жіті түсіндіреді. 

Ассамблея жылының ресми бастамасынан кейін 

оның  аяқталу  кезеңі  басталады.  Ақпан-сəуір 

айлары  аралығында  достық  керуені  аудандар 

бойынша жүріп өтетін болады.

Сонымен  қатар,  əр  ауданда  облыстық 

хатшылықтың 

мүшелері 

халық 


бірлігінің 

нығаюына  бағытталған  көптеген  іс-шаралар 

өткізеді деп күтілуде.

–  Лариса  ханым,  облыс  көлемінде 

неше 

түрлі 

қызметте 

болғаныңызды 

білеміз.  Атқарған  қызметтеріңіздің  ішіндегі 

жүрегіңізге жақыны қай сала болды?

–  Негізі,  мен  мектеп  директоры,  аудандық 

мəслихат  хатшысы,  қала  əкімі  сияқты  əртүрлі 

басшылық  қызметтерді  атқардым.  Жалпы, 

басшы  адамға  ең  маңыздысы  адамды 

тыңдай  жəне  оны  түсіне  білу.  Керек  болған 

жағдайда  көмек  те  көрсете  білуің  керек.  Ал, 

Ассамблеядағы  жұмыс  бұл  шығармашылық 

процесс. 

Айналамызда 

дарынды 

жəне 


белсенді  жастар  көп.  Олар  əрдайым  өздерінің 

белсенділігімен, ой ұшқырлығымен  маған күш-

қуат  береді.  Ондай  ортада  үлкен  шабытпен 

жұмыс  жасауың  керек.  Сондықтан,  атқарған 

қызметтерімнің əрқайсының өмірімде алар орны 

ерекше.


– Əңгімеңізге рахмет.

Сұхбаттасқан Арай ШАБДЕНОВА.

Жамбыл  политехникалық  коледжінің  тəрбие  бөлімінің  ұйымдастыруымен    Қазақстан 

халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай «Біздің жолымыз – бірлікте!» атты оқытушылар 

арасында өнер байқауы өтті. 

Қазақстан  халқының  ұлттық  мəдениетін, 

тілдері  мен  дəстүрлерін  өркендету,  сақтау  жəне 

дамыту,  халық  бірлігін  нығайту  мақсатында 

ұйымдастырылған шараға барлық ұлттың өкілдері 

бірнеше кезең бойынша сайысқа түсті. 

Байқаудың  ашылуында  сөз  алған  облыстық 

ҚХА  хатшылығының  меңгерушісі  Лариса  Лысова 

барлық  қатысушыларды  келе  жатқан  мерейлі 

мерекелерімен құттықтап, табыс тіледі. 

Байқауға  қатысушы  топтар  сəлемдесуден 

бастап,  салт-дəстүрді,  ұлттық  тағамдар  мен 

киімдерді  баршаға  паш  етті.  Сондай-ақ,  əннен 

шашу шашып, мың бұрала би де биледі. 

Марапаттау  кезеңінде  сөз  алған  оқу 

ордасының директоры Жанар Рымбекқызы: 



–  Ел  бірлігі – ең  асыл  қасиет.  Елбасымыз 

айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің 

даму  болашағының  бір  көзі – Қазақстан 

халықтарының бірлігі, – деді. 

Тартысты  байқаудың  нəтижесі  бойынша  бас 

жүлдені орыс ұлты, І орынды қазақ ұлты, ІІ орынды 

украин  ұлттарының  топтары  иеленсе,  жүлделі  ІІІ 

орынды  түрік  пен  грузин  ұлттары  өзара  бөлісті. 

Барлық қатысушыларға Алғыс хаттар пен бағалы 

сыйлықтар табыс етілді.

Арай БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ.

Орайы келген сұхбат



29 қаңтар,

№5 (485)

4

Кəсіпорынның тізгінін ұстап, түтінін түтетіп отырған 

Құрманəлі  Баратов  еліміздің  электр  энергетикасы 

саласындағы білікті мамандардың бірі. Өз кəсібін өткен 

ғасырдың  соңғы  онжылдығының    ортасында  электр 

құрылғыларын  шет  елдерден  жеткізуден  бастаған 

Құрманəлі  Сапарəліұлы  уақыт  өте  келе  мұндай 

өнімдерге  елімізде  де  сұраныстың  артатынын  біліп, 

сол бағытта жұмыс жасай бастаған.  Осылайша, 2001 

жылдың  мамыр  айында  «Энерджи-Тараз»  кəсіпорны 

құрылды. 

– 

Бастапқыда қала жəне облыс тұрғындарын 

кабельдік-электротауарлармен  қамтамасыз 

еткен  кезімізде  небəрі  басшы,  бас  есепші 

жəне  қойма  меңгерушісі  ғана  қызмет 

еткен  едік.  Əрине,  енді  ғана  ашылған 

кəсіпорынның  бірден  аяққа  тұрып, 

тіршілігін  тіктеп  кетуі  екіталай. 

Алайда, 

тынымсыз 

еңбектің 

арқасында  тиімді  бағаларымен, 

сапалы  тауарлары  арқылы  ел 

ішінде 

көзге 

түсе 

бастаған 

«Энерджи-Тараздың»  тасы  күн-

нен  күнге  өрге  домалай  түсті. 

Тиісінше,  тұрақты тұтынушылар 

қатарын қалыптастырып үлгерген 

серіктестігімізге  қызмет  көрсету 

көкжиегін 

кеңейту 

қажеттілігі 

туындады.  Нəтижесінде,  ашылғанына 

4  жыл  толған  кəсіпорын  мемлекеттен 

тиісті лицензиясын алып, қала жəне облыс 

тұрғындарына  электромонтаждық  қызмет 

көрсетумен айналыса бастадық,– дейді серіктестік 

директоры. 

Жұмыс  ауқымы  артқан  сайын  өнімдер  мен 

электротехникалық  бұйымдардың  түрлері  де  ұлғая 

түсетіні  анық.  Жеті  жыл  ішінде  етек-жеңін  жинап,  

жұмысын  жүйелеген  кəсіпорын  облыс  бойынша 

электромонтаждық 

қызмет 


көрсету 

саласында 

алдыңғы  қатарлы  кəсіпорындар  сапына  еніп,  іргелі 

өнеркəсіп ордасына айнала білді.

Дегенмен,  жеткен  жетістікке  марқайып,  алға 

ұмтылмау «Энерджи-Тараздың» қызметкерлеріне тəн 

емес  еді.  Атқарылар  жұмыстың  ауқымын  арттырып, 

болашаққа 

батыл 

жоспарлар 



жасай 

отырып, 


басын  бəйгеге  тіккен  серіктестік 2008 жылы  сынақ 

жұмыстарына  лицензия  алды.  Жұмыстың  жаңа 

белесіне  аяқ  басу  үшін  электротехникалық  зертхана 

ашуды  мақсат  етіп,  ЭТЛ-35  құрылғысын  сатып  алды. 

Оның көмегімен 0,4-тен 35 килоВаттқа дейінгі электр 

беру  желісін,  құрал-жабдықтарды  түрлі  сынақтардан 

өткізді. 

Білігі  мен  тəжірибесі  кемеліне  келген  мамандар 

қандай  да  болсын  кəсіпорынның  алға  сүйрер  негізгі 

күші  екені  мəлім.  Қатарына  облыста  ғана  емес,  ел 

деңгейінде теңдесі жоқ сапалы мамандарды жинақтай 

білген  кəсіпорын  алға  үлкен  мақсаттар  қойып, 

болашаққа  сенімділікпен  қадам  баса  берді.  Сапалы 

жəне  уақытылы  жұмыс  жасау  арқасында,  жеке 

серіктестік тапсырыс берушілер арасында үлкен абы-

ройға ие бол ды. 

Кəсіп орын 

дирек     торы, 

əсір есе, 

заман ның 

талабына  сай  электр  қуатын  үнемдейтін  шамдарын 

мақтан тұтады.



– 2010 

жыл дың нау рыз айы нан бастап серік -

тес  тік  энергия  үнем   деу де  тиімділігі  мол  шағын 

люминес центті шамдарды шығарып келеді. Электр 

шамдарының 42 

түрін  шығаратын 

кəсіпорын 

бүгін-

гі  күн ге  дейін  осы 

бағыт тағы  тəжіри-

белі  өндіріс  орнына 

айналғанымызды мақтан 

тұтамын.  Қазіргі уақытта 

Таразда  шығарылған  шамдар 

тек  шаһарымыздың  көшелерінде 

ғана 

емес, 

Қазақстанның 

түкпір-

түкпірінде  жарығын  шашып  тұр.  Ал,  еліміздің  ең  ірі 

Шымкент  пен  Алматы  қалаларында  өнімдерімізді 

сатумен  айналысатын  жеке  сауда  нүктелеріміз  де 

бар,– дейді Қ. Баратов.

Кəсіпорынның  облыстың  экологиясын  жақсарту 

мақсатында  құрамында  сынабы  бар  шамдарды 

залалсыздандыру  цехын  ашуы  өңір  тарихында  орын 

алған үлкен серпілістің бірі болды. Қуаты жылына 500 

мың    шамды  өңдеуге  жететін  бұл  цехта  құрамында 

қауіпті  металы  бар  электр  құрылғыларын  табиғатқа 

залалын тигізбей жоюмен айналысады.

Сондай-ақ,  Қазақстанның  Үдемелі  индустриалды-

инновациялық 

даму 

бағдар ламасы 



бойынша 

«Энерджи-Тараздың» 2011 жылдан 

бастап 

жарықдиодты  шамдар  шығаратын  цехінің  құр ылуы 



кəсіпорынның  басты  жетістіктерінің  бірі.  Ел  аумағын 

қазіргі  заманғы  үнемді,  сапалы  жəне  қауіпсіз  əрі 

қолжетімді  бағадағы  жарық  көздерімен  қамтамасыз 

етуді көздейтін бұл цехте 30-дан астам маман жылына 

15 мың шам шығарады. 

Өндірістің  барлық  сатысында  сапаны  қадағалау 

да  кəсіпорын  қызметінің  өркендеуіне  жол  ашар 

бірден-бір  фактор  екенін  үнемі  айтып  жүретін 

Құрманəлі  Сапарəліұлы  осы  ретте  өндіріс  ошағы  өз 

тұтынушыларын жоғары сапалы өнімдермен қамтама-

сыз  етуді  үнемі  назарда  ұстап  отыраты нын  жеткізді. 

Бұл  бағытта  кəсіп орын  шам  шығару  ісінің  үздік-

тері  болып  саналатын  Еуропа  елдерінің,  Оңтүстік 

Корея  мен  Түркияның  алдыңғы  қатарлы  заманауи 

жабдықтары орналастырылған.

Серіктестік    директорының  айтуынша, 2013 

жылдың  қарашасынан  бастап    компания  жоғары 

кернеулік  жəне  төменгі  кернеулік,  стандартты 

жəне  стандартқа  сəйкес  емес    электротехникалық 

жабдықтың  кең  спектрін    шығаруда.  Компанияның  

өнімі  жаңа  технологияның  қолданысында    əзірленеді 

жəне  де  жабдықтар  цифрлық  бағдарламалық 

қамсыздандырумен, 

трансформаторлық 

шағын 

қосалқы станса жəне шағын  реттегіш құрылымдармен 



қамтамасыз етіледі. Қысқасын айтқанда, барлығымыз 

күнделікті  пайдаланатын  төлем  терминалдары  мен 

банкоматтар осында дайындалады. 

Бүгінгі  күні  «Энерджи-Тараз»  жауапкершілігі 

шектеулі  серіктестігінде 130 адам  жұмыс  істейді. 

Атап  өтер  жайт,  кəсіпорын  өңіріміздегі  бірқатар 

орта  арнаулы  оқу  орындарымен,  еліміздің  белгілі 

университеттерімен  тығыз  қатынас  ұстап  отыр.  Яғни, 

техникалық  бағытта  білім  алған  оқу  орындарының 

түлектерін  жұмысқа  қабылдауда  алдыңғы  қатарда. 

Соңғы 3 жылда 23 техникалық мамандықта білім алған 

түлекті жұмысқа алған серіктестік олардың біліктілігін 

арттыруды да естен шығармапты. 

– 

Кəсіпорында 

Жамбыл 

политехникалық 

колледжінің 7 түлегі  жұмыс  жасауда.  Оның 2-і 

кəсіпорын 

есебінен 

итальяндық 

Фаел 

Люче 

компаниясының  базасында  біліктілігін  арттырған 

еліміздегі  жалғыз  мамандар  болып  табылады.  Бұл 

оларға  стадиондарды  УЕФА  стандарттарына  сай 

жарықтандыру  жүйесін  жүргізуге  мүмкіндік  береді,– 

дейді Қ. Сапарəліұлы. Сондай-ақ, серіктестік мүмкіндігі 

шектеулі  жандарды  тұрақты  жұмыс  орындарымен 

қамту бойынша облыс деңгейінде алдыңғы қатарларда. 

Қазіргі  таңда  компания  қызметкерлерінің 15 пайызы 

мүмкіндігі шектеулі жандар екені қуанышты жағдай.

Адамды  адам  еткен – еңбек  екені  ақиқат  болса, 

оның  жан  баласының  абыройы  мен  атағын  өсіріп, 

өмір  бойына  бақытқа  кенелтетіні  тағы  да  шындық. 

Адам  баласына  жақсылық  тілегенде  «Еңбегіңнің 

жемісін көр», дейтін қазақ үшін де кім-кімнің болмасын 

еңбекқорлығы оның адамгершілік пен ізгіліктің символы 

болып  қала  бермек.  Осы  орайда,  тынымсыз  еңбек 

пен  тыңнан  түрен  салуға  құштар  ізденімпаздықтың 

арқасында  халыққа  қажетті  саланың  тетігін  ұстап, 

өрге  сүйрей  білген  аталмыш  кəсіпорынның  еңбегінің 

жануын тілейміз.

Тараз қаласы.

Мұратхан ƏЛІМХАН

АЙНА

БОЛАШАҚҚА БАЙЫПТЫ ҚАДАМ

Ертеңгі    күнге  зор  үміт  артатын,  болашаққа  бағыт-

бағдар  беретін  Елбасының  жыл  сайынғы  кезекті  Жолдауын 

Қазақстан  халқы  асыға  күтетіні  белгілі.  Əр  жыл  сайынғы 

Президент  Жолдауы  өз  жаңалықтарымен,  құнды  идеяларымен, 

еліміздің  жаңғыруына,  өркендеуіне  негіз  болатын  салмақты 

тұжырымдармен  ерекшеленеді.  Өйткені,  Президент  Жолдауы 

еліміз үшін жыл сайынғы басты құжат.

Біз – мəрте белі  жол дың  жолау-

шыларымыз. 

Елбасы, «Нұр 

Отан» 

партиясының  төрағасы  Н.Назарбаевтың 



бүгінгі  Қазақ  еліне  арнаған  «Нұрлы 

жол – болашаққа  бастар  жол»  атты 

Жолдауы  ел  тұрғындарына,  əсіресе, 

жастарға өте əсерлі болуы шарт. Себебі, 

жаңа  Жолдау  экономикалық  саясаттың 

жалғасы  iспеттi.  Онда  қазіргі  таңдағы 

қиындықтарға  төтеп  беру,  орын  алған 

экономикалық жағдайдан шығу жолдары 

айқындалған,  орындалуы  тиіс  нақты  іс-

шаралар  ұсынылып,  ел  экономикасын 

дамытудың  басты  салаларына  айрықша 

көңіл  бөлінген.  Шағын  жəне  орта 

бизнесті, көлік, энергетика, индустриялық 

инфрақұрылымды  дамытуға,  қолжетімді 

тұрғын үй, мектептер мен балабақшалар 

құрылысына  мемлекет  қорынан  қыруар 

қаржы  бөлінуде.  Осы  іс-шаралардың 

орындалуы  халқымыздың  əлеуметтік 

жағдайының  өсуіне  септігін  тигізеді  деп 

ойлаймын.  Бүгінгі  күнде  іске  асырылып 

жатқан  жұмыстың  жемісін  біз  ғана  емес, 

біздің ұрпағымыз да көретініне мен кəміл 

сенемін.

Сондай-ақ,  Жолдауда  авто,  темір, 

əуе 

жолдарының 



салынуы 

жайлы 


айтылды. 

«Қазақстанның 

барлық 

аймақтары темір жолмен, тас жолмен, 

əуе  жолымен  өзара  тығыз  байланысуы 

керек. Аймақтардың өзара байланысын 

жақсарту – елдің 

ішкі 

əлеуетін 

арттырады,  облыстардың  бір-бірімен 

сауда-саттығын, 

экономикалық 

байланыстарын  нығайтады» – деді 

мемлекет  басшысы.  Жол  бойында 

ауылдар бой көтеріп, халықтың əл-ауқаты 

артады, адамдарға жұмыс табылады.

Əсіресе,  осы  жолғы  Жолдауында 

Елбасының  жалға  берілетін  баспана 

құрылысын салу тəжірибесін қайта қарау 

туралы  берген  тапсырмасы  көңілге 

қонымды болды.

Биылғы Жолдауда белгіленген басым 

бағыттар  мен  міндеттерді  жүзеге  асыру, 

еліміздің  баянды  болашағы  жолында 

аянбай  бірлесе  еңбек  ету,  еңбектің 

берекелі  зейнетін  көру  бүгінгі  күні 

əрбір  қазақстандық  азаматтың  қасиетті 

парызы  болып  қала  бермек.  Демек, 

Президентіміздің биылғы Жолдауы мүмкін 

нəрселерді  қамтамасыз  ету  жолындағы 

басты  құжат  болып  табылады.  Оған 

атсалысу – барлығымыздың  міндетіміз. 

Сондықтан,  бірігіп,  түсінісіп,  ақылға 

салып іс қылсақ, барды бар деп бағалай 

білсек,  бағалай  отырып,  əрқайсымыз 

өз  саламызда  тер  төге  еңбек  етсек,  оны 

өзгелерге  үйретіп,  насихат  етуді  жолға 

қойсақ,  біздің  экономикамыз  тұрақты, 

Тəуелсіздігіміз мəңгілік болады.

Жайықбай ШАЛДАРҰЛЫ, 

облыстық əділет департаменті 

басшысының орынбасары.

«ЖАЛҚАМЫСТАҒЫ» ЖҰМЫС КӨПКЕ ҮЛГІ

 Үшарал ауылының маңында «Жалқамыс» 

деген  жайылым  бар.  Бұл  жайылымда 

Нұржаппар  Исахметов  басқаратын  «Бекен» 

шаруа  қожалығы  тірліктің  тетігін  табуда. 

Қырықтың қырқасына шыққан бұл азаматтың   

іскерлігі ауыл асып, ауданға жеткен. Алдымен 

əкесі  Орынбасар  бастаған  істі  баласы 

Нұржаппар    жалғастырып  əкетті.  Қазір 

қожалықта 250 гектар егістік, 4 мың гектардан 

астам  жайылымдық  жер  бар.  Мыңға    жуық 

қой-ешкі, 40-50 жылқы, 30 сиыр – «Бекеннің» 

бүгінгі  берекесі.  Бұйыртса, 800-ге  жуық  қой-

ешкі  төлдеуге түседі.   

  Қожалықта  науқандық  кезде 15 адам 

еңбек  етеді.  Орташа  айлық 50-60 мың  теңге 

көлемінде. 3 трактор, 1 комбайн, шөп оратын, 

жинайтын,  буатын,  артатын,  таситын  ауыл 

шаруашылық  техникаларының    бəрі-бəрі  

бар  мұнда.  Шабындықтан    дайындалған 

шөппен  «Бекен» қожалығы аудандағы Ақкөл, 

Қызылəуіт,  Есейхан    ауылдарын    қамтып  

отыр. Мал ұстаған елге қолайлы баға, шаруа 

қожалыққа табыс көзі.

Айтпақшы,  қожалық  30 гектарға 

мақсары, 20 гектарға  жоңышқа  егумен  де 

ерекшеленіп  тұр.  Мақсарының  əр  гектарына 

5  мың  теңгеден  мемлекеттен  қайтарымсыз  

субсидия    алғанын  өздеріне  көмек  деп 

түсінеді. 

Қаратау 

бизнес 


колледжін 

бітірген 

Нұржаппар  Исахметов  нағыз  бизнестің 

адамы,  халықтың  да  жанашыры.  Еңбек 

адамының  барлығы  дəл  осындай  болса, 

шіркін! 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет