Космида (Cosmides) — құрамында лябда фагтың ДНҚ сының фрагменті және соs-телімі (участок) бар плазмида. Гендік кітапханалар құру үшін қолданылады. Космидаларды бірінші рет 1978 ж. Коллинс және Брюнинг құрастырады. Космида көмегімен 32-47 мың н.ж болатын мөлшердегі ДНҚ-ны тасмалдауға болады, салыстырмалы түрде плазмида көмегімен тек 4-5 мың н.ж мөлшерде ДНҚ-ны ғана тасмалдауға болады. Оған қоса космидалар фагты бөлшектерге оралады, бұл оларды трансдукция көмегімен бактерияға енгізуге мүмкіндік береді, және космида жасанды түрде құрастырылады.
3. Фазмида
Фазмида (phasmid) [грек. pha(gos) — жеуші және plasma — құрастырылған] — гибридті вектор, фаг және плазмида геномының бөліктерінен құралған. Фазмидаға бөтен ДНҚ-ны еңгізгенен кейін бір жағдайларда фаг ретінде, басқа жағдайларда плазмида ретінде дамиды.
Рекомбинанты вектор, прокариот және эукариот жасушаларында репликациаланатын аймақтары бар. Мысалы pFH7 плазмидасы екі репликон біріктіруінен пайда болған, біреуі B. Subtilis –тің pC194 плазмидасынан бастау алса, екіншісі E. Coli - pBR322 плазмидасы, бұл қасиет векторға E. Coli-де және B. Subtilis-де репликациялануға мүмкіндік береді.
ВАС F-фактордың репликация инициация нүктесі мен екі жас жасушаға плазмидтердің ажыратылуын қамтамасыз ететін плазмидтік векторлар. ВАС плазмидтерді бактериялық хромосомадан бөліп алу оңай. ВАС-тар ұзындығы 100-3000 кб болатын рекомбинатты ДНҚ-ны қабылдай алады. ВАС адам геномы жобасында хромосомалардың үлкен бөліктерін клондау мен секвенирлеу кезінде қолоданды.