«Гидросфера» тарауы бойынша
1.Мариан шұңғымасының үстіндегі кемедегі эхолотқа дыбыстың келу уақыты
А) 6 сек В) 11,2 сек С) 9 сек Д) 14,6 сек Е) 0,8 сек
Шығарылу жолы: Дыбыстың таралу жылдамдығы 1 сек 1500 м екенін білеміз. Мариан
шүңғымасының тереңдігі 11022 м. 11022 м : 1500 сек/м = 7,348 сек = 7,3 сек
7,3 сек * 2 (дыбыстың барып, кемедегі эхолотқа келуі) = 14,6 сек Жауабы: 7,3 сек
2.Ауаның температурасы +30ºС, абсолюттік ылғалдылық 11 г/м³ болса, салыстырмалы
ылғалдылық қанша?
Шығарылуы:
+30ºС --------------- 30 г/м ³ су буы;
30 г/ м³ су буы --------------- 100 % ;
11 г/м³ су буы ---------------- Х %;
Х = 11г/м³ * 100: 30 г/м³ = 36,6% = 37 % Жауабы: 37 %
3. Ауаның температурасы +30 ºС, абсолюттік ылғалдылық 20 г/м³. Салыстырмалы
ылғалдылықты табыңдар.
Шығарылуы:
+30ºС ---------------- 30 г/м³ су буы; 30 г/м³ су буы ------------- 100 %
20 г/м³ су буы ------------ Х %
Х = 20* 100 % = 2000; 2000: 30 = 66,6% = 67 % Жауабы: 67 %.
4. Интернеттегі ақпарат бойынша ауаның температурасы +30ºС, абсолюттік ылғалдылық
12 г/м³, салыстырмалы ылғалдылықты табу.
Шығарылуы: +30ºС ----------- 30 г/м³ су буы болуы тиіс; сондықтан
30 г/м³ --------------- 100 %
12 г/м³ ---------------- х %
Х = 12 г/м³ ₓ 100 % : 30 г/м³ = 40 % Жауабы: 40%
5.Эхолот жіберілгеннен кейін 10 секундтан соң оралды, су тереңдігі қанша?
Шығарылуы:
Дыбыстың таралу жылдамдығы 1 секундта 1500 м екенін ескерсек, кемеден берілген
дыбыс 10 секундтан кейін естілді делік. Сонда дыбыс теңіздің түбіне 5 секундта жетіп, 5
секундта қайта оралды. Демек, судың тереңдігі 1500 * 5 = 7500 м болғаны.
Жауабы: су тереңдігі 7500 м.
6. 50 литр судан 1200 г тұз алған кездегі судың тұздылығын анықтаңдар.
Шығарылуы: 50 л ------------- 1200 г
1 л -------------- Х г
Х = (1˟ 1200) : 50 = 24 г (немесе 24 ‰) Жауабы: 24 г немесе 24‰
7. Тұздылығы 5 ‰ болатын 4 т судан қанша тұз алуға болады?
Шығарылуы: 4 т = 4000 л
1 л ---------------- 5 г
4000 л ------------ Х г
Х = (4000 ˟ 5) : 1 = 20000 г немесе 20 кг Жауабы: 20000 г немесе 20 кг тұз.
8. Егер тұздылық 27 ‰ болса, Қара теңіздің 4,2 м³ суында әр түрлі заттардың мөлшері неше
грамм (кг) ?
Шығарылуы: 1 м³ - 1000 литр
1м³ ----------------- 27 г
4,2 м³ ------------- Х г
Х = (4,2 ˟ 27) : 1 = 113,4 г Жауабы: 113,4 г
9. 450 литр теңіз суында әр түрлі заттардың мөлшері неше грамм? (дүние жүзілік мұхит
суының орташа тұздылығы 35 ‰. Промилле 1/1000 бөлік дегенді білдіреді)
Шығарылуы: 1 л ------------ 35 г
450 л ----------- Х г
Х = (450 ˟ 35) : 1 = 15750 г немесе 15 кг 750 г Жауабы: 15 кг 750 г
10. 1 тонна мұхит суынан қанша тұз алуға болады ? Тұздылығы 0,2 ‰ 1 тонна өзен суынан
қанша тұз алуға болады ?
Шығарылуы: 1 тонна мұхит суындағы тұздылық 35 ‰, 1000 х 35 = 35000 г.
Өзеннің 1 тонна суы 1000 х 0,2 ‰ = 200 г
Жауабы: 1 т мұхит суы = 35000 г; 1 т өзен суы = 200 г тұз.
11. Егер тұздылығы 18 ‰ болса, Қара теңіздің 1 т суынан әр түрлі заттардың неше грамын
алуға болады ?
Шығарылуы: 1 т = 1000 л 1000 л х 18 ‰ = 18000 Жауабы: 18000 г
12. Каспийдің солтүстігінде тұздылық 14 ‰ болса, 1 т теңіз суынан қанша тұз алуға болады ?
Шығарылуы: 1000 л х 14‰ = 14000 г Жауабы: 14000 г тұз
Достарыңызбен бөлісу: |