Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 30
Тапсырманың түрлері: ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар; ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 8 тапсырмадан тұрады.
Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сӛз немесе қысқа сӛйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет. Білім алушының географиялық біліміне талдау жасай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық сұрақтардан тұруы мүмкін.
1–тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы