58
Қорытынды
Креативті ойлау тапсырмаларын құрастырып, сабақта
қолдану
арқылы
оқушылардың
географияға
деген
қызығушылығының артуына ғана әсер етіп қоймайды,
сонымен
қатар мәтінді көзбен жүгірту арқылы басты элементті анықтауға,
ізденіс аймағын тарылтуға, қажет ақпаратты ажырата алуға
ықпал етеді. Мәтіндегі ақпарат элементтерін бірге байланыстыру,
автор ой түйінінен қорытынды шығаруға, мәтіндегі басты ой
немесе автор ойы туралы қорытынды жасап өз ойын зерделеуге,
әлем туралы өзінің көзқарастарымен мәтінде берілген пікірді
салыстырып, басқа ақпарат көздерінен
алған біліммен мәтіннен
алған ақпаратты байланыстыру арқылы бағалауға, түсінуге
дағдыланады.
Креативті ойлау тапсырмаларын орындау барысында
пәнаралық ақпаратты тарту бағдарламалық материалды терең
және мағыналы меңгеруге ықпал етеді, оқушылар құбылыстар,
процестер
арасындағы
себеп-салдарлық
байланыстарды
анықтаудың
практикалық
іскерліктерін
меңгереді
және
жетілдіреді.
Бұл ретте фактілерді, теорияларды, заңдарды
ұғынуға, география, физика, химия, биология, экология бойынша
алған білімдерін нақтылау және тереңдету үшін қолайлы
жағдайлар жасалады.
Креативті ойлау тапсырмалары мұғалімге бір уақытта
бірнеше міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
оқушылардың жазбаша құзыреттілігінің даму деңгейін
бағалау, яғни оқушы мәтінде қаншалықты түсіну
және одан
қажетті ақпаратты ала алады;
пән білімі мен біліктілігінің даму деңгейін бағалау;
- жалпы оқу іскерліктері мен дағдыларын дамыту деңгейін
бағалау (интеллектуалдық, танымдық, жазбаша және ауызша
сөйлеу мәдениеті т.б.).
- қазіргі әлемде табысты бейімделу үшін
қажетті білім алу
және қызмет тәсілдерін таңдау қабілетін бағалау, яғни
стандартты емес жағдайларда нәтижелі әрекет ету;
- зерттеу құзыреттілігін дамыту арқылы пәнге танымдық
қызығушылықты қалыптастыру;
─ әр оқу пәні мен жалпы білім беруге қатысты оқушылардың
прогресін салыстыруға ықпал етеді;
59
─ ағымдағы
және
күтілетін
нәтижелер
арасындағы
айырмашылықтарды төмендету жолдарын анықтайды.
Аудандық білім беру бөлімі, мектептер халықаралық
зерттеулерге дайындау
мақсатында жоспар құрып, сол жоспарға
сай PISA халықаралық зерттеуіне дайындық жүргізуде.
Әдістемелік құралға енгізілген тапсырмалар оқушыларды PISA
халықаралық зерттеуіне дайындауда, ай сайын өткізіліп жатырған
сынақтарда қолданылып жүр.
Қорыта
айтқанда
креативті
ойлау
тапсырмаларын
құрастыруда мұғалімнен көп еңбек, терең білімділік, күш-жігер,
жан-жақтылық,
ізденімпаздық, жаңа ақпарат көздерін мейлінше
тиімді қолдана алатын қажыр-қайрат талап етіледі. Осы аталған
маңызды
сипаттар
мұғалімнің
жан-жақты
ізденістегі
шығармашылық тұлғасында тоғысып және де оқу үрдісінде
ұтымды қолданылған жағдайда құзыреттілік қалыптастырудың
сапалы да өрелі мақсатына жетуге өрісті ықпал етпек. Сонда ғана
өскелең ұрпаққа сапалы білім алуына дұрыс бағыт-бағдар
беріліп, оқушылардың өмірде таңдайтын кәсіби бағытына жетуде
адастырмайтын жол ашылады әрі елшілдік ұстанымдағы
зияткерлік тұлғасын қалыптастыруға
айқындауға жол ашылады
деп білеміз.