Табиғат зонасы – температура жағдайларымен ылғалдануы, өсімдіктер менжануарлардың дүниесі бірдей болатын ірі табиғат кешені.
Табиғат зонасының компоненттер арасындағы байланыс:
КЛИМАТ
(жылу мен ылғалдың арақатынасы)
ТОПЫРАҚ
ӨСІМДІК
ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІ
Құрлықтағы зоналардың пайда болуы климатқа жылу мен ылғалдың арақатынасына байланысты.
Мысалы, температура жоғары, ылғалы мол жерлерде ылғалды тропиктік ормандар, ал темпертурасы жоғары, ылғал аз түсетін жерлерде тропиктік шөлдер қалыптасады.
Табиғат зоналары өсімдік сипаты арқылы бірден ажыратылады.
Табиғат зоналары климаттық белдеулер сияқты күн сәулесі сияқты түсу бұрышының азаюы мен ылғалданудың әркелкілігіне байланысты экватордан полюстерге қарай бірін-бірі алмастырады. Осы заңдылық зоналылық деп аталады.
Табиғат зоналары жазықтарда ғана емес, сонымен бірге тауларда олардың етегінен шыңдарына қарай ауысып отырады. Климат ендік бойынша ғана емес, биіктік бойынша да өзгереді. Бірін-бірі ауыстыратын зоналар тауды әр түрлі биіктікте айнала қоршап жатқандай болады, сондықтан оларды биіктік белдеулер деп атайды.
|