География пәнінен есептер шығару «План және карта» тарауы бойынша



бет1/10
Дата27.09.2023
өлшемі59,52 Kb.
#110518
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Масштабка арналған есептер



География пәнінен есептер шығару


«План және карта» тарауы бойынша

  1. Егер сандық масштаб 1: 3000 болса, онда атаулы масштабты анықтаңыз.

Шығарылуы: 1: 3000 болса, 1 см-де 30 м болғаны. Жауабы: 1 см – де 30 м

2.500 м қашықтықты қағазға 5 см ұзындықпен түсіргендегі масштабты анықта.


Шығарылуы: 500 м = 50000 см :5 = 10000 яғни 1 см-де 100 м Жауабы: 1 см-де 100 м

3.1 см-де 700 м, сандық масштабқа айналдыр.


Шығарылуы: 700 м-де 70000 см, яғни 1: 70000 Жауабы: 1: 70000

4.Мысалы 100 м-де 200 қадам болды делік. Демек, әрбір қадамның ұзындығы қанша болғаны ?


Шығарылуы: 100 : 200 = 0,5см. Осылайша әр оқушы өз қадамының орташа ұзындығын біле алады. Жауабы: 0,5 см

5. Оқушының 500 м жүрген жолының 1:2000 масштабты планда бейнелеу.


Шығарылуы:
1:2000 масштабын атаулы масштабқа айналдырамыз. Атаулы масштаб 1 см-де 20 м болады.
500 м : 20 м = 25 см. Жауабы: 25 см.

6. 1: 5000 масштабтағы 2 нүктенің қашықтығы 4,5 см болса, жер бетіндегі қашықтық қанша ?


Шығарылуы:
1:5000 масштабты атаулық масштабқа айналдырғанда 1 см-де 50 м болады.
50 м Χ 4,5 см = 225 м Жауабы: 225 м.

7. Оқушы «Нұр» елді мекенінен «Амангелді» ауылына дейін жүріп өту керек. Картада бұл


қашықтық 28 мм. Картаның масшабы 1: 25000 болса, оқушы қанша жүру керек ?
Шығарылуы: 1: 25000 1 см-де 250 м; 28 мм = 2 см 8 мм = 2,8 см 250 * 2,8 см = 700 м
Жауабы: 700 м
8.Карта бетінде Алматы мен Астана қаласына дейінгі (1020 км), арақашықтық 8,5 см құрайды.
Картаның масштабын анықтаңыз.
Шығарылуы: 1020 км : 8,5 см = 120 км ( км- 00000), демек картаның масштабы 1 : 12000000
Жауабы: 1 : 12000000

9. Егер масштабы 1: 50000 планда екі ауылдың арақашықтығы 20 см, ал жаяу жүргіншінің


жүру жылдамдығы 5 км/сағ. тең болса, жаяу жүргіншінің бір ауылдан екінші ауылға жететін
уақытын табыңдар?
Шығарылуы:
1: 50000 болғанда 1 см-де 0,5 км.
20 см Χ 0,5 км = 10 км;
10 км : 5 км/сағ =2 сағ. Жауабы: 2 сағ.

10. Есептеңіз: 1:12 500 000 масштабтағы картада 1 см неше километрге тең?


Шығарылуы:
1: 12500000 болса, 1 см –де 125 км. Жауабы: 125 км

11. Жер бетіндегі А және Б нүктелерінің арақашықтығы 7700 км. Бұл нүктелердің картадаға


арақашықтығы 11 см. Картаның масштабын табыңдар.
Шығарылуы: 11 см --------------- 7700 км
1 см ---------------- Х км
Х = (1 х 7700) : 11 = 700 км, яғни 700 км = 70 000 000 см. Олай болса, масштаб 1: 70 000 000
Жауабы: 1: 70 000 000

12. Жер бетіндегі А және Б нүктелерінің арақашықтығы 5000 км. Осы арақашықтық масштабы


1: 100 000 000 км болатын картада неше см болады?
Шығарылуы: 1 см ------------- 100 км
Х см ------------ 5000 км
Х = (1 ˟ 5000) : 100 = 5000 : 100 = 50 см Жауабы: 50 см

13. Жергілікті жердегі 23,5 км планда 9,4 см берілген. Планның масштабын табыңдар.


Шығарылуы: 9,4 см ----------- 23,5 км
1 см ------------- Х км
Х = (1 х 23,5) : 9,4 = 23500 : 9,4 = 2500 см; 1: 2500 Жауабы: 1: 2500

14. 100 м жүргенде бірінші рет 157, екінші рет 156, үшінші рет 158 қадам шықты. Бір қадамның


орташа мөлшері:
Шығарылуы: 157 + 156 + 158 = 471 қадам; 471 : 3 = 157; 100 м : 157 = 0, 6369 м = 0,64 м
Жауабы: 0,64 м

15. Ұзындығы 30 км және ені 15 км болатын жер телімінің ауданы, картаның масштабы


1 : 1 500 000 болған жағдайда қанша см² болады?
Шығарылуы:
1 : 1 500 000, 1 см-де 15 км.
Ұзындығы 30 км дегеніміз 2 см болса, ені 15 км 1 см болады.
S= а ₓ в = 2 см ₓ 1 см = 2 см²
Жауабы: 2 см²

16. Ұзындығы 50 км және ені 25 км болатын жер телімінің ауданы, картаның масштабы


1 : 2 500 000 болған жағдайда қанша см² болады ?
Шешімі: Масштабтың мөлшерін тауып аламыз (1 см = 25 км). Берілген өлшемдерді жеке –
жеке масштабтың мөлшеріне бөліп аламыз: 25 : 25 = 1см және 50 : 25 = 2 см. Картадағы ені
1 см және ұзындығы 2 см болатын жер телімінің ауданы 1* 2 = 2 см².
Жауабы: 2 см².

17. Ені 3 см және ұзындығы 4 см болатын жер телімінің нақты ауданын картадағы масштабы


1 : 50 000 болған жағдайда есептеңдер.
Шешімі: 1 см = 500 м. 3 см * 500 м = 1500 м және 4 см * 500 м = 2000 м; 3 см * 4 см = 12 см²;
1500 м * 2000 м = 3 000 000 м². 3 000 000 м² : 500 = 6000 м немесе 3 см² * 4 см² = 12 см².
12 * 500 = 6000 м².
Жауабы: 6000 м²

18. Бөлменің ұзындығы 7 м, ені 5 м, биіктігі 3,5 м. Бөлменің көлемі мен ондағы ауаның


салмағы қанша?
Шығарылуы: P = а ₓ в ₓ с = 7 м ₓ 5 м ₓ 3,5 м = 122,5 м³; жер бетінің әр 1см² = 1кг 33 г салмақ
түсіреді. 122,5 м³ ₓ 1 ,3к г =159,25
Жауабы: 122,5 м³; ауа салмағы 159 кг25 г

19. Квадраттың қабырғалары 1 см/кв. 1:500 000 масштабты картада ауданы қанша болады ?


Шығарылуы: 1:500000, 1 см-де 5 км. 1см ₓ 5 км = 5 км² болғанда, S= 5 км² ₓ 5 км² =25 км²
Жауабы: 25 км²

20. Астана мен Мәскеу қалаларының арасы 2757 км. Масштабы 1: 45000000 картадағы екі қала


арасының қашықтығы
Шығарылуы:
1 : 45 000 000 болғанда, 1 см-де 450 км. 2757 км : 450 км = 6,1266 = 6,1 см
Жауабы: = 6,1 см

21. Екі қала арасы картада 2 см. Картаның масштабы 1 см – 80 км болса, екі қаланың


арасындағы қашықтық қанша км ?
Шығарылуы:

  1. см * 80 км = 160 км Жауабы: 160 км.

22. Жергілікті жерде ұзындығы 40 км болатын сызық, жергілікті жер планында ұзындығы 7,5


см бөлігі түрінде көрсетілген жағдайда жергілікті жердің масштабы қандай болады ?
Шығарылуы: 40 000 000 см : 7,5 см =5333333,3 см; 1: 530000
Жауабы: 1: 530000



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет