Газет 2005 жылдың 13 қазанынан бастап шығады


Болат ЖАППАРҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі



Pdf көрінісі
бет6/11
Дата06.03.2017
өлшемі19,56 Mb.
#7850
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Болат ЖАППАРҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

«ГАЗЕТ ХАЛЫҚТЫҢ 

КӨЗІ, ҚҰЛАҒЫ ҺƏМ 

ТІЛІ» ДЕГЕН ЕДІ ӨТКЕН 

ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДА АЛАШ 

ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ БІРІ 

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ. 

СОЛ АЛАШ АРЫСТАРЫ 

ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ 

РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ 

ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ. ҰЛЫ 

АБАЙ ҚАЛЫПТАСТЫРҒАН 

ЖАЗБА ƏДЕБИЕТТІ ЖАНРЛАР 

БОЙЫНША ТАРАЗЫЛАП, 

ƏРҚАЙСЫСЫ ƏР ТҮРЛІ 

ЖАНРДА ЕҢБЕК ЕТТІ. ҚАЗАҚ 

ƏДЕБИЕТІН ҚАЗАҚТЫҢ 

ӨЗІНЕ НАСИХАТТАДЫ. 

ƏРИНЕ, НАСИХАТТЫҢ 

ЕҢ ҚОЛАЙЛЫ ТҮРІ ОЛ 

ЗАМАНДА ГАЗЕТ ШЫҒАРУ 

ІСІ БОЛАТЫН. «ҚАЗАҚ», 

«ҰШҚЫН», «ДАЛА УƏЛАЯТЫ» 

СЕКІЛДІ ГАЗЕТТЕР МЕН 

«АЙҚАП» ЖУРНАЛЫ 

ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІНІҢ 

ІРГЕТАСЫН ҚАЛАДЫ. 

БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН, 

ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ, 

МҰХТАР ƏУЕЗОВ СЕКІЛДІ 

ГАЗЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ 

БҮКІЛ БАСЫЛЫМНЫҢ 

МАҚАЛАСЫН ТҮРЛІ ТЕКПЕН 

БІР ӨЗДЕРІ ҒАНА ЖАЗЫП, 

ҚОҒАМҒА ҚОЗҒАУ САЛДЫ. 

ГАЗЕТ ЖҰМЫСЫ ОСЫНАУ 

ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ 

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ 

ІЗДЕНІСТЕРІНЕ ДЕ ЖОЛ 

АШТЫ, БАРЛЫҒЫ БІР-БІР 

ƏДЕБИ ҚАЙРАТКЕР РЕТІНДЕ 

ҚАЛЫПТАСТЫ. 

ҚАЗІРГІ  ТАҢДА  СТУДЕНТТЕР  ҚАУЫМЫН  САБАҚТАН  ЕМЕС,  КӨШЕ  КЕЗГЕН 

ЖЕРІНЕН  КӨП  КЕЗІКТІРЕТІН  БОЛДЫҚ.  ОЛАЙ  ДЕЙТІНІМІЗ,  ЖАСТАРДЫҢ  ДЕНІ  КҮН 

КӨРІС  ҚАМЫ  ҮШІН  КҮНДІККЕ  САБЫЛЫП  ЖҰМЫС  ІЗДЕП,  ТАПҚАНЫ  КӨЛІК  ЖУСА, 

ЕНДІ БІРІ БАЗАР МЕН КАФЕДЕ ЗЫР ЖҮГІРІП ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕ. ОСЫДАН КЕЙІН, 

САУАТТЫ МАМАН, БІЛІМДІ ЖАСТАР ТУРАЛЫ АЙТУДЫҢ ӨЗІ ҚИЫНДАУ...

7

29 қаңтар,

№5 (485)

ƏЛЕУМЕТ

ҰРПАҚҚА ҰРАН БОЛҒАН ҰЛЫ ЖЕҢІС

ҰРПАҚҚА ҰРАН БОЛҒАН ҰЛЫ ЖЕҢІС

Өнеге


Хамит ЕСАМАН

Кейіпкер мен кітап



Қамысбай САУҚЫМОВ, журналист

БАТАЛЫ ЕЛДІҢ БАҒЫ ЖАНАДЫ

БАТАЛЫ ЕЛДІҢ БАҒЫ ЖАНАДЫ

«БАТАМЕН  ЕЛ  КӨГЕРЕДІ» – ДЕЙДІ  ҒОЙ  ХАЛҚЫМЫЗ. «КӨСЕГЕҢ  КӨГЕРСІН» 

–  ДЕГЕН  ДАНАЛЫҚТЫҢ  МƏНІ  ДЕ  ОСЫНДА  ЖАТСА  КЕРЕК-ТІ.  АҚ  ТІЛЕКТІҢ  ТҮЙІНІ – 

БАТА ЕКЕНІНДЕ ДАУ ЖОҚ. ӨЙТКЕНІ, БАТА ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ҒАСЫРЛАР БОЙҒЫ ОЙ 

ЕЛЕГІНЕН  СҰРЫПТАЛЫП  ӨТКЕН  СҰЛУ  САЗЫ,  ДАНАЛЫҚ  МƏЙЕГІ,  РИТОРИКАЛЫҚ 

ЕРЕКШЕЛІГІ, ТЕРЕҢ ОЙДЫҢ ЖЕМІСІ.

Байқап отырсақ, бата əу баста ел данасының, 

ер  анасының,  көреген  көсемдерінің,  дүлдүл 

шешендерінің,  көш басыларының,  көкірегі  ояу 

дараларының  лебізінен  шығып,  осы  күнге  дейін 

жалғасын тауып келе жатқан даналық шырыны.

Батагөй  асылдарымыз  ұғына  білер  адамның 

кеудесіне  қаншама  ұлағат  ұялатты  десеңізші. 

Батаны киелі санайтынымыздың да негізі осында 

жатса керек.

Осындай  даналық  жолын  қуған,  алақанын 

жайса,  асыл  сөздер  көмейінен  төгіліп  жататын 

батагөй  қариялар  ішімізде  əлі  де  жетерлік.  Олар 

барда қанатты үрдісіміз үзілмейтіні анық.

Үшарал  ауылындағы 95 жасқа  келіп  отырған 

Бейсенкүл апа да көмейінен лағыл сөздер төгілген 

шешен тілді, ойы жүйрік батагөй қария.

Бейсенкүл  апаның  ақынжандылығының  да 

жөні бар секілді. Апамыздың əкесі Ошақты руының 

Тасжүрегінен  шыққан  Кенже  еліндегі  Байгөбек 

деген  кісі.  Оның  əкесі,  яғни  Бейсенкүл  апаның 

атасы Бекбеттің ағасы Əйтімбет ақындылығымен 

танылған  адам.  Əйтімбеттің  қызы  Жаңылдық 

қазақ ақындық өнерінің төрінен ойып орын алған 

айтулы  суырыпсалма  ақын  болғаны  көзіқарақты 

жанның бəріне мəлім. Бейсенкүл апа осы  немере 

əпкесі Жаңылдыққа тартса керек.

5 бала, 1 қыз тəрбиелеп, 30 немере, 62 шөбере, 

8 шөпшегінің қызығына шомылып отырған батагөй 

апамыз  «Бата  сіңген  баланың  бақыты  жанады» 

–  деп  той-домалақ,  қуаныштарда  дүйім  жұрттың 

алдында  бата  бергенде,  тыңдап  отырғандарды 

ұйытып тастайтыны бар. Ол кісінің бір қасиеті – əр 

берген сайын баталарын жаңалап отырады жəне 

орайына қарай əр түрлі болып келеді.

Біреудің үйінен дəм татса:

Басыңнан бағың кетпесін,

Жамандық əсте жетпесін.

Дұшпаның саған бас иіп,

Ақпейіл дос боп беттесін.

Қызырдан болсын жолдасың,

Тəңірім сені қолдасын.

Ұрпағың қауым ел болып,

Өмірдің жолын жалғасын.

Биіктен болсын тұғырың,

Данадай болсын ұғымың.

Əр күнің гүлге оранып,

Ұзағынан болсын ғұмырың.

Жайлауың болсын суатты,

Дендерің болсын қуатты.

Жақсылық қонған үйіңе

Бір  Алла  төксін  шуақты,  Əумин! – деп, 

немесе:


Дастархан болсын молынан,

Дəм таттым бүгін қолыңнан.

Пейілің көлдей шалқысын,

Кетпесін дəулет жолыңнан.

Пешіңнің оты сөнбесін,

Ажалдың бұлты төнбесін.

Алғысын елдің арқала,

Ісіңді Алла жөн десін.

Жегенің ылғи май болсын,

Дəулетің соған сай болсын.

Ақылды болып ұрпағың

Мыңғырған малды бай болсын.

Аман ет кəрі-жас, бəрін,

Ғұмырлы болсын жастарың.

Құрсақты болсын келінің,

Көбейе берсін бастарың.

Жақсысыңдар білемін,

Бəріңе бақыт тіледім.

Қол жайып берген бүгінгі  

Қабыл  болғай  тілегім!  Əумин! – деп 

дастарханға  бата  қайырғанының  өзі  бір  дүние. 

Ақын  мен  шешендіктің    шыңы  осы-ау  деген 

байламға келесіз.

–  Апа,  сіз  берер  батаңызды  алдын  ала  

дайындап, жаттап аласыз ба? – деп бірде сауал 

тастағанымда:

– Жоқ. Жаттап жүретін жас емеспін ғой. Бəрі 

аяқастынан тіліме үйіріліп тұрады, – деген еді ол 

кісі.


Жігіт болсаң, болғандай бол,

Ай секілді толғандай бол.

Қыран болып қалықта да,

Шың басына қонғандай бол.

Үлкендерге иіліп тұр,

Сəуле шашар жиылып нұр.

Жақсы болсаң жер болады,

Дұшпандарың күйініп бір.

Бағың сенің басым болсын,

Сүйіп ішер асың болсын.

Адамдықтан алыстамай,

Ғасыр теңдес жасың болсын.

Мінген атың сүрінбесін,

Əрбір күнің күлімдесін.

Ақылды бол, ізетті бол,

Жамандығың білінбесін.

Жігіт болғын татары мол,

Əрқашан да баталы  бол.

Ақ тілекпен  өскен жанға

Түзу болып жатады жол.

Жеңістердің өрінде бол,

Жақсы істің төрінде бол.

Ұмтылыңдар, құлшыныңдар,

Бар  бақытқа  бəрің  де  сол!  Əумин! –  деп 

жігіттерге  берген  батасының  өзінде  қаншама 

мағыналы ойлар, тəтті тілектер, бойға жігер берер 

қуатты сөздер жатыр. Мұндай тілекті естіп өскен 

жанның шалыс басуы қиын-ау.

Өзімізден  де  бар  ғой.  Қаншама  жерде  аузы  

дуалы,  қасиетті  жандармен  дастархандас  болып 

жүрміз,  небір  өміріңе  азық  болар  əңгімелер  мен 

ақ баталарды естісек те, оны бойға сіңіріп, санаға 

тоқып  алуға,  болмаса,  жаттап  алуға  ден  қоя 

бермейміз. Ал кейін өкінеміз. 

Бейсенкүл апамыздың  өсиетнамаға құрылған 

баталары да жетерлік.

Əзірше жассың,

Жастық шақ өтеді,

Кəрілік жетеді.

Бойыңнан қуат кетеді,

Балаға кіріптар етеді.

Сол кезде ісің оңды болсын,

Малың қоңды болсын,

Бала-шаға жайлы болсын,

Жегенің майлы болсын.

Түнің айлы болсын.

Төсегің сайлы болсын.

Келін-бала жайлы болса,

Сен онда-ірісің,

Өлі емес, тірісің.

Ширақ болар жүрісің,

Бақытты  жанның  бірісің,  Əумин! – дейді 

жастарға. Ал келінге:



Келінің ибалы болсын,

Жақсыдан жиғаны болсын.

Дастарханы жиылмасын,

Қонағы тыйылмасын.

Ата-енесін бағаласын,

Жақсылығы жағаласын.

Бесігі нəсіпті болсын,

Ұл-қызы  кəсіпті болсын,

Жүрген жері мерекелі болсын,

Шаңырағы  берекелі  болсын,  Əумин! – деп 

бата береді.

Ал,  мына  батаға  көңіл    аударыңызшы.  

Өміріңізге  азық  болар  даналық  мəйегінің  куəсі 

боласыз:

Балаларыңның  жолы болсын,

Қоржыны толы болсын,

Қыдырəлексалам шылауыңда болсын.

Қадамы жемісті болсын,

Əр ісі жеңісті болсын.

Байдың дəулетін берсін,

Патшаның сəулетін берсін.

Төле бидей шешен болсын,

Абылайдай көсем болсын.

Өмірлерің шырақ болсын,

Нəсіптерің бұлақ болсын.

Жортқанда жолың болып,

Қауіп-қатер жырақ болсын.

Малдарың өрісті болсын,

Ұл-қызың келісті болсын.

Болашағың баянды болсын,

Бақыттарың баянды болсын! Əумин!

Иə,  бата – біздің  бағымыз,  бата – біздің 

салтымыз. Салтымыз-санамыздың бесігі. Баталы 

адам – қасиетті жан. Ендеше, Бейсенкүл апамыз 

да  қаражаяу адам болмағаны. Оның отырған жері 

шежіре, тарих, ұлағат əлемі.

Тоқсан  ауыз  сөздің  тобықтай  түйіні:  көкірегі  

ояу, көзі ашық, санасы биік жандарды осы жазған 

жолдарымыз  бей-жай  қалдырмайтын  шығар. 

Өзіне керегін таңдап алар.



Талас ауданы. 

«Алыста  қалған  балалық  шағым...  Көзімді 

сəл  жұмсам-ақ:  шуылдаған  балалардың  ең 

соңында сол аяғын жер сыпырғандай сүйретіп, 

есі  қалмай  далбақтап  жүгіріп  келе  жатқан 

Аянды  көргендей  болам.  Сондайда  оның 

алқына  шыққан  əлсіз,  жіңішке  дауыспен: «Ей, 

тоқтаңдаршы,  мен  сендерге  бүгін  кешегіден 

де қызық ертегі айтамын» – деген жалынышты 

үнін  естимін»  деп  басталатын  шығарма  мəңгі 

есімізде  қалып  қойыпты.  Мұқабасы  қарапайым 

келген  жұқалтаң  ақшыл  кітап.  Ішінде  бір 

дəуірдің  тұтас  тарихы  жатыр.  Бұл  кітап  Сайын 

Мұратбековтың  «Жусан  иісі»  дейтін  хикаяты 

еді.  Шығармасында  «Жетім  баланы  аяйсың, 

егілесің» дейді автор. Балалығын соғыс жұтқан 

Аянның  тағдыры  шынында  да  аянышты.  Пəк 

көңілі  қарғыс  атқыр  фашизмнің  күлінің  көкке 

ұшқанын  қалайды.  Жазушы  қазақ  даласына 

Ұлы Жеңіс күнінің келгенін Аян секілді бейкүнə 

балалардың  ақ  тілегімен  байланыстырады. 

Шынында  да,  бесіктен  белі  шықпай  жатып 

қасірет  көретіндей  Аян  секілді  балалардың  не 

жазығы  бар  еді.  Олардың  көз  жасы  мен  адал 

тілегі де Ұлы Жеңіс мерекесін жақындатты. 

Оралхан 


Бөкейдің 

шоқтықты 

шығармаларының  ішінен  «Бəрі  де  майдан» 

повесі  де  жаныңды  шымырлатып,  көңіліңді 

күрсіндіреді.  Шығармадағы  Ақан  мен  Құмырай 

бейнесі адалдық пен арамдықтың, мейірімділік 

пен қатыгездіктің бітіспес көрінісін еске салады. 

Жазушы Ақанды басты қаһарман етіп көрсетеді. 

Сол Ақан қолына қару алып соғысқа қатыспаса 

да  еңбек  əскерінде  болады.  Белуардан  батпақ 

кешіп,  жауырыны  жер  иіскемей,  қолы  тыным 

таппай жер қазады. Əрине, Құмырай да мұнда 

еді,  бірақ  өзін  өзгелерден  əлдеқайда  жоғары 

қоятын ол еңбек еткісі келмейді. Бірақ, ауылына 

бір  хат  жазғанында  өзін  ерлік  көрсетіп  жүрген 

қаһарман ретінде, ал Ақанды бос жүрген адам 

ретінде көрсетеді. Алайда, қатықсыз қара көже 

ішкен  Ақан  мойымайды.  Сөйтіп  жүргенде, 

Ұлы  Жеңіс  келді  қазақ  даласына.  Жеңіс 

күнінің  ұлан-асыр  тойы.  Сол  тойға  Құмырай 

шақырылады  да,  Ақан  елеусіз  қалады.  Əрине, 

тыл еңбеккерлерінің де еңбегі Жеңіс сағатының 

соғуына өзіндік үлесін қосты ғой. Бірақ, ежелден 

жағаласып келе жатқан адалдық пен арамдықты 

бұл жолы арамдық жеңгенін жазушы баяндайды. 

«Менің  кінəм  не  сонда?  Бар  жазығым  қолыма 

мылтық орнына күрек ұстағаным ба? Біле-білсе 

күрек  те  қару  ғой.  Осы  ғой  жанға  бататыны. 

Əйтпесе,  батыр  атағын  бермеді  деп  жүрген 

мен  жоқ» – деген  Ақан  сөзі  арқылы  жазушы 

Ұлы  Жеңістің  осындай  қайратты  жандардың 

еңбегінің нəтижесінде келгенін ұғындырады. 

Қазақ  əдебиетінде  майдан  тақырыбына 

жазылған  шығармалар  аз  емес.  Ұлы  Жеңіс 

тақырыбына  орай  туындаған  туындылар 

да  жетерлік.  Жеңіс  тақырыбын  жырлауда, 

əсіресе  қазақ  ақындары  үлкен  еңбек  сіңірді. 

Хамит 


Ерғалиев, 

Жұбан 


Молдағалиев, 

Сырбай Мəуленов, Тоқаш Бердияров, Қуандық 

Шаңғытбаев  секілді  атақты  ақындарымыз 

өздерінің отты да шуақты жырларын Ұлы Жеңіс 

мерекесіне  арнады.  Осы  күнге  жете  алмай 

кеткен Баубек Бұлқышев, Абдолла Жұмағалиев 

жəне  өзге  де  қаламгерлерге  шығармалар 

арналып,  ерлік  ұлықталды.  Ал,  алпысыншы 

жылдары  əдебиетке  келген  Шерхан  Мұртаза, 

Сайын  Мұратбеков,  Əкім  Тарази,  Оралхан 

Бөкей,  Дулат  Исабеков  секілді  талантты 

прозашылардың  əрбір  əңгімесінде  соғыс  жəне 

жеңіс  тақырыптары  кеңінен  қамтылды.  Бір 

ғана  Дулат  Исабековтің  «Біз  соғысты  көрген 

жоқпыз»  дейтін  шығармасы  балалығын  соғыс 

жұтқан өз буынының тағдырын бейнелейді. Ұлы 

Жеңістің  жанқиярлықпен  келгенін  шежірелейді. 

Қазақ  халқының  басынан  өткен  əрбір  тарих 

кешегі  кезеңде  көркем  шығармаға  айналды. 

Он  алтыншы  жылғы  ұлт-азаттық  көтерілісінен 

бастап кешегі сексен алтының қасабына дейінгі 

тарих  əр  буын  өкілдерінің  қаламынан  түрлі 

жанрларда  шығарма  болып  өрілді.  Соның 

ішінде соғыс жəне жеңіс тақырыбының алатын 

орны ерекше. 

Кітап  оқуға  үйреткен  ауылдың  мамыражай 

мінезі  кейіпкерлер  мен  кітаптар  əлемінде  өмір 

сүруге  жетеледі.  Ең  бастысы,  тарихты  тануға 

үйретті.  Сол  ауыл,  сол  қасиет  осындай  үлкен 

тұлғалардың барлығын да тəрбиеледі ғой.



Ауыл 

кеші 

əрдайым 

көңілді. 

Шығармаларда  ауасы  таза,  суы  бал, 

шөбі  шүйгін  деп  суреттелетін  ауылдың 

шынында  да  табиғаты  бөлек.  Боямасыз 

өмір, қоспасыз шындық атаулы да ауылдан 

табылады. Əлімсақтан бері қазақ ұлтының 

негізі  ауылдан  бастау  алған  делінеді. 

Қарапайым  баладан  қазыналы  данаға 

дейінгі  сəулелі  жолды  ауылдың  топырағы 

сыйлайды  екен.  Ал,  ауылдағы  оқыған 

əдеби  шығармалардың  лəззаты,  тіпті 

басқа.  Көкек  сайрайтын  көктемде  күннің 

шұғыласына  маңдай  төсеп  отырып  алып 

кітап  оқыған  қандай  ғажап.  Бала  күніңде 

мойның  ырғайдай,  өзің  торғайдай  болып 

ауылда қара кешке дейін жұмыс істесең де 

кешқұрым  кітапты  қолға  алған  сəт  айтып 

жеткізгісіз.  Балалық  шақтың  ештеңеге 

айырбастауға  болмайтын  бақытты  шағы 

осы.  Бірақ,  болмаған  балалықтың  өтеуін 

кім қайтарады. Кітаптың барлығы да бірдей 

емес. Бірі мұңды, бірі сырлы.

ҚОЛТАҢБА АЛУДЫ ҚҰНТТАМАЙ ЖҮРМІЗ

ҚОЛТАҢБА АЛУДЫ ҚҰНТТАМАЙ ЖҮРМІЗ

Ислам ХАМИТҰЛЫ

Ойласу


Жақында 

атақты 


ғалым 

Мырзатай  Жолдасбеков  Астанадағы 

Ұлттық 

Академиялық 



кітапханаға 

өзінің  өмір  бойы  жинаған  тоғыз 

мың  кітаптан  тұратын  аса  бай 

кітапханасын 

тарту 

етті. 


Оның 

ішінде  мың  шақты  кітабы  ақын-

жазушылардан, 

саясаткерлерден, 

өнер  адамдарынан  авторға  кезінде 

қолтаңба  қойылып  сыйланған  екен. 

Кезінде  Қадыр  Мырзалиев  ағамыз 

Сəбит 


Мұқановтың 

қолтаңбасы 

қойылған 

Жазушылар 

одағына 

мүшелік  билетін  қайта  ауыстыру 

кезінде  бермей,  жеке  мұрағатында 

сақтап қалғанын жазып еді. Мұның өзі 

ұлы  сөз  өнерінде  өзіндік  қолтаңбасы 

қалыптасқан  қаламгерлерге  деген 

құрмет  еді.  Негізі,  қолтаңба  алу 

үрдісі  қазақ  мəдениетінде  ақын-

жазушылардан  басталған  сияқты. 

Мысалы, 


алпысыншы 

жылдар 


оқырмандары мен əдебиетшілері ұлы 

Мұхтар  Əуезовтен  қолтаңба  алуға 

сонша  талаптанбас  еді.  Оның  үстіне 

сол кездегі қаламгерлердің арасында 

жаңа  шыққан  кітаптарын  бір-біріне 

қолтаңба  қойып  сыйлау  дəстүрі 

болған.  Кейіннен  замана  ағымымен, 

уақыт  көшкінімен  бұл  үрдіс  те 

кенжелеп  қалды.  Кейін  бұл  үрдіс 

əншілерден қолтаңба алуға ұласты. 

Қазір 

жастардың 



көпшілігі 

əдебиет  өкілдерінен  емес,  эстрада 

өкілдерінен  қолтаңба  алуға  құштар. 

Себебі,  танымалдылық  белгілі  бір 

деңгейде  жастық  өмірге  əсер  етпей 

қоймайды.  Бүгінде  теледидардың 

іші,  ғаламтордың  беті  дегендей 

дүниелердің  барлығы  да  əншілердің 

жарнамасына  толы.  Кім  қалай 

үйленді,  кімнің  тойы  қай  жерде 

өтті,  кім  қандай  көлік  мінеді,  кім 

жылына  қанша  табыс  табады...

Міне, 

осындай 


жарнамалардан 

соң  олардың  танымалдылықтары 

артты.  Ал,  жастық  өмір  болса  жылт 

етпе  жылтырға  назар  аударуымен, 

қызылға қызығуымен де есте қалады. 

Танымал  адамдар  көп  болғанымен, 

тағылымды  тұлғалардың  аз  екенін 

білеміз.  Екінің  бірінің  абыз,  егіздің 

сыңарының  аңыз  болып  кетпесі  тағы 

анық. 


Негізі,  қолтаңба  беру  дəстүрі 

сөзұстарларға  тəн  дүние.  Қолтаңба 

берудің  де  өзіндік  тəртібі  мен 

мəдениеті 

болады. 

Көптеген 

оқырмандар  əйгілі  ақын  Мұхтар 

Шахановтың 

қолтаңба 

беруде 


ерекшелік  танытатынын  айтады.  Сөз 

бен  сөзді  ұйқастырып,  ой  мен  ойды 

жымдастырып жібереді екен. Сондай-

ақ,  Талас  топырағында  дүниеге 

келіп,  Тараз  шаһарында  өмір  сүрген 

талантты  ақын  Серік  Томановтың 

да  қолтаңба  бергенде  қолтаңбасы 

ерекше болған. Өлеңдегі қолтаңбасы 

қандай  болса,  оқырманға  берген 

қолтаңбасы  да  сондай  бөлектеніп 

тұрған.  Мұның  өзі  таланттылықтың, 

ұлы сөз өнерінде өзіндік қолтаңбасын 

қалыптастыруды 

мақсат 


еткен 

көңілдің көрінісі. 

Белгілі  əдебиетші  ғалым  Құлбек 

Ергөбектің  студент  кезіндегі  бір 

жайды  айтқаны  бар.  Абай  атындағы 

Қазақ  Педагогикалық  институтында 

атағынан  ат  үркетін  жазушы  Сəбит 

Мұқановпен  кездесу  өтеді.  Сонда 

кездесу кеші əлдеқашан аяқталса да 

студент  жастар  əдебиет  алыбынан 

қолтаңба  алу  үшін  кезекке  тұрған 

екен.  Бұл  бүгінгі  күннің  жастары 

үшін  үлкен  өнеге.  Əбіш  Кекілбаев  та 

Мұхтар  Əуезов  туралы  естелігінде 

ұлы  жазушыдан  қолтаңба  алуға 

сол  кездегі  əрбір  жастың  ынтызар 

болғанын  жазады.  Бүгінде  қолтаңба 

алу  дəстүрінің  əншілер  қауымына 

ауысқанын,  қазіргі  жастардың  басым 

бөлігінің 

əншілерден 

қолтаңба 

алғысы  келетінін  айттық.  Дегенмен, 

бұл  үрдіс  те  қалып  бара  жатқан 

сияқты.  Қазір  «жұлдыз»  саналып 

жүрген  бір  сахнагер  «тірі»  кейіпте 

көрінсе  болды,  жастар  жағы  улап-

шулап 


суретке 

түсетін 


болды. 

Қазіргідей 

техниканың 

дамыған 


заманында  суретке  түсу  сөз  емес. 

Əркімнің  қолында  бүгінде  бір-бір 

заманауи ұялы телефон. Оның ішінде 

не жоқ дейсіз, іздегеннің барлығы да 

бар. Содан оны əлеуметтік желілерге 

салады,  астына  мақтан  үшін  ба, 

басқа  үшін  ба,  белгісіз,  əйтеуір  əлгі 

өнер иесінің аты-жөнін жазып қояды. 

Ал,  кітап  туралы  əңгіме  айтсаң, 

қолындағы  ұялы  телефоны  арқылы 

ғаламтордан оқып жүргенін айтады. 

Қолтаңба  алу  уақыт  жылжып, 

дəуір  алмасқан  шақтарда  да  кітап 

бетінде  не  болмаса  сыйлықтың 

өзінде  естелік  болып  қалатыны 

ақиқат. Қолтаңба беру жайы да бүгінгі 

күнгі 

қаламгерлердің 



арасында 

жойылып  барады.  Баспадан  жаңа 

шығып,  сиясы  кеппеген  кітабын 

қолтаңба  жазып,  бір-біріне  ұсынбақ 

түгілі, бір-бірінің қандай дүниелерінің 

жарыққа  шығып  жатқанынан  да 

бейхабар.  Өмірде  əркім  əр  түрлі 

дүниеге 


қызығушылық 

білдіреді. 

Біреуі ананы жинайды, біреуі мынаны 

жинайды. Енді бірі қолтаңба алғанды 

жаны  қалайды.  Əркімнің  таңдауы 

өзінде.  Бірақ,  саналы  адамның 

өмірінде  қолтаңбаның  алатын  орны 

ерекше.  Өмір  сағым,  көшкен  бір 

көштей  бұлдырап  кете  барады. 

Бүгінгі  қарапайым  тұлға  ертеңгі  ұлы 

аңыз болуы да мүмкін. 

Өнерде  əрбір  өнер  иесінің 

немесе  шығармагердің  өзіндік 

қолтаңбасын  қалыптас тыра ты-

ны  шын.  Бұл  əлбетте,  сол 

саланың  таланттыларына  ғана 

тəн мəселе. Бірақ, қолына қалам 

ұстаған 

суретші 

болсын, 

санасына сəуле түскен ақын не 

жазушы  болсын,  болмаса  кө-

мейіне құмыр бұлбұл ұя салған 

əнші  болсын  бəрібір,  қолтаң-

басын 

қалдырғысы 

келеді. 

Бірақ,  ол  екінің  біріне,  егіздің 

сыңарына  бұйырған  бақыт  па 

өзі?!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет