«География пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған креативті тапсырмалар жинағы»



Pdf көрінісі
бет9/32
Дата08.12.2023
өлшемі1,32 Mb.
#135034
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32
Байланысты:
«География п нінен о ушыларды функционалды сауаттылы ын арттыр

 
13-тапсырма
Гималай тауларының бөктеріндегі Черрапунджи елді мекенін 
құрлықтың «ең ылғалды жері» деп атайды. Бұл жерде жылына 
12000 мм жауын-шашын түседі.
Сұрақ:
бұл құбылыстың себебін қалай түсіндіруге болады? 
Дүние жүзінде жауын-шашын мөлшері көп түсетін тағы қандай 
жерлерді білесіздер, атап шығыңыздар. 
 
14-тапсырма
ХХ-ғасырда адамның шаруашылық 
әрекетінің әсерінен атмосфера үлкен мөлшерде ластана 
бастады.Атмосфераның ластануымен күресу адамзаттың 
алдындағы аса маңызды мәселелерге айналып отыр. 
Ауаны көлік түрлерінің ішінде ластаушы көздердің ең негізгісі 
қайсысы? 


17 
А. Автомобильдер 
В. Темір жол көлігі 
С.Ұшақтар 
15-тапсырма
Экологиялық ахуалдың нашарлауы ірі қалаларда ауадағы таза 
оттегі мөлшерінің 10-12%-дан артпауына алып келді. 
Ауадағы таза оттегі мөлшері қанша пайызды құрағанда 
қалалықтар экологиялық ахуалдың жақсарғанын көріп,сезінеді? 
А. 100% 
В. 51% 
С. 21% 
16-тапсырма
Ауаның қасиеттерін мөлдір, иіссіз, түссіз екенін Әмина 
дүниетану сабағынан біледі. Бірақ ауаны Әмина естіп, сезініп 
және көргісі келді. 
Қай тәжірибені жүргізгенде: 
1-тәжірибе: Үлкен суы бар ыдысқа стақанды түбін жоғары 
көтеріп қисайта түсіргенде; 
2-тәхірибе: Үрленген шарды қысып ұстап тұрып ауасын 
шығарғанда; 
3-тәжірибе: Үрлеген шарды бетіне тақап тұрып ауасын 
шығарғанда; 
Әмина ауаны көреді, естиді, сезінеді? Тәжірибе қорытындысын 
тұжырымда. 
 
Жауабы: 
1-тәжірибеде –көреді. Стақаннан біртіндеп шыққан көпіршікті 
байқауға болады, ал көпіршіктің ішінде ауа бар. 
2- тәжірибеде-естиді. Үрленген шарды біртідеп қысып тұрып 
ауасын шығарса ауаның даусы естіледі. 


18 
3-тәжірибеде-сезінеді. Үрленген шардың ауасын бетке тақап 
тұрып шығарса ауаның лебін тері арқылы сезінуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет