3
Түсінік хат
Жинақ материалы география пәнінен олимпиадаға дайындау жолдары
кезеңдерінен және олимпиадаға дайындық материалдарын талдауды
қамтиды.География пәні бойынша олимпиадаға дайындық материалдары
жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестендіріліп және
күрделендірілген қосымша ақпарат кӛздерін пайдаланып жасақталды.
Мақсаты: Оқушылар бойындағы дарындылық қабілетін жетілдіру, жеке
пәндік тұрғыда интеллектуалдық ой-ӛрісін арттыру.
Міндеттері: Жекеленген жұмыстар негізінде оқушылардың қабілетін тану;
Пәндік олимпиада арқылы жеке тұлғаның шығармашылық танымын дамыта
отырып,сенімділігін арттыру.
Олимпиадаға дайындау бірнеше кезеңде кӛрсетілген. Олимпиадаға
дайындаудың тиімді формасы ұсынылған.
Олимпиадаға дайындық жұмыстары
Олимпиадаға оқушыны таңдау;
Жылдық, апталық жоспар;
Әдебиеттер анықтау;
Апта соңындағы бағдарлама;
Тоқсан демалысындағы дайындық;
Ынталандыру бағдарламалары;
Бақылау.
Олимпиада материалдарының құрылымы:
Практикалық тур тапсырмалары: дәлелдеулер, болжам жасаулар,
статистикалық мәліметтер арқылы салыстырмалы сипаттамалар беру,
схемаларды шартты белгілерге сәйкес сӛйлету,кестелік материалдар мен
суреттерді сәйкестендіру сияқты логикалық тапсырмаларды қамтиды.
Теориялық
тур
тапсырмалары:
физикалық
және
экономикалық
терминологиядан, тест тапсырмаларынан турады.
Мультимедиялық тур тапсырмалары қазақ және ағылшын тілдерінде
берілген. Бұл бӛлімде түрлі жер бедерінің формаларын сипаттау, анаморфоза
арқылы карталарды сипаттау, қосымша ізденуді қажет ететін оқулық
материалдарынан тыс тапсырмалар берілген.
|