Газет 2005 жылдың 28 Қазанынан бастап шығады


Бетті дайындаған Бексұлтан Кабышев



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата03.03.2017
өлшемі4,78 Mb.
#7518
1   2   3

Бетті дайындаған Бексұлтан Кабышев

6

Насихат



 



ЖЕЛКЕН

Адамзат жер бетіне жаратылғалы бері 

бұл  жұмыр жер үшін  талас-тартыс бірге 

жаратылған-ды.  Дөңгеленген  дүниенің 

төрт  бұрышында  ғұмыр  кешкен  небір 

ірілі-ұсақты  империялар  мен  патшалық-

тар,  ұлттар  мен  ұлыстар  қара  жер  үшін 

қантөгіс  соғысқа  барып,  бірі  жеңіп,  бірі 

жеңіліп жатады. Солардың бірі тарих сах-

насынан мүлдем жойылып, ұмыт болып 

қала берді. Бұған қарт тарих куə.

Кескілескен  шайқастар  мен  зұлмат 

жылдар  да  қазақ  басынан  өтті.  Сонау 

тарих қойнауынан бері келе жатқан Көк-

елдер көшінен қалмаудың керектігін жа-

сады.  Мəңгілік  азат  ел  болуды  аңсады. 

«Қаған парызы – халқының қарнын той-

ғызып, мерейін өсіріп отыру. Түнде ұйқы 

көрмедім,  күндіз  күлкі  көрмедім,  қызыл 

қаным төгілді, қара терім сөгілді, күшімді 

сарқа  жұмсадым,  тауға  да  шықтым  құр-

санып  –  бəрі  мəңгі  елім  үшін»,  –  дейді 

батыр  бабамыз  Тоныкөк.  Кир  патшаның 

басын  алып,  «Мəңгі  елдің  тыныштығын 

алғың  келсе,  мəңгі  қанға  тойып  торсық-

та жат», – деген Тұмар патшайымның да 

əрекеті осы елдің қамы еді. Тарихымызға 

үңілсек, бабаларымыздың осындай өне-

гесін көптеп кездестіреміз.

Егеменді  ел болғанымызға ұзақ уақыт 

болмаса  да,  арғы  бабамыз  сақ  пен  ғұн-

нан,  үйсін  мен  қаңлыдан  тарата  айтсақ, 

бəрі де Мəңгілік Елдің негізін қалады, ше-

карасын  айқындады.  Қазақ  жерінің  қай 

тұсын  алып  қарасақ  та,  бабаларымыз-

дың  мəңгілік  болу  мақсаты  тайға  таңба 

басқандай  анық  байқалады.  Оған  жоға-

рыда келтірілген мысалдар дəлел.

Асыл  арманымызға  қол  жеткізген  уа-

қытта,  енді  оны  əрмен  қарай  уысымыз-

дан  шығарып  алмау  қамын  жасауымыз 

қажет.  «Сөзі  жоғалған  ел,  өзі  де  жоға-

лады»  деп  Ахмет  Байтұрсынов  айтып 

кеткендей,  Мəңгілік  Елдің  кепілі  –  ана 

тілі  екенін  ұмытпаған  жөн.  Елбасымыз 

Нұрсұлтан  Назарбаев  Мəңгілік  Ел  болу-

дың  тұғырнамасын  жасады.  Мəңгілік  Ел 

болу  үшін,  мəңгілік  тіл  болу  керектігін 

анық біліп, «Қазақ қазақпен қазақша сөй-

лес» деп ұран тастады. Міне, бұл – кескі-

лескен шайқастар мен зұлмат жылдар да 

қазақ басынан өтті. Мəңгілік Ел болудың 

аксиомасы.

Елбасы  бастаған  істі  халық  болып 

қолдап,  біз  секілді  ұрпақ  жалғастыруы 

қажет. Бұл – ұлы міндет, азаматтық па-

рызымыз  деп  білемін.  Кешегі  Мағжан 

сенген  жастарға  бүгінде  Елбасы  да 

сенім  артып  отыр.  «Ағаш  тамырымен, 

халық  келер  ұрпағымен  мықты»  дейді 

халқымыз.  Сондықтан  мəңгілік  елдің 

болашағы үшін аянбай еңбек етіп, білім 

нəрімен  сусындап,  ана  тіліміздің  қанат 

мəңгілік  болса,  ел 

де  мəңгілік  болмақ. 

Осыны 

қаперден 



шығармайық.

–  Ғани  Жұмабайұлы,  қаншалықты 

қазіргі жастардың саяси білім деңгейі 

туралы сөз етсеңіз?

– Қолда бар деректерге қарап отырсақ, 

Қазақстан халқының басым бөлігі жастар 

дей  аламыз.  Ендеше,  олар  саясатта  да 

шешуші  рөл  атқара  алады.  Себебі,  жас-

тар  қоғамымыздың  ең  белсенді  бөлігі. 

Сондықтан  да  мемлекет  жастардың  са-

насын  қалыптастыруға,  нақты  бағыттағы 

саналы күш-жігер жұмсауы тиіс. Жастар – 

қоғамның  ең  басты  стратегиялық  ресур-

сы.  Мемлекет  тек  қана  құрылыс  жəне 

өндірістік  жобаларды  қаржыландырып 

қана  қоймай,  адамның  жан-жақты  соның 

ішінде  жастардың  мəдени-рухани,  əлеу-

меттік дамуына баса назар аудару қажет.

Жастарға айтар кеңесім, мүмкіндіктері-

не қарай, қоғамдағы болып жатқан оқиға-

лардан өздерін оқшау ұстамағаны абзал.



–  Жастарды  қолдау  мақсатында 

Қазақстан Республикасының Консти-

туциясында қандай заңдар қарасты-

рылады?

–  Жастық  шақ  –  адам  өмірінің  ең  қы-

зықты  да,  қайрат-жігерге  толы  керемет 

кезеңі.  Біздің  елімізде  ресми  түрде  адам 

өмірінің жастық шағы деп 14 пен 29 жас 

аралығындағы кезең саналады. Еліміздегі 

жүзеге асырылу үстіндегі жастар саясаты 

осы кезең аралығындағы жастарға қатыс-

ты қолданылады. Қазақстан Республика-

сының Конституциясында біздің еліміздің 

əлеуметтік  мемлекет  қатарында  екендігі 

ерекше  көрсетілген.  Əлеуметтік  мемле-

кет  қоғамдағы  экономикалық,  əлеуметтік 

жəне  т.б.  теңсіздіктерді  бəсеңдетуге  бар 

күш-жігерін жұмсайды.

–  Неліктен  саясаттану  маманды-

ғын таңдадыңыз?

–  Мектепте  оқып  жүргенде  мені  қо-

ғамның  саяси  тарихы,  саяси  саламен 

байланысты тарихи құбылыстар мен оқи-

ғалар қызықтыратын. Сол себепті саясат-

танушы болуға бел будым.



– Саясаттанушы ретінде студент-

терге қандай саяси қауіпсіздіктер ту-

ралы айтар едіңіз?

–  Ең  біріншісі,  ол  –  саяси  билік  мəсе-

лесі.  Қоғамның  негізі  билік  болып  табы-

лады.  Биліксіз  қоғамдық  қатынастарды 

жүзеге асыру мүмкін емес болар еді. Ке-

лесі – ұлттық қауіпсіздік мəселесі. Ұлттық 

жəне  халықтық  қауіпсіздікті  қамтамасыз 

ету  мəселесі  əр  кезде  де  адам  өмірінде 

кездесетін  мəселе.  Қауіпсіздік  мəселе-

лерін  негізінен  халықаралық  құқықпен, 

үкіметтер  арасындағы  ұйымдар  арқылы 

шешуге болады. Ұлттық тəуелсіздікті, тер-

риториялық біртұтастықты қорғау – əрбір 

мемлекеттің  басты  мақсаты.  Сондықтан, 

Қазақстан  Республикасы  тəуелсіздік  ал-

ғаннан  бері  ұлттық  қауіпсіздіктің  жүйесін 

қамтамасыз етуде көп жұмыстар жүргізіп 

келеді.


Тағы да бір маңызды мəселе – модер-

низация  немесе  саяси  бейімделу  мəсе-

лесі.  Модернизация  тұрғысынан  саяси 

даму  билік  пен  қоғам  арасындағы  жаңа 

байланыстар типін қалыптастыру, халық-

тың  көпшілік  бөлігіне  негізгі  шешімдерді 

қабылдарда  ықпал  етуге  мүмкіндік  бе-

ретін  əлеуметтік-саяси  механизамдерді 

құру болып табылады. Міне менің ойым-

ша, жастар қазіргі таңдағы саяси саланың 

манызды бағыттары туралы ақпартты біл-

гені дұрыс. Өйткені саяси білімі жоқ адам-

ды аяқтан шалып, өзінің еліне қарсы қою-

ға əрекеттендіру оңай болады. Ал жастар 

əдемі əңгімеге сенгіш келеді.

–  Сіз  көп  жылдан  бері  транзиттік 

қоғамның  саяси  трансформациясы, 

кіші жəне орта кəсіптің саясаттану-

шылық  оңалу  мəселелерін  зерттеп 

келесіз.  Осы  орайда  елімізде  жəне 

аймағымызда  болып  жатқан  интег-

рациялық  процесске  қандай  баға  бе-

ресіз?

– Еуразиялық ықпалдастық – ең алды-

мен бұрынғы біртұтас мемлекет құрамын-

да болып бір-бірімен саяси-экономикалық 

жəне  əлеуметтік  жағынан  жақын  тұрған 

халықтардағы  сол  тарихи  сабақтастығы-

ның  игі  жақтарын  үзіп  алмай  қайта  жал-

ғастыру, оны одан əрі дамыту идеясынан 

туған жоба.

Еуразиялық ықпалдастықты іске асыру 

жолында ең манызды қадамның бірі – Ке-

ден одағын кұру. Ол экономикалық ықпа-

дастық процестерді жеделдетті.

Елбасы Н.Ə. Назарбаев айтқандай, ке-

ден одағы мемлекеттері арасындағы бір-

лескен шекаралар біздің елдеріміздің аза-

маттарын кедергісіз кесіп өту үшін, жүктер 

мен тауарлар, валюта қаржыларын алып 

өту үшін мөлдір болды.

Экономикалық ықпалдастық кеден ода-

ғына  мүше  мемлекеттер  энергетикасын, 

агроөнеркəсіп  салаларын,  бəсекелестікті 

дамыту жəне жалпы экономиканы өрісте-

туге серпін береді.

ҚР  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев-

тың пікірі бойынша: «ХХІ ғасырда өңірлік 

интеграция түрлі жаһандық тəуекелдерге 

қарсы тұруда маңызды фактор болатыны 

айдан анық. Қазір, жалпыға ортақ жаһан-

дану  жағдайында,  бұл  –  мемлекеттердің 

экономикалық  жəне  өркениетті  дамуын-

дағы,  олардың  жаһандық  бəсекеге  қабі-

леттілігін арттырудағы түбегейлі мəселе».

–  Сіздің  мағыналы  да  танымды 

əңгімеңізден жастар қажетті ақпарт 

алды деген ойдамыз. Əңгімеңізге рах-

мет!

ЖАСТАРДЫҢ МӘДЕНИ-

РУХАНИ ДАМУЫНА БАСА 

НАЗАР АУДАРУ КЕРЕК

Бүгінгі жастардың беталысы мен саяси білім деңгейін 

анықтау мақсатында саяси ғылымдарының кандидаты, 

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік 

университетінің доценті Ғани Елмұратовпен болған 

әңгімемізді ұсынамыз.

МӘҢГІЛІК ЕЛ – 

ҚАЗАҚ ЕЛІ


7

Көңіл сұрау

Жабысып тіл таңдайға,

Жатады ауру қалжырап.

Кіргенің жөн ондайда,

Көңіл сұрап,

Хал сұрап.

Аз дегенде, ең кемі

Бір жүз адам дос ед деп,

Кім келмей, кім келгенін

Жатады ол есептеп.

Қиын екен дос күткен,

Күтуден ол талмайды.

Күні бойы есіктен

Екі көзін алмайды.

Сорғалап тер жанынан,

Жатады ол жерініп.

Елдің енді онымен

Ісі жоқтай көрініп.

Айырылып қанаттан,

Жатады ол шын арып,

Туыстары санаттан

Тастағандай шығарып.

От түскендей қанына,

Өртеніп-ақ жатады.

Күйік емес жанына,

Келмегенің батады.

Елестетіп түріңді,

Жатады ол жуасып.

Қайта қозып бұрынғы

Саған деген шүбəсі.

Денсаулығын тонаған

Дерт тəнінде ойнайды.

Келмейтіндей мен оған

Не жаздым деп ойлайды.

Демі бітсе таудың да,

Күні қараң, тегі оның.

Сырқат түгіл саудың да,

Сұраған жөн 

көңілін!


Айкөз 

Ақылбекқызы

Қызғалдақтар әлемінен сыр шерткен 

Назгүл РАБИЛОВА

Қызғалдақ



 



БАТЫР ҚЫЗ 



 



ҚҰМСАҒАТ



 



БОЙТҰМАР

• Өзім өлгенде артымнан қалдыруға қимайтын екі асылым бар еді: оның 

біріншісі – өмірлік жан жарым Халимам, екіншісі жарғақ құлағым жастыққа 

тимей өмір бойы жинаған кітаптарым еді.

• Су сұрасам – сүт, қарта сұрасам – қазы, жая сұрасам – жал беретін 

еді  Халима.  Жанынан  жылу,  жүрегінен  жыр  беруші  еді  маған.  Ойымды 

жалғап, өрісімді кеңейтуші еді менің. Сөйлесек – əзіл, күлсек – күлкіміз 

таусылмайтын еді біздің.

•  Егер  Халима  маған  тұрмысқа  шықпай,  басқа  біреуге  барса,  атақты 

ғалым əйелдердің бірі болатын еді деп ойлаймын. Ол өз бойындағы осы 

тамаша талантты мəртебелі махаббат жолында құрбан етті – өз талантын 

өшіріп, менің талантымды өрістетті.

• Халима біреуге жақсылық жасаса, оны жария етпейтін.

• «Ұят!» деген сөз Халиманың ұраны еді. Өмір бойы сол ұранды орын-

дап өтті ғой.

•  Мен қанша кітап сатып алсам да, қабағын шытпайтын. Сол себептен 

де екеуміз тамақ пен киімнен басқа бар ақшамызды кітап жиюға жұмсай-

тынбыз.

•  Мен  Халимаға  9  жыл  ғашық  болдым.  Одан  кейін  екеуміз  қосылып, 



54 жыл тату-тəтті, лəззатты өмір сүрдік. Жұбымыз жазылған жоқ. Дүние-

жүзіндегі көп ғашықтардың (Петрарка мен Лаураның, Данте мен Беатри-

ченің,  Қозы  Көрпеш  пен  Баянның,  Қыз  Жібек  пен  Төлегеннің  т.б.)  қолы 

жетпеген мəңгілік махаббаттың алтын тəжін біз басымызға кидік!



Қыздар 

арасындағы достық

Бір танысым қыздардың арасында достық болмайды 

деген байламға келген. Оған өзінің жеке себептері бар. 

Қыздар арасында достық болады деймін мен. Ал екі əр 

түрлі адамда əңгіме орнай алмағандықтан, жақын шы-

найы қарым-қатынас орната алмайды.

Достық – ешкімге айта алмайтын ойларын саған ғана 

сеніп айта білу болса, үнсіздік кезеңінде бір-бірінің көз 

қарастары  арқылы  жан  дүниесіндегі  бұрқанысты  көре 

білу. Оны кез келген адам сезе білмейді, нағыз достар 

ғана бəрін өзінің жүрегімен ұға алады. Бірінің жаны жа-

раға  толы  болса,  сол  жараны  жазуға  тырысып,  оның 

қайғысын сейілту жəне қиналған шақта қол ұшыңды бе-

рудің барлығы достықтағы əрекеттер. Ал нағыз достық 

бақытты кезеңдерде де сыналады. Мəселен, құрбысы-

ның жеткен шыңына ортақтаса алмаса сірə екеу ара қа-

тынасты достық деп атай аламыз ба?

Нағыз  құрбылар  бір  туғандай,  жақын  туысқан  болып 

кетеді.  Олардың  қаны  бір  болмаса  да,  өмір  оларды 

туысқан  етті.  Осындай  досты  табу  үлкен  жетістік.  Кез 

келгеннің  маңдайына  ондай  бақ  қона  бермейді.  Қыз-

дардың  жүректері  өте  нəзік.  Əр  қыз  баласы  өмірде  өз 

сыңарын тауып, бақытты болуға талпынады. Қыздар жа-

нында өмірлік адал жарының болғанын жəне шер тарқа-

татын сырласы, демеу болатын құрбысының болғанын 

қалайды.  Егер  қимас  досыңыз  болса  оны  ардақтаңыз, 

қадірлеңіз.  Екеулеріңнің  араларындағы  қыл 

өтпестей  татулықты  бағалаңыз,  қадірменді 

оқырман.  Менің  қыздар  арасындағы  дос-

тық  жайлы  ойым  осындай.  Ал  сіз  қалай 

ойлайсыз?

Ұлы Отан соғысының тарихында өшпес аты қалған Мәншүктің 

шын есімі Мәнсия Мәметова. Қазақтың қаһарман қызы 1922 жылы 

Орал облысының (бұрынғы Гурьев) Орда ауданында өмірге кел-

ген. Анасы еркелетіп моншағым дей бергесін, бала Мәнсия өз 

есіміне тілі келмей, өзін Мәншүк деп атап кетіпті.

Мəншүктің  өз  əкесі  –  Жиенғали  Мəме-

тов.  Бірақ  Жиенғалидің  немере  інісі  Ах-

метте  бала  болмағасын,  əкесі  қызды  бес 

жасында  інісінің  тəрбиесіне  береді.  Ахмет 

Саратов  қаласында  оқып  жүргендіктен, 

Мəншүкті  сол  жаққа  алып  кетіп,  бірнеше 

жыл  ағасымен  ойламаған  жерден  байла-

нысы  үзіліп  кетеді.  1931  жылы  Алматыға 

келгесін, ағасы Жиенғалидің аштықтан көз 

жұмғанын естиді. Сөйтіп Мəншүк Ахмет пен 

Əминаның қолында қалады.

Ахмет  Мəметов  –  қазақтан  шыққан  ең 

алғашқы  дəрігер.  Сонымен  қатар,  ала-

шордашы  ретінде  Бейімбет  Майлин,  Құ-

дайберген Жұбановтармен жақын аралас-

қандықтан  1938  жылдың  қаңтар  айында 

қамауға  алынады.  Ахметтің  əйелі  Əмина 

Мəметова  Əбілқайыр  ханның  тұқымы. 

Атасы  молда,  əкесі  де  елге  сыйлы  адам 

болған. Өзі де Патша заманында əйелдер 

гимназиясында оқып, Саратовта аспиран-

тураны  тəмəмдаған.  Сөйтіп  елге  оралып, 

əдебиет пəнінің мұғалімі боп қызмет етеді. 

Сол кездегі газеттерге сыни мақалаларды 

жазуды  да  əдетке  айналдырады.  Қуғын-

далып  «Халық  жауы»  атанған  Ахмет  Мə-

метов  əйелі  Əминаға:  «Менің  Мəншүгімді 

ренжітпе, қалай да болсын аман сақта», – 

деп  тапсырады.  Есейген  соң  Мəншүк 

əкесінен бас тартпай, оның кінəлі еместігі-

не үнемі сенімді болады.

Мектепті  бітіргеннен  соң  Мəншүк  меди-

цина институтына оқуға түседі. 1941 жылы 

Ұлы  Отан  соғысы  басталғанда  Мəншүк 

небəрі  18  жаста  болатын.  Соғысқа  өз  қа-

лауымен  сұранған  қайсар  қыздың  өтініші 

былай  деп  жазылыпты:  «Фашистерді  жою 

үшін  майданға  жіберетін  менің  ағайым 

да,  апайым  да  жоқ,  сондықтан  өзімді  жі-

беріңіз.  1939  жылдан  бері  комсомолмын. 

1941  жылы  7  тамыз»  –  деп  қол  қойыпты. 

Бірақ  Мəншүктің  соғысқа  аттану  туралы 

өтініші бірден жүзеге аспады. Сөйтіп 1942 

жылдың 13 тамызында Алматыдан 100-ші 

атқыштар  бригадасы  майданға  аттанады. 

Ол бригаданың құрамында 4890 жауынгер, 

оның ішінде екі қыз – дəрігер Мəриям Сар-

лыбаева жəне Мəншүк Мəметова бар бола-

тын. Жауынгерлерді қазақтың ақыны Жам-

былдың  «Ленинградтық  өренім»  өлеңімен 

шығарып салыпты.

Соғысқа  өз  қалауымен  келген  қазақтың 

нəзік  қызы  майданның  қиындығын  ерлер-

мен қатар көріп, жер жорғалап, суда жүзіп, 

ну  ормандарды  артта  қалдырып,  пулемет 

атып  та  үйренді.  Қандай  қиындыққа  бол-

сын  қазақ  қызы  еш  мойыған  жоқ.  Мəншүк 

21-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының 

«ең жақсы пулеметші» атағына ие болады. 

1943  жылы  15  қазанда  Псков  облысының 

Невель  қаласын  босату  үшін  Изоча  стан-

циясындағы 173,7 биіктігінде өте қатал тар-

тыс болды. Мəншүк өзінің əскери бөлімінің 

шабуылын  пулемет  отымен  қорғады.  Сол 

жолы фашистердің бетіне тікелей оқ атқан 

Мəншүктің өз басына да оқ тиіп, қайсар қыз 

сол жерде ерлікпен қаза тапты.

Кеңес  Социалистік  Республикалар  Ода-

ғы  Жоғарғы  Кеңесінің  Жарлығымен  1944 

жылдың 1 наурызында Мəншүк Жиенғали-

қызы Мəметоваға Кеңес Одағының Батыры 

атағы берілді. Сондай-ақ, Павлодар облы-

сының  колхозшылары  Мəншүк  атындағы 

танк  колоннасын  құруға  қаражат  жинады. 

Туған  жері  Оралда  оған  ескерткіш  орна-

тылды. Бүгінгі таңда Невель, Алматы, Орал 

қалаларында  Мəншүк  атындағы  көшелер 

бар. Қазақстандағы ондаған мектептер, Қы-

зылорда  қыздар  педагогикалық  училищесі 

Мəншүк  есімімен  аталады.  Қаһарман  қыз-

дың  өмірі  мен  өшпес  ерлігі  туралы  М.Бе-

галиннің  режиссерлігі  мен  А.Михалков-

Кончаловскийдің авторлығынан туындаған 

«Мəншүк туралы жыр» көркем фильмі жа-

рық көрді.

Түйін.  Ешкім  де,  ештеңе  де  ұмытылмақ 

емес. Қан майданның сансыз ұрыстарында 

жеңіске ұмтылған қазақтың моншақ қызын 

тек қана қазақ даласы мен бүкіл одақ есін-

де сақтайды деген нық сенім бар.



Эльмира Абетжанова

ҚАЗАҚТЫҢ 

«МОНШАҚ ҚЫЗЫ»



 



МӨЛТЕК СЫР 



ЖАНЫНАН ЖЫЛУ, ЖҮРЕГІНЕН ЖЫР ТӨГІЛГЕН

Халық жазушысы Əзілхан Нұршайықовтың 54 жыл отасқан жары Халимаға деген сағынышы

БАТЫРЛАРҒА 

ТАҒЗЫМ

1978 жылы Ауғанстанда сəуір айында төң-

керіс  болып,  оның  арты  аяқталмас  соғысқа 

айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана 

емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен 

де ұзаққа созылды. 1979 жылы кеңес əскер-

лерінің  шектеулі  контингенті  Ауғанстанға 

кіріп, 9 жыл 1 ай 19 күн соғыс жүргізді. Оған 

22 мың қазақстандық қатысты.

Ауған  жеріне  Павлодар  облысынан  1098  жас 

өрендер аттанды. Олардың 27-сі қайтыс болып, 

54  жарқаттанып  келген.  Павлодар  облысының 

əскери комиссариатының мəліметтері бойынша 

269 павлодарлық əскери ордендер мен медаль-

дермен  марапатталған.  26  адам  Қызыл  Ту  ор-

денінің кавалері атанды.

Бейбіт өмірде Отан алдындағы борышын өтеп 

жүрген  өрімдей  жас  жігіттер  соғыстың  мəн-жа-

йын  ұғар-ұқпастан  аттанды.  Талайдың  тағды-

рын тəлкекке салған Ауған соғысында қаншама 

жас қыршынан қиылып, қаншасы мүгедек болып 

оралды. Олардың бір ғана міндеті – бала жастан 

санамызға сіңірілген патриоттық тəрбие – Отан 

алдындағы  борышын  өтеу,  қабылдаған  антына 

берік болу еді.

1989 жылы бұл қырғи қабақ соғыс аяқталып, 15 

ақпанда барлық сарбаздар Ауған жерінен шыға-

рылды. Тарихтағы мұндай оқиғаларды ұмытпай, 

боздақтардың  ерліктерін  ел  есіне  түсіріп  тұру 

міндетіміз. Оқпен оттың ортасында жүріп соғыс-

тың қасіретін өз көзімен көрген Ауған соғысының 

ардагері Өркен ауылының тұрғыны Серікқұл Ен-

сеев 1961 жылы маусымда туылған. 1968-1978 

жылдары  Бақанас  орта  мектебін  бітіріп  1980 

жылы Шығыс Қазақстан облысындағы Аякөз қа-

ласының  ДОССАФ  курсын  бітірді.  Оның  тағды-

рына  1980-1982  жылдары  Ауғаныстан  жерінде 

əскери  борышын  өтеп  келу  жазыпты.  Серікқұл 

ағамыз қазіргі таңда төрт бала өсіріп, үш неме-

ре сүйіп отыр. Өз сөзінде ағамыз «Бұл соғысқа 

кеңестік əскер күші достық көмек ретінде, Отан 

атынан  Ауған  елінде  жандарын  құрбан  етті. 

Бүгінде ауған соғысына қатысқандардың бəрінің 

жағдайлары мəз емес. Олар мемлекет тарапы-

нан берілетін əлеуметтік көмектерге де көңілдері 

толмайды»,  –  деп  ағынан  жарылды  Серікқұл 

Кешірханұлы.

  Қазіргі  таңда  Қазақстанда  кеңестік  əскердің 

құрамында  ауған  соғысына  қатысқандардың 

мəртебесі  екінші  дүниежүзілік  соғыс  ардагер-

леріне  теңестірілген.  Ауған  ардагерлері  қоғамы 

өкілдерінің  сөзінше  кеңес  заманында  мемлекет 

тарапынан берілген жеңілдіктер мүлдем алынып 

тасталыныпты.

Мейлі  қаражат  мəселесінің  де  жөні  болар. 

Еліміз  бейбіт  күн  кешіп  жатқанда  өзге  елдің 

жауымен  арпалысқан,  жанын  қиып,  қанын  төгіп 

келген  азамматрымызды  құрмет  тұтып,  басы-

мызды бір сəт иіп қояйық. Оларға бұдан артық не 

керек  дейсіз.  Қазақ  қашанда  батырларына  тағ-

зым етуден жалықпаған, жырға қосып, ерліктерін 

ұрпақтан  ұрпаққа  мұра  етуді  бəрінен  маңызды 

санаған.  Сондықтан  батыр  ағаларымызға  де-

ген тағзым мəңгілік болсын! Сөзімді Елбасымыз 

Н.Ə.Назарбаевтың  мына  сөздерімен  аяқтайын: 

«…Ауған  соғысында  қыруар  қаржы  шығындал-

ды, мыңдаған өмір қиылды, бəрібір кеңес əскері-

не бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін 

бұдан асқан қасірет бар ма?».

Ғалымжан Қабіров

МЕНШІК ИЕСІ:

С.Торайғыров 

атындағы Павло-

дар мемлекеттік 

университеті

Редактор: 

Жанар Елешова



Дизайнер: Н. Яницкая

Жауапты хатшы: Н. Рабилова

Тілшілер: А. Тилей, Н. Ра-

билова, Ұ.Төлеу, А. Ерманат, 

Б. Кабышев, М. Сүлейменов.

Ақылдастар алқасы: 

Қ. Алдабергенов, Ж. Бижан, 

А. Тойшыбайұлы, А. Эсеналиева.

Редакция мекен-жайы:

Павлодар қ., Ломов көшесі, 64, 

каб.427-А, тел.673648

• ГАЗЕТ  Қазақстан Республика сы ның 

Мəдениет жəне ақпарат ми нистр -

лігінде есепке алынып (04.12.2008), 

ол туралы №9722-Г куə лігі берілген.

• ГАЗЕТ бетіндегі автордың 

мақала лары, хаттары редакция ның 

көзқарасын білдірмейді

• Таралым «PrimaLux» баспасында 

басылған. Мекен-жайы: Екібастұз 

қаласы, Əуезов көшесі, 15. Тел: 

8 (7187) 75-50-44.

• ГАЗЕТ айына бір рет шығады, 

таралымы 500 дана. 

Тапсырыс № Г15-3047

8

ДемAll



 



ТАҒЗЫМ



 



КІТАПҚҰМАР



 



БАҺАДҮР



С.Торайғыров атындағы Павлодар мем-

лекеттік университетінің бас ғимараты фо-

йесінде Ұлы Жеңістің құрметіне арналған 

фото және құжаттамалық көрме өтті.

Ұлы Жеңістің даңқын паш 

етуді  көздеген  бұл  көрме 

жұмысына  Қазақстан  Рес-

публикасы 

Президентінің 

Мұрағаты  мен  С.Торай-

ғыров  атындағы  Павло-

дар  мемлекеттік  универ-

ситетінің  мұражай  кешені 

бірлесіп  мұрындық  болды. 

Көшпелі  көрме  алғаш  рет 

өтуде,  сондықтан,  мұражай 

экспозициялары  Павлодар 

тұрғындары үшін ғана емес, 

еліміздің  соғыс  зардабын 

көрген  барша  халқы  үшін 

аса  қымбат.  Көрмеде  КС-

РО-ның  өнеркəсіп  орында-

рын,  ғылыми  жəне  мəдени 

мекемелерін  республикаға 

көшірілгенін 

айғақтайтын 

тың  деректер,  панфилов-

шылар дивизиясы, қазақ ба-

тырлары мен мергендерінің 

фотолары,  плакаттық  өнім, 

майданннан  келген  хаттар, 

соғыс  жылдарындағы  ке-

ңестік  биліктің  шығарған 

бұйрықтары мен жариялан-

ған  басылымдар  қойылды. 

Көрмеде  жалпы  саны  200 

құжаттың  түрлі-түсті  көшір-

месі көрсетілді.

Көрменің ашылу салтана-

тында  С.Торайғыров  атын-

дағы  ПМУ  даму  стратегия-

сы, тəрбие жəне əлеуметтік 

жұмыс  жөніндегі  проректо-

ры, с.ғ.д., профессор Арман 

Ақышев жастарға тағылым-

ды  сөзін  арнады:  «Ота-

нын  қорғау  жолында  біздің 

батыр  аталарымыз  қазақ 

баласына  тəн  қайсарлығы 

мен  өжеттілігін,  қолға  бер-

мес намысын, ерлігін ту етіп 

Ұлы Жеңіске жету жолында 

жанын  аямады.  Құрметті 

жастар!  Кезінде  аталарың 

көрсеткен  Отан  алдындағы 

ерлік, қайсарлық, азап – Сіз-

дер үшін, Сіздердің жарқын 

болашақтарыңыз  үшін  жа-

салғанын ешқашан ұмытпа-

ңыздар».

Көрменің  жетекшісі,  ҚР 

Президенті  Мұрағатының 

құжаттарды  пайдалануды 

ұйымдастыру басқармасы-

ның  басшысы  Бөлеген  Қа-

сеновтің  айтуынша  бүгінгі 

көрмеде  еліміздің  əр  ай-

мағынан  соғысқа  аттанған 

батыр 


аталарымыздың 

ерлігін  дəлелдейтін  құ-

жаттар  мен  хаттары  ұсы-

нылған.  «Соңғы  кездері 

ғалымдар  Ұлы  Отан  со-

ғысына  қатысты  тарихты 

қайта  қарастыру  керектігін 

айтып  жүр.  Тарихты  қайта 

саралап,  қайта  жазғаннан 

өткен  күннің  шындығы  өз-

гермейді.  Өйткені,  бұл  со-

ғыс қазақстандық əрбір от-

басының  тағдырына  əсер 

етті,  тарихта  мəңгі  өшпес 

ізін қалдырды», – деді Бө-

леген Əбікейұлы.

Сонымен  қатар,  қонақтар 

назарына 

С.Бейсембаев 

атындағы  ғылыми  кітапха-

наның Ұлы Отан соғысы та-

рихынан сыр шертетін кітап 

көрмесі ұсынылды.

ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫРЛЫҚ ЖЫРЛАРЫ

Қ

азақ  халқы  өзінің  ұзақ  тарихында  небір  қиын-



қыстау кезеңдерді басынан кешірді, бірақ ол еш-

қашан өзінің ұлттық құндылықтарынан ажыраған 

емес. Шексіз де шетсіз сайын далада ғұмыр кешкен ба-

баларымыз  өздерін  қоршаған  ортада  үйлесімді  мате-

риалдық əрі рухани мəдениет жасаған, көшпелілікпен 

бірге шаһарлар тұрғызып, қалалық та өмір салтын ор-

нықтырған, мемлекеттер құрған.

Қазақ  халқының  ұлттық  фольклоры  мен  авторлық  ауыз 

əдебиеті – руханиятымыздың аса бай да бағалы, көркем де 

көлемді бөлігін құрайды. Батырлық жыр – бағзы бабалары-

мыз қалдырған бағалы мұра. Елбасымыздың тапсырмасы 

бойынша «Мəдени мұра» жəне Қазақстан Республикасын-

да тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға 

арналған  мемлекеттік  бағдарламасы  аясында  «Қазақтың 

батырлық жырлары» топтамасы жарық көріп отыр. Бұл топ-

тама 50 батырлық жыр енгізілген 114 дискіні құрайды. Осы 

жобада  Алпамыс  батыр,  Қобланды  батыр,  Камбар  батыр 

жəне т.б. ел қорғаған елу таңдаулы батырлар туралы жыр-

лар қамтылған, оларды еліміздің ең танымал жыршылары-

ның орындауында тыңдау мүмкіндігі туып отыр.

Ауыз əдебиетінің бағзы заманнан ескірмей, ұрпақтан-ұр-

паққа ауысып отырған күрделі де мол салалардың бірі – ба-

тырлар жыры. Бұл жырларды жыршы-жыраулар ғасырлар 

бойы қобызға немесе домбырыға қосып, белгілі бір əнмен 

айтып,  ауыздан-ауызға  таратып  келген.  Қазақ  батырлар 

жырындағы  басты  қаһарман  елін  сүйген  батыр,  ал  оның 

басты  мақсат-мұраты  –  халқын,  Отанын  басқыншы  жау-

дан  қорғау.  Батырлар  жырының  көпшілігінде  халықтың 

түбегейлі  мұң-мүддесі  көкселеді.  Батырдың 

халыққа  қамқоршы  болу  арманы,  сол  жол-

дағы іс-əрекеті жырлануы 

арқылы  оның  өз-үй  іші-

не, өз руына деген сүйіс-

пеншілігі  де  айқындала-

ды.

С.Торайғыров 



атын-

дағы  Павлодар  меме-

лекеттік  университетінің 

С.Бейсембаев  атындағы 

ғылыми  кітапханасының 

мұралары  «Қазақтың  ба-

тырлық  жырлары»  топтама-

сымен  толықты.  Батырлық  жыр-

лармен  сусындағысы  келген 

əркім  құлағының  құрышын  қа-



нықтыра тыңдап, оқи алады.

С.Бейсембаев атындағы 

ғылыми кітапхананың

қызметкері Алия Рустемова

ЖЕҢІС ЖОЛЫМЕН


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет