География ғылымының методологиясы «География ғылымының тарихы мен әдістемесі»


Географиядағы жалпы өзара байланыстар принципі



бет2/10
Дата25.12.2022
өлшемі34,77 Kb.
#59520
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Географиядағы жалпы өзара байланыстар принципі

Географияның негізгі әдістемелеріне көшпей түрып оның ғылым есебіндегі негізгі сипаттарын анықтаймыз:


1) география - дамушы территориялық объектілердің кеңістіктегі арақатынасы туралы ғылым;
2) география - екі ғылыми байланыс сферасында (табиғи жәнеқоғамдық) дамитын ғылым;
3) география - географиялық қүбылыстардың өзара байланысы, өзара әрекеті туралы ғылым.
4) географиядағы жалпы өзара байланыстар принципі материалистік диалектикадан бастау алады.
Географиялық қабьіқ, ландшафтық сфера, қоршаған орта, өндірістік-территориялық комплекс және басқа географиялық объектілер өзара ішкі байланыстар арқылы уйымдасады. Ондай байланы-стар вертикальды және горизонталды байланыстар болып бөлінеді. Вертикальдық байланыстар - бір объектінің компонеттерінің арасын-дағы байланыс (мысалы: жер бедері, климат, өсімдік тағы басқа).
Горизонтальды байланыстарға - географиялық кешендердің бір-бірімен байланысуын жатқызуға болады.
Табиғатта жане географияльщ қабықта кездейсоқ байланыстар жоқ, барлық байланыстар бір заңдылықтарға бағынады.
Өзара байланыстарға талдау жасау - зерттелетін табиғат объ-ектілерін анықтауда пайдаланылады. Осыған байланысты физикалық-географиялық аудандастырудың мәні зор. Оның мәні - табиғаттағы табиғи-территориялық кешендерді анықтау және бөлу. Кешенді физи-калық-географиялық аудандастыру мәселесінің үлкен методологиялық маңызы бар. Уақыт өткен сайын географиялық қабықтың диффе-ренциациясы күрделеніп, табиғат кешендерінің саны ұлғая түседі.
Сонымен қатар, қоғамдағы өзара қарым-қатынастардың да маңызы зор.
Экономика саяси, құкықтьщ мекемелерді идеологияны қамтамасыз етеді. Қоғамдық - экономикалық формацияларға талдау жасау - дамыған қоғамдағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтауға мүмкіндік береді.
Жалпы әлеуметтік сферада территорияға байланысты квптеген нақты өзара байланыстар бар. Мысалы: шаруашылық пен халықтың таралып орналасуы, ёлді мекендердің территорияларда таралып ор-наласуы тағы басқа.
Адамзат пайда болып қоғам қалыптасқан уақытпен байланысты өзара байланыстың жаңа түрі - адамзат - ңоеам - табиәат байланы-сы пайда болды. Адамзат өз қызметі арқылы ҒТР-дәуірінде табиғат компоненттеріне өсерін тигізуші күшті факторға айналды және өз тіршілігі барысында адамзат өз санасынан тыс өмір сүретін табиғат заңдарын пайдаланады.
Осы табиғат пен қоғам арасындағы байланыс көптеген қоғамдық ғылымдар арқылы зерттеледі. Мәселенің географиялық аспектілері қоғам мен табиғаттың нақты ерекшеліктерінің арасындағы өзара байланыспен аяқталады.
Адамзаттың саналы ақыл ойы арқылы өзгерген табиғатты акаде-мик В.И.Вернадский ноосфера деп атағаны белгілі.
Ноосфералық концепция қоғам мен табиғат арасындағы өзара байланысты ақыл -оймен ғылыми әдістемелермен уйымдастыру ке-рек екендігін дәлелдейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет