«Қазақстанның физикалық географиясы» бойынша
1.Қазақстан шекарасының ұзындығы 15000 км. Оның 12000 км құрлықпен, 3000 км Каспий –
Арал теңіздерінің суы арқылы өтеді. Пайызбен шаққанда қандай болады ?
Шығарылуы: 15000 км --------------- 100 %
12000 км -------------- Х %
Х = 12000 км х 100 % : 15000 км = 80 %
Сонда шекараның 80 % құрлықпен, 20 % су арқылы өтеді. Пайыздық шаманы градустық
өлшемге айналдырамыз.
360° ----------------- 100 %
Х -------------------- 1%
Х = 360° х 1 % : 100 % = 3,6° 1 % = 3,6°
% х 3,6° = 288° 20 % х 3,6° = 72°
Жауабы: 80 % құрлық, 20 % су арқылы өтеді.
2.70° ш.б. Қазақстан солтүстіктен оңтүстікке қанша км-ге созылып жатыр ?
Шығарылуы: 55°с.е. - 40° с.е. = 15° с.е. 15° х 111 км = 1665 км Жауабы: 1665 км
3.Егер туристер тәулігіне 30 км/сағ жаяу жол жүретін болса, онда ҚР – ның батысынан
шығысына қарай қанша күн (ай) жүреді ?
Шығарылуы: 3000 км : 30 км = 100 күн (3 ай 10 күн) Жауабы: 3 ай 10 күн
4.Қазақстанның құрлықтағы шекарасының ұзындығы 13394 км. Қытаймен шекараның (1782
км) үлесі қанша ?
Шығарылуы: 13394 км ------------- 100 %
1782 км ------------- X %°
X = 1782 км x 100 % : 13394 км = 13,304464686 =13 % Жауабы: 13%
5.Қазақстан жерінің Өзбекстан жерінен ( 448,9 мың км²) үлкендігі қанша ?
Шығарылуы: Қазақстан жерінің аумағы 2 724 900 км² екенін білеміз. Яғни Қазақстан жерінің
аумағын Өзбекстан жері аумағына бөлеміз.
2 724 900 : 448 900 = 6,0701715304 = 6 есе. Жауабы: 6 есе үлкен.
6.Жер беті шартты түрде 24 сағаттық белдеуге бөлінген, ал әр сағаттық белдеудің арасы қанша
градусқа тең ?
Шығарылуы: 360° : 24 = 15° Жауабы: 15°
7.Жер шары 1 минутта қанша градусқа айналады?
Шығарылуы: 360° : 24 сағат = 15° 60 мин : 15° = 4 мин
60 мин ------------- 15°
1 мин -------------- Х° Х = 15: 60 = 0,25° 1мин = 0,25°
Жауабы: 0,25°
8.15° ш.б жергілікті уақыт 01°° болғанда 30° б.б сағат қанша болады ?
Шығарылуы: 15° + 30° х 4 = 180 180 :60 = 3 сағат
01°° + 24°° = 25°° 25°° - 3°° = 22°° Жауабы: 22°°
9.52° ш.б. жергілікті сағат түскі 12°° болғанда, 83° ш.б. сағат қанша болады ?
Шығарылуы: (83° + 52°) х 4 = 124 минут 124 мин : 60 = 2 сағат 2°° + 12°° = 14°°
Жауабы: 14°°
10.Қазақстан жерінде кеш болғанда АҚШ – та 90° бойлықта қай уақыт болады ?
Шығарылуы: ҚР – сы 4,5 сағаттық белдеуде орналасқан. Яғни, 5-ші сағаттық белдеуде кеш
сағат 18°° болса, батыс жарты шарда орналасқан АҚШ –та 90° б.б сағаттық белдеуде таңғы
05°° болады. Жауабы: таңғы сағат 05°°
11. Астана 71º ш.б. 4-ақпан, сағат 22:00; Токиода 139 º ш.б. –та қай күн, қай сағат ?
Шығарылуы: 139º ш.б - 71º ш.б. = 68º ш.б. 68 :15 = 4,53
Астанада сағат 22:00 болса, Токиода 22 сағат + 4 сағат 53 минут = 26 сағат 53 минут, яғни
5 ақпан түнгі 2 сағат 53 минут.
Жауабы: 5 – ақпан түнгі 2 сағат 53 минут
12.Ұшақ Астана қаласынан Лондон қаласына Астана уақытымен 14°°де ұшып шығады.
Ұшақтың ұшу уақыты 6 сағат болса, Лондон қаласына ұшып келетін уақыты
А) 9°° В) 01°° С) 02°° Д) 21°° Е) 12°°
Шығарылуы: Астана қаласы 71° ш.б –та, ал Лондон қаласы 0° б-та орналасқанын ескерсек,
71°ш.б - 0° б.= 71° 71° : 15 = 4,73 = 5 сағат 13 минут.
14 сағат + 6 сағат = 20 сағат; 20 сағат + 5 сағат 13 мин = 25 сағат 13минут, бұл дегенім
түнгі сағат 01 Жауабы: В) 01°°
13. Егер Орал қаласынан (51º ш.б.) Вашингтондағы жергілікті уақытпен 20 сағ 40 минутта
ұшып шыққан ұшақ 7 сағаттан кейін Вашингтон (77º б.б.) қаласына келіп қонса,
Вашингтонда жергілікті уақыт неше болады?
Шығарылуы: Орал қаласы Гринвичтен шығыста, ал Вашингтон батыста орналасқанын
ескеретін болсақ, 51º + 77º =128º болады. Уақыт айырмасы 128º : 15º = 8,53 (қалдық 7 ˟ 5 =
35), яғни 128º : 15º = 8 сағ 35 мин.
Вашингтон Оралға қарағанда батыста орналасқандықтан, ұшақ ұшып шыққан кезде
Вашингтонда жергілікті уақыт 20 сағ 40 минут – 8 сағ 35 мин =12 сағ 05 мин болады. Ұшып
өтуге кеткен уақыт 7 сағат болса, 12 сағ 05 мин + 7 сағ = 19 сағ 05 мин болады.
Жауабы: 19 сағ 05 мин.
14.Астанада (V сағаттық белдеу) уақыт 12 сағ 30 мин болса, Пекинде қай уақыт болады?
Шығарылуы: Пекин қаласы VІІІ сағаттық белдеуде орналасқанын ескерсек, V және VІІІ
сағаттық белдеулердің айырмасы 3 сағат. VІІІ сағаттық белдеу, V сағаттық белдеуге
қарағанда шығыста орналасқан. Сондықтан Пекинде 12 сағ 30 мин + 3 сағ = 15 сағ 30 мин.
Жауабы: 15 сағ 30 мин.
15. Ұшақ Ақтау қаласынан (51º ш.б.) жергілікті уақыт бойынша 20 сағ 50 минутта ұшты. Төрт
сағаттан кейін Парижге келіп қонды. Парижде сағат неше болады?
Шығарылуы: 20 сағ 50 минут + 4 сағ = 24 сағ 50 мин. Жауабы: 24 сағ 50 мин
16. 60º б.б сағат 18:00 болса, 15º ш.б. уақытты табыңыз.
Шығарылуы: 60º + 15º = 75º Уақыт айырмасы 75º : 15º = 5 сағат. Уақытты есептеген кезде
шығысқа қарай көбейеді, ал батысқа қарай азаяды. 18 сағ + 5 сағат = 23 сағат.
Жауабы: 23 сағат.
17.Егер 180° меридианда жергілікті уақыт 24 сағат болса, нөлдік меридианда дәл уақыт қанша?
Шығарылуы: 180° меридиан ХІІ сағаттық белдеуде орналасқан, онда 24 сағат болса, 0°
меридиан ХХ ІV сағаттық белдеуде орналасқанын білеміз. ХХ ІV – ХІІ = ХІІ. 0°меридианда
сағат 12 болады.
Жауабы: сағат 12.00
18. Орал қаласы 51°ш.б., Өскемен қаласы 82° ш.б. Екі қаланың арасындағы қашықтықты тап.
Шығарылуы: 82°ш.б. - 51° ш.б.= 31°ш.б. 31°ш.б.* 111 км = 3441 км.
Жауабы: 3441 км
19.Іле өзенінің еңістік мөлшерін тап, Н1 = 4000 м, Н2 = 350 м.
Шығарылуы: I = ( Н1 – Н2) : L = (4000 м – 350 м) : 1700 м = 2,6 м.
L – өзеннің ұзындығы; I – еңістігі; H1 – бастаудағы биіктік; H2 – сағадағы биіктік.
Жауабы: 2,6 м
20. Шөл зонасы 120 млн. г жерді, ал дала зонасы 77 млн. га жерді алып жатыр. Шөл зонасы
дала зонасынан неше есе артық ?
Шығарылуы: 120 000 000 : 77 000 000 = 1,5584415584 = 1,5 Жауабы: 1,5 есе
Достарыңызбен бөлісу: |