Генетика бүкіл тірі организмдерге тән қасиеттер-тұқымқуалаушылық пен


ТҰҚЫМҚУАЛАУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕРГІШТІК



бет2/2
Дата01.10.2023
өлшемі19,45 Kb.
#112129
1   2
ТҰҚЫМҚУАЛАУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕРГІШТІК
Тұқымқуалаушылық. Барлық организмдердің ата тегінен құрылысы мен атқаратын қызметінің ерекшеліктерін сақтап ұрпағына беретін жалпы қасиеттерін тұқым қуалаушылық деп атайды.
Организмдерде ата-аналары ұрпағымен байланысы негізінен көбею арқылы жүзеге асады. Ұрпақтары қашанда ата-енесі мен ататектеріне ұқсас болғанмен де олардың дәлме-дәл көшірмесі бола алмайды.Организмдердің әр түрінің клеткаларында жекелеген және ондаған хромосомалар мен жүз мыңдаған гендер болады.
Гендер орналасқан хромосомалар жыныс клеткаларында да, сондай-ақ дене клеткаларында да болады. Жыныстық көбею кезінде аталық және аналық жыныс клеткалар қосылады. Ұрық клеткаларында аталық және аналық хромосомалар бірігеді де, ол аналық сондай-ақ аталық организм гендері әсерінен қалыптасады. Бір белгілердің дамуына аналық организм гендері, екінші біреуіне - аталықтардікі басымырақ ықпал жасап, үшінші бір белгілерге аналық және аталық гендер бірдей әсер етеді. Сондықтан ұрпақ бір белгісі бойынша аналык организмге, екінші белгісі бойынша аталыққа, үшінші белгісі бойынша аталықтың да, аналықтың да, т. с. с. белгілеріне ұқсас және аралық сипатта болып шығады.
Өзгергіштік. Организмдердің жаңа белгілерге жалпы ие болу қасиеті - түр ішіндегі особьтар арасында болатын айырмашылықтар өзгергіштік деп аталады.
Организмнің барлық белгілері: сыртқы және ішкі құрылысының, физиологиясының, мінез-қылығының және т. б. ерекшеліктері өзгеріп тұрады. Жануарлар жұбының бір ұрпағынан, сондай-ақ бір жемістен өсіп шыққан өсімдіктер арасынан мүлде бірдей особьтарды кездестіру мүмкін емес. Бір тұқымды қойлар табынындағы жануарлардың әрқайсысы бірінен-бірі болар-болмас ерекшеліктері: дене мөлшері, сирағының ұзындығы, басы, реңі, жүнінің ұзындығы және бұйралығы, даусы, мінез-қылығы арқылы ажыратылады. Алтын шыбық (күрделі гүлділер тұқымдасы) гүл-шоғындағы шеткі тілше гүлдер саны 5-тен 8-ге дейін ауытқып тұрады. Еменді ормандағы желайдардың (сарғалдақ тұқымдас) күлте жапырақшаларының саны 6, кейде 7 және 8 болады. Бір түрдің немесе бір сорттың өсімдіктері бірінен-бірі гүлдеу, жемістерінің пісіп жетілу мерзімдері, қуаңшылыққа төзімділік дәрежесі т. б. бойынша ажыратылады. Особьтардың өзгергіштігі арқасында популяция әр текті болып келеді.
Дарвин өзгергіштіктің негізгі екі формасын - тұқым қуаламайтын және тұқым қуалайтын формаларын ажыратты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет