Биосфера - грек тілінде "bios" - өмір және тіршілік, "sphaira" (сфера) - шар, қоршаған орта деген сөздерінен алынған. Биосфераға литосфераның жоғарғы қабаты , бүкіл гидросфера және атмосфераның төменгі қабаты жатады, мұнда жануарлар, өсімдіктер және басқа да тірі организмдер тіршілік етеді. Биосфера - жер бетінде кездесетін барлық тірі ағзалардың және заттардың жиынтығын ең ірісі болып табылады. Биосфера - заттар айналымын үзбей сүйемелдеп тұратын ғаламшардың ең үлкен экожүйесі, яғни тіршіліктің өніп-өсіп, көбеюіне мүмкіндік бар қабат.Оның шикарасы жербетіндегі 20-25 км. Деңгейден ( атмосфераның озон қабатына дейінгі бөлігі кіреді) 11 км. Мұхит тереңдігіне және жер астына 6 км тереңдікке дейін созылады.
Палеонтологиялық зерттеулер нәтижесінде, яғни қазбалардан табылған өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарын тануға сүйене отырып, ғалымдар биосфераның негізгі пайда болу жолдарын анықтады. Ғалымдар, жердің және сондағы тіршіліктің даму тарихын басты-басты бес эраларға (архей, протерозой, палеозой, мезозой, кайнозой), ал эраларды дәуірлерге, кезеңдерге бөлді.
Архей - биосфераның ең бірінші эрасы. Болжаумен айтқанда, мұнда алғашқы қарапайым тіршіліктің түрі пайда болған. Ал тіршіліктің ең тұңғыш іздері протерозой эрасында болған.
Протерозой эрасында өмір сүрген тіршілік иелерінің қалдықтарынан радиоляриялардың, фораминифералардың іздері, губкалардың қаңқалары, буылтық құрттардың түтікшелері, моллюскалардың бақалшақтары, тіпті буынаяқтылардың да қалдықтары табылған. Осындай қазбалардың қалдықтарын анықтай отырып, протерозой эрасында жануарлардың біраз типтерінің өкілдері өмір сүргенін дәлелдеуге болады.
Палеозой эрасы - ертедегі тіршілік эрасы. Бұл эра 6 дәуірге бөлінеді: кембрий, ордовик, силур, девон, тас көмір, пермь.
Мезозой ортаңғы тіршілік эрасы 3 дәуірге бөлінеді: триас, юра, бор. Жануарлар тарихында мезозойды жорғалаушылар эрасы деп атайды.
Кайнозой эрасы - жаңа тіршілік уақыты. Бұл эра 3 дәуірге бөлінеді: палеоген, неоген, антропоген. Антропоген қазіргі біздің заманымызбен жалғасып отыр.
Биосфераның пайда болуымен бірге, жер бетіндегі тірі организмдердің дамуы сыртқы қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасады. Эволюциялық өзгерістер әрқашанда сыртқы ортаның өзгерісіне организмдердің бейімделуімен ұштасады. Бейімделушілік организмнің әр түрлі орта жағдайларында өмір сүруіне мүмкіндік бере отырып, сонымен қатар дене құрылысының өзгермелілігін қамтамасыз етіп отырады
Достарыңызбен бөлісу: |