Географиялық қабықтың құрылысы және қасиеттері


Топырақ – ерекше табиғи түзілім



бет11/12
Дата06.01.2022
өлшемі131,5 Kb.
#16127
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Топырақ – ерекше табиғи түзілім

Топырақ – жер бетінің майда ұнтақталынған құнарлы қабаты, тірі және өлі табиғатқа тән бірнеше сипаттары мен қасиеттері  бар ерекше  құрылым. Топырақтың негізгі қасиеті – құнарлылығы деп, оның өсімдіктерді барлық қоректік заттармен және ылғалмен қамтамасыз етуін айтады.

Қазақстандағы бүкіл егістік ауданының 80%  - ы қара топырақ пен күңгірт қызыл қоңыр өңірінің үлесіне тиеді. Агротехникалық шараларды ұдайы жүзеге асырып отырған жағдайда бұл өңірден жыл сайын тұрақты өнім алынады.

Нағыз қызыл қоңыр топырақ кіші зонасында жауын-шашын аз және барлық жылдардың  50 %  -ында құрғақшылық қайталанып тұратындықтан егіс өнімі төмен, әрі тұрақсыз. Бұл өңірде жерді суарғанда тұрақты өнім алуға болады.

Қазақстан аумағы солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзаққа созылып жатуын және көпшілік бөлігінде жазықтың жер бедері басым болуына байланысты егіндік топырақ зоналары айқын көрінеді. Қазақстанның жазық бөлігінде негізінен 4 топырақ зонасы орын алады: 1) қара топырақ зонасы 52 0 с.е. солтүстікке қарай таралған; 2)  қызыл қоңыр топырақ зонасы 52 0  - 48 0 с.е. аралығын қамтиды; 3) қоңыр топырақ зонасы 48 0 - 47 0 с.е. аралығында; 4)  сұр-қоңыр топырақ зонасы 47 0 с.е. оңтүстікке қарай орналасқан.

Қара топырақ зонасы үш кіші зонаға бөлінеді: 1) сілтісізденген қара топырақ – орманды даланың шағын алқабын қамтиды. Бұл кіші зонаның топырақ жамылғысы өте кешенді, шалғын қара топырағы сортаң, шақат көп таралған және орманның сұр топырағы кездеседі; 2) біршама қуаң даланың кәдімгі қара топырағы; 3) қуаң даланың оңтүстік қара топырағы.

 Қызыл қоңыр топрақ зонасы да үш кіші зонаға бөлінеді; 1) біршама құрғақ  даланың күңгірт қызыл қоңыр топырағы; 2) құрғақ даланың нағыз қызыл қоңыр топырағы; 3) шөлейттің бозғылт қызыл қоңыр топырағы.

 Сұр-қоңыр топырақ шөлдің негізгі зоналық топырақ типі. Бұл топырақ типі қайың-көктерек шоқ ормандарының астында қалыптасады. Әдетте шалғын қара топырағымен және сілтісіз қара топырақпен ұштасып жатады. Бұл топырақта карбонаттар төмен қарай 1,5 м тереңдікке жайылып кетеді. Жоғарғы қабаттағы қарашірінді мөлшері 3-5 %.

Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығыс биік таулы өңірінде топырақ жамылғысы биіктік белдеулік заңдылыққа сәйкес таралған. Биіктік топырақ зоналары белгілі бір мөлшерде ендік топырақ зоналарын қайталайды. Сонымен бірге биіктік топырақ зоналарының құрылымы таудың қандай ендік табиғат зонасында орналасқандығына, абсолют биіктігіне, орографиялық ерекшелігіне және беткейлердің экспозициясына байланысты болады.

Қазақстанда 1950 жылдардағы тың игеру кезінде Павлодар облысында мыңдаған гектар жыртуға жарамсыз жеңіл топырақтар мен Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау, Ақмола  т.б. облыстарда сортаң топырақтар жыртылып, көптеген зияндарын тигізді.

Осы сияқты халық шаруашылығына зиян келтіретін жайларға жол бермей, керісінше топырақты өңдеу, мелиорациялау, химияландыру, оның құнарын арттыруға тиіс.

Құнарлы қабаты бір себептерден жойылып кеткен топырақтарды қалпына келтіру үшін өте ұзақ уақыт керек. Құнарлы қабаты түгелдей жойылған топырақтар болжамды уақыттарда өз-өзінен қалпына келмейді. Сондықтан да одан өзінің тыныс-тіршілінде топырақтың құнарлы су және жел эррозиясынан, басқа да экологиялық  апаттардан қорғай отырып, топырақ құнарын жылма-жыл арттыру және жақсарту шараларын іске асыру қажет. Ол үшін әрбір аймақтың өзіндік ерекшелігін, топырағының қасиеттері мен құрамын жете білген жөн.

Қазіргі ғылыми-техникалық үдеу мен қоғамның дамуы нәтижесінде адамзат топырақ түзу құбылысын, оның құнарын арттыру жолын бүтіндей өз қолына алып, жаңа бетбұрыс жасауға қажетті өндірістік күштерінің дамуымен көптеген бүлдірген жерлерді қайта құнарландыру /рекультивация/ жұмысы жүргізілуде. Ол газдар ауа тамшыларымен қосылып кең алқаптарға қышқыл жаңбыр болып жауып, топырақ құрамына мол өзгерістер енгізеді. Сонымен қатар көптеген аймақтарда топыраққа атом жарылыстарының әсері де аз емес. Әрине, бұл зерттеуді қажет ететін мәселелер екені анық.
 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет