Кіріспе
Тәуелсіз елдің білім беру жүйесінің басты мақсаты мен міндеті -
әлемдік білім кеңістігіне кіру, білім беру жүйесін халықаралық деңгейге
кӛтеру. Бұл - Елбасының алға ұстанған міндеттерді орындау мақсатында
жасалып жатқан шаралары.
Біздер қазір айрықша кезеңде ӛмір сүрудеміз. ХХІ ғасырда ғылымның,
техниканың, ӛндірістің қарқындап ӛсуі білім берудің барлық жүйесін дамыту
мүмкіндігіне ие болды. Сондықтан әр ұстаз ӛз шәкіртінен сапалы да
білімді,парасатты тұлға жасайды. Шәкірт жетістігі- мұғалім еңбегі, кәсіби
шеберлігі. Бірақ есте ұстайтын жайт - мұғалім мен шәкірт бірлігі, мұғалімнің
кәсіби шеберлігінің жоғары деңгейінде ғана кӛп нәрсеге қол жеткізуге
болады. Қай мемлекеттің болсын ертеңі - білімді жастардың қолында екені
даусыз. Сондықтан, ата-бабамыз "Бұлақ кӛрсең кӛзін аш" деп тегін айтпаса
керек. Шәкіртті оқу үрдісінде мұғаліммен бірдей субъект ретінде танып, дара
тұлға ретінде қабылдап, шығармашылық жұмысқа бағыттау, дарынды
балалардың қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай туғызу- әр ұстаздың
міндеті.
Қазіргі кезде балалар дарындылығын арттыру үшін кӛптеген жұмыстар
істелінуде. Солардың ішінде дарынды оқушылар арасында ғылыми пәндер
бойынша ӛткізілетін пәндік олимпиадалардың орны ерекше. География
пәнінен қабілетті, ерекше дарынды оқушыларды танып, олимпиадаға
дайындау мұғалімдік басты міндетім деп есептеймін.
Пәндік олимпиадалар- оқушылардың білім деңгейін тексерудің
бұқаралық сипаттағы жарыс түрінде ӛткізілетін бірден-бір формасы. Осы
жұмысымда оқушыларды олимпиадаға дайындаудағы ӛз тәжірибемді және
облыстық, республикалық олимпиадада кездесетін теориялық, практикалық,
мультимедиялық тапсырмаларды шешу жолдары және жауаптарымен
ұсынып отырмын.
Олимпиадаға оқушыларды таңдау жолдары
5
1.
Анкета;
2.
Пәндік жарнама;
3.
Логикалық тапсырмалар.
Лицейге жаңадан қабылданған жетінші сынып оқушыларын олимпиадаға
таңдау үшін алдымен арнайы сауалнама жүргізіледі. Сауалнамада оқушылар
ӛздеріне жақын, қабілеті жететін пәндерді белгілейді.Сауалнамадан кейін пән
мұғалімі және география пәніндегі олимпиадаға қатысушылар пәннің
ерекшеліктерін, қол жеткізген жетістіктерін, болашак мамандық таңдаудағы
мүмкіндіктеріне тоқталады. Сауалнама мен пәндік жарнамадан кейін
география пәніне олимпиадаға дайындыққа кіруге қызығушылық танытқан
оқушылар
пән
бойынша
логикалық
тапсырмалар
орындайды.
Тапсырмалардан үздік нәтиже кӛрсеткен оқушылар олимпиадаға дайындыққа
қабылданады.
География пәні бойынша олимпиадаға дайындық жұмысын жүргізу
тӛмендегідей ұйымдастыру және оқу-әдістемелік бағытта жүзеге асуы тиіс:
1. География пәні бойынша мектеп бағдарламасы шеңберінде сұрақтар мен
тапсырмалар меңгерілуі керек, сұрақтар мен тапсырмалар оқушыны
шығармашылық ойлауға жетелеуі тиіс;
2. Географияның негізгі курстары бойынша алған теориялық білімдерін
оқушы қолданбалық түрде кӛрсетуге, оның себеп-салдарын түсіндіруге,
атлас, карталармен және статистикалық мәліметтермен жұмыс істеу,
салыстырулар мен талдаулар жасауға, болжау жасау дағдыларын
қалыптастыруға машықтануы керек.
3. Оқушы алдына қойған проблемаларға сараптау, айқындау, жіктеу,
дәлелдеу, болжам жасау негізінде ӛз кӛзқарасын білдіруге үйренуі қажет.
Олимпиада резервтерін дайындауда ең алдымен оқушының пәнге қабілетін
анықтап, тӛменгі сыныптан бастап дайындаған тиімді нәтиже береді.
Дайындық жұмыстары жүйелі түрде, оқушының жас ерекшелігіне сай
біртіндеп күрделендіріліп отыруы керек.
|