2.2 География сабағында компьютерлік технологияларды қолдану
Модернизациялық жүйенің негізгі бағыттарының бірі мектепте география сабақтарында компьютерлік технология мен мультимедианы енгізу болып табылады. Бұл процесс жақында ғана басталса да, оның таралу жылдамдығы өте жоғары.
Феноменнің құрылымы соншалықты, етер мұғалім компьютерлік технологияға қарсылығын көрсететін болса да, оқушылардың ішінде компьютерді және мультимедианы жақсы меңтерген нұсқауларды қабылдайды. Қазіргі жастар тапсырманы орындау барысында өздері компьютерлік мүмкіндіктерін қолдануға тырысады. Әсіресе бұл тапсырмалар қазіргі таңдағы көп ақпараттарды пайдалануға және жұмысты даярлауында үлкен талаптар қойылуымен байланысты. Мұндай жағдайда мұғалім экологиялық білім беруіндегі барлық мүмкіндіктерді сонымен қатар жаңа пайдалы жаңалықтарды қолдануға барлық күшін салады.
География сабағында жаңа технологияларды қолдануға көптеген мүмкіндіктер бар. Географиядан сабақ беруде бірнеше негізгі бағытта компьютерлік технологияны және мультимедианы қолдануға болады (сызба 4).
Компьютерлік технологиялар
Материал
дарды көрсету
Процестерді көрсету
Геоақпараттық оқытулар
Білімді тексеру
Оқушылардың өзбетінше орындалатын жұмысы
Сызба 4. Компьютерлік технологиялар
І- Бағыт материалдарды көрсету: көрнекі құралдар және карталар. География сабағының көрнекті құралы географиялық карталар болып табылады.
Мультимедиа география пәнінің мұғаліміне экранда әр түрлі статикалық материалдарды бейнелеуді көрсетуге мүмкіндік береді. Мультимедиа көмегімен бір объектіден басқа кез-келген тізбекке фрагментті үлкейтуге болады. Сонымен қатар бір экранда бірнеше сюжеттерді енгізуге болады. Бұның география пәнінің мұғаліміне өте үлкен көмегі тиеді, себебі лекция сабағына бірнеше көрнекі құралды тасып жүрмейді. Сондықтан мультимедиа аппараттарының жетістіктері жоғары екенін байқаймыз.
Болашақ педагогтар үшін мультимедианы қолдану көптеген жұмыстар іске асады. Яғни оқушылардың пәнаралық ойлау қабілеттері артып, дүние жүзінің географиялық жағдайын біледі. Мұнымен қатар аэрокосмостық және фотосуреттер, арқылы оқушылардың географиялық қана емес, экологиялық, туристік және өлкетанулық білімі қалыптасады. Міне, осы кезде мультимедиа көмекке келеді.
ІІ-бағыт – процесстерді көрсету.
Географиялық процесстерді ұйымдастыру туралы көп және әр түрлі салада түсіну керек. Жлапы су айналымы, географиялық қабықтағы зат және энергия айналымы туралы диаграммаларды сызып көрсету.
Мультимедианың көмегімен компьютерлік карталардың құрылуын және геоақпараттық жүйелердің (ГАЖ) тізбектелуін көрсетуге болады.
Құбылыстарды салыстыру. Жоғарыда келтірілгендей визуальды құбылыстарды салыстыруда және көрнекі материалдарды көрсеткенде бір экранда әр түрлі ақпарат жинақталады. Құбылыстарды салыстыру, яғни географиялық карталарда қоршаған ортаның ластану жолдарын қарастырады және әртүрлі бояу арқылы болады (ластану көрсеткіштері көрсетіледі).
Ш – бағыт – Геоақпараттық оқыту.
Орта оқу орындарында және жалпы орта білім беретін мектептерде геоинформатика пәні енбеген. Мұнда оқушылар мен білімтерлер компьютерлік технологияны итеруге өздері талпынады.
ІҮ. Бағыт – білімді тексеру.
Мұнда әр түрлі жолмен білімтер және оқушылар информатика кабинетінде компьютер және мультимедия көмегімен: компьютерлік тест; жеке тапсырманы орындай алады.
Әр түрлі пәнге және тақырыпқа тестермен бақылау жұмыстары жүргізілуде. Білімді тексеру үшін компьютерлік технологияны қолдана отырып, сараптама жасайды.
Ү. Бағыт. Оқушылардың өз бетінше орындалатын жұмысы.
Оқушылар мұғалімдердің берген тапсырманы компьютерлік технологияны итеріп, мультимедия технологиясы бойынша орындайды.
Соңғы уақыттарды барлық мамандықтардың компьютерлерді пайдалануға деген қызығушылық күшейді. Мектептің материалдық базасы компьютерлік техникалармен толтырылуда. Компьютерлік оқыту процестеріндегі ең қиыны және сонымен қатар ең маңыздысы бағдарламаны қамтамасыз ету (БҚ) және бағдарламалық – педагогикалық құралдар (БПҚ) болып табылады. Бұл оқушылардың сабаққа қызығушылығы және творчестволық белсенділіктері артып, келешекке өздерінің алған білімдерін басқа да білім салаларына қолдана алады [13].
Достарыңызбен бөлісу: |