География ғылымының методологиясы «География ғылымының тарихы мен әдістемесі»


Кешенді географияның әдістеме және геожүйелік концепция



бет3/10
Дата25.12.2022
өлшемі34,77 Kb.
#59520
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
3.Кешенді географияның әдістеме және геожүйелік концепция

Кешенді әдістеменің география тарихында үлкен орын бар. Та-биғат туралы біртұтас кешенді ұғымдарды қалыптастырған В.Докучаев, Л.С.Берг, А.И.Войейков т.б. Әсіресе бул әдістемені қолдануда Докучаев мектебінің мәні зор. Сонымен бірге табиғат -қоғам өзара байланысын зерттеуде кешенді әдістемені қолданушылар – Н.Н.Баранский мен Ю.Г.Саушкин.


Жүйелік әдістеме ғылымда 40-жылдардың аяғынан бастап дами бастады. Оның негізін жасаушы Л.Берталанфи, ол мынандай анықтама берді: «Жүйе дегеніміз – өзара байланысқан компоненттер кешені»




Жүйе теориясындағы негізгі ұғымдарға: біртұтастьщ, құрылым, қызмет ету, өзін – өзі реттеу, беріктік тағы басқалар жатады.

Жер бетіндегі кез-келген обьект: өсімдіктер, жануарлар, адамзат, жер бедері, топырақ, өндіріс тағы басқаларын кешендік позициямен қарастыруға болады.


Жүйелік әдістеме зерттелетін обьектіні тек қана жаңаша ғана қарастырмай, оған сандық сипаттама беріп, сызбалық жобасын жасауға мүмкіндік береді. Жүйелік әдістеменің негізгі тәжірибелік мәні осында.


Географиядағы жүйелік әдістеме акад. В.Б.Сочаваның есімімен тығыз байланысты. («Геожүйе туралы ілімге кіріспе», 1978 ж).


Геожүйелік концепция туралы бірнеше көзқарастар бар В.Б.Сочава, А.Г.Исаченко және басқалары жүйе ретінде табиғат жүйелерін түсінеді. Кейде бул терминді жер бетінде қалыптасқан кез келген табиғат кешен ушін қолдануға болады деген пікірлер айтылады. (В.М.Гохман, А.А.Минц, В.С.Преображенский).




Геожүйелерді сипаттайтын түсініктер екі топқа бөлінеді:



  1. Оның ішкі құрылымын сипаттайтын түсініктер («компонент»,«байланыс», «арақатынас», «орта», «біртұтастық», «құрылым», «ұйымдасу»);




  1. Оның қызметіне байланысты түсініктер: «функция», «беріктік»,«тепе-теңдік», «реттеу», «кері байланыс» тағы басқалар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет