Вектор деп бөтен генетикалық материалды (ДНҚ фрагментін) клеткаға (реципиенттің) тасымалдауға қабілетті ДНҚ молекуласын айтады. Векторлар — ген тасығыштар, ал вектор деген сөздің өзі бағыттағыш деген мағынаны білдіреді.
ДНҚ молекуласын векторсыз, мысалы, бактериялық клеткаға енгізсе, онда оларды бактериялық ферменттер ыдыратып жібереді. Кейбір жағдайда ДНҚ сақталуы мүмкін, бірақ клетканың бөлінуінде олар тұқым қуаламайды. Осындай жағдай болмас үшін векторлық молекулалар қолданылады.
І. Векторлар және оларға қойылатын талаптар
Векторларды эксперименттік жолмен құрастырады және оларға келесі талаптар қойылады:
3) оның, бір немесе бірнеше таңбаланған гендері (маркерлері) болуы керек, сол таңбалар бойынша қажет геннің клетканың (реципиенттік) ішіне енгенін анықтайды;
4) вектордың, клетка ішіндегі көшірмелері жеткілікті мөлшерде болуы керек.
5) Мөлшері үлкен болмауы тиісті.
6) Вектордың көбиюіне жасуша ішінде ештене бөгет жасамауы тиісті.
І. Векторлар және оларға қойылатын талаптар
Векторлық молекуланың шығу козі болып бактериялық плазмидалар мен вирустар (әсіресе фагтар) саналады.
Плазмидалар — хромосомадан тыс реплекацияланатын ДНҚ молеукуласы. Плазмидалар көбінесе бактерияларда кездеседі, ол екі тізбекті сақина молекулалары. Вектор ретінде мөлшері 15— 20 мың н. ж. дейінгі, көбінесе 2-ден 10 мың н. ж. құралған кішігірім плазмидалар қолданылады. Плазмидалық векторлар генді бактерияларға тасымалдап, оның тиімді жұмысын қамтамасыз ете алады. Плазмида терминің ең бірінші рет америкалық молекулалық биолог Джошуа Ледербергпен 1952 ж. ұсынылды.