12. Елдегі өлім жетім коэффициентін анықтаңыз. Жыл бойында туылған адамдардың саны 760, табиғи өсу 4,2‰ ал халықтың саны 52730 адам K=(760·1000):52730 =76000 : 52730= 14,4 ‰ 14,4- х = 4,2 X=14,4 – 4,2 = 10,2 ‰ Жауабы: Өлім-жітім коэффициенті -10,2 ‰
13. Жылдың аяғындағы елдегі тұрғын халықтың санын анықтау қажет , ол жылдың басында 10480 мың адам болды , Бір жыл ішінде елде 112 мың адам туылды , ал өлім- жітім - 9,1 ‰ Шешуі: 9,1‰ қанша адамды құрайды 10480000 ---- 1000‰ Х ------ 9,1‰ Х= (112000·9,1):1000=95368 адам 112000 – 95368 = 16732 адам 10480000+16732=10496,7мың адам
14. Халықтың орташа тығыздығын табу үшін, халық санын жерінің аумағына бөлеміз. Қазақстандағы халықтың орташа тығыздығын табың. Т=X/A T=17 млн : 2,7млн= 6,2 = 6 адам
15. Халықтың жұмыссыздық денгейін анықтайтын формула. Ж/ЭБХ · 100% Ж – Жұмыссыздық ЭБХ – Экономикаға белсенді халық Қазақстанның Оңтүстігінде ЭБХ = 3560 Ал жұмыссыздық 260 адам. Жұмыссыздық денгейін табың. (260 : 3560) · 100% = 7,3 %
Тереңдікке байланысты 1)Егер жер бетінде температура 20° болса 363метр тереңдікте температура қанша болады. Шартты түрде әрбір 33м тереңдікте температура 1° жоғарылайды. 363:33=11 11·1градус=11° 11° + 20° = 31°
Сағаттық белдеулерге арналған есептер Жер шары 24 сағаттық белдеулерге бөлінген. Дөңгелек шардың ішкі бөлігі 360°қа тең. Бір сағаттық белдеуді табу үшін 360:24=15° 1сағат = 15° 1сағат = 60мин 60мин : 15° = 4мин 1)2-ші сағаттық белдеуде орналасқан Мәскеу қаласында сағат 23:00 болса, 5-ші сағаттық белдеуде орналасқан Астана қаласында сағат қанша болады? Шешуі: 5-2=3 23сағ + 3сағ = 26сағ 26 -24 = 2сағ Жауабы: сағат түнгі 2:00
2)Шығыс бойлықта орналасқан Алматы қаласында сағат 12:00 болғанда Батыс бойлықта орналасқан Вашингтон қаласында сағат қанша болады. Шешуі: 1) Алматы, Вашингтон қалаларының координатасын табу керек. 2)Олардың арақашықтығын табамыз. 3)Шыққан санды 15°қа бөлеміз. 4)Уақытты табу керек. Шешуі: Вашингтонның координатасы 77° б.б Алматының координатасы 76° ш.б 76+77=153° 153° : 15 = 10,2сағ 10,2сағ = 10сағ 12мин 12:00 - 10сағ 12мин = 1сағ 48мин Жауабы: сағат түнгі 1сағ 48 мин
3)Егер 32° ш.б орналасқан Анкара қаласында сағат 9сағ 56мин, 78° ш.б орналасқан Нью-Дели қаласында сағат қанша болады. 78° - 32° = 46° 46°· 4мин = 184 мин 184мин : 60=3сағ 4мин 9сағ 56мин +3сағ 4мин= 13 сағ