шикізаттың пайдасын жақсарту – бұл мол өнімдер алу, азықтық құндылығын, пестицидтерге, зиянды жәндіктерге, ауруға, суық климатқа төзімділігін және т.б. арттыру.
ГМО-ның тарихы
Трансгендер — генетикалық материалы жасанды жолмен өзгертілген организмдер. Ең алғаш рет 1973 жылы американдық ғалымдар ішек таяқшасының гендік- модификацияланған түрін алған. Бүгінде гендік-модификацияланған организмдер тек өсімдіктер мен жануарлар емес, сонымен қатар бактериялар болып табылады. 1978 жылы ең алғаш рет трансгенді адам инсулині алынды, гендік-модификация технологиясы фармацевтикада дәрілік препараттар өндіру үшін кеңінен қолданыла бастады. 1985 жылы ең алғашқы ГМ-өсімдік – темекі алынды. Соңғы жылдары дүние жүзінде гендік модификацияға ұшыратылған организмдер тамақ өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында, ғылыми зерттеулер үшін және медицинада кеңінен қолданыла бастады. Бүгінгі күні генді модификацияланған дақылдар 29 елде өсіріледі, оның ішінде АҚШ, Аргентина, Бразилия, Канада елдері алда келеді. Өсіріп отырған дақылдардың түрлерінің ішінде - 61% генді-модификацияланған соя, 21% жүгері; картоп; қызанақ, кәді және т.б.-11%; 5% -рапс құрайды